ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Дәріс 1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның мақсаты мен міндеттері, кезеңдері. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәніндегі өзекті мәселелер.
2. Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшеліктері мен тарихи сабақтастығы.
3. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Дәрістің мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын жан-жақты қарастыру. Сонымен бірге, азаттық күресті жаңа көзқарас тұрғысынан ашып-көрсету.
Түйін сөздер - жаңғыру, мемлекеттілік, тәуелсіздік, азаттық күрес, ұлт-азаттық қозғалыс
1. Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы - Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық-методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу - әдістемелік жоспарларына енгізілген.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Тәуелсіздік жылдарында ұлт тарихында тұңғыш рет деп айтуға болады, Қазақстан кәсіпқой тарихшылары ешкімге жалтақтамай, өз халқының тарихы туралы өз ойларын еркін жаза алатын жағдайға жетті. 1989-1990 оқу жылынан бастап, республика мектептерінде жаңа дербес пән - Қазақстан тарихы дүниеге келді. 1991-1992 жылдары жаңа оқу жоспарына сай тарих факультетінде Қазақстан тарихын оқыту қолға алынды. 1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы пәні барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқу жоспарына енді. 1993 жылдың екінші жартысынан бастап елімізде тарих мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш журнал Қазақстан тарихы шыға бастады. Белгілі ғалымдар, зерттеушілер тарих ғылымының өткені мен келешегі туралы пайымды ой-пікірлер білдірді, тарихқа жаңаша қараудың үлгісін көрсетті. Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Біріншіден, өзгеріс ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық - методологиялық негіздерін қамтыды. Бұрынғы таң шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алында. Қазақ тарихы жалпы адамзат тарихының тінінде (контексінде) зерттеле бастады. Екіншіден, қазақ тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді. Үшіншіден, Қазақстан тарихшылары бұрын жабық болған қолдануға тыйым салынған дерек көздерін пайдаланып, оларды ғылыми айналымға тарта бастады. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы деректану және тарихнама кафедрасы ашылды. Төртіншіден, халқымыздың тарихына қатысты бұрын пайда болған деректер газет, журнал беттерінде молынан жарияланды немесе жеке кітаптар түрінде жарық көрді. Бұл факторлар тарихымыздың қара түнек беттерін ашық, тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақ тарихы, Отан тарихы, Алаш журналының шығуы халық санасында жаңа көзқарас қалыптастыру мен насихаттауда оң қызмет атқарды. Бесіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын тақырыптар, яғни тарих ақтаңдақтары ашылып, большевиктер партиясының халқымызға қарсы жасаған қылмысты істері әшкереленді. Большевиктер қолымен ұйымдастырылып, ұлтымызға орны толмас қайғы-қасірет әкелген зұлматтың себеп-салдары көрсетіліп көлемі анықталды. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған еңбектер көлем едәуір болды. Олардың арасында, әсіресе, кеңестік тоталитарлық жүйе тарихынан жазылған еңбектер айтарлықтай мол.
2. Қазақ халқының ұлт-азаттық күрес тарихында жеке тұлғалар мен қоғам қайраткерлердің орны мен рөлі ерекше. Өкінішке орай, осы қайраткерлердің ұлттың азаттығы жолындағы күресі мен еңбегін кешегі кеңестік империя тұсында барынша бұрмаланып, ел жадынан ұмыттыруға тырысты. Дегенмен тәуелсіздік алған жылдардан бастап ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті Отандық тарихшыларының еншісіне тиіп, өз заманында халқымыз қастерлі де қадірлі ұғымға айналған Алаш немесе Алашорда қозғалысының іс-әрекеті сол шақтағы бүкіл қазақ қоғамының шыңына шыққан тарихи құбылыс ретінде танылып, бүгінгі күні дербес тарихи мәселе тұрғысында қарастырылуда.
Алаш қозғалысы ақиқатын білуге деген еліміздегі жаппай құлшыныс, бұл қозғалыстың алдына қойған мақсатының өміршеңдігінен және бүгінгі күннің тәуелсіздік идеяларымен үндесіп жатуынан туған еді. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың атақты Революция және қазақтар деген мақаласында айтылды. Бұл мақала Алашорданың нағыз халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар КеңестікҚазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесі және Орталықтағы биліктің өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен. Бұдан кейін С.Сейфуллин Қазақ интеллигенциясы деген мақаласында Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын жандаңдыруға ізденістерін де жоққа шығармаған. Алашорда қозғалысы тарихы таптық және партиялық тұрғыдан зерттеу науқаны Ф. Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген 1925 жылдан кейін үдей түсті. Осы кезден бастап Алашорда қозғалысы жетекшілері мен қарапайым мүшелеріне қарсы саяси науқан басталып, идеологиялық тұрғыда күрес Қазақстан бойынша жаппай жүргізіле бастады. Партиялық тапсырыспен сол кездегі республикалық мемлекеттік баспаның директоры А.К.Бочагов 1927 жылы Алашорда туралы Краткий исторический очерк национально-буржуазном движении в ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz