Үңгір аллегориясы және қазіргі оқылу


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университет
Жаратылыстыну және География Институты
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу".
Тексерген: Рахимова Гүльнар
Орындаған: ХБК 3 топ 2 курс студенті
Кокталов Нұрдос Махешұлы
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім: Аллегория ұғымы.
2. Негізгі бөлім: Платонның үңгір аллегориясы жайында.
3. Қорытынды бөлім: Қазіргі оқылу.
1. Кіріспе бөлім: Аллегория ұғымы.
Аллегория дегеніміз жалпы бір затты, ойды әдемілеп, көркемдеп бейнелеп беретін ғылыми-әдеби құрал ретінде қарасақ болады. Бұл әдіс көбінде әдеби шығарма, өлеңдер жазған кезде қолданылады. Мысалға айтсақ өлеңдерде көзге елестету үшін бір құбылысты баяндауда үлкен өлең ретінде шығарады. Және де ол құбылыстардың басым бөлігі қияли мағынада болады. Мысалға көктем жайлы өлеңде оның бейнесін сөзбен әсерлеп бейнелейді. Яғни оны адам кейпінде таныту немесе түрлі ойлы бейнелермен әсерлеп бейнелейді. Шығармаларда да дәл солай. Мысалға түлкі - қулық, арыстан - зорлық, қасқыр - қастық, қоян - сужүректік, есек - ақымақтық, аққу - адалдық, махаббат т. б. түрінде бейнеленетін кейіпкерлерде адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Соңғы сөзге үлкен назар аударамыз « елестейді» яғни солай адам миына жаңа ақпараттарды енгізу тәсілі ретінде қолданылатын құрал. Және де қарапайым сөйлесу кезінде де астарлап бейнелеуде де қолданылады. Соның бір үлкен мысалы ретінде осы Платонның үңгір аллегориясын атап өтпеске болмас.
2. Негізгі бөлім: Платонның үңгір аллегориясы жайында.
Жалпы Аллегория ұғымы және де көне мифтерде, аңыздарда қазіргі таңда кеңінен фольклор ұғымында қоланады. Грек заманыңда осындай сан алуан мән мағынасы тереңде жатқанда миф аңыздар өте көп. Солардың ішінде әлемге әйгілі Платонның үңгір аллегориясы жайында айтып өтейін. Үңгір аллегориясы Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Бұл біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жузеге асыру мүмкін емес. Платон нақты дүние біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары жатқанын көрсеткісі келді. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Платон мұны қанағат тұтпады. Ол қарапайым адамның әдеті саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үсгірт қабылдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл - осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын көрсетеді деген сөз. Яғни білім игертудің өзгеше әдісі секілді. «Үңгір аллегориясы» деген осы. Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ бұлай емес қой. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Бірақ біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Олар көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы түрде үғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана - тіпті өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз бейнесінде көретін адамдар деп философтар жайлы айта өткен.
3. Қорытынды бөлім: Қазіргі оқылу.
Яғни осы көрініс арқылы ол адам шынайы өмір сүре отырып, өмір қандай қиын болмасын, тек шет жағасына ғана қарамай, тіке қарап оны шешу жолын іздеп тауып, жарыққа ұмытылу деген мағынада айтылған мәселе деп ойлаймын. Және де қазіргі таңда бұл оқиғаны аңыз әңгіме ретінде балаларға насихаттасақ олардың осы бір екі ауыз сөзден үлкен ой түйетіні анық!!! Себебі терең мағыналы ой осы әңгімеде жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz