КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР


Четтыкпаева Л. Б., Кебисбаева Г. А., Кисадилова Ш. М., Қамбарқызы А
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
(Мектепке дейінгі мекемеге, бастауыш сыныптарға арналған оқу-әдістемелік бағдарлама)
Алматы 2022
Четтыкпаева Л. Б., Кебисбаева Г. А., Кисадилова Ш. М., Қамбарқызы А
Мұқаба бетіндегі бүлдіршіндер - «Әсем» балалар бақшасының бүлдіршіндері.
Солдан оңға қарай: Халел Сұлтан, Бақытбай Інжу, Әлдибай Нұрдаулет, Үсенхан Диана, Сәулебек Діннұр, Серікбай Кәусар, Бибосын Биболат - балабақшамыздың түлектері, қазіргі уақытта, орта мектептптің үлгілі оқушылары. Оқу үздігі болып, ата-аналарының қуаныштарына бөлесін.
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
(Мектепке дейінгі мекемеге, бастауыш сыныптарға арналған оқу-әдістемелік бағдарлама)
Алматы 2022
ӘОЖ 373
ҚБЖ 74. 100
Қ 70
Пікір жазғандар:
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының өнер-ғылым магистрі- Турдиев С. А
Алматы қаласы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «128 бөбекжай балабақша» меңгеруші - Усманова П. Д
Автор-құрастырушылар: Ч. Четтыкпаева Л. Б., Кебисбаева Г. А., Кисадилова Ш. М., Қамбарқызы А
Көңілді мерекелер мен қызықты ертеңгіліктер/ Четтыкпаева Л. Б., Кебисбаева Г. А., Кисадилова Ш. М., Қамбарқызы А -Алматы- 2022 ж
ISBN-978-601-09-1444-5
Бұл әдістемелік құралда мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылатын маусымдық мерекелер туралы жөн сілтейді. Ол үш бөлімнен тұрады. Ата айтсақ: Қоғамдық - саяси мерекелер, тұрмыстық мерекелер, маусымдық мерекелер. Аталмыш мерекелерге байланысты жұмыс жоспары көрсетілген. Жұмыс жоспарына бүлдіршіндермен өткізілетін тақырыптық іс-шаралар, олардың үлгі жоспарлары топтастырылған.
Бұл әдістемелік құрал мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, балалар арасында мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырушыларға арналған.
ISBN- 978-601-09-1444-5 ӘОЖ 373
ҚБЖ 74. 100
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
- Игі істің басы - тіл, тәрбие басы - тіл. Махмұд Қашқари
- Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен. Қорқыт ата
- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде.
Жүсіп Баласағұни
- Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
- Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
Мұхтар Әуезов
- Тәрбиелі - тәртіптің құлы. Бауыржан Момышұлы
- Тәрбие басы - тіл. Жүсіпбек Аймауытов
- Бала тәрбиесінің ең үлкені - оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады. Әзілхан Нұршайықов
- Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ.
Ұстаздық - ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов
- Ата - ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы. Антон Макаренко
КІРІСПЕ
Балабақша-баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.
Балабақша -білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші-сол балабақшаның жүрегі. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Ал балабақшадағы тәрбиеші білім беру үшін, баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымы-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу болып табылады.
Балабақшада баланың өнерлі болуына ертеңгіліктер мен мерекелер ықпал етеді. Балалар бақшасында балалармен мерекелік ертеңгілік өткізу ұйымдастырудың маңызды формасы болуымен қатар, көңілді атмосфера құруға көмектеседі, балалардың жағымды эмоциясын қалыптастыруға, олардың сезімін кеңейтуге әсерін тигізеді, ұжымдық көңіл күйде сезінуге баулиды, шығармашылық ойлауды дамытады. Балалар бақшасында мерекені ұйымдастыру маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Балалар бүкіл халықтық мерекелер негізінде жатқан үлкен идеяларды
барынша түсінікті түрде, көркем образдар арқылы онан әрі қабылдауға
дайындалады; салтанатты жағдай, көркем безендіру, музыка патриоттық сезімдердің дамуына белсенді ықпал етеді, балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін арттыруға тәрбиелейді. Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Осыған орай мектепке дейінге мекемеде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Мерекелік іс-шаралардың барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі болып саналады. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата - аналар да қатысуға тырысады.
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор.
Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
• Қоғамдық - саяси мерекелер
• Тұрмыстық мерекелер
• Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі.
Қоғамдық саяси мерекелер:
- 30 тамыз - Конституция күні;
- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
- 1 мамыр - халықаралық ынтымақтастық күні;
- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні.
Тұрмыстық мерекелер балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді.
Тұрмыстық мерекелер
:
- Жаңа жыл мерекесі;
- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;
- Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі және т. с. с
Маусыдық мерекелер жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі. Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мысалы, жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады. Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.
Маусымдық мерекелер:
- Көктем келді шуақты;
- Жаз келді жасыл;
- Сары алтындай сары күз!
- Қыс мезгілі тамаша!
Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әрбір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік.
Жалпы, осы жинақ мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, ізденушілерге арналған. Осындай мақсатпен көздеп шығарылып отырған бұл жинақ сан-салалы тәрбие шаралары үшін құралған.
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІКТІҢ ЖОСПАРЫ
Өткізілетін
іс-шаралардың тақырыбы
Мерекелік
іс-шаралардың мақсаты
Орындау
мерзімі
«Менің Отаным-Қазақстан!»
атты мерекелік іс-шара
(Балалармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
«Ана тілім-дана
тілім» атты мерекелік іс-шара
(Әріптестермен өткізілетін мерекелік іс-шара)
«Тәуелсіздік тұғырым»
атты мерекелік іс-шара
(Балалармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
«Тыныштық болсын әлемде»
атты мерекелік іс-шара
(Балалармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
Балалардың қазақ тілі туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Балаларды өз ана тілін құрметтеуге, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жерін, Отанын сүюге, патриоттыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу; ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Қыркүйек
Желтоқсан
Мамыр
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
ОТБАСЫМ -КИЕЛІ ШАҢЫРАҒЫМ
(Балалармен, ата-аналармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕГІ СИҚЫРЛЫ САНДЫҚ
(Ашық оқу қызметі )
НАУРЫЗ -ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара.
(Барлық әріптестермен, бүлдіршіндермен өткізілетін
мерекелік іс-шара)
«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» БАЙҚАУЫ
(Балалармен, ата-аналармен өткізілетін мерекелік іс-шара/ байқау)
«ҚОШ САУ БОЛ БАЛАБАҚША!»
(мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі )
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиенің үздік түрлерін насихаттау.
Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, қызығушылығын арттыру; сөздік қорын молайту; үш тілде сөйлеу шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту; саусақ моторикасын жетілдіру; достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Отанын сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезімін ояту.
Балаларға жыл басы науыз, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, оның тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру; өлеңдер мен би, ойын арқылы балалардың сана-сезімін дамыту, ой - өрісін кеңейту, ақыл-ойын жетілдіру; қазақ халқының салт - дәстүрін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру., дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
САРЫ АЛТЫНДАЙ САРЫ КҮЗ!
«Арайлы алтын күз!» атты мерекелік іс-шара
Күз сыйы туралы ұғымдарын бекіту. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту. Тіл ұстарту жаттығуларын орындай білуге дағдыландыру.
Адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!
(Балалармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
Мақсаты: Балалардың қазақ тілі туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекіліктер: «Қазақ тілі - болашағым, ертеңім . . . » атты кітап көрмесі, гүл шоқтары, нақыл сөздер, шарлар, әр балаға жеке тақтай, түрлі түсті жарма ұнтағы, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың суреттері.
«МузАРТ» тобының «Рақмет, саған туған ел!» атты әні орындалады.
(дайындық үстінде)
Фанфара
Балалар «Көк тудың желбірегені» әсем әні арқылы залға кіріп келеді.
(Қыздар гүлдермен, ұлдар көк жалаушамен) .
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар! Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Фанфара
Жүргізуші: 4 -қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы - Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының Тілдері күні» деп жариялаған еді. Олай болса, балалар:
Құтты болсын, тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі «Гүлдей бер, қазақ елім!» атты мерекелік іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
Фанфара
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн Сіздерге арналады.
ӘН: «Отан».
Әсем әуен арқылы бірнеше бала тіл туралы, бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алысады.
1-бала: - Мен саған «Осы тіл не үшін керек?» деген сұрақты қойғым келіп отыр.
2-бала: - Досым -ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой?! Апай «Тіл - қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?
1-бала: - Жарайды, тіл - қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бере ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
3-бала: - Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты, дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
4-бала: -Балалар, ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
5-бала: -Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:
Ана тілім - бала шағым, өркенім,
Ана тілім - болашағым, ертеңім.
Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадымнан күлмес ем.
Жер бетінде сайрандап,
Қазақ болып жүрмес ем.
6-бала: - Керемет екен. Ал, Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім - мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім - мен де бірге өшемін.
7-бала: Өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
8-бала: - Бәрі бірдей емес, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сансызбай Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген -
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген -
Халқын сүйіп жарытпас.
1-бала: - Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ. Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген. Сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
2-бала: - Біздің ана тіліміз - қазақ тілі.
3-бала: - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі».
4-бала: - Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.
Бәрі: Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Біз көпұлтты мемлекетпіз! Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар. Бәріміз бір мемлекетте тұрғандықтан, татумыз, жақсы қарым-қатынастамыз.
Әсем ән әрбір елдің рәсімі екен,
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа биді Сіздерге шашу еткен, - деп ортада ару қыздарымыздың орындауында «Ұйғыр» биі. Қабыл алыңыздар!
БИ: «Ұйғыр»
Жүргізуші:
Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның, -деп кезекті әнге берейік.
ӘН: «Ананың тілі, аяулы үні».
Жүргізуші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
«Батырлар» биін көріңіз,
Өнерге баға беріңіз!
БИ: «Батыр».
Жүргізуші:
Балалар, қараңдаршы, бізге кім келе жатыр?
Балалар : Бәйтерек.
(Ән шырқалады. Бәйтерек келеді) .
Бәйтерек:
Сәлем, сәлем, балақайлар,
Сағынып келдім өздеріңді.
Жылы қабақ жүздеріңді,
Балдай тәтті сөздеріңді.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Келгеніңіз қандай жақсы! Бүгін бізде үлкен мейрам, тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Тіл-ел болашағы» атты мерекелік іс-шарамызды өткізгелі жатырмыз. Мерекемізге қош келдіңіз!
Бәйтерек: Ана тіліне арнап мерекелік ертеңгілікті өткізгендерің дұрыс екен. Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, кітаптан, газет пен журналдан үйренеді. Қазақ тілі-бай тіл. Тілімізді сақтап, дамыту-бәріміздің міндетіміз. Ана тіліне, Отанға байланысты тақпақтарды кім біледі?
9-бала:
Ана тілі Ә. Табылдиев
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуге.
10-бала: Жұбан Молдағалиев
Бүтіндік, бірлік
Ерсі боп,
Жатқанда мал-жан енші боп.
Тіліміз ғана тұрыпты,
Елші боп, әрі емші боп,
Сол ғана қалған бөлінбей,
Бөліске түсер кезде ондай,
Сол ғана қалған бөлінбей -
Жүректей,
Күндей,
Ождандай.
11-бала: Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жүргенде-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
12-бала: О. Асқар
Үйрен ана тіліңді,
Өз тіліңсіз көрсең де, өз күніңді.
Өз тіліңсіз болсаң да, асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
13-бала: Ә. Ысқақ
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
14-бала:
Мұқағали Мақатаев
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
15-бала:
Туған елім Бәкір Тәжібаев
Менде сөйлер сөз болса -
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса -
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өткерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге,
Үйреткен де өзің ғой!
16-бала:
Толқығанда сезім -ой,
Аппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой -
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма -шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
17-бала:
Туған елім - гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін -
Лүпілдеген жүрегім!
18-бала:
Отан туралы Қадір Мырза әли
Отан,
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен . . .
19-бала:
О, туған жер! Мұқағали Мақатаев
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz