: Биологиялық мембраналардың қызметтері. Иондық каналдары


Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы
Қалыпты және патологиялық физиология
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың
қызметтері. Иондық каналдары.
Орындаған: Рахымбекова Д. С
Тобы: ЖМҚБ-04-21
Қабылдаған: Шахайдарова Д. О
Шымкент-2022 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
- Биологиялық мембраналардың негізгі
жұмыс істеу принципі
- Олардың мембрана-иондық теориясы.
- Мембрана арқылы заттардың
тасымалдануы
- Белсенді және пассивті транспорт
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Биологиялық мембрана - жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 - 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.
Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды
- 1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
- 1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф. Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
- Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Дж. Даниели мен Х. Давсон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.
Мембрананың қасиеттері
:
1.
Ағындылық
- мембрана мызғымас құрылым емес, оның құрамына кіретін белоктар мен липидтердің көбісі ұзына бойы жазықтыққа ағып қозғала алады.
2.
Бейөлшемдестік
(асиметрия) - сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы әркелкі келеді.
3.
Үйектік
- мембрананың сыртқы беті оң, ішкісі - теріс зарядты болады.
4.
Таңдамалы өткізгіштік
- еріген заттардың белгілі ғана бөлшектерін және иондарды іріптеп өткізеді.
5. беткейлік орналасқан байланыстырушы жүйелердің көмегімен тіндегі немесе ағзаның құрамындағы жасушалардың іс-әрекетін үйлестіреді;
6. беткейлік орналасқан арнамалы қабылдағыштар арқылы гормондар (қоздырғыштар), медиаторлар (дәнекершілер), басқа биологиялық дәртті заттардың және дәрілердің алмасуын қамтамасыз етеді;
7. мембрананың бетінде антигендер мен ұқсас таңбалардан құралған танитын жерлері болады, олар ішкі қадағалаушы жүйелердің таныс жасушаларды бөгде дене ретінде жоюдан қорғайды;
8. мембрананың кейбір жерлері көршілес жасушаларды танып, олардың жайылуын шектейді.
Тасымал - қоректік және қуаттық заттардың жасушаға келуін, қалдық өнімдер мен биологиялық дәртті нәрселердің одан шығарылуын, иондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Тасымалдың бірнеше түрі ба: диффузия, белсенді тасымал, экзо және эндоцитоз.
Диффузия
- бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни мөлшерлік айырмашылығына сәйкес өтуі. Мембрана арқылы оттек (О2) және көмірқышқыл газы (СО2) осы тәсілмен өтеді. Иондар, глюкоза мен амин қышқылдары, майлар баяу өтеді.
Белсенді тасымал
- заттар мен иондардың арнайы қуат пайдаланып электрохимиялық градиентке қарсы ауысуы. Мұндай градиентке қарсы тасымал кезінде мөлшерлік не осмостық жұмыс атқарылады. Соның нәтижесінде заттар аз жағынан көп жиналған ортасына қарай ығыстыралады.
Белсенді тасымал екі түрге бөлінеді: иондарды және органикалық заттарды дәртті, яғни күш - қуат жұмсап тасу.
Селқос тасымал
- заттарды өткізу кезінде зат алмасу энергиясын жұмсамайды. Бұл мембрананың екі жағында заттардың мөлшері бірдей болып теңескенге дейін жүреді.
Осмос.
Мембрананың жартылай өткізгіштік қабілеті болады. Өйткені ол суды өзі арқылы оңай, ал басқа заттарды баяу өткізеді.
Осмос
- (итеру) мембрана арқылы су молекуласы заттардың аз мөлшерлі жағынан көп шоғырланысына қарай ығысуы.
Қорытынды
Биологиялық мембрана - аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады.
Мембрананың қабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік белоктардан құралған.
Жасушаның басқа қызметтері: зат алмасуы, электрлік қасиеттері және т. б.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B0
2. Сәтбаева Х. Қ. Өтепбергенов А. А
Нілдібаева Ж. Б. “Адам физиологиясы” Алматы, 2005
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz