Қан ұю процесі және қан топтарының негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Биология және биохимия кафедрасы

Эссе

Тақырыбы: Қан ұю процесі

Орындаған: Амангельдиев О. М.

Тобы: ЖМҚА 02-20

Тексерген: Жиенбаева А. А.

Шымкент-2022 ж.

Қан ұю процесі

Қанның физикалық қасиетерінің өзгеріп, сұйық күйден қоюланып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғағыш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларының қабырғасы, тамыр маңыңдағы ұлпалар, қан плазмасы құрамыңдағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсеңді заттар да маңызды рөл атқарады. Олар физиологиялық өсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді. Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның мәні қан қүрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін белок - фибринге айналады. Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А. Шмидт ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. Плазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп, рим цифрлары-мен, ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен айырылады (мысалы, \ТИ-фактор жетіспегенде гемофилия дертібайқалады) . Қанның ұю процесі үш кезеңде өрбиді. Бірінші кезең тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады. Екінші кезеңде плазма құрамыңдағы факторлардың белсеңділігі артып, үш сатылы тізбектелген ферменттік процесс жүреді. Ұюдың соңғы үшінші кезеңіңде ұйық ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) жүреді. Денедегі жарақат сипатына, зақымданған тамыр табиғатына қарай ұю процесі екі жолмен жүреді: не ол тамыр мен тромбоциттер реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма құрамындағы факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік процесс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық ұю механизмі) . Тамыр - тромбоциттік механизм қан қысымы төмен майда тамырлар зақымданғанда іске қосылады. Бұл жағдайда тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер зақымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма оңай өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда болады. Одан өрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп, олар плаз-маны өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен қан тамыры тарыла түседі, 3-фактор - тромбоцит протромбиназасы арқылы қанның ағуын тоқтатудың коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан кейін тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан ұйығының ретракциясы нәтижесінде тромбоцит тығыны зақымданған тамырға бекиді, қанның ағуы тиылады. Ірі тамырларда тромбоцит ұйығы үлкен қысымға шыдамайды, шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин ұйығы тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады. Бұл кезең үш сатыда етеді. Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V - факторлар мен тромбоциттердің 3-факторының әрекеттесуі нөтижесінде күрделі процесс жүріп, тромбопластин (ІІ-фактор) пайда болады. Тромбопластин ұлпалар мыжылып зақымданғанда да пайда болады, оны ұлпа тромбопластині деп атайды. Ұюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V, VI, VII факторларымен әрекеттесіп, тромбоциттердің 1 және 2 факторларының қатысуымен К дермендәрісі жеткілікті болған жағдайда бауырда түзілетін бұйығы фермент протромбинге әсер етіп, оны белсенді фермент - тромбинге айналдырады. Қанның ұюының үшінші сатысында тромбин ферменті кальций иоңдары мен тромбоциттер факторларының қатысуымен фибриноген белогын фибринге айналдырады. Бұл процесс екі сатысында өтеді. Алғашқы ферменттік сатыда тромбиннің әсерімен фибриногеннен пептид бөлінеді де, ерігіш фибрин талшықтары - мономер пайда болады. Екінші полимерлеу сатысында оларға ХIII-фактор мен кальций иоңдары әсер етіп, ерімейтін фибрин талшықтары түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммундық жүйе: жас ерекшеліктері және қан құю мен қан топтарының негіздері
Қан жүйесі: құрамы, физиологиялық қызметтері және ұю механизмі
Қан топтарының физиологиялық және клиникалық көрсеткіштермен корреляциясы
Қан топтарының физиологиялық және гемодинамикалық көрсеткіштермен корреляциясы
Қан физиологиясы: құрамы, пішінді элементтер және қанның ұю механизмдері
Арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары: иммунитет механизмдері, қан қызметі және қан топтарының иммунологиялық негіздері
Қан топтарының адамның мінез-құлқына әсерін зерттеу
Бауыр жеткіліксіздігі: метаболикалық бұзылыстар, қан ұю және ас қорыту симптомдары
Қан топтарының түрлері, анықтау әдістері және трансфузиялық сәйкестік
Қан кету: жіктелуі, клиникасы, қан тоқтату және қан құю әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz