Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д. А. Қонаев



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тіркелу формасы
1. Аты-жөні _______Темирбек Бакытбек___________________________ _______________
2. Оқу орны, тобы, мамандығы МКҚК Жоғары техникалық колледж_Көкшетау қаласы_
3. Ғылыми жетекшісі Бектенова Аяжан Шотпаевна
4. Мекен-жайы ____Көкшетау қаласы Ташенова 115___________________________
5. Жетекшісі мен студенттің байланыс нөмері 87022548592________________________ __
6. E-mail____Bektenova.ayazhan@mail.ru ___________________________________ _____
7. Баяндама (мақала) тақырыбы ___________________

Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д.А.Қонаев

... Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың да тарихтың
төрінен орын алары дау тудырмайды.
Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат.
Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социялистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982). 1936 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1936-1942 жылдары Балқаш, Алтай, Риддер, Ленинагор кен орындарында басшы қызмет атқарған. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1952 жылы сәуірде Қазақстан ҒА президенті болып сайланды. 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы. 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауап басшылық қызмет атқара жүріп, республикадағы тау - кен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы басқарған жылдары қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар - Екібастұз отын - қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС - 2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр стансысы, Павлодар трактор зауыты т.б. кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды. Маңғыстаудағы мұнай кен орындары игерілді, теміржол құрылысы , көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний, синтетик, каучук өндіре бастады. Электротех,машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстыры шаңырақ көтерді. Қонаев Алматы облысының Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын, Үлкен Алматы каналын салуға ерекше көңіл бөлді. Алайда Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды, мұнда көп жағдайда өнім шығаруға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес одағына тән экономиканың милитарлануы қазақстанда да орын алды. Алматы, Өскемен, Петропавл, Орал, Степногорск, т.б. қалаларда үлкен зауыттар әскери өнім шығарумен айналысты.Қазақстанда кең алқаптарды алып жатқан полигондар мен әскери өнім шығаратын кәсіпорындар экологияға орасан зор нұқсан келтірді.
Қонаев әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Республикаға Қонаев басшылық жасаған тұста Қазақстанның 5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Қонаев республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсетті. Ол кезінде Өзбекстанға Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды, Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түркіменстанға беру жөніндегі орталықтың ұсыныс - жоспарларына қарсы шықты. Ол Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. Мұнда Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орталығы , Медеу спорт кешені т.б. ірі ғимараттар бой көтерді. Алматыны тасқыннан қорғау үшін Медеу сайында үлкен бөгет жасалды. Қонаев дипломатиялық сапармен Қытай, АҚШ, Алжир, Уругвай, Иран, Италия, Үндістан, Корея, Египет, Болгария, Жапония т.б. мемлекеттерде болды.
1985 жылы М.С.Горбачев КОКП ОК - нің Бас хатшысы болып сайланғаннан кейін елде басталған қайта құру саясаты КСРО - ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер туғызды. Қонаев қызметтен кетуге байлам жасады. 1986 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы ОК - нің пленумы КОКП ОК - нің өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Қонаевтың орнына ККП ОК - нің 1 - хатшысы етіп Г.В.Колбинді сайлады. Қонаевтың орнына өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы КСРО - дағы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтың сыртқа шығуына алып келіп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. КОКП ОК - нің
Қонаевты көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі деп санады. Сөйтіп, 1987 жылы 26 маусымдағы пленумда Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК - нің 1 - хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін деген сылтаумен КОКП ОК - нің мүшелігінен босатылды. Көп кешікпей ҚКП ОК - нің мүшелігінен де шығарылды.
Елу жыл ел тағдырына араласып, жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы өте парасатты , көреген саясаткер ретінде танылды. Көп нәрсені орталықтың кесіп пішіп отырғанына қарамастан, ұлт мүддесіне қатысты мәселеге ешкімге есесін жібермеуге күш салды. Тың жерлерді игеру, Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ ауылдарын қайтару, Шардара өңіріне атом электр стансысын салғызбау, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу тәрізді маңызды зор мәселелерде білікті саясат ұстанып, асқан табандылық танытты. Бұл ретте Димекең Мәскеудің еліміздің тағдырына қатысты әрбір іс - әрекетін алдын ала сезіп, біліп отырды және оны өз пайдасына шешуге тырысты. Білікті басшылық нәтижесінде сол жылдарда Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы көлеміндегі 14 - орыннан алдыңғы үштіктің қатарына шықты Одақ бойынша екінші астықты алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды. Сөйтіп, еліміздің өндірістік ауқымы 10 есеге өсті. Олжас Сүлейменовше айтсақ, дамудың мұндай қарқыны басқа бірде - бір республикада болған жоқ.
Өкінішке қарай, Желтоқсан көтерілісінен басталып, 90 - жылдарға дейін жалғасқан орынсыз қаралаулар мен байбаламдар Дінмұхамед Ахметұлының елін көркейтуге бағытталған ұзақ жылғы еңбегін әпсәтте желге ұшқандай етті. Бірақ ол кісі табиғатына тән сабырмен, кең мінезбен бәріне көнді, бәрін көтерді. Еңбегін бұлдап, ешкімге кінә артқан жоқ. Қызметтес інісі Кеңес Аухадиевше айтсақ, Көзі жұмылғанша Қалың орманда тек биік қарағайдың басын ғана жел шайқайды, халқыма өкпем жоқ деуден танбай кетті. Яғни өз арының ақтығына сенімі кәміл болған ұлы тұлға әділеттің түбі салтанат құрарын білді. Содан соңғы демі таусылғанша елмен емен - жарқын араласып өтті. Естелік кітаптар жазды, кездесулерге барды. Ең ақырында Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейтойына қатысу мақсатымен Сарқантқа сапар шекті. Сөйтіп, соңғы демі өзі идеал тұтқан бірегей тұлға туған топырақта үзілді. Қайраткерлік тұлғасына, ел тағдырымен астасып кеткен мейлінше күрделі өміріне қатысты да түрлі пікір, алуан ойдың айтылатыны тәрізді, Димаш ағаның өліміне қатысты да түрлі болжамдар бар. Олардың дені ...Егер ми қайнаған ыстықта сол сапарға шықпағанда мұндай болмас па

еді?, Жүрек талмасы алыстағы ауылда емес, Алматыда ұстағанда құтқарып қалуға болар ма еді?, Жанына балаған адал жары мезгілсіз дүние салмағанда денсаулығы әлі де сыр бермес пе еді?, Соңғы жылдары үсті - үстіне төпелеген әділетсіз сындар жанын аяусыз жараламағанда... мүлде басқаша болар ма еді?, ең бастысы, Саясаттан сырт жүріп, жанын күтіп, беймарал ғұмыр кешкенде қайтер еді? дегенге саяды. Бірақ өзі айтпақшы, мұның бәрі - Димекеңнің тағдыры. Ол басқаша өмір сүре алған жоқ, сүргісі келмеді де. Сөйтіп, кете барды. Өмірден өз кезеңінің ең ірі тұлғаларының бірі, өз ұлтының адал ұлы, шынайы көшбасшы өтті.
Білуімізше, Дінмұхамед Ахметұлы екі нәрсені армандапты. Оның бірі - Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын, ал екіншісі ХХІ ғасырды көру екен. Өкінішке қарай, тағдыр оны маңдайына жазбады. Дәтке қуат етерміз, екуін де Димекеңнің өзі ерекше қадір тұтқан ел - жұрты, халқы көрді. Ал елі барда Димаш ағаның қасиетті есімі де мәңгі жасайтыны анық.
Елу жыл ел ағасы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де, естелік те әрқашан жетіп - артылады. Ұлы тұлға болмысының қалтарыс - бұлтарысын тереңдей зерттеп, әрдайым жаңа дүниелер жазуға да мүмкіндік мол. Алайда біз бұл арада табан астынан бірдеңе ойлап тауып, тың жаңалық ашуды, сондай - ақ, әлденені дәлелдеп немесе керісінше, жоққа шығаруды мақсат тұтпаймыз. Себебі бұл өмірде талас тудырмайтын жайттар бар. Мысалы, Дінмұхамед Ахметұлының кеңестік, онда да Коммунистік партия кезеңімен байланысты өткен өміріне кім қалай қараса да, ол - шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Яғни Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, құрылыс инфраструктурасын, ғылым - білімін, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұланғайыр. Сонымен қатар оның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиеттері де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғалана түсуде. Ол туралы том - том кітап жазып, бүкіл ел - жұрт жабылып, күні - түні шежіре шертсе де сағынышты сырдың түгесілмесі анық.
Алматыдағы желтоқсан оқиғасын Колбин және оның айтқанына көніп, айдауында жүргендер әлдебір ұлтшылдардың айдап салуымен болған жанжал деп сипатталды. Ал, КСРО халық депутаты М.Шаханов басқарған беделді комиссия: ...қазақ жастарының бой көрсетуінде ешқандай ұлтшылдық жоқ, бұл олардық азаматтық және саяси көзқарасын емін - еркін білдіру хұқы деп, мүлде басқаша, бірақ әділ қорытынды жасады. Комиссия жүздеген, тіпті мыңдаған жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912 - 1993 жж)
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - ХХ ғасырдағы ұлы тұлға
Бодандыққа қарсы күрес
М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
БАҚ-ң саясатта алатын орны
Саяси билікке келуі
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Жылымық және тоқырау жылдарындағы кеңестік тоталитарлық билік
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы
Пәндер