Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс


Жоспар
Тақырыбы: Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Кіріспе
- Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесі берілу жолдарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ прозасындағы портрет және оның қолданыс жолдары. Прозадағы көнерген сөздер мен этнографизмдердің қызметі. Қазақ прозасындағы кірме сөздер және олардың стильдік қызметі.
II. Қазақ прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрінісі және оның көріктеу құралдарындағы берілу жолдары.
2. 1. Көріктеу құралдарының стильдік қызметі.
2. 2. Қазіргі қазақ романдарындағы кейіпкер бейнесін сомдау ерекшеліктері.
2. 2. 1. Портреттің кейіпкер бейнесін берудегі қызметі.
2. 2. 2. Диалогтың кейіпкер бейнесін берудегі қызметі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
https://adebiportal. kz/kz/books/view/3392
Кіріспе
Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасын, қалпын көрсетеді. Әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр қырынан аңғарылады. Эпикалі шығармаларда автор оқиғаны баяндаушы болса, драмалық шығармаларда автор оқиғадан мүлдем сырт тұрады. Ал поэзиялық шығармаларда автор лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада басқа жанрларға қарағанда автордың жазу машығы айқын, анық беріліп, ақынның ішкі сыры, толғанысы тайға таңба басқандай ашық баяндалады. Оқырман өмір шындығын лирикалық тұлға көзімен қарап, танып біледі.
«Қазіргі қазақ көркем прозасының көкжиегі кеңейіп, шағын жанр әңгіме мен повесть жанрының болсын шығармашылық обекьтілері көбейді. Қоғамда болып жатқан ұлы өзгерістердің барлығы да қаламгерлер назарынан тысқары қалмады. Сонау қайта құру кезеңінен бастап, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен жиырма жылдың ішінде қоғамдық-экономикалық өзгерістер ел өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелді. Мұның өзі ел өміріне, халық тұрмысына үлкен әсерін тигізді. Жаңа өмірдің жаңа тенденциялары өнерде, әсіресе әдебиетте айқын көрінісін тапты» деген Балтабаева Г «Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі» атты еңбегінде. /6, 7/.
Бағымызға қарай тәуелсіздігімізді алғалы бері әдебиетімізде де жазу еркіндігі бастау алып, әдебиеттің қай жанрда болсын қанатын кең жайған, қаламы ұшқыр жазушыларымыздың еңбектері молынан баспа беттерінде жариялануда. Қазіргі таңда түрлі әлеуметтік желілерде еркін жазу қалыптасып келеді. Осындай мол мұраларымыздың бастау алуын әдебиетіміздің, тіліміздің жетістері деп қуанатын шақ келгені анық.
«Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, өткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, салт дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повесттер пайда болды. Қаншама жылдар бойына қазақы болмысымызды кеңес адамының көлеңкесі көлегейлеп келген әдебиетте енді қазағым, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бейнесі келді» - дейді Балтабаева Г «Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі» атты еңбегінде. /6, 7/ Әрине, бұл елдігіміздің ертеңі, болашағы, жарқын күндерге есігіміздің айқара ашылған бақыт мекені іспетті.
Көркем шығармадағы кейіпкердің сырт көрінісін, бой - тұлғасын, мінез - құлқын танытуда портреттің маңыздылығы ерекше екені белгілі. Сөзбен жазылған портреттің қылқаламмен салған портреттен айырмашылығы оның сөз маржандарымен тізілген теңеулер мен сипаттауларда, жазушының жеткізу шеберлігінде, ойлау шеңберінің даралығында екені сөзсіз. Кейіпкердің өзіне тән жекелеген ерекшеліктерін, есте қаларлық сипат -белгілерін, көркемдік детальдар арқылы жеткізуінде. Көркем шығармада танылатын портреттің бұл түрінде кейіпкердің өзіне ғана тән жекелеген ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жүріс - тұрысын, сымбаттылығын, көркемдік детальдар арқылы көрсетеді. Сонау фокльлорлық дәстүрімізден бері қазіргі кемелденген әдебиетімізге дейін жалғасын тауып келе жатқан мұндай суреттердің небір көркемдікке толы галериясының қалыптасуы көркем әдебиетіміздің жемісі десекте болады. Қаламгер кейіпкерлерінің алуан түрлі жағдайдағы іс-әрекетін, психологиялық ахуалын суреттеу арқылы көркем шығарманың маңызын арттырып, мазмұнын, идеясын ашып, ширата түсу үшін портретті қолданады. Мұны жазушының сезімталдық қырын, эстетикалық танымын, жазу машығын, ой ұшқырлығын, жазу шеберлігін білдіретін белгілі бір биіктік өлшемі деуге болады. Кез-келген туындыгердің көлемі шағын немесе толымды шығармаларында азды - көпті портреттер жиі кездесіп отырады. Мәселе көркем шығармада портреттің болу болмауында емес. Бастысы туындының көркемдігі келісті, образы айқын, композициялық құрылымы нық, портреттік, пейзаждық бояулары қанық, көзделген мақсатқа сай жетер жеріне жеткізіп анық көрсетуінде болса керек.
Көркем туындының барлығындағы портрет сәтті шыға бермеуі мүмкін екені хақ. Көркем туындыдағы портрет жасауға қатысты академик Зейнолла Қабдоловтың мынадай тұжырымды пікірі бар: «Әдебиеттегі адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейтін болсақ, бұл да - образ жасаудың өзгеше бір тәсілі, жолы, амалы. Бұған да айрықша суреткерлік, шеберлік керек. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беруі шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық суреттелгені жөн. Портрет сонда ұтымды шықпақ» - деген пікірін зерттеу жұмысына арқау етіп талданды.
Қазақ көркем әдебиетінде кейіпкер мен оның бейнесінің ролі ерекше болып келетіндігін біз кез - келген туындыны оқу барысында немесе талдау кезінде анық байқай аламыз. Қай уақытқа немесе қай заманға тән шығарма болсын ондағы кейіпкер бейнесі ерекше суреттеліп, туындыны оқушы алдымен нақтылыққа, сенімділікке тіпті аса жақын бір адамы ретінде танудан басталары сөзсіз. Мұндай ерекшелік кез келген туындының өміршеңдігінің кепілі бола алады десек жаңылыспаймыз. Тіпті кейде туындыгер шығарма барысында оқиғаны диалогпен өре отырып кейіпкер бейнесін аша түсуі оның шығарманы өрбітудегі ерекше тәсілі десек те артық болмас еді.
Біздің тақырыбымыздың өзі осы кейіпкер бейнесінің диалог арқылы туындыда айқындалуы, ашылуы болып отыр. Нақтылап айтсақ, "Диалогтың кейіпкер бейнесін берудегі қызметі".
Кез келген жазушы әңгімелерінің тақырыбы әр алуан болатыны сөзсіз. ХХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХІ ғасырдың І жартысындағы қазақтың аса биік ірі заңғар тұлғаларының бірі, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы деп мақтана айта алатын Шерхан Мұртаза да өз заманында әдебиет майталмандарымен қазақ әдебиеттің дамуы мен өркендеуіне бір кісідей ат салысты.
Шерхан Мұртаза ел тіршілігінің кезең көріністерін, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын ешқандай бүркпесіз, ешқандай әсерлемей қаз қалпында ұтқыр, әрі өткір тілмен, шамырқанған шындықты нақты көркем суреттеуге негізделген. Жазушы шығармаларында диалогты шебер қолданған, әңгіме жанрында да диалогтың көркемдік қызметі орасан. Диалог шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын анықтауда, жазушы шеберлігін танытуда рөлі өте күшті. Шерхан Мұртаза шығармаларының белгілі бір дәрежеде ұшы-қиыры жоқ өмірдің сан алуан қырларын, кейіпкер тағдырын, іс-әрекетін көркем бейнелеуде өзінің психологиялық шеберлігін, өз талантының жарқын қыры есебінде байқатты.
Әрине қазақтың кез келген туындыгерінің шығармалары диалогпен өріліп оқиға желісін диалог арқылы аша түсетіні тәрізді Шерхан Мұртаза да өзінің туындыларында диалогтың орыны ерекше.
Тіл зерттеуші ғалымдар диалогтың түрлерін, көркемдік қызметін жан-жақты зерттеп, құнды пікірлер айтады. Олардың кейбірі, атап айтқанда Х. Керимов «Көркем шығармадағы диалогтың басты қызметі-адам образын жасау. Себебі диалог адамдар арасында өмірде кездесетін сан қилы қарым-қатынасты бейнелеп, кейіпкерлер репликалары арқылы бір-біріне әсер етіп, адам мінезінің нақты түрде, нанымды түрде ашылуына көмектеседі, соның тілдік амалына айналады » десе [2, 33 бет], К. Еңсебаева «Диалог- образ жасауда шешуші фактор . Кейіпкерлерді есте қаларлықтай етіп беру-сәтті диалогтың жемісі», -дейді. [3, 48 бет]
Көркем шығармалардың басым бөлігінде диалог кейіпкерлердің сөзімен басталмайды. Оқиғаны өрбіте келген автор алдымен диалогқа жағдай жасайды, әңгімеге қатысушы кейіпкердің, аты-жөнімен, мәдени дәрежесінен, шыққан ортасын, тіпті қандай адам екенін де автор сөзімен яғни суреттей отырып тілімен беріп алады да кейіпкерлерін сөйлете бастайды. Диалог шағын болуыда мүмкін немесе ұзақ бір оқиғаны қамтып әкетуі де ғажап емес. Өзіміз әңгімемізге арқау етіп отырған туындыгер Шерхан Мұртаза шығармашылығында бұл тәсілдер басым келеді деп айттық. Оның туындыларында халық басынан кешкен қиын заман еш боямасыз бейнеленеді. Соғыстың шындығы мен адам өмірінің ашы әрі қиын уақытын жұмсартпай, шынайы суреттеген әңгімесінің бірі «Шекшек шырылдайды».
Диалогта жазушы кейіпкерлерді сөйлету арқылы орыс фотограф пен қазақ кемпірі Хадишаның образын ашады. Осы бір шағын диалогты оқи отырып оқушы екі кейіпкердің кім және қандай адамдар екенін тіпті оның қандай ұлттар екенін де дәл береді. Артық сөз, қосымша түсініктеме де жоқ. Шебер берілген суреттеу деп айтуға тұрарлық дүниелер.
«Көркем проза тілін зерттеуде басты нысанаға алынатын мәселелердің бірі - кейіпкерлерді сөйлету принциптері. Кейіпкер сөзі диалог пен монолог арқылы беріледі. Диалог жазушының тіл көркемдігін айқындайтын тілдік тәсіл. » дейді қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі Рабиға Сыздықова. Тіл ғылымының алтын тамыры болған Рабиға Сыздықовадан артық айту қиын болар. Жазушы тілінің көркемдігі шеберлігі туралы мәселені оның мәнері (стилі) деген ұғыммен байланысты алып қарайды. Әр жазушының диалогты қолдану шеберлігі әр басқа. Кейінгі прозалық шығармаларда диалогтық қолданыс сан түрлі бояу алып құрылымдық-стильдік жағынан толыға түскен. Демек уақыт жаңарып, заман өзгерген сайын жазу стилі мен ондағы диалогтың күрделілігі де сипатына қарай ерекшелене берері сөзсіз.
Біріншіден, кез келген шығармада диалог кейбір кейіпкер мінез-құлқын танытушы амал ретінде диалогтың ұтымды қолданылғанын байқаймыз. Екіншіден, диалог тек кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктерін ғана беріп екеуара пікірлер алмасу ғана емес сонымен қоса автордың көзқарасын, идеясын да танытатын тілдік амал ретінде жұмсалған. Үшіншіден, диалог шығарманың құрылымдық қызметін ұйымдастырудағы тиімді тілдік тәсіл ретінде берілген. Төртіншіден, осы тәсілдерде бере отырып туындыгер кейіпкер бейнесін берудегі аса ұтымды тәсіл екендігін нақты аңғартады. Мұны зерттеу жұмысы барысында мысал ретінде келтіре отырып дәлелдеуге тырыстық.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Автор бейнесінің берілу жолдары.
Зерттеудің дерек көздері: Қазақ жазушыларының проза жазудағы ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
- Қазақ жазушыларының шығармаларындағы лингво поэтикалық құбылыстарды саралау, талдау, анықтау. Шығарманың синтаксистік құрылымын белгілі бір жазушының қаламына тән қолданысты анықтау, лингвостилистикалық қолданыстың тілдік табиғатын танып, олардың тілдік жүйедегі функциясының қырларын зерттеу. Портрет және бейне олардың берілу жолдары мен атқаратын міндеттері.
- Қазақ жазушыларының шығармаларындағы фоникалық құралдардың қызметін анықтау.
- Жазушы туындыларындағы қарапайым сөздер, эффемизмдер, тілдік аясын қолдануын анықтау.
- Портреттің берілу жолдары.
- Ішкі және сыртқы портрет (белгілі бір кейіпкердің) .
- Диалогтың ролі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің берілу жолдары ғылыми тұрғыда жан-жақты сараланып, жүйелі түрде талданды. Сонымен қатар авторлық қолданыста талдауға түсті.
I. Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесі берілу жолдарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
- Қазақ прозасындағы портрет және оның қолданыс жолдары.
- Прозадағы көнерген сөздер мен этнографизмдердің қызметі.
1. 3 Қазақ прозасындағы кірме сөздер және олардың стильдік қызметі.
Қазақ әдебиетіндегі үлкен жанрдың бірі проза. Қазақ көркем прозасы қашан, қайда кімдерден басталғаны жайында әдебиетшілер арасында көп талқыланатыны белгілі. «Қазақ көркем прозасының әдебиет жанры ретінде белгілі бір мерзімде, нақты бір авторлардың шығармаларынан басталатындығын айта отырып, оның «сүйегі» әріде жатқанын, яғни тұтқиылдан, «тақыр жерден» пайда болмағандығын да баса айту қажет. Қазақ прозасының көктей бастаған «қылтанақтарының» өзі көркем жазба үлгілерге тән қасиеттердің басты-бастыларын бойына дарытқан деп тануға болады. Атап айтқанда сөзді таңдап жұмсау, айтылмақ ойды баршаға түсінікті, әсерлі етіп жеткізу, бір нәрсені жәй хабарлау емес, суреттеу, ол үшін көріктеу тәсілдерін қолдану, синтаксистік нормаларды біршама дұрыс сақтау сияқты сипаттарды Ы. Алтынсарин әңгімелерінен де, С. Көбеев повесінен де т. б табуға болады. Мысалы, Ы. Алтынсарин прозасының тілі шағын көркем әңгімелердің нағыз жазба үлгілерін танытады. Бұл жерде бір нәрсені қатты ескерту қажет: Ыбырайдың шағын әңгімелерінің көбі Паульсонның хрестоматиясынан алынғанымен, олар - тілінен таза(тікелей) аудармасы емес, яғни әңгіме көркем аударманың тілі туралы болмасқа керек. Педагог - жазушы бұл еңбегін - хрестоматиясын - әрі мектеп балаларының оқу кітабы әрі «жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап» болуын көздеп ұсынған. Демек, барлық әңгіменің авторы - Ыбырайдың өзі.
Жазба дүниенің бұл жанры талап ететін амал-тәсілдердің денін автор тұңғыш рет өзі ұсынған. Айталық төл сөз бен автор сөзін қиюластыру, диалогтерді беру тәртібі сияқты амалдар дәл қазіргідей сындарлы болмағанмен, қабылдауға жеңіл, түсінікті, жатық түрде келеді. Мұнда, ең алдымен, синтаксистік құрылымдардың тілдің структуралық тәртібіне де, көркем сөз нормасына да негізінен сай түсетіні байқалады: балаларға арналған әңгіме жанры болғанымен, текст тым келте жай сөздерден гөрі, көбінесе басыңқы, бағынынқылы құрмалас сөйлемдермен келеді» - деп көрсетеді Р. Сыздық өз еңбегінде. [ Р. Сыздық «Сөз құдыреті» (Көп томдық шығармалар жинағы), 20-21 бет, 6 том, 2014ж] .
19 ғасыр басынан бастау алған проза жанры бүгінгі күні қанатын кең жайып зерттеліп, талданып, жан-жақты талқылануда. Әр автордың өзінің жүректен шыққан еңбектері жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол екені айтпасада белгілі. Бүгінде жазушы(ақын) айтар ойын анық, қысылмай, емін-еркін жазатын күн туды деп есептейміз.
Әбікенова Г. Т өз еңбегінде: «Автор бейнесі стильдік ерекшелікпен қатар, шығарманың бүкіл құрылымен тығыз байланысты. Сондай -ақ оны көркем туындыны оқырманмен тығыз байланыстыратын көпір десек те артық емес. Себебі белгілі жүйеде құрылған оқиға өзінің желісімен оқырманды қоса жетелеп отырады. Осыған орай тағыда ескерерлік жағдай, әр қаламгердің өзіне тән сөз қолдану, сөйлем құрау ерекшеліктері, дара стилі болғандықтан, автор бейнесінің байқалу дәрежесі де әр қилы. Автор бейнесі кез-келген шығармада болады және ол сол шығарманың тілдік құрылымымен, жазушының стилімен тығыз байланысты» - деген пікір жазған.
Автор бейнесінің берілу жолдары мен ерекшеліктері жайында орыс зерттеуші ғалымдардың еңбектерін Филология ғылымдарының кандитаты Әбікенова Г. Т былай деп берген: «Орыс филологиясында бұл мәселе жөнінде зерттеулер жүргізген ғалымдар В. Виноградов, Г. О. Винакур, А. Л. Шашина, Л. А. Новиков жалпы көркем туындылардағы автор бейнесінің қалыптасуы мәселесін қарастырса, Е. П. Тетюхин, Л. В. Малов, Н. В. Драгомирецкая, С. Н. Филюшкина, Ю. М. Проскурина сияқты ғалымдар жжеке авторлар шығармаларындағы автор бейнесінің көріну ерекшелктеріне тоқталады. Орыс ғалымы Е. П. Тетюхин Ч. Диккенс шығармаларындағы автор бейнесінің көрінісін, автор бейнесін қалыптастырушы тілдік тәсілдерді талдап, эпитет, теңеу, перифраз сияқты көріктеу құралдарының автор бейнесін қалыптастырудағы қызметін көрсете келіп, автор бейнесіне мынадай анықтама береді: «Образ автора - это общеязыковая категория, спосоп существования которой заключается в механизме перевода возможности языка конкретику речи »»(4, 24) .
Қазақ тіл білімінде де бұл саланы зерттеу кенже қалған жоқ. Автор бейнесінің берілу жолдарын зерттеп қазіргі қауымға жеткізген ғалымдар қатарына Р. Сыздық, М. Серғалиев, Б. Шалабай, Х. Кәрімов сияқты ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
- Қазақ прозасындағы портрет және оның қолданыс жолдары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz