ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ»

2010-2022 жылдар бүкіл әлемді қамтыған жаппай наразылықтар, тұрақты демонстрациялар, төңкерістер, ереуілдер және азаматтық наразылықтың басқа да акцияларымен есте қалады. Өкінішке орай бұл жағдай біздің елімізде де орын алды: 2022 жылғы қаңтардағы Жаңаөзенде басталған бейбіт шеру акциясы бұқаралық сипатқа ие болып, аймақ-аймаққа таралды. Бірақ көшеге шыққан тұрғындарды арам пиғылды лаңкестер пайдаланып, ел ішіне іріткі салды. Құқық қорғау органдары өкілдеріне қару кезеп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды. Ал Алматының бір түннің ішінде тас-талқанын шығарды. [1]

ҚР Бас Прокуратурасы берген мәліметтерге сәйкес ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6966 әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы хаттамалар толтырылды, әртүрлі әкімшілік жауаптылыққа 4918 адам тартылды, оның ішінде 1978 адам қамауға алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ы ескертілді. Соттардың қарауында 2048 материал бар. Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 - терроризм актілері бойынша, 34 - жаппай тәртіпсіздіктер бойынша, 15 адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде. Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды. [2] Бірақ бұл сандар күнделікті өзгеруде.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР заңнамасында жаппай тәртіпсіздік дегеніміз күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жасалған әрекетті айтамыз. Жаппа йтәртіпсіздік ҚР Қылмыстық Кодексінің 272 бабында қарастырылған: Жаппай тәртiпсiздiк

1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру - төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. [3]

Ресей және өзге де елдер заңнамаларында жаппай тәртіпсіздк анықтамасы жайлы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы бірқатар мамандардың пікірінше, көптеген адамдардың жаппай тәртіпсіздіктерде қиратуды, кез келген адамдарға күш көрсету, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын қолдану, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолдану және билік өкілдеріне қарулы қарсылық фактілері түсіндіріледі Кейбіреулері мұны қоғамдық тәртіпті бұзушылық деп түсінеді. Басқалары бұл көпшіліктің қылмысы санайды. Кейбір ғалымдар бұл ұғымды қоғамдық тәртіпті бұзу деп нақтылайды. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, бұл үлкен адамдар тобы (көпшілік) жасаған қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғу. Кейбір мамандар халықтың әлеуметтік қауіпті іс-әрекеттерін ұйымдастыру деп болжайды. Бірқатар мамандар өз пікірлерінде бұл туралы көптеген дөрекі адамдардың келісілген әрекеттері деп санайды. [4, 498 б] .

Сол сияқты, Франциядағы 2005 жылғы азаматтық толқулар үш аптадан астам уақытқа созылды және 300-ге жуық қалаға таралды. Оқиға соңында 10 000-нан астам көлік жойылып, 300-ден астам ғимарат өртенді. 2 800-ден астам күдікті көтерілісшілер қамауға алынып, 126 полиция мен өрт сөндірушілер жарақат алды. Болжалды шығын 200 миллионнан асты.

Тәртіпсіздіктермен күресу үшін құқық қорғау органдары көбінесе дене броньдары мен қалқандарды киіп, көзден жас ағызатын газды қолдана алады. Тәртіпсіздіктерді полиция қарайды, дегенмен әдістер әр елде әр түрлі. Тактика мен қолданылатын қаруларға шабуыл жасайтын иттер, су тартқыштар, пластикалық оқтар, резеңке оқтар, бұрыш спрейі, икемді таяқшалар кіруі мүмкін. Көптеген полиция күштерінде қоғамдық тәртіпке байланысты мәселелерді шешуге арналған арнайы бөлімдер бар. Кейбір мысалдар аумақтық қолдау тобы (Лондон), арнайы патрульдік топ (Лондон), республикалық тәртіпті қорғау компаниялары(Франция), мобильді Энхайд (Нидерланды) және тұтқындау бөлімшелері (Германия) .

Жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты ғалымдар әлі не болып жатқанын толық түсінбей жатыр: мұндай наразылықтың себептерін талдайтын толық көлемді зерттеулер жоқ. Сарапшылар әзірге тек жергілікті құбылыстарды түсіндіруге дайын. Олардың есептеріне сүйене отырып, қозғалған қылмыстық істер әлі тергеліп жатқандықтан жаһандық қорытынды жасауға әлі ерте деп санаймыз.

Жаппай тәртіпсіздіктің себебі бұрыннан келе жатқан мәселелер: соның ішінде Үкіметтің сыбайлас жемқорлықпен байланысы, табыс теңсіздігі және коронавирустық пандемия кезінде шиеленіскен экономикалық қиындықтар. Осы себептердің салдарынан елімізде төтенше жағдай орын алды. Бейбіт халықтың толқуын сыртқы күштер пайдаланып, ҚР Конституциялық құрылысын бұзуға тырысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыскерліктің жекелеген түрлерінің криминологиялық сипаттамасы
Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ өткен Кәсіптік іс-тәжірибелік ЕСЕП
Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы
Қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыскер және еркiндiк
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Басқару әдістемелері мен нысандары
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz