Жер кадастырлық бөлімінде өткен іс-тәжірибе есебі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1.
Жер кадастырлық бөлімі туралы жалпы мәліметтер
5
2.
Жер кадастырлық бөлімінің негізгі қызметі
6
3.
Кәсіпорындағы техника қауіпсіздік ережелері
8
4.
Жер кадастырлық бөлімінің функциялары мен өкілеттіктері
9
5.
Өндірісте қолданатын заманауи құралдар
10
6.
Жер учаскесі-негізгі жер-кадастрлық бірлік, жер пайдалану, жер иелену,жер пайдалану ұғымы
14
7.

8.
Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу және кадастрлық есепке алу
Практикадан өткен студенттің мекемеде атқарған жұмыстары

Қортынды
17

21

Кіріспе

Іс-тәжірбиенің негізгі мақсаты: студенттің өндірісте геодезиялық құралдармен жұмыс істеуі, геодезиялық өлшеулерді жүргізуі, жеке тапсырмаларды орындау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуы жатады.
Өндірістік іс-тәжірбие кезінде студент келесі ғылымдардан теориялық білімі болуы қажет:
Геодезия (грек. Ge- жер және daіо -- бөлемін) -- жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады.
Картография - табиғат және қоғам құбылыстарын географиялық карталар мен басқа да картографиялық өнімдерді бейнелеу, оны құрастыру және пайдалану жайындағы ғылым. Картография - (грекше картаρρτης - "карта" және γρφφειν - "сурет салу") - табиғат пен қоғамның объектілері мен құбылыстарының (жердің географиялық қабығы) кеңістіктік орналасуын, үйлесімін және өзара байланысын зерттеу, модельдеу және бейнелеу туралы ғылым. Кең түсіндіруде картография технология мен өндірістік қызметті қамтиды.
Картография объектілері-жер, аспан денелері, жұлдызды аспан және Ғалам. Картографияның ең танымал жемістері (көптеген адамдар үшін түсінікті)-бұл кеңістіктегі бейнелі-символдық модельдер: жалпақ карталар, рельефті және көлемді карталар, глобустар. Олар қатты, жалпақ немесе көлемді материалдарда (қағаз, пластик) немесе бейне монитордағы сурет түрінде ұсынылуы мүмкін.
Геология (гео... және logos -- ілім) -- Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені. Геология жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы ретінде 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында бөлінді. 20 ғ-дың бас кезінде біртұтас ғылым болып қалыптасты.

Өндірістік геодезиялық іс-тәжірибе барысында алған білімді бекіту.
Жеке тапсырма:
1. Өндірістің қауіпсіздік ережелерімен танысу
2. Өндірістің құрылымымен танысу
3. Кәсіпорынның негізгі қызметімен танысу
4. Басқарманың әрбір бөлімінің жұмысымен танысу
5. Есептік жұмысты орындау үшін ақпарат жинау
6. Іс-тәжірибе аяғында есеп жасап қорғауға дайындау.
Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты геодезиялық ізденіс жұмыстарын үйрену және бекіту,жер құжаттарын жасап,сызбалар мен сұлбаларды оқып үйрену.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті туралы жалпы мәлімет

Тіркеу және жер кадастырлық бөлімі - бұл ерекше мемлекеттік жүйе, оның басты мақсаты жылжымайтын мүлікті техникалық есепке алуды жүргізу.
Жүйе объектілерді, соның ішінде жер учаскелері мен құрылыстарды түгендеуді жүргізетін, сондай-ақ кадастрлық есепке алуды жүргізетін барлық ұйымдар арасында жылдам ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік келпілі саласындағы қызмет, сонымен қатар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін оны бағалау.
Жер кадастры -- мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жер кадастырлық бөлімінің негізгі қызметі

Жер кадастырлық бөлімі:
-- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде карталарда бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;
-- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
-- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу
-- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
- жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру;
- жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақ зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақ бағалауды жүргізуді қамтитын жердің сапасын есепке алу;
- мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер санын, жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу;
- жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер телімі үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтар шекараларының сызбаларын жасау; жер телімі үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты есеп мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды анықтау;
- жер телімдері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз тасығышта және электронды түрде жинақтау, өңдеу және жүргізу;
- мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу;
- жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу;
- жер-кадастрлық кітапты және жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу;
- жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын жасау және беру;
- жер-кадастрлық жоспарды дайындау;
- жер телімдеріне кадастрлық нөмірлер беру;
- жер телімдеріне төлқұжаттар дайындау;
- жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қоры жерінің шекараларын белгілеу;
- жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер телімдерін ұсынған кезде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
- мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер телімдері бойынша шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
- жерге түгендеу жүргізу;
- ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын бастапқы және кейінгі тексеру, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру;
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру;
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
- бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерін салық салу үшін міндетті бағалау.

Кәсіпорындағы техника қауіпсіздік ережелері:

Қауіпсіздік техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың - стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорында жарақаттанулардың алдын алу және болдырмаудың кешенді жүйесі жасалып, өндіріске енгізілген, оған барлық жұмыскерлер түгелдей дерлік тартылған.
Далалық іс-тәжірибелік жұмыстарды орындауға қауіпсіздік техникасы туралы арнайы нұсқаулардан өткен адамдарға рұқсат беріледі, оларға жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің талаптары және пайда болған қолайсыз жағдайлардағы тиісті тәртіптері түсіндіріледі. Орманды, далалы, елсіз, таулы және елді мекендерде жұмыс істегенде оқыс оқиғалар мен жарақат алудың негізгі себептеріне көптеген табиғи кедергілер, стихиялық ауыртпалықтар, электр тогынан зақымға ұшырау, автомобиль және темір жол транспорттарымен байланысты оқиғалар және т.б. жатады. Әрбір оқыс оқиға кезінде зақымданған адам жұмысты тоқтатып, ол жөнінде өзі немесе оқыс оқиғаны көрген адам жұмыс бастығына айтуы керек. Зақымданған адамға қолдан келетін көмек тез арада көрсетілуі тиіс. Керек болған жағдайда ол адам медицина пунктіне жеткізілуі қажет.
Одан басқа кәсіпорында, жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және соны қолдап отыруға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлерге қосымша материалдық және материалдық емес уәждемелер өткізіледі. Қызметкерлерге арналған заманауи және тиімділігі жоғары қорғаныс құралдары сатып алынуда.
Басты мақсат - өндірістегі жарақаттануларды мүлде болдырмау.
Жер кадастырының функциялары мен өкілеттіктері

Бұл аббревиатураның қалай шешілетінін түсіне отырып, осы мемлекеттік құрылым орындайтын негізгі функциялар мен міндеттерді түсінуге болады. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті:
1. Тұрғын үй қорына тиесілі объектілерді есепке алу және түгендеу.
2. Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттар беру.
3. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жай-күйін бақылау.
4. Ғимараттарды, пәтерлерді және т.б. бастапқы және қайта бағалау, оның нәтижелері әртүрлі мәмілелер мен салық салуды есептеу үшін қажет.
Жер кадастыры әртүрлі мемлекеттік және муниципалды құрылымдарға, сондай-ақ азаматтарына кеңестер мен ақпарат беруге міндетті.
Департамент жұмысының нәтижелері, яғни ақпарат жинау және барлық жылжымайтын мүлік объектілері үшін бірыңғай базаны қалыптастыру:
1. Мүлікке меншік құқығын тіркеу
2. Салық салуды есептеу
3 .Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру.
4. Ғимараттардың жай-күйін бағалау және халықты авариялық үйлерден көшіру туралы шешім қабылдау.
5. Кадастрлық нөмірлерді беру.
6. Техникалық паспорттар беру.
Департамент жылжымайтын мүлік туралы барлық ақпаратты ұсынады, бұл жылжымайтын мүліктің мемлекеттік тізілімін құруға мүмкіндік береді.
Ғимарат бес жылда бір рет немесе кез-келген басқа жиілікте департамент қайта тексеріліп, бағаланады, осы уақыт ішінде олар объектіге болған барлық өзгерістерді базаға енгізеді.
Өндірісте қолданылатын заманауи құралдар:

Leica GX1230GG GPS қабылдағышы

Leica GX1230GG GPS қабылдағышы - модульды екі жиілікті 24 каналды нақты уақыт аралығындағы дәл геодезиялық жұмыстарды орындауға арналған құрылғы. Жоғарғы өлшеу дәлдігімен, сенімділігімен, қолайлылығымен және жеңіл, аз энергия тұтуымен (2,5 Вт) ерекшеленеді. Қабылдағыш екі Li-lon аккумуляторлық батареялардан электр энергиясын тұтынады. Оның жұмыс істеу қабілеті шамамен 10 сағатты құрайды. Сыртқы қабы толығымен сыртқы әсерлерден сақтандырып, оны күрделі климаттық жағдайларда қолдануға болады.
Базалық қабылдағыш қосымша сыртқы аккумуляторлық 12В батареясымен қамтамасыз етілген. Қабылдағыштың басқару батырмалары және жарық диодты индикаторлар алдыңғы панельге орнатылып, кейбір жағдайларда кинематикалық түсірістерді контроллер қолданбай жүргізуге мүмкіндік береді. Қабылдағыш жиынтығында екі GPS антеннасы бар. Олар фазалық орталықтың тұрақтылығы және әлсіз жер серіктік сигналдарға сезімталдылығымен сипатталады. Осы антенналарды қолдану барысында анықталатын координаталар, метрлік дәлдікпен есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Leica GX1230GG GPS қабылдағышы барлық кең ауқымды геодезиялық түсірістерге, оның топографиялық, геофизикалық қималарды бөлу, жер бөлу, геодезиялық тораптарды толықтыру, т.с.с. жұмыстарда қолданады. Программалық қамтамасыз етілуі: жұмысқа дайындау, мәліметтерді беру, орындаған жұмыстарды график түрінде бейнелеу, түсіріс тораптарын теңдестіру, координаталарды әр түрлі жүйеге көшіру, нәтижерді түрлі жүйеге көшіру, мысалы ГАЖ шығару.

Сурет 1. Leica GX1230GG GPS қабылдағышы
GPS қабылдағыштарының қолданылуы. GPS көмегімен орындалған геодезиялық өлшеулер дәлдігі, әмбебеаптылығы, жылдамдығы және үнемділігі, тиімділігі кеңінен тарады. Бұл жұмыстардың орындау әдісінің классикалық геодезиялық өлшеулерден айырмашылығы бар. GPS өлшеуде кейбір арнайы ережелерді сақтаған кезде тиімді нәтижелерді алуға болады.
GPS қабылдағыштарының ең басты ерекшеліктерінің бірі - ауа райының кез келген жағдайларында өлшеу жұмыстарын орындайды. Оптикалық аспаптардың кемшіліктерінің бірі рейка шағылдырғыш GPS үшін ондай қиыншылықтар тудырмай, қабылдағыштармен 10 шақты шақырым аралықта өлшеулер жүргізе беруге болады. Қазіргі қабылдағыштар бір-екі кнопкалармен басқарылып жұмыс істеле береді, сондықтан оператордың арнайы дайындығының қажеті жоқ, осы орайда экономикалық үнеміділік артып жеке қызметкерлердің саны төмендейді (GPS қабылдағыштары бір оператормен жұмыс орындайды). GPS көмегімен геодезиялық жұмысты жүргізудің еңбек өнімдігі жоғарылайды. Нүкте координатасын анықтау кезегінде басқа жалпы қолданылатын геодезиялық аспаптарға қарағанда GPS-пен сантиметрлік дәлдік деңгейіне қол жеткізуге болады. GPS пен геодезиялық жұмысты тәулік бойы істеуге, сонымен қатар нүктелер арасы көрінбеген жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
GPS өлшеулердің әдістері. Кинематикалық және дифферианциалдық әдістер - нақты уақыт аралығында өлшеуге арналған. Кинематикада төрт немесе одан да көп жер серіктерінің фазалық өлшеулерін жалпы ровер мен база үшін қолданады. Дифферианциалды өлшеу әдістері, кодталған GPS өлшеулерінде координаталарды анықтау үшін қолданылады. Дифферианциалды өлшеулер үшін жер серіктерін үздіксіз бақылаудың қажеті жоқ. Нәтижелердің дәлдігі шамамен 1м құрайды.
Жылдам статика бұл әдісте, жұмыс соңында нәтижелер офиста өңделіп, сантиметрлік дәлдікті қамтамасыз етеді. Базалық сызықты алу үшін 8 минут аралығында бұл әдіс тасушы фазалық өлшеуді пайдаланады. Қажетті уақыт қабылдағыш түріне, базалық қашықтық ұзындығына, байқалатын жер серігі санына және оның геометриясына байланысты.
Статиканы жоғары дәлдікті өлшеулерде қолданады, бірақ станциядағы жұмыс уақыты шамамен бір сағатты құрайды. Жылдам статика - статиканың туындысы және озық аппараттар мен программалар жүйесінің нәтижесі болып табылады. Жылдам статикамен өлшеу үшін 1 және 2 жиілікті қабылдағыштарды қолдануға болады. Геодезистер GPS тірекжүйелерін, топографиялық түсірістерді және бөлу жұмыстарын дамытуда қолданылады.
Геодезиялық GPS өлшеулері үшін төрт немесе көп спутниктерді бір мезгілде бақылау қажет, кем дегенде үш GPS қабылдағыштарымен өлшенеді. Мысалы, ретінде базалық және ровер қабылдағыштарын қарастырамыз.
Базалық қабылдағыш өлшеу жұмыстарының барлық мерзімінде координаталары белгілі геодезиялық пункте орналастырылады. Ровер анықталатын нүктелермен немесе нүктені қағаз бетіне түсіретін үдерісте қолданылады. Осы екі қабылдағышпен алынған деректерді біріктірудегі нәтижесі ретінде, базалық пен ровер арасындағы кеңістік вектор табылады.
Базалыққа қатысты ровердің орналысу жағдайын анықтау үшін әртүрлі өлшеу әдістерін қолдануға болады. Бұл әдістер өлшеуді орындауға ұзақтылығымен ерекшеленеді:
- нақты уақыт аралығында өлшеу үшін радиомодем қолданып, ол база деректерін роверге жібереді. Ал нәтижелерді тікелей далалық жұмыста алынады;
- өңдеуден кейінгі өлшеу әдісі далалық жұмыста деректерді жазуды талап етіп және офистік компьютерде өңделеді.
Негізінен әдістерді таңдау көптеген факторларға байланысты, оларға қабылдағыштың конфигурациясы, қажеттідәлдік, нақты уақыт аралығындағы нәтижелерді алу қажеттілігі және уақыттың шектеулігі болып табылады.
GPS негізгі жүйесін:
- спутник трилатерация - жүйе негізі;
- спутниктік дальномерия - спутникке дейінгі арақашықтықты өлшеу;
-дәл уақытша байланыстыру - қабылдағышта және спутниктегі сағаттағы не үшін келісім бойынша қояды және не үшін 4-космостық аппарат қажет;
- спутниктердің орналасуы - ғарыштағы спутниктердің дәл орналасуын анықтау;
- қателіктерді түзету - тропосфера және ионосферадағы енгізілген қателіктерді ескеру сияқт бес негізгі пункттерге бөлуге болады.
Жоғарыда аталып өткендей есептеулер тікелей сағат жүрісінің дәлдігіне байланысты. Кодтар спутник және қабылдағыштарда бір уақытта генерациялануы қажет. Спутниктерде атом сағаттары орналастырылған, оның дәлдігі бір наносекундты құрайды. Бірақ, әрбір GPS қабылдағышына аталмыш сағатты орнату өте қымбатқа түседі. Сондықтан қабылдағыш сағатының жүріс қателігін жою үшін өлшеу төртінші спутникпен жүргізіледі.
Бұл өлшеулердегі қателіктерді жою үшін қолданылады. Ол қателер спутниктегі және қабылдағыштағы сағаттың синхорндалмағандығынан болады. Егер де спутниктегі және қабылдағыштағы сағат жүрісінің дәлдігі бірдей болса, онда арақашықтығын екі спутниктің көмегімен дәл анықтауға болады. Егер өлшеулер үш спутниктен орындалса, онда барлық сағаттар дәл. Үшінші баыттағы өлшемдер қажет болған жағдайда, онда қабылдағыштағы сағат жүрісінің қатесін жою үшін төртінші спутник қажет. Сонымен, далада жұмыс істеу кезінде, объектілердің үш бағыттағы координатасын анықтау үшін кемінде төрт спутник қажет.
GPS пен жұмыс істеу кезіндегі кейбір қате көздерін жою қиынға түседі. Есептеулер барысында белгілі болғандай, сигнал жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен үздіксіз тарайды. Жарық жылдамдығы тек қана тропосфера қабаттарынан өткен кезде, оның таралу жылдамдығы азаяды, осы кезде аралық өлшеу дәлдігі төмендейді. Қазіргі жетік GPS қабылдағыштарында осы қателіктерді ескеретін көп мүмкіншіліктері бар алгоритмдер қолданылады. Кей кездері атом сағаттары және спутник орбиталарында қателіктер пайда болып, бірақ оларды бақылау станцияларында иянақты бақылап отырады. GPS көмегімен жұмыс істеу кезінде көпсәулелі интерференцияның қателіктері пайда болады, яғни сигнал жер бетіндегі объектілерден шағылған кезде спутниктерден өтетін сигналдармен интерференцияны тудырады. Сигналдарды өңдейтін арнайы техникалар және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі
Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
Салықтың бухгалтерлік есебі және аудиті
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Ақмола облысы шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау
Жер салығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері
Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу ережесі
Пәндер