Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 5

1. Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары . . . 6

2. Қоңыржай белдеулердің табиғат зоналары . . . 8

3. Жерорта теңіздік белдеулердің табиғат зоналары . . . 12

Қорытынды . . . 13

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

Жер жүзі халқының жартысынан астамы тұратын жердегі ең зор құрлық массиві - Евразия материгі экватор мен 77 0 с. с аралығында орналасқан, оны төрт мұхит - Солтүстік Мұзды Атлант, Тынық, және Үнді мұхиттары шайып жатады.

Евразияның ауданы -53, 4 мли. км 2 . Материктің зор көлемді болуы оның табиғат жағдайларының өте күрделілігін және әр түрлілігін анықтайды. Евразия жерінде дүниенің екі бөлігі - Европа мен Азия жатыр

Европамен Азияның дүниенің әр бөліктері түрлі екендігі туралы түсінік өте көне заманнан, тіпті бүкіл материктің тұтас пішіні мен ақиқат мөлшері туралы географиялық түсінік қалыптасудан да едәуір ерте пайда болды. Сондықтан, Жвропа мен Азияның дүниенің әр түрлі бөліктері ғана емес, сондай-ақ әр түрлі материктер екен деген ұғым ұзақ уақыт орын алды.

Европа мен Азияны тек қана бір материк ретінде қарастыруға болады. Оны дүние бөліктеріне бөлу физикалық - географиялық емес, тарихи негізге сүйенген және бұл адам баласының дүниенің бөліктері туралы түсінігі жалпы дүние туралы түсінікпен анағұрлым ерте пшадйда болуымен де байланысты. Жердің аса зор материгінің Евразия аталуы да оның екі бөлігі Европа мен Азияның аттарынан шығатындығымен түсіндірледі. Европаның топығағы қалыптасуы жағынан төрт белдеуге - артикалық (полярлық), ворсальдық, суббореальдық, суптропиктік белдеулерге бөлінеді.

Сонымен қатар Европа 4 ірі аймаққа бөлінеді. Шығыс Европа (1, 2 млн км 2 ), С олтүстік Еуропа (1, 3 млн км 2 ) Оңтүстік Еуропа (101 млн км 2 )

Табиғат жағдайларына келетін болсақ. Ландшафтылардың әр түрлілігі, су және агроклиматтық қалалар, қоңыржай белдеу мен Жерортатеңіздік климат, рекреациялық ресурстар экономикалық дамытуына өте қолалйлы.

Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары

Аркдтикалық белдеуде - Шипоцбергенде, Франц-Иосиф жерінде, Жаңа Жердің солт. бөлігінде.

Арктикалық белдеудің киыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және кысқа. Қыста температура 0°С-тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балдырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақаю мен ақтүлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда. Субарктикалық белдеуді тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр. Тундра дегеніміз - толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті, қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын климаты қатал белдеу. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Тундрада бұғы мүгі өсімдігі көп тараған, ол солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады. Бұл зона мүктер мен бұталарға біршама бай болған-дықтан, солтүстік бұғымен қатар жаз айларында мұнда бұлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды да кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көп жылдық тоң таралған, жазда оның беткі қабаты ғана ериді. Жауын-шашын аз, температура төмен болғандықтан, батпақтар көп. Аталған зоналардың табиғаты климатының қаталдығына байланысты адамның шаруашылық әрекетіне аз ұшыраған. XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап мұнай, газ кен орындарының қарқынды игерілуіне байланысты адамның табиғатқа әсері күшейе түсті. Сондықтан өзіндік қайталанбас табиғат ерекшеліктері бар тундраны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі ара дарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы суық және қысқа. Қыста температура -40°С-та төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар болып тұрады. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына , балдырлар топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда базарына айналады. Сонғы кезде ақ аю саны азаюда. Субарктикалық белдеуді тундра мен орманды зоналары алып жатыр. Тундра дегеніміз толап жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті, қынаны және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты белдеу. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Тундрада бұғы мүгі өсімдігі көп тараған солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдей жылылықтың артуына байланысты тундра зона орманды тундраға ауысады.

Бұл зона мүктер мен бұталарға біршама болғандықтан, солтүстік бұғымен қатар жаз айларында мұнда бұлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды да кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталп қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көп жылдық тоң таралған, жазда оның беткі қабаты ғана ериді. Жауын-шашын аз, температура төмен болғандықтан, батпақтар көп.

Полярлық Шпизберген аргипелагының мұздан бос кеңістіктерінде өсімдік әлем і мүктерден, қыналардан және тасжарған, полдяр, көкнәрі, кейбір дәнді өсім діктер сияқты жер бетін тегіс жаппайтын көпжылдық аласа шөптерден тұратын арктикалық тундра етек жайған.

Шетелдік Европада типтік жазық тундралар жылы ағыс әсеріне байланысты климат ерекшеліктерінің салдарынан кеңінен етек алмаған.

Шығыс Европа тундра басым болатын ендіктердің батысында орманды тундралар немесе тіпті ормандар етек жайған. Тундралар ойпатты жерлерде ғайып болып, скандинавия мен Исландияның таулы адудандарына зайналады, сөйтіп олар таулы тундралар белдеузін құрайды. Тундраны көмкеріп жататын ені тар ормандарды тундра үшін тундра өсімдік тері арасында пайда болатын шоқ-шоқ, қисық қайыңдар мен қандыағаштар тоғайы тән. Батыс Европада орманды жазақ тундралар Исландия Скандинавияға әсіресе Финляндияға тән.

Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары

Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы тайгада тундра мен орманды тундраға қарағанда жаз біршама жылы және ұзақ. Соның нәтижесінде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар. Тайгада тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Тайганың топырағы күлгін (күлтүстес), көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың батыстан шығысқа қарай қаталдануына байланысты Скандинавия түбегі мен Финляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарағай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығысқа қарай жатқан бөлігі Сібірде суыққа төзімді майқарағай, сібір қарағайы (самырсын) және қыста қылқандарын түсіретін ағаш балқарағай таралған. Сібір жерінде климаттың қатаң болуына байланысты тайга зонасы еуропалық бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғұрлым үлкен аумақты алып жатыр.

Е-ның климаты қоңыржай континенттік аймақтарында жалпақ жапырақты ормандардың оңтүстігінде орманды дала, ал одан әрі оңтүс-тікте дала зонасы жатыр. Украинаның оңтүстігі, Қырымның солтүстігі, Төменгі Волга маңы құрғақ (оңтүстік) дала, Е-ның оңт. -шығ. қиыр беті шөлейт және шөлді келеді. Қара және қызыл қоңыр топырақты жер-лерді егіншілікке (бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс т. б. дақылдарды егу үшін) пайдалану үшін жыртудың нәтижесінде орманды дала және дала өсімдіктері көп сиреген. Е-ның жазықтарында және суптропиктік аймақтарындағы таулардың төменгі белдеуінде жазғы қуаң маусымға төзімді ксерофиттік мәңгі Жасыл ормандар мен бұталар өседі. Мұндағы ормандарда көбірек кездесетіні - тас, кермес және тоз емен, алепп, теңіз маңы қарағайы мен итальяи қарағайы. Жерорта теңізі маңындағы таулы өңірлерде мәңгі жасыл ормандар мен бұталар белдеуінен і жоғарыда (солтүстігінде 300-400 м- , ден, оңтүстігінде 800-1000 м-ден жоғары) жапырағын түсіретін жалпақ жапырақты (емен, шамшат, каштан) және қылқан жапырақты (шырша, мап қарағай, атлант самырсыны) ор-мандар белдеуі, ал неғұрлым биік тауларда одан жоғарыда субальпілік және альпілік өсімдік белдеуі жатыр.

Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы тайгада тундра мен орманды тундраға қарағанда жаз біршама жылы және ұзақ. Соның нәтижесінде ағаш өсімдіктердің есуіне жағдай бар. Тайгада тек қана қылқан жапырақты ағаштар өееді. Тайганың жапырағы күлгін (күл түстес), көбінесе, батпақты болып келеді. Климаттың батыстан шығысқа қарай қаталдануына байланысты Скандинавия түбегі мен Инляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарағай ен шырша еседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығысқа ірай жатқан бөлігі Сібірде суыққа төзімді майқарағай, сібір қарағайы (самырсын) және қыста қылқандарын түсіретін ағаш балқарағай таралған. Сібір ерінде климаттың қатаң болуына байланысты тайга зонасы еуропалық бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғұрлым үлкен аумақты алып жатыр.

Тайга мен биік таудағы ормандар неғұрлым ақсы сақталғандықтан, жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мұнда зубр, булан, марал, жыртқыштардан қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш :сурий жолбарысы сақталған. Сондай-ақ ормандарда терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аңдар мен құстар өте көп.

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зоналарда материктің батысында Орал тауына дейін тұтас белдеу жасап, Қиыр шығыстағы жағалық белікте тайта жалғасады. Аралас ормандар тайга мен жалпақ апырақты ормандар аралығында орналасқандықтан құрамыңда қылқанды, жалпақ және ұсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптесін есімдіктерге байланысты топырағы шымды күлгін болып келеді. Тынық мұхит жағалауындағы аралас орманда муссонды климат әсерінен емен, жөке, амур, арқыт ағашы, жабайы жүзім мен лианалар, ал қылқанды ағаштардан корей самырсыны мен балқарағайы, шырша және Сібір майқарағайы өседі. Жалпақжапырақ рмандар белдеудің жауын-шашын көп түсетін қтысы мен шығысында ғана орналасқан. Құнарлы топырақта өсетін бұл орманның ағаштары жылу сүйеді, ылғалды көп қажет етеді. Еуропаның ал көп түсетін батысындағы шамшат орманы жазғы және қысқы температураның айырмашылығы артқан сайын емен, жөке, үйеңкі және т. б. ағаштар өсетін орманға ауысады. Ормандар халық тығыз қоныстанғаң аудандарда өсетіндіктен және бағалы ағаш сүрегі көп дайындалатындықтан барынша

сиреген. Ағаш сүрегі әр түрлі шаруашылық қажетеріне пайдаланылады. Әсіресе, шамшат пен еменнен жасалған жиһаздар айрықша бағаланады.

Кесілген ормандардың орнына егістік пен бау-бақшалар егіліп, қалалар мен елді мекендер салынған. Аралас және жалпақжапырақты ормандар зонасының бағалы өсімдіктері мен сиреп бара жатқан жануарлар дүниесін қорғау мақсатында көптеген қорықтар ұйымдастырылған. Польша мен Белорусь елдерінде орналасқан әйгілі Беловеж нуы қорығында зубр қорғауға алынған. Байқал көлі мен айналасындағы ерекше табиғатты сақтап қорғау мақсатында Байқал мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған. Мұнда шабақтарын тірі туатын голомянка балығы, Байқал итбалығы (нерпа) және т. б. көптеген жануарлар қорғауга алынған.

Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Ылғал молырақ түсетін Шығыс Еуропаның орманды дала зонасында жалпақ жапырақты ағаштар (емен, үйеңкі) мен даланың шөптесін өсімдіктері өседі. Ылғалы азырақ, қысы қатал болатын Батыс Сібірдің орманды даласына ұсақ жапырақты ағаштар (қайың, көктерек) және даланың астық тұқымдас өсімдіктері (селеу, боз, бидайык) тән. Бұл зоналарда ете құнарлы қара топырақ таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртылған. Жылу мен ылғалдың мөлшері жеткілікті болғандықтан дәнді дақылдар (бидай, қарабидай, қарақұмық, арпа, сұлы) және қант қызылшасы мен күнбагыс өсіріледі. Дала зонасының оңтүстігінде қуаңшылықтар жиі болып тұратындықтан, егістіктер қосымша суаруды қажет етеді.

Орманды далада орман мен даланың жануарлары қатар кездеседі. Негізгі жануарлары: қасқыр, қарсақ, түлкі және кемірушілерден: саршұнақ, дала күзені, дала тышқандары тіршілік етеді. Топырағы кұнарлы дала зонасы ежелден қарқынды игерілгендіктен, мұнда бұрын кең таралған ірі тұяқты жануарлар мен құстар саны қазіргі кезде күрт кеміп кеткен. Сон-дықтан дала зонасының табиғи өсімдік жамылғысы мен кейбір жануарлары қорықтарда ғана сақталған.

Шөлейт және шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтас жолақ түрінде қамтып, Монғолия мен Қытайдың тауаралық ойыстарында таралған. Жазы аптап ыстық, құрғақ, ал қысы суық, кейде қарлы боранды болады. Зоналардың шұғыл континентті климаты топырақ, өсімдік жамылысының дамуы мен таралуын шектейді.

Шөлейтті өңірлерде қыста ауа райы құбылмалы: қарлы борандар жиі соғып, ауа температурасы -40°С-қа дейін төмендейді. Аязды ауа райы кенет жылымықтармен ауысқанда көктайғоқ, яғни жер бетін басқан жұқа мұз қабыршағы пайда болады. Қыста осындай ауа райының жиі байқалуы жұтқа әкеп соғады. Шөлейтке курең (каштан) топырақтар тән, тұзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған жусандармен қатар селеу, бетеге, бұйырғын және т. б. өсімдіктер өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразияның климаттық белдеулері
Еуразия климаты
Құрлықтағы географиялық белдеулер
Табиғат зонары
Аустралияның табиғат зоналары
Европа территориясының климатін қалыптастырушы факторлар
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Ландшафтты қалыптастырушы факторлар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz