І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҰЛТ ТАРИХЫН ТАНЫТҚАН ҰЛЫ ТАРЛАН

ТИТУЛЬНЫЙ ЛИСТ

ТОЛТЫРУ КЕРЕК!!!

Аңдатпа

Қазақ мемлекетінің жеке шаңырақ көтеруі мен қалыптасуының, ақырында отарлыққа тап болған халықтың азаттық үшін күресі Ілияс Есенберлиннің тарихи романдарында арқау етіліп, көркемдік таным мен тағылым тұрғысынан қарастырылып келеді. Кеңестік идеология үстемдік құрған заманда дүниеге келген Ілияс Есенберлиннің романдары мен поэмалары (әсіресе, тарихи романдары) өткен ғасырдың 80-ші жылдары тек қана оқырмандар санасына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби тарихшылар үшін де тың ізденістерге шығудың жолдарын меңзеген шығармалар болғандығы белгілі. Бізге тұстас дәуірде алғашқылардың бірі болып қара қылды қақ жарар әділет биігінен шыққан жазушы Ілияс Есенберлин болды. Оның туындылары сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылып тарихты көркем пайымдаудың өзіндік үлгілері болып қала бермек.

Ілияс Есенберлиннің тарихи да, «социалистік реализм» тұрғысында жазылған шығармаларында мұрагерлік қасиеттер сақтала отырып, ата-бабадан, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан тәрбиелік маңыздылығы бар көріністер арқылы жазылған туындылар десек бұл артық айтылған сөз емес. Оның негізгі квинтэссенциясы ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгісі.

Кешегі социализм дәуірінрде қазақтың шын реалистік тарихын жазуға мүмкіндік болған жоқ. Сол жағдайда ұлттық болмысты, ұлттық рухты халық санасына сіңіруді мақсат еткен Ілияс Есенберлин бұл тақырыпқа барды. Ол мақсаты орындалып, Қазақ хандығы заманындағы өмір суреттері халыққа жетті.

Осы себептен де бұл зерттеу жұмысында жазушының төл туындылары мен оның идеялық мазмұнын меже етіп алдық.

КІРІСПЕ

Отыз жетінші-отыз сегізінші жылдардағы жаппай жазалау мен елуінші жылдардағы «тар кезеңде», яғни, «тар заманда» (М. Әуезов), санадағы ұлттық сарқыншақтар жуылып-тазартылды, тәуелсіз намысты рух жойылып, үмітті мақсат оты өшіріліп, тындым боп тындыруға бағытталған жазалау саясаты үздіксіз жүргізілді. Осынау бір кеңестік қысымның құрсауы босаған шағымды шақта қазақ ұлты рухани кепілдіксіз қалды. Міне, сол кезде Ілияс Есенберлин «алмас қылыш» боп қазақ көркем ойының көгінде жарқ ете қалды. «Қатерлі өткелден» өтті. «Айқасты». «Қаһарын» төкті. «Жанталасты». «Майдандасты». «Мұхиттан өтті». Алаштың «Аманатын» орын­дады. Халқын «Көлеңкесімен қор­ғады». «Ғашықтардың» «Алтын құсын» қолына қондырып, «Махаббат мей­рамын» өткізді. Ең соңында «Алтын орданың» тоғыз құйрықты ақ туын «Ақ ордаға» тігіп, «Қазақ хан­дығы - алтын орданың заңды мұ­рагері» дегізіп тынды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Біздің қарастырып зерттейтін нысанамыз: жазушының тарихи туындылары мен оның көркемдік ерекшеліктері. Сонымен қатар жазушы жайлы естеліктер мен оның нақыл сөздері толық зерделеніп, зерттелді. Кеңес үкіметі тұсында әдебиет пен өнеркі тек социалистік реализм тұрғысында қарастырылып, сол бағытта зерттеліп келді. Жарық көрген немесе жарық көретін қандай шығарма болсын партиялық идеология принципінен ауытқымайтын, соған сай жазылатын, соған жауап беретін. Әсіресе, тарихи туындылар қатаң бақылаудан, елеп-екшеуден өтетін. Сәл нәрсеге бола небір үлкен шығармалар қайта өіһңделіп, ұнамаған жерлері қысқартылып барып жарыққа шығатын. Ал кейбірі мүлдем қиылып, орны жазған автор қуғын-сүргінге ұшырайтын. Кеңестік кезеңде жазушылар әр кез «Партия сарбазы» болып келді. Сол бағытта жұмыс істеді. Әрине, олардың арасында басын тәуекелге тігіп, ойын ашық білдіретін қаламгерлер де болды. Ілияс Есенберлин солардың бірі.

Зерттеудің мақсаты. І. Есенберлин шығармасы тілінің көркемдік ерекшеліктерін оған дейінгі қазақ прозасымен, халықтық тіл үлгісімен салыстыра, ол өмір сүрген әлеуметтік және жазушылық ортамен байланысы ортақ бірліктер арқылы қарастырылмаса, алдымызға қойған мақсаттарға жету мүмкін болмайды. Сондықтан да І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу жұмысының басты міндеті - Ілияс Есенберлиннің сөз өрнегін әдебиет тұрғысынан тану. Жазушы шығармашылығындағы тарихи үндестік, ондағы дәстүр жалғастығы, авторлық идея, ой-нысана, образ жасау жолдары, тарихи дерек, архивтік материал, аңыз желілерін пайдаланудағы жазушылық мақсат пен ой түю ерекшеліктері, оны қазіргі заман көріністерімен сабақтастыру.

Қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілінің теориялық мәселелеріне

байланысты зерттеу нәтижелері басшылыққа алынды. А. Н. Қашқынбаев, А. Қалжанов, Н. Ақыш, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрімов, Б. Шалабай еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу нысанасы. І. Есенберлиннің шығармаларындағы ұлттық тілдің қолданылуының көркемдігі және туындыдағы жинақталған қазақ халқының дүниетаным тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын сипаттайтын сөздер мен тілдік бірліктер.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Тарихи жадыны жаңғыртқан жазушыЖазушы туындыларының көркемдік идеясыПоэзия - азабы мол ауыр жол.
  2. Ұлттық руханияттың кесек тұлғасы

2. 2 Жазушының көкейкесті ойлары

2. 3 І. Есенберлин жайлы естеліктер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Ілияс Есенберлин қаламының тынымсыз қимылдап, өндіртіп жазуға кіріскен уақыт межесін сол 1965 жылдан бастап белгілесек қателеспейміз. Өйткені осыдан кейін-ақ прозалық кітаптары арасына бір жыл, екі жыл салып бірінен кейін бірі тоқтаусыз шыға бастады. Атап айтқанда, олар «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары, «Алтын орда трилогиясы» (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары еді.

Қ. Алпысбаев өз мақаласында: «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, артында мол мұра қалдырған ақындар мен шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал І. Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше кітаптан тұратын роман жазып, оқырманға ұсынуы жай - ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді», - деген болатын [1, 1] .

Расымен де, автор шындықты басты орынға қойып, хандық дәуірге лайық тақ таластарын әр қырынан ала отырып, шығармасын жалаң, жасанды тап тартысына құрудан бой тартады. Керісінше, қазақ халқы өміріне тән рулық тартыстың астарларын ашуға тырысады. І. Есенберлин трилогиясында Асан қайғы, Бұқар, Нысанбай сияқты атақты жыраулардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды тарихи тұлғалар, аттары бүкіл қазаққа мәлім билердің, ондаған өнер адамдарының жарқын бейнелері қатар түзейді. Атап айтар болсақ, Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан. Жанталас романында - Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау. Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.

Ілияс Есенберлиннің өмірлік көзқарастарының жас кезден бастап ерекше қалыптаса бастауына әсер еткен оқиғалардың бірі - Атбасардан қырық шақырым жерде орналасқан Балуанкөл маңында өткізген кездер екені сөзсіз. Әсіресе Көкбай есімді қырғыз ақыннан жазушы алғаш рет Асан қайғы, Бұқар жырау, Едіге, Қобыланды, Абылай, Кенесары яғни өзінің болашақ шығармасы «Көшпенділердің» бас кейіпкері туралы естіген.

Ілияс Есенберлиннің туындыларындағы көркем идея мен көркем жүйе тұтастай қарастырылса ғана, жазушының нысаналы аңсары толық бағаланады. Бұл жайлы ғалым Тұрсын Жұртбай: «Егерде: «Алтын орда» мен «Көшпенділер» үштағандарындағы қазақ хандығының тарихы мен ұлт-азаттық қозғалыс, «Қатерлі өткелдегі» алаш идеясы, «Айқастағы» идеологиялық қысым мен жазалау саясаты, «Мұхиттан өткен қайықтағы» қазақ тектілерінің қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу жолындағы елуінші-алпысыншы жылдардағы саяси ахуал, «Маңғыстау майданындағы» тұтқындағы зиялылардың рухани күресі, «Ғашықтардағы» өнер қайраткерлерінің ұлттық көркем ойлау мен дербес көркем шешім қабылдау барысындағы даралығы - деп, бұтарлап-бұтарлап, бұтақтап әкетсек, мәуесіз қу ағаштың өзіне ғана емексіп, оның басын қосып, нәрлендіріп тұрған алтын өзегін назардан тыс қалдырғанымыз болып шығады», - деген болатын [2, 3] .

Яғни қаламгерлік қарымның бар қуаты бір тудың астынан табылса ғана табысқа жетеді. Ілияс Есенберлиннің шығармасы -жалғыз-ақ көркем идеяны арқау етеді. Ол идея - қазақтың ұлттық-азаттық идеясы. Жазушының барлық шығармашылық аңсары мен мақсаты сол идеяға түбірлі түрде бағынған. Жазушы Есенберлин де сол толғақты басынан кешірді. Кешіре отырып, қазақ тарихының ауызекі шежіре мен жәдігерлердің арасындағы қиянпұрыс бұрмалар мен қайшылықтардан шындықтың қылын суыртпақтап тарту үшін көркем ойды саралай отырып, тарихи салыстыра талдауды таңдап алды.

Бұл жадағайлата баяндау емес, әдеби тәсіл. Сол тәсіл арқылы оқырманға мағлұмат та берді, әсерге де бөледі, ойға да қалдырды, яғни, көркем тәфсірлеудің негізінде көркем шығарманың да, тарихи талдаудың да міндетін мойынына алды. Сондықтан да Ілияс Есенберлин - ұлттық тарихи көркем ойлау жүйесін қазақ әдебиетіне әкелген реформатор.

Ілияс Есенберлин үлкен әдеби шығармашылық жолға бірден келген жазушы емес. А. Қашқымбаев: «Мектепте оқып жүрген кезінде жазылған бірді-екілі өлең жолдары, жас кезіндегі баспа бетін көрген азды-көпті туындылары болғанымен Ілияс Есенберлин жазушылық жолды бірден қаламаған адам. Алайда, 1930-шы жылдардағы халық қасіреті, оған келіп қосылған Ұлы Отан соғысы кезіндегі көптеген жайлар, ауыр жарақат алу барысында өзі секілді мыңдаған ер-азаматтың басынан өткен кемтарлық түрткі болды ма, Ілияс Есенберлин соғыста жүрген кезден бастап поэтикалық шығармалар жаза бастайды», -деген болатын[3, 80] . Ал І. Есенберлиннің өзі: «Мен өнер өмірінің есігін өлеңмен ашқан едім», - дейді.

Белгілі жазушы Нұрғожа Оразов еске алғандай: «Ілекең жайлы алғашқы хабар бізге бала кезімізде жеңгейлер мен апалар аузынан жетті. Ол ақын ағаның «Қыз арманы» атты ән тексті еді:

Келдің аман,

От боп жанам

Құшағында сүйген дос.

Күлемін күндей,

Жадырап гүлдей

Қуанам, қалқам, көңіл қош!

Осы ән шырқалғанда, мұндай лирикаларға жол берілмейтін заманда таңдана тыңдайтынбыз, тыңдап жүріп өзіміз де жаттап алыппыз. Бұл оның аға ұрпақ өкілі ретінде, кейінгі толқын інілерді бүгінгі поэзия меңзеген ықпалы іспетті» [4] .

Азаматтық мазмұндағы лирикалық өлеңдерін жазып жүрген жас қаламгер 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» атты дастандарын жариялады. Тәуір деген өлең жырларын іріктеп, «Адамгершілік туралы жыр» атты жинағына (1949) енгізген.

1988 жылы академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғали жазушының он томдық шығармаларын баспаға дайындап, оқырмандарға жеткізген болса, І. Есенберлин дастандары мен өлеңдері сол жинақтың оныншы томына еніп, жазушының «Намыс» атты дастаны бірінші тұр. Дастан тілі әсем де көркем:

Біреу мәз жүргеніне жерді басып,

Айқаста қалса да ылғи жез боп жасып.

Өмірге лайықты тек күрескерлер

Қауіптен, қиындықтан жүрмес қашып!

Қайтарар жау азабын, қиянатын,

Қорған боп сол өмірге жан қиятын,

Жырладым бір ұлыңды, аяулы елім,

Ту еткен сен деп намыс, ар-ұятын.

Ілияс Есенберлиннің поэтикалық шығармасына да арқау болған көркем тақырып, тұтас идея - елдің бірлігі, ердің ар-ұяты мен намысы.

Жинаққа енген соғыс дастандары («Намыс», «Айша», «Сұлтан», «Адам-мәңгілік»), өткен кезең дастандары («Қазақ қызы», «Әділбек», «Біржан сал» «Әбу Насыр әл Фараби», «Көңіл дастан») және «Бір түнде» драмалық дастаны. Сонымен қатар бұл жинаққа Есенберлиннің оннан аса ән текстері де енген. Ұлы Отан Соғысына қалам тартып, «Айша» поэмасы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналса, «Бір түнде» драмалық дастанында негізгі кейіпкерлер « . . . сөзі өзгелерден өктем» большевик Тоқаш Бокин мен пен «оған қатты өкпелі» - Жарас батыр. Біріншісі болса Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жұртты кенелтудің жолы - қашқан байдың мал-мүлкін жұртқа бөліп беру деп ойлайтын большевик болса, екіншісі:

Ақ патшаға қарсы қол жиғанымда

Қосылып ең тобыма өзің қалап - деп комиссарға өкпе айтып отырған Жарас батыр.

Жазушының жекелеген өлеңдеріне әндер де жазылған. Ол 40-тан астам ән мәтіндерінің авторы екен. Мысалы, «Жүрек жыры» атты ән сөзінде:

Сүйген сәулем, ақ гүлімсің,

Көктегі жайнаған күнімсің.

Бұлбұлым,

Тербетсін,

Жер бетін

Тәтті үнің, - деп жырлайды [6, 264] .

Қаламгер шығармашылығының зерттеушілер аузынан көп айтыла бермейтін қырының бірі - оның драма жанрына қалам тартып, тіпті киносценарий жазып, сол бойынша көркем фильм түсірілген болатын. Мысалы, «Таудағы тартыс» пьесасы 1962 жылдан бастап республикалық балалар мен жастар театрында біраз уақыт қойылып жүрді. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» атты (1961) жылы фильм түсіріліп, ол Кеңестер одағы республикаларында және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.

Осылайша әдебиет әлеміне аяқ басып, бес поэма, төрт пьеса, қырықтан астам ән текстері, үш киносценарий, он алты роман жазған қаламгердің берекелі таланты қазақ халқы өмірінің панорамасын көрсетіп берді.

Бүгінгі күні І. Есенберлинді еске алғанда біздің көз алдымыздан оның тасқындар мен сарқырамаларға толы қиын-қыстау өмірі дария-өзенше ағып өтеді. Бұл бөлімде сіздер жүрегіне сыймаған оның көкейкесті ойларымен таныс бола аласыздар, сіздердің алдарыңызда ақыл-ойы мен жүрегі өмірінң соңғы күніне дейін өз халқына адал қызмет еткен жазушы жасампаздың керемет махаббат әлемі ашылады. Ілияс Есенберлин өмірінің соңғы жылдарын өзінің ойлары мен нақыл сөздерін жазуға арнады. Оның әсіресе ден қойған тақырыптары жазушының қоғамдағы рөлі, ондағы сыни ойлармен қатар, қазақ әдебиетінің кейінгі тағдыры сынды көкейкесті пікірлерге толы.

Мысалы, жазушының қоғамдағы рөлі туралы ол кісі былай дейді: «Барлық мән жазушының өзінде. Оның бәрі осы өмірде не көрді, ол жайлы не біледі, адамдар туралы ойында не сақталды, қандай үрейден қажыған, оның адамгершілігі қандай, әдептілігі, азаматтық позициясы қандай болса, оның шығармасы да сондай болады» [5, 6] .

Қазақ халқы туралы: «Мен, тегінде қазақ халқын данышпан халық деймін. Оның жыры, мақал-мәтелдері, ән-күйі шын даналықтың белгісін көрсетеді. Асанқайғы, Қорқыт, Аяз би секілді тереі пәлсапаға құрылған ғажайып кейіпкерлер тек көргені көп, бар өмірі зарқұмда, жанталаста, алыс-жұлыста, кең даласындай шексіз жазираның көк жиегіне ойлана қарай білген қазақта ғана бар. Бұл - халқымды ардақтаудан, осындай халқым бар деп мақтанудан шыққан сырым, түсінігім», - дейді [5, 23] .

Жазушы арманы туралы: Арманға жету - атқа секіріп міну емес. Оған сенің дарының да, жалықпай жұмыс істеуің де жеткіліксіз. Жазушы боламын деген адам ең алдымен өзінің тақырыбын табуы керек», - дейді [5, 25] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Қазақ тілінің лексикологиясы
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz