Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді талдау туралы рефлексиялық есеп


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді

талдау туралы рефлексиялық есеп.

Курсалды кезеңде аудит нәтижесін талдай келе, бірнеше шешуді қажет ететін мәселелер анықталды. Аудит нәтижесінен ата-аналар мектеп жұмысына қанағаттанбайтындығы, тәжірибелі мұғалімдердің жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік бермейтіндігі, оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастықтағы оқудың жоқтығы анықталды. Жоғарыдағы мәселелерді шешу мақсатында басымдық ретінде: « Оқыту мен оқу үдерісін мұғалімдердің кәсіби дамуы арқылы жақсартуды» белгіледім. Басты мақсат: мұғалімдерді жалпы орта білім жүйесіндегілердің құзіреттілігіне қойылатын талаптармен таныстырып, жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, ынтымақтастықтағы оқыту және оқу мен тәрбиелеуді ұйымдастыру арқылы, кәсіби дамыту. Мектептің даму жоспарын іске асыру мақсатында бөлінген көшбасшылықты іске асыра отырып атқарылатын іс шаралар айқындалып модель жасадым, даму тобының құрамы анықталды, тәлім алушылар белгіленді. Мектептің даму жоспары мұғалімдердің сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқу үдерісін Lesson Study арқылы зерттеп, басты мәселелерді шешуді коучинг үдерісі арқылы үйрету, тәлім алушылармен жұмыс және т. б. Осылайша анықталған күтілетін нәтижеге бөлінген көшбасшылық арқылы жетуді жоспарладым. Өзгерістер енгізу туралы алғашқы күні тәжірибелі, сертификатталған ұстаздармен, тәлім алушылармен кездесу өткізуден бастауды жоспарладым. Бұл кездесуден мектептің даму жоспарымен (әрі қарай МДЖ) таныстырмақшы болдым. Таныстырып алған соң педагогикалық ұжыммен брифинг жүргізуді жөн көргім. Бірақ шығармашылық толықтырулар болуы да мүмкін екендігін де назарымнан тыс қалдырмадым. Басты мақсатым үдерістерді ұйымдастырып, өзгерісті бақылап саралау қажет деп ойладым. Осылайша құрылған МДЖ ны іске асыру арқылы курсалды аудитінде анықталған мәселелерді шешуге қол жеткізуді ойладым.

Қоршаған өзгерістерге сай мемлекетімізде жоғары сапалы, әділ білім үшін реформаның қажеттігін 2018 жылы деңгейлік курс өтіп жүргенде көзім жеткен еді. Осы уақытқа дейін білім саласының осы өзгерістің қажеттілігін дәлелдеумен жүргендігі де тәжірибемнен белгілі. Өзгеріске консервативті қөзқарасты ата-аналар қауымы ғана емес, мұғалімдердің де қарсылығы әлі күнге дейін бар. Қазіргі кезде өзім басшылық жасап отырған білім ордасында осы мәселе орын алған. Ескі көзқарас, даму қарқынына төтеп бере алмайтындықтан, білім саласы әйгілі Крыловтың «аққу, шортан және сазан» мысалындағы сияқты. Осындай кереғар құбылыстар көп ойлантатын еді. Өзгеріс қажет. Өзгерісті өзімізден бастауымыз қажеттігі де айқын жайт. Мен өзгерген, өзгеріске дайын, жаңашыл ұстазбын. Менің мақсатым, ұстанымым - білімді қабылдауға дайын тұрған шәкіртерімнің қажеттілігін қанағаттандыру. Бағдарлама мақсатымды кеңінен іске асыруға көмекші болады деген ой түйдім.

Екінші тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарының алғашқы нұсқасы іске асырылу жоспарланды. Басымдық : Оқыту мен оқу үдерісін мұғалімдердің кәсіби дамуы арқылы жақсарту деп анықталған еді. Басымдық өзгертілген жоқ, тек SMART мақсаттар нақтыланды. Басты мақсат мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыра отырып, мектептегі мәселелерді шешу. Мәселені шешу үшін алғашқы дамыту тобының отырысында МДЖға өзгерістер енгізілді. Өзгеріске ұшыраған өтілу мерзімдері мен іс шаралардың реті.

Алғашқы күні тәлімгерлікке алуға жоспарланған мұғалімдермен кәсіби сұхбат жүргізілді. Өзгеріс енгізу үдерісін түсіндіруге арналған метафораларға сәйкес магнит, желім және қозғаушы күштерді бөліп алуды жөн көрдім. Тәлімгерлікке ілгерлі деңгейлі бастауыш сынып мұғалімдері Омарова Г. С. мен Касенова Б. К., бұлар «магниттер» деп белгілесем, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарым Сабыр С. Ө. «желім» деп белгіледім. Тәлімгерлер өзіндік қабілет қасиеттеріне сай өзгеріс метафораларына теңелді. Екі ілгерлі деңгейлі мұғалімдерді алуға себеп, олардың бәсекелестікте жасайтын жұмыстарының деңгейінің жоғарылығы болды. Сұхбат нәтижесінде МДЖ талқыланып, тәлімгерлер арасында коучингтердің тақырыптары бөлінді. Таныстырылыммен танысқан тәлімгерлер зерттеуге деген қызығушылықтарын білдірді және таныстырылыммен ұжымды таныстыру ұсынысына қарсылық білдірмей, таныстырылым барысы талқыланды.

Келесі кезеңде ұжыммен кездесу жоспарлан еді. Жоспарлау уақытында ұжым бағдарлама идеясымен таныстырылып, артынан екі тәлімгер таныстырылыммен және МДЖ мен таныстырылды. Ұжымға «қозғаушы күш» болып есептелетін даму тобының қажеттілігі туралы хабарлама беріліп, оған мүше сертификатталған мұғалімдерден басқа да мұғалімдер мүше болулары мүмкін екендігі жеткізілді. Даму тобының отырысында коучинг үдерісінің, Lesson Study сабақтарының жоспарларын талданып, бекітілді.

Келесі кезеңде мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру үшін қажетті кәсіби қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру қолға алынды. Кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыру оқу-тәрбие ісінің орынбасарына жүктелді.

Lesson Study сабақтары 8 сыныптардағы қазақ тілі және Қазақстан тарихы сабақтарында жүргізілді. Сабақтарды талдауда тек оқушыларды зерттеу ғана емес, мұғалімдердң оқыту әдістемесіне көңіл бөлінді. Тәлім алушы болып бекітілген оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым TALIS зерттеуін өткізді. Зерттеуді өткізу кезінде қазақ сыныптарында сабақ беретін мұғалімдердің жауабы қанағаттандырмады, өйткені, олардың жауаптары біріне бірі ұқсады. Тәлім алушыға сауалнама алудың ерекшеліктерімен және нақты нәтиже алудың жолдары көрсетілді.

Тәлім алушы екі ілгерлі деңгей мұғалімдері сұрақтары туған кезде ақ маған жолығып мәселені шешудің жолдарын анықтап отырды. Тәрбие ісі бойынша орынбасарым болса, тек орындаушы екендігін байқатты. Сабақты зерттеуге жауапты тәлімгерлер, өздеріне қойылған талапты белсенділікпен орындап отырды. Есептері, талдау уақытында жинақталып отырды.

Даму тобы уақытылы жиналып, туындаған мәселелерді шешіп отырды. Зерттеу сабақтары тізбегіндегі әртүрлі деңгейлі оқушылар оң нітижеге жетті. Олардың жауаптары кері байланысы, кері әрекеттеррі уақытылы талданып, түзету немесе жақсарту жолдары қарастырылып отырды.

Тәлім алушылардың жұмыс деңгейін алғашқы ұжымды жинап, өзгерістің қажеттілігін көрсететін таныстырылыммен таныстырғандағы жұмыстың ұйымдастыру деңгейінен білуге болады. Сонымен қатар, коучинг сессиялар жақсы деңгейде өткізілді, таңдалынған тақырыптар ашылып, бірлескен тт щынтымақтастықтағы жұмыста әріптестерден оң кері байланыс алынды. Әр коучинг тақырыбы басымдыққа сәйкес «үштіктің» қажеттілігіне сай анықталған еді. Фокус топтар сабақты зерттеу кезінде де нәтижелі жұмыс жүргізді.

МДЖ нәтижесін бағалау мақсатында әдістемелік кеңес отырысы жүргізілді және зерттелінген сыныптардың оқу үлгерімі зерделенді. Өткізілген іс шаралар нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктері даму үстінде екендігі анықталып зерттеу жүргізуді жалғастыру қажет екендігі айқындалды.

Мұғалімдер үшін анықталған «ақылды» SMART мақсат мұғалімдерді жалпы орта білім жүйесіндегілердің құзіреттілігіне қойылатын талаптармен таныстырып, жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, ынтымақтастықтағы оқыту және оқу мен тәрбиелеуді ұйымдастыру арқылы, кәсіби дамыту - деп анықталған еді.

Анықталған нәтижелер және табыс критерийлеріне сай мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптармен танысып, 100%-ы өздерінің кәсіби деңгейін білді, 20%-ы өзінің кәсіби дамуын әртүрлі іс шаралар арқылы жетілдірді, 65%-ы кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына тартылды, зерттеу жүргізілген сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің 100%-ы топтық жұмысты сабақтарында қолданды. Сонымен қатар, 7, 8, 9 сыныптардың оқушылары оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болып, жалпы білім сапасы 2-нші және 3-нші тоқсан нәтижелерін салыстырғанда 7, 2%-ға жоғарылады. Оқушылар бір біріне көмектесе бастады. Ата аналрмен өткізілген іс шаралар нәтижесінде зерттелінген сынып оқушыларының ата аналарының 28%-ы оқушылар оқуында қолдау көрсетіп көмектеседі және мектеп жұмысына қанағаттанады.

Осындай оң нәтижеге жетуді сараласақ, МДЖның талаптарға құрылғанын көрсетеді деп ойлаймын. Екінші тәжірибе кезеңіндегі МДЖ басымдығы «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқыту үдерісінің субъектілерінің кері байланысын қамтамасыз ету»

4 қосымша.

Е тармағындағы дәлелдемелерді талдау.

Е тармағын талдайтын болсам, берілген критерийлерге сай төмендегідей кестеге жүйелеуге болады:

Е тармағы бойынша (критерийлер)
Е тармағы бойынша талдау
№: 1
Е тармағы бойынша (критерийлер): Талантты мұғалімдер қалай таңдалғаны туралы жазбаша есеп
Е тармағы бойынша талдау: Талантты мұғалімдер таңдалған және рөлдер бөлінген.
№: 2
Е тармағы бойынша (критерийлер): Тәлімгерлік ету аясындағы кездесулер туралы жазбалар
Е тармағы бойынша талдау: Тәлімгерлік үдерісі іске асырылған, кездесулер хаттамасы бар.
№: 3
Е тармағы бойынша (критерийлер): Өзгеріс енгізу тобы кездесулерінің жазбалары
Е тармағы бойынша талдау: Өзгеріс енгізу тобының жұмыс жоспары және отырыстарының хаттамалары бар.
№: 4
Е тармағы бойынша (критерийлер): Коучинг жоспарлары
Е тармағы бойынша талдау: Коучинг үдерісінің және коучинг сессиялардың жоспарлары бар. Коручинг сессиялардың дәлелдемелері рефлексиялық есептерге салынған.
№: 5
Е тармағы бойынша (критерийлер): Мұғалімдер жасаған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары
Е тармағы бойынша талдау: Тізбектелген сабақтардың ҚМЖ және ОМЖ салынған.
№: 6
Е тармағы бойынша (критерийлер): Lesson Study жоспарлары
Е тармағы бойынша талдау: Lesson Study үдерісін жүргізу барысының нақтыланған стратегиялық жоспары салынған. Фокус топтардың зерттеуді жүргізу жоспарлары берілген.
№: 7
Е тармағы бойынша (критерийлер): Мұғалімдердің тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалау жазбалары
Е тармағы бойынша талдау: Тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалауға байланысты отырыстардың хаттамалары салынған.
№: 8
Е тармағы бойынша (критерийлер): Коучтер мұғалімдерге ұсынған кері байланыстарының жазбалары
Е тармағы бойынша талдау: Коучтердің мұғалімдерге ұсынған кері байланыстарының рефлексиясы жасалған.
№: 9
Е тармағы бойынша (критерийлер): Мұғалімдердің өз сыныптарындағы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдемелері
Е тармағы бойынша талдау: Мұғалімдердің өз сыныптарындағы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы кері байланыстары берілген және талданған.
№: 10
Е тармағы бойынша (критерийлер): Өзгеріс туралы оқушылардың пікірлері
Е тармағы бойынша талдау: Зерттеу сабақтарының нәтижесіне СВОТ талдау жасалынып, оқушылардың әрекеттері талданған.
№: 11
Е тармағы бойынша (критерийлер): Оқушылардың оқуының жақсарғандығының дәлелдері
Е тармағы бойынша талдау: АВС деңгейдегі оқушылардың оқуының жақсарғандығы туралы бақылау кестелері берілген.

5 қосымша.

Е тармағындағы МДЖ дәлелдемелерінчжэг талдап бағамдайтын болсам, берілген критерийлерге сай төмендегідей кестеге енгізуге болады:

Е тармағы бойынша (критерийлер)
Е тармағы бойынша эвалюация
№: 1
Е тармағы бойынша (критерийлер): Талантты мұғалімдер қалай таңдалғаны туралы жазбаша есеп
Е тармағы бойынша эвалюация: Көшбасшылар анықталып, іс шараларды жүргізуде бөлінген көшбасшылық жүзеге асады.
№: 2
Е тармағы бойынша (критерийлер): Тәлімгерлік ету аясындағы кездесулер туралы жазбалар
Е тармағы бойынша эвалюация: Тәлімгерлер бөлінген көшбасшылық арқылы МДЖ іске асырады.
№: 3
Е тармағы бойынша (критерийлер): Өзгеріс енгізу тобы кездесулерінің жазбалары
Е тармағы бойынша эвалюация: Өзгеріс енгізу тобы МДЖ іске асыруға үлесін қосады.
№: 4
Е тармағы бойынша (критерийлер): Коучинг жоспарлары
Е тармағы бойынша эвалюация: Коучингтер арқылы кәсіби құзіреттілікті дамытуға бағытталған тақырыптар ашылады және кері байланыс, рефлексия жасалады.
№: 5
Е тармағы бойынша (критерийлер): Мұғалімдер жасаған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары
Е тармағы бойынша эвалюация: Мұғалімдер ҚМЖ, ОМЖ құра алады.
№: 6
Е тармағы бойынша (критерийлер): Lesson Study жоспарлары
Е тармағы бойынша эвалюация: Lesson Study зерттеуін жүргізу әдісін біледі, қолданады.
№: 7
Е тармағы бойынша (критерийлер): Мұғалімдердің тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалау жазбалары
Е тармағы бойынша эвалюация: Сабақтарды зерттей алады және нәтижелерді жұмыста қолданады.
№: 8
Е тармағы бойынша (критерийлер): Коучтер мұғалімдерге ұсынған кері байланыстарының жазбалары
Е тармағы бойынша эвалюация: Кері байланыс үнемі алынып отырады.
№: 9
Е тармағы бойынша (критерийлер): Мұғалімдердің өз сыныптарындағы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдемелері
Е тармағы бойынша эвалюация: Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер дәлелдемелері жиналып отырады. «Мұғалім үні» жұмыста қолданылады.
№: 10
Е тармағы бойынша (критерийлер): Өзгеріс туралы оқушылардың пікірлері
Е тармағы бойынша эвалюация: «Оқушылардың үні» жұмыста қолданылады.
№: 11
Е тармағы бойынша (критерийлер): Оқушылардың оқуының жақсарғандығының дәлелдері
Е тармағы бойынша эвалюация: оқушылардың оқуының жақсарғандығы туралы дәлелдемелер мен деректер жиналып, сараланып отырады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Бейіндік оқытудың жүйесі
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz