Тілдің негізгі элементі - сөздік қор
Оқушылардың сөздік қорын дамыту негізінде өз ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретеді. Сондықтан оқушылардың сөйлеу, пікір алысу, ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және жазбаша жеткізу дағдысы қалыптасады. Өскелең ұрпақтың тілді дұрыс пайдалануы, оның сөздік қорына тікелей байланысты екені және тіл бірлігін сақтап, ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады. Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ мәтінмен жұмыс жасау барысындағы сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.Мәтінмен жұмыс жасаудың ерекшелігі: ол тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында қарастырылып, өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, эссе және оқу арқылы оқушының тілі дамиды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 атты Қазақстан халқына жолдауында ... біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны... баса атап көрсетілген болатын [1]. Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты - жан-жақты дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңесу, оған жетудің басты жолдарының бірі әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Бұл республикамыздың ертеңгі қажетін өтейтін, елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, білімді, парасатты, ана тілін, туған жерін қастерлей білетін азамат өсіруде ұстанатын басты құралымыз бағзы заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық дәстүрлері, халық ауыз әдебиеті, ақын-жазушыларымыздың таңдаулы туындылары болуын міндеттейді.Тілдің негізгі элементі-сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы. Сөздік қорын дамыту мәселесі - отбасынан, балабақшадан, мектеп қабырғасынан дамып, өмір бойы толығып, күрделеніп, отыратын сала. Тілдің негізгі сөздік қоры-тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың сөз жасау қабілетін дамыта түседі.Сөздік қордың тіл бірлігін сақтап,көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік тудырады.Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды сұлу тіл. Өскелең ұрпақтың тілді дұрыс пайдалануы, оның сөздік қорына тікелей байланысты екенін көреміз. Оқушылар білім негіздерін бастауыштан алатыны белгілі.Сондықтан мектептерде тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Ал ғалым М.Жұмабаевтың айтуы бойынша баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, байытатын мектеп болып табылады [2]. Тіл арқылы балаға барлық ғылым негіздері үйретіледі. Тілді оқыту бала алғаш мектепке келген кезден бастап жүргізіледі. Бұл кезде мұғалімнің алдына екі міндет қойылады. Бірі тілдің әдеби нормасы бойынша білім беру, яғни оқушыға орфоэпиялық және орфографиялық дағдыларды меңгерту, екіншісі - сөздік қорын молайту, сөздерді дұрыс тіркестіріп, қолданылуын игерту, яғни оқушыны әдеби тілі арқылы қарым-қатынасқа даярлау. Сонымен бірге ол баланың білімді болуының алғы шарты сөздік қордың мол болуына байланысты дей келе,сөздік қорын молайту мәселесін тіл дамыту, әдеби тіл нормасында сөйлеу мәдениеттерімен қатар қояды. Мәселен, Ш.Уақбаев: сөздік қорын молайту, сөздерді өз орнымен қолдана білуге, жаттығу оларды өзара байланыстырып, сөйлем құрастыруға төселдіру, орфографиялық ережелерді дұрыс меңгертіп, нақтылай отырып: Баланың сөздік қоры мектепке келісімен-ақ бірден байып, дамып кетпейді. Бұл − өте ұзақ, күрделі үдеріс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып, ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді терең де тез үйренеді, -деп, осы мақсаттарға жетудің бір жолы лексикалық білімді игерту екендігін атап көрсетеді [3]. Қазіргі Қазақстан жағдайында өзгетілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, мемлекеттік тілді жүйелі меңгерген, дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Бұл мақсатты орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы жұмыстар жүргізіледі. Бүл жұмыстар студенттің ана тілінде алғанлингвистикалық дүниетанымын негізге ала отырып, Қазақстан азаматтарының өмірінде және қоғам өмірінде мемлекеттік тілдің алатын орнын анықтауға және студенттерге мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіруге бағытталады. Ол үшін қазақ тілін меңгерудің жаңа тәсіл, жолдарын қолдану, әлемдік педагогика және дидактика ғылымдарында қолданыс тауып отырған жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Жалпы, кез-келген адам қай тілде оқып, қай тілде сөйлесе де, өзінің сөздік қорын молайтып отырса ғана сөйлеу мәдениеті жоғары, білімді азамат болып қалыптасады. Сөздік қоры бай адам ғана өз ойын басқаларға толық, нақты, анық жеткізе алады, ондай адаммен пікірлесу де қызықты. Оларөз ойын жеткізуде қажетті сөзді де оңай таңдайды. Сондықтан тіл дамыту жұмыстарының, сөздікпен жұмыстың қазақ тілі сабақтарында маңызы зор екені анық . Тіл үйренуші жаңа сөздерді күнделікті өмірде, қарым-қатынаста қолданып, белсенді сөзге айналдыруы тиіс. Сонда ғана жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік тілді тіл үйренуші ана тілімен және шетел тілімен қатар қолданып, қарым- қатынас тілі ретінде пайдалана алады. Студенттің сөздік қоры тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да толығып отырады. Ол үшін қазақша сөйлеу ортасын қалыптастыру керек, қазақша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу керек. Осы ретте тіл үйірмелері мен мәнерлеп оқу үйірмелерінің маңызы зор. Тіл үйренушінің сөздік қорын дамыту - жан-жақты жұмыс.Бұл ретте оларды дайын сөздіктермен жұмыс істеуге үйретудің де маңызы зор. Сөздікті пайдаланып үйренген студент кездескен таныс емес сөзді елеусіз қалдырмай, оны түсінуге тырысады, ол үшін сөздікке жүгінеді. Сондықтан, әсіресе, қостілдік сөздіктердің өзгетілді дәрісханалар үшін маңызды құрал екені анық. Олардың тіл үйренудің бастапқы кезеңдеріндегі қажеттілігі дау тудырмайды. өкінішке орай, кейін тіл үйренудің орташа және жоғары кезеңдерінде жаңа сөздерді меңгерту құр жаттау, сөздік арқылы аудару жұмыстарын ғана қамтып, студенттерді жалықтырып жібереді. Мұндай жағдайда олардың сөздік қоры байымай, тіл үйренуде айтарлықтай қиындықтар туады. Сондықтан орта және жалғастырушы топтарда қостілдік сөздіктермен ғана шектелмей, қазақ тілінің түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық, антонимдер, омонимдер, синонимдер, т. б. сөздік түрлерімен жүмыс түрлеріне үйрету керек. Сонда ғана жаңа сөздер әрқашан белсенді қолданыста болмақ. Сөздіктермен жүмыс істеу үшін әуелі олардың жасалу мақсатын, пайдалану жолдарын, құрылысын білген жөн. Сөздіктермен жұмыс жасамас бұрын өзге тілді тіл үйренушіге қазақ әліпбиіндегі әріптердің тізілу ретін жақсы білумен қатар, жүйелі берілген сөздер ішінен қажетті атауды сондай ретпен табуға болатыны, белгілі бір сөзді іздегенде, бастапқы екі әрпіне, одан кейін үшінші-төртінші әріптеріне қарап табуға болатыны түсіндіріледі. Әрине, мұндай түсіндіру жұмыстары оларға бұрын орыс тілінде берілуі де мүмкін. Алайда біздің қазақ тілінде берген мәліметіміз студенттерді қазақ сөздіктерін тиімді пайдалануға үйретері сөзсіз. Тіл үйренушілердің қазақша сөйлеу тілін мамандықтарына сәйкес жетілдіру мақсатында лексика басым бағытта меңгертіледі. Студенттерді мамандықтарына бағыттап оқыту - болашақ мамандардың қазақ тілін сауатты біліп шығуы үшін ұтымды тәсіл болып табылады. Мамандыққа қатысты тілді меңгертуде әдістемелік оқу құралдарының да басты орын алатыны белгілі. Онда мамандыққа бағыттап оқытудың жүйесі мен мақсаты белгіленіп, міндеті айқындалады. Өмір талабына сай мұндай әдістемелік оқу құралдарын мақсатқа сай толықтырып, жетілдіріп отырған дұрыс. Сондай-ақ тіл үйренушілердің талап-тілегі ескеріліп, оқытушы өз тарапынан тәжірибесін байытып отырады. Бұл тілді үйретудің мақсатына жетудегі басты көмекші құрал болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында өзі оқитын оқу орнының тарихына арналған және мамандығына қатысты мәтіндермен жұмыс жасап, болашақ мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу ісі басты мақсаттарымыздың бірі. Профессор М.Балақаев Тіл мәдениеті дегеніміз сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, сауаттылық - дейді [1,17 б.]. Егер тіл мәдениеті үлкен арна болса ауызекі және жазба тіл - соның басты салалары.Оқушының сөзік қорын дамыту үшін ең бастысы оның ой - өрісін, тіл байлығын дамыту қажет. оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының жүргізілуін мұқият қадағалау қажет, яғни мәтінде оқушыға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы қажет. жаңа танысқан сөздерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, ол оның ақыл-ойын дамытуға ықпал етеді. Сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін оқушы өз бетімен сөйлем құрап, оның мағынасын түсініп, сөйлеу тілінде шебер қолданатыны сөзсіз. өз ойын айта білумен бірге жаза білуге де дағдыландыру қажет. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлем құрастыра алады. Оқытушы сөз тіркесін және сөйлемді құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, әсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді. Сонда ғана тіл үйренушінің жазған мазмұндамасы мен шығармасы талапқа сай болып, жазба тілі дамиды. Ауызша тіл кітап оқу, әңгімелеу арқылы көрінсе, жазбаша тілді дамыту мазмұндама, шығарма, жазу жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызша және жазбаша (мазмұндама, шығарма) жұмыстарын дидактикалық ұстаным талаптарына сәйкес оқушының ойы мен тілін дамытуға мүмкіндік береді. Ш.Ш.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды [1,87 б.].Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелдеген.Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшеліктерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін ғалым арнайы сөз еткен. Сөз байлығы-қоғамның байлығы, әр тұлғаның байлығы. Сондықтан да оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Сөз байлығының жетіспеушілігі өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуі барысында қиындық тудырады. ойлау қабілетін жетілдіріп, тілін байытудың жолдары жетікілікті. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері.Солардың бірі - мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінмен жұмыс жасау барысындағы ең басты міндеттердің бірі - үйренген сөздерінің белсенділігін арттыру. Ол үшін әр сабақ сайын жүйелі түрде арнайы тапсырмалар берілуі қажет. Мәселен, жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау; мәтінге жақын мазмұнда әңгімелеу.Сөздік қорды дамытудың қайнар көзі - мәтіндер, жаттығулар, тапсырмалар. Сонымен қатар сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар болып табылады.Сондай-ақ мәтінмен жұмыс жасау барысындағы сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.Мәтінмен жұмыс жасаудың ерекшелігі: ол тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, эссе және оқу арқылы оқушының тілі дамиды. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласында қолдану аясын барынша кеңейту міндеті қойылып отыр. Ана тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу кез-келген тұлғаның азаматтық парызы болып саналады. Халқымыздың тарихи асыл мұрасы тілді болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың сана - сезімдерін, дүниетанымын кеңейтіп, ой дәлдігі мен сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру аса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz