Кітап жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кітап - адам баласы ақыл - ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Білім мен тәрбие көзі. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді.

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып, оның жұмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылды. Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді де, белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т. б. металмен өрнектелді. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. Міне осылайша қыш кітаптар дүниеге келді. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды. Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхан - Енисей жазба ескерткіштерін» (7 - 9 ғ. ) ашық аспан астында тұрған осындай тас кітаптар деп айтуға болады.
Қыш кітаптардан кейін және сол ежелгі Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралады. Сөйтіп орама кітаптар келіп шықты.
Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі. Ол сол патшалықтың атымен «пергамент» деп аталады. Сөйтіп пергаментке, яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді. Олар да алғашында жұмыр таяқшаларға оралып, орта ғасырларда дәптершелеп бүктелетін болды. Ол дәптершелер бір-біріне қаттала тігіліп, шүберек не терімен тысталған ағаш мұқабалармен қапталды. Сонымен біздің заманымыздың 1 ғасырынан бастап қазіргідей түптелген парақты кітаптар шыға бастады.
Біздің заманымыздың 2 ғасырында тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалды. Осыған орай орта ғасырларда қолжазба кітап өнері қауырт өркендеді. Кітап іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтын, күміс және басқа бағалы металдармен әшекейленді. Мұндай қолжазба кітаптардың саны өте аз, бағасы аса қымбат болды. Сондықтан кітапты көшіру мен көбейтудің басқа жолдары қарастырылды және ол табылды да.
Бұл тәсіл бойынша кітап әріптері арнайы өңделген ағаш тақтайдың бетіне терісінен жасалды. Онан соң жазу айналасындағы ақ жерлер өткір құралмен ойылып тасталды. Тақтай бетіндегі жазу бедеріне бояу жағылды да, оның үстіне пергамент не қағаз басылды. Сөйтіп ондағы жазудың оң көшірмесі алынды. Кітап суреттері де солай көшірілді. 704 - 751 жылдар аралығында Көреяда 12 тақтайдан осылайша басылып шыққан кітап ең алғашқы баспа кітабы деп есептеледі. Тақтай бетіне кітаптың ондаған мың әрпін бедерлеп шығу оңай болмады. Сондықтан кітап басудың басқа әдісі іздестірілді. Оны 11 ғасырда қытай өнерпазы Би Шэн, 15 ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты. олар әрбір әріпті металдан бөлек - бөлек құйып алып, кітап бетін сол әріптерден теріп құрастырды. Оның бетіне бояу жағылды да, оған қағаз басылып, көшірмесі алынды. Бұл өнертабыс кітап басып шығару ісін қауырт өркендетті.
Кітап басу үрдісі одан кейін де тоқтаусыз жетіле берді. Кітап әрпі жай қолмен емес, автоматты машиналармен терілді. Оның суреттерін де машиналар әзірледі. Кітапқа енетін барша материалдардан баспа үлгілері жасалды. одан аса қуатты машиналар сағатына 4- 5 мың дана көшірме басып шығарды. Кітап беттері басылған қағаздарды топтау, бүктеу, түптеу, кесу мұқабамен қаптау сияқты жұмыстарды да машиналар атқаратын болды.
Ал енді ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі кезде кітап басу ісі одан да әрі жетіле түсті. Баспалар мен полиграфия комбинаттары компьютерлендірілді. Кітап компьютерде теріліп, оның сурет - сызбалары мен баспа үлгілері - бәрі-бәрі компютерде әзірленетін болды. Солай Сурет пен жазуды түрлі түсті етіп берудіңде мүмкіндігі молайды.

15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап - мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады. Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль - араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан . . .

Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.

  • Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.
  • Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен.
  • Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.
  • Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.
  • Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж. ) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады.
  • Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.
  • Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы - Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.
  • Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі - Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыншы ғасырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі.

Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon кітап және көне грекше: drapho - жазу) баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән

ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде

саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы

библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға

көмектеседі, ғылыми зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір

ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды,

техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады

Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сынмен салалары дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды. Қазақстанда 1937 ж

баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т. б. ), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік)

қарай топтастырылды. Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, т. б. ), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтасты-рылды. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі -білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата - аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз - кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан - жақты іздеу.

Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп - кітапхана - мұғалім - ата - ана» деген ара - жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса. . Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата - анасының біреуі айына бір - рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітапханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.

Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата - ана жауапкершілігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау, не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.

Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан - жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата - ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді. Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.

Қазақтың көркем тілі - қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.

2 сәуір - Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса жақсы болар еді.

Қандайда өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та рата береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды.

Кітап жайлы біз білмейтін қызықты деректер

Гугл әлемдегі кітаптарды зерттеп, публицистикалық, ғылыми және көркем әдеби кітаптардың санын есептеп шыққан. Жер шарындағы кітаптар саны шамамен 129 864 880-ге жеткен. Көптеген қаламгердің туындылары электронды нұсқада басылып шықпағанын ескерсек, бұл санның әлдеқайда көп болары анық.

Әлемдегі ең көне кітап - Присс папирусы. Б. з. д 3350 жылы жарыққа шыққан. Фива қаласындағы пирамидалардың бірінен табылған бұл кітаптың мазмұны әлі күнге дейін ауқымды. Кітаптың авторы жастарға наразылығын білдіріп, тәрбие мен білім жайында жазған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Тәңірлік діндердегі дін және Пайғамбар міндеттері
ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі кітап сыны және жарнамасы
Ибн Синаның медицинаға қосқан үлесі
Кітап форматы мен терім алаңы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Кітапханалық қызмет ету маркетингі
Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Кітап – халық тәрбиешісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz