Айырбас шартының ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
2 тапсырма.
1.Айырбас шартының ұғымы.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501 бабының тұжырымдамасы). Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір тауарды, басқа тауарға айырбасқа беруге міндеттенеді.
Айырбас шартының пəні - əрқайсысы тараптардың бір-біріне тауарды меншікке,шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді. Ерекшеліктері: 1)айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа айырбастағанда орын алады, əсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса; 2)айырбас қатынастарына - бір тауармен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сəйкес келуіне байланысты тараптардың бірі.
Шарттың тараптары: азаматтар, заңды тұлғалар. Шарт тараптарының арнайы аты жоқ. Айырбас шарты бойынша әр тараптың меншік құқығы тауарды беру міндеттемесі орындалған кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана пайда болады. Айырбасталған тауарға үшінші тұлғалардщың құқығы болмауы керек. Егер бұл ереже сақталмаса, кінәлі тарап, келтірілген шығынды өтеп қана қоймай, алынған тауарды қайтаруға тиіс. Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес консенсуалды, өзара және өтеулі шарт болып табылады.
2.Рим құқығындағы айырбас шарты.
Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретiнде сатып алусату шартынан бұрын қалыптасқан. Жеке құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дəрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық игiлiктердi бөлудiң объективтi ең басты нысаны болды. Одақ кезiндегi (кеңес одағы) кезiндегi азаматтық құқықта социалистiк ұйымдардың қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулi қолданылды. ҚРда қаржынесие жүйесiнiң құлдыраған кезде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негiзгi нысандарының бiрi болды. Əсiресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгiзiлгенге дейiн айқын сезiлдi. Өз кезегiнде бартерлiк (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына керi əсерiн тигiздi. Сондықтан, бартерлiк шарттарға тиым салынатын болды. Қазiргi кезде ҚР АК қабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкiн емес, өтйкенi заңды тұлғаларға, негiзiнен жеке меншiктегiлерге тиiстi əрекет қабiлеттiгiне сəйкес қандай да болсын құқыққа сəйкес қатынастарға кiруiне болады. Бiрақ та, сол субъектiлер құқықтарын терiс мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы, егер кəсiпкерлер өздерiнiң iскерлiк белсендiлiгiн жасыру мақсатымен жаппай заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан терiс бағалануы тиiс. Айырбас шарты өзiнiң заңды табиғатына сəйкесконсенсуалды, өзара жəне өтеулi (ақылы) шарт болып табылады.
3.Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді. Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан міндетінің көп болуына шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасының мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді.
4.Айырбас шарты мүлікке меншік (шаруашылық жүргізу,оралымды басқару) құқығын беруге байланысты шарттың бір түрі ретінде.
Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орынағаннан кейін пайда болады. Бұл норма диспозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін. Егер заңнамамен немес шартпен өзгеше көзделмесе айырбас шартында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айырбас шартының түсінігі
АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ
Жалға алу шарты
Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Сыйға тарту шартының ұғымы
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңыздылығы
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Шарт ұғымы және оның түрлері
Пәндер