Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы

Қазіргі қазақ поэзиясында лирикалық қаһарманның бізді қоршаған әлемге қатынасының екі үлгісін атап көрсетуге болады екен. Алдымен, қаһарман әлемді, ақиқат шындықты, қоршаған ортаны, табиғатты сол үйлесімді сипат күйінде қабылдайды екен. Ол табиғатпен тіл табыса біледі, оны түйсінеді және өзін сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінеді, сондықтан да ол табиғатпен біртұтас бүтін денеге айналып кеткендей әсер қалдырады. Екінші үлгіде лирикалық қаһарман мен қоршаған әлем арасында, адамзат баласы мен оның дүниетанымы арасында нақты байланыстың жоқтығы байқалады. Мұнда лирикалық қаһарманның бойындағы жалғыздығы, мына әлемнен ажырап қалған қайғысы мен қасіреті, тұрмыстың мәнсіздігі сияқты қасиеттері сипатталады. [1. 5. ]

Жас зерттеуші ретінде біз айтылған тұжырымдардың дұрыстығын, саналы түрде қоғам талабына сай әлдеөайда тың сарындар қалыптасып жатқанын бағамдаймыз. Себебі, поэзия жанры - өте киелі. Ол - адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында орналасқан тылсым әлемі. Және ол - әлемдік ұғым. Поэзия қарапайым ішкі сезім емес. Поэзия - адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия - адам жанының жыршысы. Поэзия - тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан-ақ ұлы Аристотель айтып берген ғой. Поэзия - әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы. Поэзия - халық мұңы, өнердің шыңы», -деп Ә. Нілібаев поэзия туралы анықтама берген екен. [5. 17]

Енді осы поэзиядағы, лирикадағы автордың өзіндік рөлі ерекше. Өйткені автордың жан толғанысы мен күйзелісі оқырманға әлдеқайда жақын және түсінікті болып келеді. Өйткені лирикадағы автор - ол оқырманның қиял әлеміндегі сырласы. Өлеңнің жалпы оны түсініп оқитындар үшін танымдық қана емес, тағылымдық, психологиялық қасиетінің де басым екенін есте ұстаған жөн. Поэзия - өте автобиографиялық жанр. Себебі онда автордың бүкіл ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді оқырман дәл сол секілді сезініп, онымен бірге күйзеліп немесе қуанып отырады. Лирикада автор өз позициясын, көзқарасын бүркемелеп жасыра алмайды. Ол аз сөзбен мағынасы терең ойларын жүйелі өрімдеп жеткізеді. Жан қозғалысын сөз етуде ақындар ішкі жанайқайын тыңдар құлақ таппай сенделіп, дағдарыла келе, жалғыз сынға түсе береді. Ақынды - ақын ғана түсінер десек, ішкі рухани әлемінде әр ақын әркез жалғыз. Шығармаларында осы күйді шебер бере білу де үлкен өнер. [3. 76]

Бүгінгі жас поэзиямызда Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Ардақ Нұрғазы, Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалым, Қуаныш Дәлей, Гүлманат Әуелхан, Ықылас Ожай, Ырысбек Дәбей, Серік Боқан, Азамат Тасқараұлы сияқты ізденіс үстіндегі бір топ жас ақын сол бір соны соқпақтарға түрен салғысы келетіндігімен қуантады.

Осы сарында сыр шерткен сыршыл ақындарды ғылыми тілде экзистенциалистер деген атаумен келеміз. Ақындар адам табиғатының трагедиялылығын, осы өмірдегі таусылып бітпес «күйбең» әрекет жайлы, мына әлем мен болмыстың қатыгездігін, оның адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылықтарын мөлдір жырмен берушілер емес пе? Осындай есептеулер Тұрсын Жұмаш ақынның поэзиясында молынан ұшырасады. Экзистенциалис-ақындардың мұндай концепциясы әлем және жалғыздық ұғымынан өрбиді. Бірақ, олардың пікірінше, адамның қоршаған ортамен, өзге адамдармен қарым-қатынасы тіпті де қарастырылмайды деу орынсыз. Әлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдері - М. Хайдеггер, К. Ясперс, Ж. Сартрлерді ортақтастырып тұра- тын басты белгі - адам болмысына Мен және Басқалар ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық - субьективтілік. [4. 113]

Айтылған тұжырымдаманың негізгі құяр арналарының бірі - адам өзінің жаһандық жалғыздығын сезіну арқылы мына заманнан, айналасындағы қалыптасып қалған қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Экзистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын зерттеушілердің түгелі бір тоқтамда: мәдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатынын дәлелдейді. Экзистенциалистік ой-пікірдің ХХ ғасырда бой көтеруіне бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері және адамзат баласының бір-біріне жойқын майдан ашқан екінші дүниежүзілік соғыстың уақытында әсері күшейгені осыдан болса керек. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы және әлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фәнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікірді ұстанады. [3. 59]

Сонымен қатар, Н. Сұлтанбайұлының «Аралдағы жалғыз жан» жинағына сыршыл сезімге құрылған лирикалары, толғауларымен бірге шағын және кең құлашты оқиғаларды арқау еткен баллада, поэмалары жинақталған. «Аралдағы жалғыз жан . . . », «Тарғыл дауысы талайдың» толғауларында елдік мәселелерді кӛтерген ақын «Айдаһар», «Тас-тағдыр», «Аманат» балладаларын шағын оқиғаға құра білді. «Жұрынды тондай сақтаған, Сенімнің жұрнағын», «Аралдағы жалғыз жанның Ойы құрттай құжынап», «Ер батқан жауыр ат - жағымпаз, Өмір өрінде барады қайқаңдап . . . » деген жолдардан лирикалық кейіпкердің аралда неге жалғыз қалғаны байқалады. «Айдаһарға» атадан балаға жеткен ертегі негіз болса, «Тас тағдыр» балладасынан лирикалық кейіпкердің ғұмыр бойы тағдыр тәлкегіне ұшырап, тас қоғамдағы қаратас тағдырына кейіп, жанға медет болар дауаны Алланың ақ жолынан тапқанына куә боламыз. [7. 4]

«Айға қарап ұлыған, мен бір жалғыз көкбөрі» деп жырлаған, қазақ өлең өнерінің қадау-қадау биіктерінің бірі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Түркі тілдес елдері поэзиясы II фестивалінің лауреаты, қазақ поэзиясына "Жұлдызға орынын Ай бермес", "Жұлдызтас", "Бөрінің асығы", "Емендер түнде бүрлейді" қатарлы жыр жинақтарын сыйлаған замана жырауы Жәркен Бөдешұлымен болған әңгімеде : «Қазақтың тәмсіл сөзі ғой «жалғыздық құдайға ғана жарасады» деген. Ал мен айтар едім жалғыздық құдайдан кейін ақынға жарасады деп. Өйткені ақынның жыры құдайдың берген дәулеті. Мәңгілік дәулеті. Сол дәулетті ақсатпауымыз керек. Биіктетуіміз, аспандатуымыз керек. Ақындық - Құдайдың берген аманаты. Жалпы әдебиеттегі жалғыздық ол ақын немесе жазушының жан дүниесінің әлеміне байланысты. Бірақ ол жасандылық болмауы тиіс. Қазір әдебиетте жасандылық жоқ дей алмаймын. Ал құдайдың жіберген шын таланты ондайға бармайды. Олардың өзгеден дара көрініп тұратыны сол» деп ағынан жарылады. [8, 2]

Қазіргі қазақ поэзиясында экзистенциалистік сарындағы ақынның бірі - Дәулетхан Мәсімханұлы шығармаларында бүгінгі өзіміз көріп жүрген қоғам шындығы бейнеленеді. Ақынның жалғыздық тақырыбына табан тірей беруінің себебін де іздеп көрдік. Балалық бал дәурені миллиардтар елінде өткен ақынның еліміз егемендік алған соң, алғашқылардың бірі болып атамекенге оралған. Миллион жанның ішінде жалғыздық көріп жабырқаған оның шығармаларынан екі ел мен екі қоғамның тыныс-тіршілігі сезіледі. Тған жерге деген сағыныш ақын шығармаларынан мол орын алды. «Намысым бойға біткен ақыл-күшім, Киелі топырақтан даритындай» дейтін ақынның «Сағындым мөлдір тұманын . . . » өлеңіндегі Ақшоқы, Құр, Кесік, Аттауы, Бесқарағай, Қонақай, Мақшы тәрізді жайлауларды сағына еске алуы туған жерге деген шынайы махаббаттың көрінісі: Сағындым бұлағыңды былдырлаған,

Қосылған бір жылғаға бір жылғадан.

Сәбидің күлкісіндей сыңғырлайтын,

Бұл күнде қайда қалдың бұлбұл заман! [34, 23] .

Ат сауырын сипамаса тұра алмайтын қазақтарды қаланың тымырсық тіршілігі қажытып, шаршататыны, дарқан даланы аңсап өкпесі қысылатыны айтпаса да түсінікті. Лирикалық кейіпкердің түтеген ақ боранда «Осындай сәтте ойлайсың жылқы үйірін, Тұманнан шығып шұрқырап тұрса кісінеп . . . » деп жылқы үйірін іздеуі орынды. Ақын жырларын оқып отырғанда оның бейнелі тіркестерді көптеп қолданатындығын байқауға болады. Мәселен, «Жүйкемді бырс-тырс болған үтіктеген», «Нәпсіні қылқындырмай жүре берсем, Біріне айналамын мен де өліктің», «Ағаштың басы ауырлық сезіп иілді, Қонған соң қардың - жапырақ болып төсегі», «Нәпсім үркек аң секілді», «Ат тізгінін кесем қиып, Нәпсі жаумен пышақтасып», «Жүрегім өксік, жүзім сал, Миымды сүлік сорғандай», «Терімді тесіп тентектер, Етіме қанжар қадайды», «Жанар-жанбас тіршілік тұр, Бықсытқандай шаланы», «Шоршиды қайранында қайран қазақ, Ажырап айдынынан балық көлдің . . . », «Мұңы жоқ көңіл - кепкен көл, Сезімі қаңсып суалған», «Беріксің сексеуілдей жарылмайсың», «Толды адамдық ауласы арам шөпке, Шырмауыққа оранған көкөністей . . . », «Бастағы ойлар бытысты байлауы жоқ, Алқаш қатын шашындай киізденіп . . . » деген бейнелі тіркестер ақынның жаңа образдар жасаудағы ізденістерін байқатса, «қала - тұман, мекеме - мұз, үй - ақпан» деген тіркестер эпитетті орынды пайдаланғандығына мысал бола алады. [9. 26]

Жәркен Бөдештің:
«Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы.
Жалғыздықтан жаралған адамзаттың ба­ласы.
Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қа­шайды ел.
О, жалғыздық, жасай гөр, о, жалғыз­дық, жасай бер!» -

дейтін өлең жолдарымен сарындас. «Өмір­де ақындардың бәрі жалғыз» екені поэтикалық асқақ рухта айтылса да кез келген адамның жалғыз­дықпен сырласар, мұңдасар сәті барын жазушы өз шығармашылығына арқау еткен. Сон­дық­тан өзінің айтар ойын анық­тап, та­қырыбын тапқан жазушы­ның өзіндік оқыр­маны да табылатынын ескеруіміз керек. [10. 3]

Жаңа өлеңдегі жаңа формаға, жаңа өлшемге, жаңа логикаға әр ақын өзінше бірте-бірте көшкені дұрыс болмақ. Әлем елдері поэзияның жаңа бағытына көшіп алса да, біздің қазақ поэзиясы ескі әләулаймен әлі келе жатыр. Біз әлі төрт жолы бір шумақтан тұратын ескі өлең құрылысынан шыға алған жоқпыз», - дейді ғалым Әубәкір Нілібаев. [11, 10] .

Махамбетке Ықыластың жасаған сатқындығын мысал еткен Маралтай ақын да жалғыздықтан өзге шынайы достықтың жоқ екенін астарлай жеткізіп, сенер ешкім таппайды.

Көбейіп кенет жалқы боп,

Ере алмай заман көшіне.

Сүйеніп, сенер халқы жоқ,

Махамбет түсіп есіме.

Теңселіп үйге қайтамын,

Батыр боп, кейде ақын боп.

Жалғыздық әнін айтамын,

Жалғыз болмасқа хақым жоқ. (Махамбеттің мүсіні) [12, 19] .

Ал ақын Ерлан Жүністің өмірді қабылдауы тіпті өзге сипатта, ақпараттық технология қарыштаған, осынау технологияланған заманда ертеңгі жарқын болашаққа деген дүдәмал ақынның қыр соңынан қалмайды.

Ешкімге сенгім келмей,

Ешкіммен күлгім келмей,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиеті - күні бүгінге дейін халықтың ауыз әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz