Компоненттердің қасиеттерінің мәндері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 283 бет
Таңдаулыға:   
І. ЖАНСҮГҮРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

К. Н. Нуриденова, А. О. Алдабергенова, Н. С. Уалиев

DELPHI-ДЕ

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС

Оқу-әдістемелік құрал Талдықорған, 2015

1

УДК 004. 4(075)

ББК 32. 973. 26-018. 2я73 Н83

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу- әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылған (10. 06. 2015ж. № 6 хаттамасы)

Пікір жазғандар:

Қ. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Информатика кафедрасының доценті, ф. -м. ғ. к. К. В. Тұрмағамбетова

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, п. ғ. д. С. М. Сеитова.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, PhD А. А. Шалтабаев.

Нуриденова К. Н., Алдабергенова А. О., Уалиев Н. С.

Н83 Delphi-де деректер қорымен жұмыс : оқу-әдістемелік құрал.

/Талдықорған: ЖМУ баспа бөлімі, 2015. -289 бет.

ISBN 978-601-616-269-1

Оқу-әдістемелік құралда жалпы деректер қорының негізгі түсініктері және Delphi жүйесінің құралдары мен визуалды программалау технологиясының көмегі арқылы деректер қорымен жұмысқа арналған қолданбалар жасау жолдары қарастарылған. Нақтылы деректер қорымен жұмысқа арналған қолданбалар болып табылатын көптеген мысалдар келтірілген. Оқырман Delphi жүйесінің негізімен және Object Pascal тілімен таныс деп есептеледі.

Оқу-әдістемелік құрал «Ақпараттық жүйелер», «Деректер қоры»,

«Деректер қорын басқару жүйелері», «Визуалды программалау құралдары» және т. б. деректер қорын оқытумен байланысты пәндер оқылатын жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған.

УДК 004. 4(075) ББК 32. 973. 26-018. 2я73

ISBN 978-601-616-269-1

© К. Н. Нуриденова, А. О. Алдабергенова, Н. С. Уалиев, 2015

© КАО баспа бөлімі. Талдықорған, 2015

2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 7

  1. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ. 8

1. 1 Деректер қоймалары . . . 8

  1. Деректер қорын ұйымдастыру модельдері 9
  2. Деректер қорлары мен қолданбалар 9

1. 4 BDE үшін архитектуралық нұсқалар . . . 10

Тест сұрақтары 15

  1. РЕЛЯЦИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

ҚҰРАЛДАРЫ . . . 17

  1. Реляциялық деректер қорының негізгі элементтері 17

Деректер қоры кестелері . . . 17

Кілттер мен индекстер . . . 18

Деректер қорына қатынаудың әдістері мен тәсілдері 20

Кестелер арасындағы байланыс . . . 21

Транзакция механизмі . . . 23

Бизнес - ережелер 24

Мәліметтер сөздігі . . . 24

  1. Реляциялық деректер қорымен жұмыс істеуге арналған құралдар . . . 25

Аспаптық құралдар 25

Компоненттер 26

Тест сұрақтары . . . 31

  1. DELPHI-де АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 34

3. 1 Деректер қорының кестелерін құру . . . 34

Өрістер сипаттамасы . . . 36

Индексті анықтау 37

Өріс мәндеріне шектеу қою 39

Сілтемелік тұтастық беру . . . 40

Пароль беру . . . 42

Тілдік драйверді беру 44

Мәндер таңдау кестесін беру . . . 44

3. 2 BDE қолданбасын құру 45

Тест сұрақтары 49

4
52
4:

ДЕРЕКТЕРГЕД ҚАТЫНАУ КОМПОНЕНТТЕРІ . . .

52:
4:

4. 1 Деректер жиынтығы . . .

52: 52
4:

Деректер жиынтықтарының күйлері . . .

52: 55
4:

Деректер жиынтығының режимдері . . .

52: 59
4:

Өрістерге қатынау . . .

52: 67
4:

Table деректер жиынтығының ерекшеліктері . . .

52: 63
4:

Query деректер жиынтығының ерекшеліктері . . .

52: 71
4:

4. 2 Өріс объектілері . . .

52: 74
4:

Өрістер редакторы . . .

52: 76
4:

Өрістермен орындалатын амалдар . . .

52: 84
4:

4. 3 Деректер көзі . . .

52: 95
4:

Тест сұрақтары . . .

52: 98
  1. МӘЛІМЕТТЕРМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ВИЗУАЛДЫ КОМПОНЕНТТЕР . . . 108Логикалық өрістің мәнін бейнелеу және жөндестіру . . .

5. 2 Өріс мәндерін бейнелеу және таңдау . . .

5. 3 Өріс мәндерін бейнелеу және тізімнен таңдау . . .

Жәй және аралас тізімдер . . .

Деректер жиынтығы өрісінің мәндері бойынша құрылған тізімдер . . .

5. 4 Жазбаларды кесте түрінде ұсыну . . .

Тор сипаттамалары . . .

Тордың бағаналары . . .

Түрлендірілген торды қолдану . . .

5. 5 Навигациялық интерфейсті қолдану . . .

5. 6 Графикалық суреттерді шығару . . .

5. 7 Диаграммалар құру . . .

Тест сұрақтары . . .

  1. BDE МЕХАНИЗІМІНІҢ КӨМЕГІМЕН МӘЛІМЕТТЕРГЕ

109

110

111

111

112

113

113

117

123

127

129

133

134

ҚАТЫНАУДЫҢ НАВИГАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛІ. 141

6. 1 ДҚ кестелерімен амалдар . . .

Кестелерді құру, өшіру және атын өзгерту . . .

Қатынау деңгейін орнату . . .

6. 2 Деректер жиынтығын сорттау . . .

6. 3 Деректер жиынтығы бойымен жылжу . . .

Жазбалар бойынша жылжу . . .

Қаттамалар бойынша өту . . .

6. 4 Жазбаларды сүзу . . .

Өрнек бойынша сүзу . . .

Аралық бойынша сүзу . . .

Псевдосүзу арқылы жылжу . . .

6. 5 Жазбаларды іздеу . . .

141

142

144

145

148

148

158

161

161

168

173

174

Деректер жиынтығында іздеу . . .

Индекстік өрістер бойынша іздеу . . .

6. 6 Деректер жиынтығын модификациялау (өзгерту) . . .

Жазбаларды жөндестіру . . .

Жазба қосу . . .

Жазбаларды өшіру . . .

Қолданба формасының мысалы . . .

6. 7 Өзара байланысқан кестелермен жұмыс . . .

Қолданба мысалы . . .

Транзакция механизімін қолдану . . .

Тест сұрақтары . . .

  1. BDE МЕХАНИЗІМІНІҢ КӨМЕГІМЕН ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНА

174

182

184

186

192

194

196

203

204

213

215

ҚАТЫНАУДЫҢ РЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛІ. 222

7. 1 SQL тілі жайлы негізгі мағлұматтар . . .

7. 2 SQL тілінің функциялары . . .

7. 3 Мәліметтерді анықтау . . .

Кесте құру және өшіру . . .

Кесте өрістерінің құрамын өзгерту . . .

Индекс құру және өшіру . . .

7. 4 Кестелерден мәліметтерді таңдау . . .

Select нұсқауының сипаттамасы . . .

Өрістерді басқару . . .

Жазбаларды таңдаудың қарапайым шарттары . . .

Жазбаларды таңдаудың күрделі шарттары . . .

Жазбаларды топтау . . .

Жазбаларды сорттау . . .

Кестелерді біріктіру . . .

7. 5 Жазбаларды түрлендіру . . .

Жазбаларды жөндестіру . . .

Жазбалар қосу . . .

Жазбаларды өшіру . . .

7. 6 Статистикалық және динамикалық сұраныстар . . .

Тест сұрақтары . . .

222

224

225

225

227

228

229

229

231

234

238

239

240

242

245

245

246

247

248

251

8 ADO ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . 253

8. 1 TADOConnection компоненті . . .

Байланысты басқару . . .

ADO-да транзакция . . .

8. 2 ADO-да деректерге қатынау компоненттері . . .

Сорттау және іздеу . . .

ADO командалары . . .

8. 3 ADO қолданбасын жасау мысалы . . .

Тест сұрақтары . . .

253

258

260

261

263

264

266

272

9 RAVE REPORTS ПРОГРАММАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЕСЕП 273

5

ҚҰЖАТТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ШОЛУ . . .

273

ҚҰЖАТТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ШОЛУ . . .:
  1. Есеп құжаттары генераторының сипаттамасы . . .
  2. Есеп құжаттарын визуалды (көрнекті) құрастыру . . .

Визуалды конструктордың интерфейсі . . .

Құжаттар жобасының құрамы . . .

Оқиғалар редакторы . . .

Көппарақты құралдар тақтасында берілген компоненттер . . .

Мәліметтер шығаруға арналған компоненттер . . .

9. 3 Құжатты басқару компоненттері . . .

Құжат жобасы компоненті . . .

Құжатты басқару компоненті . . .

Байланыс жасау компоненттері . . .

9. 4 Құжаттарды құру және шолу мысалдары . . .

Деректер қоры қолданбасының қарапайым құжаты . . .

Тест сұрақтары . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

273:

273

273

274

275

277

278

278

279

279

280

280

281

281

285

286

6

КІРІСПЕ

Есептеу техникасының қарқынды дамуы, программалық қамсыздандырудың тиімді құралдарын жасау қажеттігі «Жылдам қолданба құру» деп аталатын программалау жүйесінің пайда болуына алып келді. Солардың ішінен Borland Delphi жүйесін атап өтуге болады.

Бұл күнде, Object Pascal тіліне негізделген, Borland Delphi визуалды программалау ортасы кеңінен қолданыс табуда. Оның көмегімен, қарапайым программалардан бастап деректер қорымен жұмысқа арналған кәсіби программаларға дейін, әр түрлі деңгейлі қолданбалар құруға болады.

Оқу-әдістемелік құралда Delphi жүйесінің барлық мүмкіндіктері қарастырылмайды және оқырман Object Pascal тілімен таныс деп есептеледі. Мұнда жүйенің негізгі құралдарының және визуалды программалау технологиясының көмегі арқылы деректер қорымен жұмысқа арналған қолданбалар жасау жолдарына көңіл бөлінген, берілген материалдарды түсіндіретін көптеген мысалдар келтірілген. Оқу-әдістемелік құрал тоғыз тараудан тұрады.

Бірінші тарауда деректер қорының негізгі түсініктері келтірілген. Екінші тарауда реляциялық деректер қорының элементтері және Delphi- дің деректер қорымен жұмыс құралдары және компоненттері қарастырылады. Үшінші тарауда Delphi-де қарапайым ақпараттық жүйе құру мүмкіндіктері көрсетіледі. Төртінші тарауда BDE механизмінің көмегімен жергілікті және қашықтықтағы деректер қорларымен жұмыста қолданылатын негізгі деректерге қатынауды ұйымдастыруға арналған визуалды емес компоненттер қарастырылады. Бесінші тарауда қолданбаның интерфейсін құруға арналған визуалды деректерге қатынау компоненттерінің қолданылу жолдары көрсетіледі. Алтыншы тарауда деректер жиынтығының әр жеке жазбасын өңдеуге негізделген BDE механизмінің көмегімен деректерге қатынаудың жылжымалы тәсілі баяндалып, оны қолдану жолдары көрсетіледі. Жетінші тарауда жазбалар тобын өңдеуге негізделген BDE механизмінің көмегімен деректерге қатынаудың реляциялық тәсілі баяндалып, оны қолдану жолдары көрсетіледі. Сегізінші тарауда деректерге қатынаудың жаңа механизмі - OLE DB интерфейстерін пайдалануға негізделген ADO (AcniveX Data Objects) технологиясы қарастырылады. Тоғызыншы тарауда Rave Reports құжаттар генераторының көмегімен есептеме құжаттарын құру жолдары көрсетіледі.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал «Визуалды программалау құралдары» «Объектіге бағытталған программалау құралдарымен деректер қорын құру», «Деректер қоры», «Деректер қорын басқару жүйелері» пәндері оқылатын мамандықтарға арналады, сонымен қатар программалаушы мамандарға да пайдалы болары сөзсіз.

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
  1. Деректер қоймалары

Ақпараттық жүйелердің қазіргі заман талабына сай түрлерінің бірі деректер қоймалары болып табылады, оның құрамына:

  • есептеу жүйелері;
  • бір немесе бірнеше деректер қорлары;
  • деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) ;
  • қолданбалы программалар жиыны кіреді.

Деректер қоры (ДҚ) мәліметтерді сақтау, сонымен қатар сол мәліметтерге жедел және ыңғайлы түрде қол жеткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді. ДҚ әр түрлі мәліметтердің белгілі бір ережелерге сай ұйымдастырылған жиынтығы болып табылады.

Деректер қорын басқару жүйесі - деректер қорын құруға, енгізуге, қолдануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы. Қолданыс сипаты бойынша ДҚБЖ персоналды және көпшілік қолданушы ( көпшілік) болып бөлінеді.

Персоналды ДҚБЖ бір компьютерде жұмыс жасайтын локальды (жергілікті) деректер қорын құруға мүмкіндік береді. Персоналды ДҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access және т. б. жатады.

Көпшілік ДҚБЖ «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс жасай алатын ақпараттық жүйелер құруға мүмкіндік береді. Көп қолданушы ДҚБЖ-нің ішінен көпке танымал Oracle, InterBase, SyBase, Microsoft SQL Server, Informix жүйелерін атап өтуге болады.

Қазіргі ДҚБЖ-нің тілдік құралдары құрамына:

  • мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған мәліметтерді сипаттау тілі;
  • мәліметтермен негізгі амалдар (енгізу, жөндестіру, таңдау) орындауды қамтамасыз ететін мәліметтерді түрлендіру тілі;
  • деректер қорының құрылымын басқаруды және мәліметтерді түрлендіруге мүмкіндік беретін, сонымен қатар қашықтықтағы деректер қорына қатынаудың стандартты құралы болып табылатын құрылымды сұраныстар тілі (SQL, Structured Query Language) ;
  • деректер қорына сұраныстарды көрнекті түрде құруды қамтамасыз ететін үлгі бойынша сұраныс тілі (QBE, Query By Example) кіреді.

Қолданбалы программалар немесе қолданбалар деректер қорындағы мәліметтерді өңдеуге арналған программалар. Қолданушы деректер қорын басқаруды және оның мәліметтерімен жұмыс жасауды осы қолданбалардың көмегімен жүзеге асырады.

Кейде «деректер қоры» термині кеңінен қарастырылады да, тек ДҚ-ын ғана білдірмей, оның мәліметтерін өңдейтін қолданбаны қоса білдіреді.

Деректер қорын ұйымдастыру модельдері

Деректер қорына қандайда бір қолданбалы ақпараттық жүйелерде пайдаланатын мәліметтер кіреді. Мәліметтердің ұйымдастырылу түріне байланысты деректер қорында берілуінің келесі негізгі модельдері бар:

  • иерархиялық;
  • желілік;
  • реляциялық;
  • объектіге бағытталған.

Иерархиялық модельде ұйымдастырылған деректер қорында мәліметтер тармақ (ағаш) тәрізді құрылымда болады. Деректерді ұйымдастырудың бұл түрі иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс істеуге ыңғайлы, алайда күрделі логикалық байланысты деректермен амалдар орындауда иерархиялық модель аса үлкен көлемді болып келеді.

Желілік модельде мәліметтер графтар түрінде ұйымдастырылады. Бұл модельдің кемшілігі - мәліметтердің қатаң құрылымдылығы және оларды іске асыру жолдарының аса күрделі болып келетіндігі.

Реляциялық модельде ұйымдастырылған деректер қорында мәліметтер өзара қатынастармен байланысқан кестелердің жиынтығы түрінде ұсынылады. Реляциялық модельдің құндылығы - мәліметтерді ұйымдастырудың қарапайымдылығы және құрылымының икемді болып келуі. Сол себепті қазіргі деректер қорының көпшілігі осы модель көмегімен ұйымдастырылады.

О бъектіге бағытталған модельде деректер қорының жеке жазбалары объектілер түрінде ұсынылады. Объектіге бағытталған модель желілік және реляциялық модельдердің ерекшеліктерін құрайды және ірі деректер қорларын құруда қолданылады.

Деректер қорлары мен қолданбалар

Қолданбалар мен деректер қорларының өзара орналасуына байланысты:

  • жергілікті (локальды) ДҚ;
  • қашықтықтағы ДҚ деп бөлуге болады.

Локальды деректер қорымен жұмыс жасау үшін локальды қолданбалар , ал қашықтықтағы деректер қорларымен жұмыс жасау үшін клиент-серверлік қолданбалар жасалады және қолданылады.

Деректер қорларының орналасуы сол деректер қорындағы мәліметтерді өңдейтін қолданбаны жасауға біршама ықпалын тигізеді. Осыған байланысты қолданбалардың үш түрін атап өтуге болады:

  • локальды деректер қоры пайдаланылатын қолданбаларды бірдеңгейлі қолданбалар деп атайды, себебі қолданба мен деректер қоры тұтас бір файлдық жүйе құрады;
  • қашықтықтағы деректер қоры пайдаланылатын қолданбалар қосдеңгейлі және көпдеңгейлі болып бөлінеді. клиенттік және серверлік бөліктерден тұрады;
  • көпдеңгейлі(әдетте үшдеңгейлі) қолданбаларға клиенттік және серверлік бөліктерімен қатар қосымша бөліктер кіреді. Мысалы, үшдеңгейлі қолданбаларға клиенттік бөлік, қолданба сервері және деректер қоры сервері кіреді.

Бірдеңгейлі және қосдеңгейлі Delphi қолданбалары локальды және қашықтықтағы деректер қорына қатынауды келесі механизмдер арқылы жүзеге асырады:

  • BDE (Borland DataBase Engine - Borland фирмасының деректер қоры процессоры) . Ол деректер қорымен байланысқа арналған дамытылған API интерфейсін ұсынады;
  • ADO (ActiveX Data Objects - ActiveX-тің мәліметтер объектісі) мәліметтерге қатынауды OLE DB (Object Linking and Embedding Data Base - деректер қоры объектілерін байланыстыру және ендіру) көмегімен жүзеге асырады;
  • dbExpress деректер қорындағы мәліметтерге драйверлер жиынтығының көмегімен жылдам қатынауды қамтамасыз етеді.
BDE үшін архитектуралық нұсқалар

Мұнда біз BDE технологиясының мысалында ақпараттар жүйесінің архитектурасының түрлі нұсқаларын қарастырамыз.

Локальды деректер қорлары өздерімен жұмыс істейтін қолданбалар орналасқан компьютерде орналасады. Мұндай жағдайларда ақпараттық жүйені локальды архитектуралы деп атайды (1. 4. 1 - сурет) . Әдетте, деректер қорымен жұмыс бірқолданушы режимінде жұмыс істейді. Қажет жағдайда бір мезгілде сол мәліметтерге қатынайтын компьютердегі басқа қосымшаны қосуға болады. Деректер қорына бірге қатынауды басқару үшін арнайы бақылау және қорғау құралдары қажет. Ол құралдар, мысалы, қосымша басқа қосымша өңдеп жатқан жазбаны өзгертуге тырысатын жағдай туындаса, қажет болады. Әр деректер қоры мұндай бақылауды өз тәсілдерімен жүзеге асырады және әдетте қатынауға шектеу қою құралы болады.

  1. - сурет. Локальды архитектура

Локальды деректер қорына кіру үшін BDE мәліметтер қорының процессоры dBase, Paradox, FoxPro деректер қорының форматтарымен және мәтіндік файлдарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін стандартты (тұрақты) драйверлерді қолданады.

Локальды деректер қорын қолдануда желіде көпшілік кіруді ұйымдастыруға да болады. Бұл жағдайда ДҚ файлдары және олармен жұмыс істеуге арналған қолданбалар желі серверінде орналасады. Әр қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосады, мұнда оның компьютерінде қолданбанының көшірмесі қосылады. Мұндай локальды деректер қорының желілік нұсқасы

«файл-сервер» архитектурасына сәйкес келеді. «Файл-сервер» архитектурасын қолдануда қолданба желінің әр компьютеріне жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда жеке компьютердің қолданбасына ортақ деректер қорының орналасқан орны белгілі болу қажет.

  1. - Сурет. «Файл - сервер» архитектурасы.

Мәліметтермен жұмыс істеу барысында желідегі әр қолданушының компьютерінде ДҚ-ның локальды көшірмесі қолданылады. Бұл көшірме әлсін-әлсін сервердегі деректер қорының мәліметтерімен жаңартылып отырады.

«Файл-сервер» архитектурасы әдетте қолданушылары көп болмайтын желілерде қолданылады, оның іске асуына дербес ДҚБЖ сәйкес келеді, мысалы, Paradox немесе dBase. Бұл архитектураның қолайлылығы - оның іске асырылуының қарапайымдылығы болып табылады. Сонымен қатар, қолданба бір ғана қолданушыға арналады және сол қолданба орнатылатын желі компьютеріне тәуелді болмайды.

Алайда «Файл-сервер» архитектурасының айтарлықтай кемшіліктері де бар:

  • Қолданушы ДҚ-ның локальды көшірмесімен жұмыс істейді, яғни ондағы деректер қандай да бір кестеге әрбір сұраныс жасау барысында жаңартылып отырады. Мұнда, деректері қажет болатын кестенің жаңа көшірмесі серверден қайта жіберіледі. Яғни, егер қолданушыға кестенің бірнеше жазбалары қажет болса да, желі бойынша серверден кесте тұтасымен қайта жіберіледі. Нәтижесінде желідегі шамадан тыс көп артық ақпараттардың алмасуы нәтижесіндежеліге ауыртпалық түсіріледі. Ол оның жылдам жұмыс атқаруының және жалпы ақпараттық жүйенің өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
  • Әр компьютерде өзінің деректер қоры көшірмесі болғандықтан, бір қолданушы енгізген өзгертулер біраз уақыт аралығында басқа қолданушыларға белгілі болмайды. Сондықтан деректер қорын әрдайым жаңартып отыру қажет.
  • ДҚ басқару әр компьютерден жасалады, сондықтанқатынауды басқару, ДҚқұпиялығы мен тұтастығынқадағалап отыру айтарлықтай күрделенеді .

Қашықтықтағы ДҚ желідегі компьютер-серверде орналасады, ал осы ДҚ-мен жұмыс жасауды жүзеге асыратын қолданба қолданушының компьютерінде орналасады. Бұл жағдайда «клиент- сервер» архитектурасында жұмыс атқарылады, мұндағы ақпараттық жүйе деректер қорының сервері мен клиентке бөлінеді (1. 4. 2 - сурет) . Компьютер-сервер клиенттен бөлек болғандықтан оны қашықтықтағы сервер деп атайды.

Клиент - қолданушының қолданбасы. Мәліметтерді алу үшін клиент сұранысты құрып, деректер қоры орналасқан қашықтықтағы серверге жібереді. Сұраныстар мәліметтердің реляциялық модельдерін қолдануда серверге қатынаудың стандартты құралы болып табылатын SQL тілінде құрылады.

«Клиент-сервер» архитектурасында клиент мәліметтерді алуға сұраныс жібереді де, тек өзі сұраныс жасау арқылы талап еткен мәліметтерін ғана алады. Сұраныстың барлық өңделуі қашықтықтағы серверде іске асырылады. Мұндай архитектураның келесі артықшылығы бар:

  • Желідегі ауыртпалық төмендейді, себебі мұнда тек қажетті ақпарат қана айналымда болады.
  • Ақпараттың қауіпсіздігі жоғарылайды, себебі барлық клиенттердің сұраныстарын өңдеу, серверде орналасқан жалғыз программамен орындалады. Сервер барлық қолданушылар үшін жалпы ДҚ қолдану ережелерін орнатады, бір жазбаны басқа бір қолданушылардың өзгертулеріне тыйым салу арқылы клиенттердің мәліметтерге қол жеткізу тәртібін басқарады.
  • Клиенттік қолданбаларда деректер қорын бақылауға және оған қатынауға байланысты кодтың болмауына байланысты оның күрделілігі азаяды.
  • «Клиент - сервер» архитектурасын іске асыру үшін, әдетте, көпшілік ДҚБЖ қолданылады, мысалы, Oracle немесе Microsoft SQL Server. Мұндай ДҚБЖөндірістік жүйелердеп атайды. Олар ірі кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

  1. - сурет. «Клиент - сервер» («жуан» клиент) архитектурасы

Delphi қолданбасының өндірістік ДҚБЖ пайдалануы SQL - Links драйверлері арқылы жүзеге асады. InterBase ДҚБЖ-мен жұмыс кезінде SQL - Links драйверлерінің қажеті жоқ.

Қолданушы компьютері

.

.

.

Қолданушы компьютері

Компьютер - Қолданбалар сервері

Желінің қашықтықта ғы сервері

  1. - сурет. Үшдеңгейлі «клиент - сервер» архитектурасы («жіңішке» клиент)

«Клиент - сервер» архитектурасының даму барысы оның үшденгейлі нұсқасының (клиент-қолданба, қолданбалар сервері, сервер) пайда болуына алып келді.

Үшдеңгейлі архитектурада мәліметтерге кіру және оларды өңдеуді ұйымдастырумен байланысты құралдар мен кодтардың біраз бөлігі клиент-қолданбадан қолданбалар серверіне беріледі.

Үшдеңгейлі «клиент-сервер» архитектурасының негізгі мүмкіншіліктері:

  • амалдардың біраз бөлігінің қолданбалар серверіне ауыстыру арқылы серверді босату;
  • артық кодтан босату арқылы клиенттік қолданбаның өлшемін кішірейту;
  • барлық клиенттердің бірдей әрекет етуі;
  • клиенттер түзетулерін жеңілдету - сервер қосымшасының жалпы кодының өзгертілуі барысында автоматты түрде клиенттер- қолданбасының әрекеттері өзгереді.

Ескерте кетейік, ДҚ локальды қолданбаларын - бірдеңгейлі деп, ал ДҚ клиент-серверлік қолданбаларын - көпдеңгейлі деп айтады.

Тест сұрақтары
  1. Деректер қоры дегеніміз -

А) «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс жасайтын программалар.

B) деректерді жинауға, енгізуге және қолдануға арналған тілдер мен программалық құралдар.

С) деректерді жинауға, енгізуге және қолдануға арналған мәліметтердің жиынтығы.

D) белгілі-бір ережелерге сүйеніп ұйымдастырылған әртүрлі мәліметтердің жиынтығы.

Е) «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс жасайтын мәліметтердің жиынтығы. ақпараттық жүйе.

  1. Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) дегеніміз - А) белгілі-бір ережелерге сүйеніп ұйымдастырылған әртүрлі мәліметтердің жиынтығы.

B) деректер қорын құруға, енгізуге және қолдануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы.

С) деректерді жинауға, енгізуге және қолдануға арналған мәліметтердің жиынтығы.

D) «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс жасайтын программалық құралдар жиынтығы.

Е) «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс жасайтын мәліметтердің жиынтығы.

Көпшіліктік ДҚБЖ дегеніміз -

А) дұрыс жауабы жоқ

B) белгілі-бір ережелерге сүйеніп ұйымдастырылған әртүрлі мәліметтердің жиынтығы.

С) «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс жасайтын жан-жақты мәліметтердің жиынтығы.

D) белгілі-бір ережелерге сүйеніп ұйымдастырылған әртүрлі мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

Е) «Клиент - сервер» архитектурасында жұмыс жасайтын ақпараттық жүйелерді құруға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы.

деректер қорында кестелер мен қолданбалар бір компьютерде

орналасады .

А) клиент-серверлік

B) қашықтықтағы

С) локальды

D) желілік

Е) көпшілік

. . . деректер қорында кестелер мен қолданбалар клиент - сервер архитектурасында ұйымдастырылады.

А) желілік

B) локальды

С) клиент-серверлік

D) қашықтықтағы

Е) көпшілік

  1. Жергілікті ДҚБЖ-рін көрсетіңіз А) SyBase, dBase, FoxPro, Access

B) Paradox, dBase, InterBase, Access

С) SQLServer, Informix, Access

D) Informix, SyBase, dBase, Access

Е) InterBase, SyBase, dBase, Access

Деректерді ұйымдастыру жолдарына байланысты деректер модельдерінің түрлері:

А) иерархиялық, базалық, реляциялық, объект-бағытты.

B) тармақ, торлық, базалық, объект-бағытты.

С) кестелік, торлық, реляциялық, объект-бағытты.

D) кестелік, базалық, реляциялық, объект-бағытты.

Е) тармақ, торлық, реляциялық, объект-бағытты.

Деректер қоры мен қолданбалардың өзара орналасуына байланысты деректер қорының түрлері . . . болып бөлінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау ортасы
Реалды ерітінділер
Delphi ортасында жоба құру
Ғылыми жаратылыстану бағытындағы сыныптарда delphi ортасындағы мәліметтер қоры туралы түсініктерді қалыптастыру
Delphi-дiң мүмкіндіктерін қолданып, азық-түлік автоматының жұмыс принципін бағдарламалау
Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау
Delphi программалау ортасының негізі
Delphi ортасымен танысу туралы ақпарат
Borland Delphі ортасының интерфейсі
Қасиеттер тізімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz