МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

Ахметова Жумакул Жандаулетовна

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Алматы, 2022

ӘОЖ 373

КБК 74. 268

М 12

Құрастырушы автор:

Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, №1 жалпы білім беретін мектебі

математика пәнінің мұғалімі

Ахметова Жумакул Жандаулетовна

Пікір жазған:

Омаров Д. К. - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика саласы бойынша PhD докторы

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2021 ж. «17» қаңтар №195 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған

М 12 «Математика пәнінен 9-10 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» авторлық бағдарлама/құрастырған авт: Ж. Ж. Ахметова - Алматы, «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2021

ISBN 978-601-02-0559-8

Авторлық бағдарлама жалпы білім мекемелері мұғалімдеріне арналған

ӘОЖ 373

КБК 74. 268

М 12

ISBN 978-601-02-0559-8

құраст. Авт: Ж. Ж. Ахметова

© «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2021 ж


Түсінік хат

Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру - білім беру процесінің негізгі болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар білімді де түрлендіруді қажет ететіндігін атап көрсетті.

Қазақстан білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптары мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.

Мектептің бүгінгі реформасы, қоғамның қатар, білімді гуманизациялануына бағытталған, оның мектептің алдына қоятын негізгі мақсаты - ақпараттық қоғамда күнделікті өмірге оқушыны дайындау. Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық сауаттылық ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді - бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, сонымен қатар математикалық сауаттылық негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты қолданбалы курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы болуы мүмкін.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек.

Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;

Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету. Математикалық құзыреттілік - нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.

Бір жағынан берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан, білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау) .

Бағдарлама 9-10 - сыныпқа математика пәнінен барлығы 34 сағатқа арналған (аптасына 1 сағат)

Мақсаты:

  • Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту және нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру.
  • Математикалық қабілеттерін анықтау және дамыту.
  • Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
  • Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
  • Математикалық білім мен дағдыларын жетілдіру.
  • Математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру.
  • Есептерді шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерулерін үйрету.
  • Оқушылардың финанстық, экономикалық сауатылықтарын дамыту арқылы өмірлік тәжірибелерін байыту.
  • Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында түрлі есептер шығару.
  • Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру.
  • Математикалық сауаттылыққа берілген күрделі тапсырмаларды орындауда қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады:

1. Математика - ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады.

2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.

3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.

4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.

5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:

- теорияны білу, оны логикамен ұштастыру;

- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу;

Пәнді меңгертуге қойылатын талаптар:
Оқушы білуі тиіс:
• Рационал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білуі;
• Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды;
• Логикалық есептерді шешуде формулаларды қолдану;
Оқушы үйренуі тиіс:
• Процент анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығаруды;
• Кейбір сандардың шапшаң квадраттау тәсілін;
• Логикалық есептерді теңдеу арқылы шешуді;
• Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың математикалық, функционалдық сауатылықтары көтеріледі.
  • Өз бетінше есеп шығарудың әртүрлі тәсілдерін іздестіреді.
  • Алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануды меңгереді.
  • Математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді.
  • Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математикаға тән жан-жақты талдайды.
  • Қоғамның қарқыны дамуы үшін адамзат сауаттылығының бір бөлігі математиканың маңызын түсінеді.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Тақырыптар
Сағат саны
Мерзімі
№: 1
Тақырыптар: Сандардың бөлінгіштігі мен соңғы цифрын анықтауға берілген есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 2
Тақырыптар: Пайыз ұғымы. Өмір жағдаяттарындағы пайыздар.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 3
Тақырыптар: Жай және күрделі пайыздар. Пропорциялар.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 4
Тақырыптар: Масштаб
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 5
Тақырыптар: Қоспалар мен қорытпалар және ерітінділерге берілген есептер.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 6
Тақырыптар: Заттың концентрациясы мен пайыздық құрамына берілген есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 7
Тақырыптар: Әртүрлі тақырыптағы есептерге теңдеулер құру.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 8
Тақырыптар: Деңгейлік есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 9
Тақырыптар: PISA тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 10
Тақырыптар: Тест тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 11
Тақырыптар: Логикалық, стандартты емес есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 12
Тақырыптар: Математикалық ребустар
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 13
Тақырыптар: Комбинаторика элементтері
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 14
Тақырыптар: Ықтималдық теориясының элементтері
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 15
Тақырыптар: Математикалық статистика
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 16
Тақырыптар: Функционалдық тәуелділікке байланысты есеп түрлері
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 17
Тақырыптар: Кестедегі мәліметтерді талдауға арналған есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 18
Тақырыптар: Тест тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 19
Тақырыптар: Қозғалыс пен бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 20
Тақырыптар: Адамның жасы мен уақытты анықтау.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 21
Тақырыптар: Есептер шығару
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 22
Тақырыптар: Кесте, график, диаграмма түрінде берілген есептер.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 23
Тақырыптар: Фигуралар мен әріптер арқылы берілген цифрларды анықтау.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 24
Тақырыптар: Жылдамдыққа байланысты мәселе есептер
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 25
Тақырыптар: Тест тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 26
Тақырыптар: PISA тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 27
Тақырыптар: Логикалық есептер.
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 28
Тақырыптар: Математикалық болжам (күтім) . Дисперсия. Орташа квадраттық ауытқу
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 29
Тақырыптар: Математикалық болжам, дисперсия
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 30
Тақырыптар: Математикалық сауаттылық тест тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 31
Тақырыптар: Салыстыру . Тиімді сауда жасау
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 32
Тақырыптар: Интеллектуалды сайыс сабағы
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 33
Тақырыптар: PISA тапсырмалары
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: 34
Тақырыптар: Қорытынды сабақ
Сағат саны: 1
Мерзімі:
№: Барлығы -34 сағат


Қысқа мерзімді жоспарлар

Білім беру ұйымының атауы
№268 мектеп-лицейі
Білім беру ұйымының атауы: Пәні:
№268 мектеп-лицейі: Математика
Білім беру ұйымының атауы: Педагогтің аты-жөні:
№268 мектеп-лицейі:

Серикбаева Баян Балатаевна

Сактапов Ержан Сеилханович

Білім беру ұйымының атауы: Күні:
№268 мектеп-лицейі:
Білім беру ұйымының атауы: Сынып:
№268 мектеп-лицейі: Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың тақырыбы:
№268 мектеп-лицейі: Сандардың бөлінгіштігі мен соңғы цифрын анықтауға берілген есептер
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың мақсаты
№268 мектеп-лицейі: Оқушылардың логикалық ойлауына жағдай жасау.
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың барысы
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың кезеңі// уақыты
№268 мектеп-лицейі: Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурс-тар
Білім беру ұйымының атауы:

Ұйымдас-тыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

Бекіту

Кері байланыс

№268 мектеп-лицейі:

Цифрмен берілген есептер

1. 1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі?

2. 1-ден 100-ге дейінгі барлық натурал сандар тақ және жұп деп екі жұпқа бөлінген. Қайсы топтың сандарын жазуға пайдаланылған барлық цифрларының қосындысы көп және қанша көп екенін анықта. РЕКАА

3. Кітаптың қандай да бір бөлігі түсіп қалды. Түсіп қалған бөлігінің бірінші бетінің нөмірі 387, ал соңғы бетінің номері осы цифрлардан тұрады, бірақ басқа ретпен жазылған. Кітаптың неше беті түсіп қалған еді?

4. Натурал сандарды 1-ден бастап қатарынан жаза бастады. 1992 орында қандай цифр тұр?

Қызықты арифметика

1. 1х9+12:3-2 жазуындағы өрнектің мәні 23 және 75 болатындай етіп, жақшаларды қойыңдар.

2. Ағайынды Мұхит пен Айдын тамыз айында туылған. Мектепке 7 жастан барады. Ағасы Айдын оқитын сыныбының нөмірі Мұхиттың жасына тең. Айдын 10-сыныпты бітіргенде, Мұхит қай сыныпқа көшеді?

3. Сынып оқушылары екі-екіден жұптасып сап түзеп келеді. Оқушылардың бірі алдына қарап 4 және артына қарап бес жұпты санады. Барлығы қанша оқушы сап түзеп келеді?

4. Нұркен әкесімен тирге барды. Алдын ала былай келісіп алды: Нұркен бес рет атады және нысанаға тигізген сайын тағы да екі рет атады. Ол барлығы 17 рет атты. Нұркен қанша рет нысанаға дәл тигізді?

5. Бір құймадан алты тетік жасайды. Алты құймадан қалған қалдықтардан бір құйма алуға болады. 36 құймадан қанша тетік жасауға болады?

6. Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді?

7. Шылаушын (құрт) ағашқа өрмелеп барады. Түнде ол 4 м жоғарыға көтеріледі, ал күндіз 2 м төмен түседі. Сегізінші түнде шылаушын ағаштың төбесіне шықты. Ағаштың биіктігі қандай?

Натурал санның ондық жазылуы.

1. Кез келген төрт таңбалы сан ойлан. Оны 2 рет қатарынан соңғы цифрсыз жаз, және осы жазылған үш санды қос. Алынған қосындыны 9-ға көбейт және көбейтіндіге ойлаған санның цифрларының қосындысын қос. Соңында ойлаған сан шығады. Неге екенін түсіндір.

2. Екі санның қосындысы 495-ке тең. Сандардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер осы нөлді сызып тастаса, онда екінші сан шығады. Осы сандарды тап.

3. Екі санның қосындысы 499-ға тең. Сандардың біреуі 4 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрларды сызып тастаса, онда екінші сан шығады. Берілген санды тап.

4. Берілген екі таңбалы санның ондық цифры бірлік цифрынан үш есе артық. Егер осы цифрлардың орнын ауыстырсақ, онда берілген саннан 36-ға кіші сан шығады. Берілген санды тап.

5. Берілген сен 9 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды алып тастаса және шыққан санға берілген санды қосса, онда 306216 шығады. Берілген санды тап.

6. Кащей ханзада Иванға айтты: «Сенің таңертеңге дейін өмірің қалды. Таңертең менің алдыма келесің, мен a. b. c цифрларын ойлаймын. Сен маған үш санды x. y. z айтасың. Мен сені тыңдап AX + BY + CZ неге тең екенін айтамын. Сонда менің ойлаған a, b, c- ның қандай сандар екенін табасың. Таппасаң - басыңды аламын». Ханзада Иван қайғырып ойлауға кетті. Қане, оған көмектесіп көрелік.

7. Екі таңбалы санды ойлан. Осы санның бірінші цифрын 2-ге көбейт. Шыққан санға бірді қос. Сонда шыққан санды 5-ке көбейтіп, оған екінші цифрды қос. Маған қандай сан шыққаннын айтсаң, мен сен ойлаған санды айтамын. Бұл қалай жасалады?

8. Үш таңбалы санның ортаңғы цифры екі шеткі цифрлардың қосындысына тең болса, осы санның 11-ге бөлінетіні дәлелде.

9. Кез келген үш таңбалы санды жаз. Одан дәл осы цифрлармен, бірақ кері ретпен жазылған санды шегер. Айырманың 99-ға бөлінетіні дәлелде.

10. Қосу мысалындағы a, b, c, d-ның орнына қандай цифлар қою керек:

abcd

+ abc

ab

a

4321

11. Санның оң жағына 6-ны тіркеп жазда, сонда ол 13 есе артты. Бұл қандай сан?

12. Санның оң жағына 36-ны тіркеп жазды, сонда ол 103 енсе артты. Бұл қандай сан?

13. Үш таңбалы санның оң жағына 3-ті тіркеп жазды, сонда ол 9 есе артты. Бұл қандай сан?

14. Үш таңбалы санның бірінші цифрын санның соңына тіркеп жазды, сонда ол 441-ге кеміді. Бұл қандай сан?

15. Алты таңбалы санның бірінші цифрын соңына ауыстырып жазғанда, ол 5 есе кеміді. Бұл қандай сан?

16. Келесі қосынды неге тең? 1/2 + 1/3 + 1/4 + 1/5 + 1/6 + 1/7 + 2/3 + 2/4 + 2/5 + 2/6 + 2/7 + 3/4 + 3/5 + 3/6 + 3/7 + 4/5 + 4/6 + 4/7 + 5/6 + 5/7 + 6/7

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды

Картинки по запросу рефлексия қазақша

Білім беру ұйымының атауы
№268 мектеп-лицейі
Білім беру ұйымының атауы: Пәні:
№268 мектеп-лицейі: Математика
Білім беру ұйымының атауы: Педагогтің аты-жөні:
№268 мектеп-лицейі:

Серикбаева Баян Балатаевна

Сактапов Ержан Сеилханович

Білім беру ұйымының атауы: Күні:
№268 мектеп-лицейі:
Білім беру ұйымының атауы: Сынып:
№268 мектеп-лицейі: Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың тақырыбы:
№268 мектеп-лицейі: Пайыз ұғымы. Өмір жағдаяттарындағы пайыздар.
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың мақсаты
№268 мектеп-лицейі: Оқушылардың алған білімдерін жетілдіру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Білім беру ұйымының атауы: Сабақтың барысы
Білім беру ұйымының атауы:

Сабақтың кезеңі//

уақыты

№268 мектеп-лицейі: Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Білім беру ұйымының атауы:

Ұйымдас-тыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

Бекіту

Кері байланыс

№268 мектеп-лицейі:

1. а, ә - суреттердегі фигура ауданының неше проценті боялған?

2. Проценттерді жай бөлшекпен жазыңдар:

15%; 6, 4%; 35%; 116%;

105%; 220%.

3. Бөлшектерді процентпен жазыңдар:

17 20 \frac{17}{20} ; 11 25 \frac{11}{25} ; 21 50 \frac{21}{50} ; 0, 055; 0, 745; 1 1 2 1\frac{1}{2} ; 1 3 5 1\frac{3}{5} ; 2 3 25 2\frac{3}{25} .

Қарапайым және күрделі процентке байланысты есептер

1) 2а санының 4% -нің 9%-і а санының 5%-інің неше процентін құрайтынын анықтаңыз

Шешуі. : 2а*0, 04=0. 08a a*0. 05=0. 05a

0. 08a*0. 09=0. 0072a

0. 05a---100%

0. 0072a-x% x=(0. 0072a*100) /0. 05a=14. 4 Жауабы: 14, 4 %

2) Бұйымның бағасы 12%-ке арзағанда, 440 теңге болды. Бұйымның алғашқы бағасы неше теңге болған?

Шешуі: (100-12) %=88%

440тг 88%

x100% x=(440*100%) /88%=500

Жауабы: 500тг

Тапсырмалар:

  1. 1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 дм, ауданы 90дм2. Оның ені ұзындығының неше проценті?
  1. 2. Атай жинақ кассасына жылына 10%-тікөсімменмың теңге ақша салды. Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?
  1. 3. Алманың бағасы қаңтар айының барысында 30%-ке, ал ақпан айының барысында 20%-ке көтерілді. Осы екі айдың ішінде баға қанша процентке көтерілді?

4. Фотоаппараттың бағасы бір айдың ішінде бірінші 18%-ке, одан кейін 20%-ке төмендеді, соңында 1640 теңге болды. Фотоаппараттың бастапқы бағасын табыңыз:

  1. 5. Жұмысшы еңбек ақысын орындаған нормасы бойынша алады. Айдың аяғында нормасын 20%-ке асырса орындағаны үшін 8400 теңге алды. Оған осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз.
  1. 6. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.
  1. 7. Тік төртбұрыштың ені оның ұзындығының 75%-ін құрайды. Осы тік төртбұрыштың ауданы 48м2болса, оның периметрін табыңыз.
  1. 8. 1 кг май 80 теңге тұратын, ал бір жылдан кейін 360 теңге болды. Май қанша процентке қымбаттады?
  2. 9. 14 т капуста магазинге әкелінді. Барлық капустаның 30%-і сатылды. Магазинде қанша капуста қалды?

10. Ракета бір сағаттың ішінде жанармайдың 15%-ін жағады. Егер ракета ұшырылғаннан бір сағаттан соң онда 170 тонна жанармай қалса, жанармайдың бастапқы шамасы қандай?

№98. Токарь 215 бөлшек дайындап, күндік тапсырмасын 172% орындады. Токарь тапсырмадан артық неше бөлшек дайындады?

Жауабы: 90 бөлшек.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды

Картинки по запросу рефлексия қазақша

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Химия оқыту процесінде жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жүйесін әзірлеу және енгізу
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz