Ғаббас Қабышұлының әдеби мұрасы


Бекмағанбетова Айнұр Жетпісқызы
«Әлеуметтік - гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының магистранты
«Тұран-Астана» Университеті
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы
Зерттеу жұмысын орындауға тапсырма берген:
Ф. ғ. к доцент Рахимбаева Гаухар Қинаятқызы
Ғаббас Қабышұлының әдеби мұрасы
Ғаббас Қабышұлы 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1955 облыстық «Алтай большевигі» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. [1, 269]
Қаламгер 1966 жылы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшының орынбасары әрі көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінінің меңгерушісі жұмысын атқарған. Ал, жоғары білімді Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1962-1968 жылдары сырттай оқыды. Ол өз саласының нағыз маманы. Зейнеткерлікке шыққанға дейін де, кейін де қолынан қаламы түскен емес. Өз саласында түрлі лауазымды қызметтер атқарды.
Әзіл-сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз мақала жазды. 14 жинақтың авторы. Орыс әдебиетінен А. Чехов, Д. Ленч, О. Вишнянның, серб әдебиетінен Б. Нушичтің әңгімелерін, түрік әдебиетінен Ә. Несиннің «Футбол королі» сықақ романын, таңдаулы әзіл әңгімелерін (жиыны 2 кітап), молдован әзілқойы А. Бусуйоктың «Менің париждік нағашым» хикаятын аударған. Әзіл-сықақ әңгімелері «Қымызхана», «Тамаша» театрларының сахналарында қойылған. [1, 269]
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005) . [1, 269]
«Көргенім, көңілге түйгенім»; «Күлкіңді жүрміз сағынып»; «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар»; «Хакім. Михаил Иванович. Мәке» естеліктер жинағы. О. Әубәкіровтің 4 томдық таңдамалысын, Х. Есенәлиевтің 4 томдық таңдамалысын құрастырып шығарған. «Мінездеме», «Мысықта сақал неге жоқ?», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім ғой . . . », «Халіңіз қалай?» «Кадр мәселесін . . . мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Екі хикая», «Көлденең кітап», «Сағыныш сазы», «Адамның кейбір кездері», «Жолаушылар», «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай . . . », «Төрт хат», «Тарғыл тағдыр», «Гүл аңсағай бір ғұмыр». «Айғыр кемпір. », «Удай уәде», « . . . изация», «Арыңның сөзін айта біл». «Скажи все по совести», «Анау-мынауизация» т. б кітаптардың авторы[2, әдебиет порталы] .
Жазушы сатирада да өзінің мол мұрасын қалдырды. «Жетім жиналыс» атты кітабына енген шығармаларының басым көпшілінде әзілмен жазылған астарлы шындық оқырмандарын күлдіре отырып терең ойға тартады. Аталмыш кітапқа жазушының «Дулығадағы думан-ай» ( Қожанасырдың күнделігінен) әзіл әңгімесінде емдеу- сауықтыру (санатории) орнында болған оқиғаны кейіпкердің шынайы болмысы арқылы анық жеткізе білген. Санаторида болған қызылды-жасылды өмірдің барлығын да кейіпкер өз басынан өткерген болып шығады.
«Сөзстан» баспасынан 2011 жылы шыққан «Қазақ сатирасының антологиясы» кітабында жарық көрген ««Не знаю, » бажеке», «Бұлбұл», «Кандидаттың бәрі - кандидат», «ОБСЕ», «Токо доллар» ысқақ әңгімерінде де өмірде кездесетін жағдай. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі, тіпті екі адамның арасындағы диалогты асқан шеберлікпен құра отырып шебер ойды түйіндеп беретін қасиеті кез келген жазушыға тән құбылыс деп айтуға болмас. Ол тек жазушының өзіндік ерекшелігі, өзіндік стилі деп айтсақ болады.
Бұл сөзіме дәлел ретінде «Токо доллар» әңгімесінен мысал келтірейік.
«Бұл енді Американдардың мәтелі. Доллар солардікі ғой. Ә, жоқ, доллар біздің де неміз . . . әлгі . . . қалай еді . . . қазір өзі ағылшын, француз, неміс, қытай . . . тілдерінің біреуін жақсы білмесең, ассалаумағалейкумнің күні ерте батып, айы кеш туатын болып барады . . . ә, ия, валютамыз болып тұр. Біздің валютамыз! Біздің үйдің бұрышында, полиция участөгінің жанында «Аяқ киім, ботіңки, топли, етік, сапоги ательесі» деген бар, қазақша аты осылай, ал сондағы шеберің - кәріс жігіт теңгеңді қабылдамаймын: «Токо доллар!» деп теріс қарап, қол ақысын тек доллармен алады»[1, 282-283] . Бұл жерде қаламгер айтар ойын, сын мен мінін астарлы жеткізген. Ол тек сын айта отырып қоғамның белең алып бара жатқан тұстарын дәл басып тамырын тауып отыр. Былайғы жағдайда адам күнделікті әдет ретінде қабылдап, мұндай дүниелерді ұсақтық деп бағалауы мүмкін. Бірақ автордың көзқарасымен оның ой елегі мұндай әрекеттердің тіл үшін, ұлт үшін, келешек үшін кесірі орасан боларын ашына баяндап бергендей. Бұл әрекетін жазушының әр оқиғаны сезім арқылы өткізіп өн бойында пісіріп отыратындығын аңғаруға болады. Сөйтіп барып халыққа, қалың оқырманға береді.
Қазір біз қайтеміз . . . ? өзіміздің төл теңгемізді емес америкалық долларды ұстағанды ұнатамыз. Мақтан көреміз . . . «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген мақал бекер айтылмаса керек. Өз елімізде барынша қазақ болып, ұлт болып ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді, тілімізді, ділімізді қорғап ұрпақ санасына сіңіру, жеткізу өз қолымызда. Санамызды, намысызды оятып болашақ ұрпаққа сапалы өмір сыйлайық. Ал бұл біздің, менің авторға қосылғаным.
«Жетім жиналыс» атты шығармасында қоғамдағы адамдардың мәдениеті жайында ащы шындықты әсерлі жеткізеді. Онда ол жиналыс кезінде халықтың басшыларды тыңдамай, айтқан сөздеріне мән бермей шуылдаған халықтың мәдениетінің төмен екенін көрсеткен. Ақыр соңында күн тәртібінде не жайында айтылатынын да ескермей қойған халықты келесі жиналыста тәртіпке бағынуын өтініп сұрап қош айтысады.
«Тұрғын үй басқармасының бастығы орнынан созыла тұрып, бөлме ішін асықпай шолып болды да:
- Жолдастар, - жолдастар темекі тартпасаңдаршы, бұларың не? - деп екі алақанын жайып, біраз реніш білдірді. Соңсон орнына қайта отырып, қарындашпен столды тықылдатты: - Жолдастар, кәне, жолдастар тынышталыңдар, кәне, тынышталыңдар, жолдастар, ал жиналысымызды бастайық, уақыт өтіп барады, кәне - бөлме ішінде тыныштық орнай қоймады, о жер, бұ жерде, бұрқыраған темекі түтіні де үзілмеді.
- Әкеміздің түтінін шығаруға правомыз бар шығар, ә, хы-хы-хы-хы . . . » [4, 186-187] .
Дәл осы көрініс әлі де орын алып отырады. Өкініштісі сол әрине. Әкесінің түтінін шығармасада, еш маңызы жоқ, нақты шешімі шықпаған жетім жиналыстарда болып тұратыны бар. Бірақ автор осының бәрін өзгеге үлгі болсын деп қағазға түсіріп отырғандығы шындық.
«Көңіл көріністері» атты кітабында өзінің ағасындай болып кеткен жазушы публицист Естай Мырзахметовтың жазған шығармаларына оқырмандарынан келген хаттар легімен бастаған. Е. Мырзахметов қылшылдаған жігіт шағында-ақ 1-топ мүгедегі қатарына еріксіз қосылған. Себебі, жастайынан ауыл жұмысына араласқан жігіт жұмыс бабымен күзгі егін жинау науқанына барып сол жерде оқыс жағдай орын алды. Комбайынға отырып жүргізіп кележатқанда соқа астына тас тұрып, аударылып кетіп жігіт ауыр жарақат алған. Міне содан бері денсаулығы сыр берді. Айналдырған 4 жыл ішінде оған екі бірдей аса күрделі хирургиялық операция жасалады. Өмірінің соңғы 40 жылын аурухана мен үйдің арасында өткізеді. Өзінің қажыр - қайратының, төзімділігің, өмірге деген махаббатының, отбасына деген сүйіспеншілігінің, әдебиетке деген құрметінің арқасында қаламгердің қолынан қаламы бір сәтке де түскен емес. Міне осы бір ауыр тағдыры бар жазушыны жақын тұтып аға ретінде құрметтеді. Оның шығармаларын зерттеп оқырмандарымен пікірлесті. Міне, бұл Ғаббас Қабышұлының адамгершілік болмысы, үлкен әдебиетті жанымен сүйгендігінің айқын көрінісі. Осындай азаматты үглі тұту парызымыз деп білемін.
Ғаббас Қабышұлының тағы керемет еңбегінің бірі «Көңіл көгінде» эсселер жинағы. Бұл топтамаға жазушының 90-нан астам зиялы қауым өкілі туралы әр жылдарда жазған естеліктері мен эссе-әңгімелері енген. Оның 75-і өзімен сырлас, мұңдас, дәмдес болған жазушылар хақында жазылды. Атап айтатын болсақ, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жамбыл Жабаев, Ғали орманов, Бауыржан Момышұлы т. б жайында естеліктері жарық көрген. Бұл, кітап Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен Түркияда түрік тілінде жарық көрді. Керемет еңбекті түрік тіліне аударған Эльмира Қалжанова, редакторы - Азизе Кая. [ 3, Ғаббас Қабышұлының түрік тіліне аударылған «Көңіл көгінде» жинағының тұсауы кесілді] .
Жазушы бұл кітап арқылы қоғамның дамуына, руханияттың қалыптасуына, екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайтуға зор үлесін қосты. Сонымен бірге өзінің шығармашылығы арқылы ұлылардың тұлғалық кескін-келбетін ашып берді. Ол әр жазушымен не тұлғамен кездесіп сұхбаттаса отырып әдебиет саласындағы азаматтардың жан-дүниесіне үңіліп отыр. Сол көрініс арқылы азаматтың болмысын оның мәдениеттілігін қалың оқырманға көрсете білуді мақсат еткен жан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz