Өкпенің жасанды вентиляциясы, жасанды тыныс алу тәсілдері


Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: Өкпенің жасанды вентиляциясы, жасанды тыныс алу тәсілдері
Орындаған: Амангельдиев О. М.
Тобы: ЖМҚА-02-20
Қабылдаған:
Шымкент-2021ж
Өкпенің гипервентиляциясы
Тыныстың минуттық көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипатталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мүқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бүндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.
Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мүқтаждықпен немесе СО2 шығару қажеттігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан қүйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін.
Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында, мысалы өкпенің қабынуы, немесе ісінуі кездерінде пайда болады. Бүл жағдайларда әрбір тыныс алу кезіндегі ауаныц көлемі азайғанына қарамай, оныц минуттық көлемі қалыпты деңгейде немесе сәл жоғары деңгейде үсталып түруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болады. Бірақ үзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі, осыныц әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бүл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.
Өкпенің гиповентиляциясы
Өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
Өкпенің және тыныс жолдарыныц дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж. б. ) кездерінде;
Кеуде қуысының түтастығы бүзылғанда (жарақат) немесе плевра қуысында сүйық, қан, ауа жиналып қалғанда (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс) ;
Тыныс алуды реттейтін нервтердің жарақаттануы, қабынуы немесе бүл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т. с. с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердіц қабынуы, дистрофиясы кездерінде;
Туа біткен немесе жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді
Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы.
Қалыпты жағдайдың өзінде барлық окпе үяшықтары біркелкі қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфи- земасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), окпе фиброзы кездерінде, әлвеолаларда сүйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бүл кезде гиперкапния байқалмайды.
Жасанды тыныс алдыру
Қолдан тыныс алдыру
- ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі.
Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т. б. ) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т. б. ), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т. б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу) . Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару) . Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16-18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz