Саяси биліктің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

САЯСАТТАНУ

пәні бойынша дәрістер

Алматы 2019

МАЗМҰНЫ

  1. Глоссарий
  2. Дәрістер

ГЛОССАРИЙ

Альтернатива- бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс- ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм -жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер -ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея- халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т. б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар - ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

Бюрократ- азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм- саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид- адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат -сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық -бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм -адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация- жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация -мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура- қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

Егемендік- мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология- белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т. б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент- жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация- жаңалық енгізу

Охлократия- қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм -алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция -мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік -халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе -сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар -белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум- дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий- ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Саясаттану -қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Саясаттану зерттеуі -қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Саясаттану сауалдамасы -жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Абсентеизм -халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия- бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Әлеуметтік-саяси институттар - біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Иделды тип- дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М. Вебер.

Абсолютизм- жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі. .

Азаматтық қоғам - әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму- жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық - ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар - адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс - қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс - қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т. б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар - біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация - тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция - түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс - адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер - қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Саяси теңсіздік - адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі .

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағыәрекеті.

Урбанизация - қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

2. Дәрістер

Тақырып №1 Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.

Сабақтың мақсаты:

Саясаттану пәнін, қызметтерін және әдіс-тәсілдерін анықтау

Негізгі мәселелері:

1. Саясаттану объектісі мен пәні

2. Саясаттану саясат туралы билік саяси жүйе, процестер жөніндегі ғылым.

3. Саясаттану пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.

4. Саясаттану функциялары.

Саясаттанудың зерттейтін мәселесін қарастырғанда ең алды-мен «саясаттану» ұғымынан бастаған жөн. Саясаттану ұғымы гректің «Politik» және «Logos» - деген сөздерінен шыққан. Біріншісі - мемлекеттік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі - ілім, ғылым деген мағынаны береді. Яғни, қорыта келгенде саясат туралы ғылым. Жалпы алғанда саясаттану дегеніміз - қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, оны ұйымдастыру жолдары тәсілдері, принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда саясаттану- саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда саясаттану - саяси теориялар мен ойлардың бірыңғай жүйесі.

Саясаттануды өз алдына, дербес ғылым дейтін болсақ, оның зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен, оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық-саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар және ұлыстар, әлеуметтік топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасыңдағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясат-танудың объектісі - саяси.

Саясаттану ғылыми жүйенің нақтылы саласы ретінде жалпы алғанда саяси билікке, саяси мүдделерге, саяси қатынастар мен үрдістерге, саяси сана мен мәдениетке, қоғамдағы саяси жүйені ұйымдастыруға байланысты құбылыстардың диалектикалық жүйесін зерттейді деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда саясаттану бір-бірімен диалектикалық байланыста болатын әртүрлі теориядан тұратын табиғи құбылыс. Демек саясаттанудың зерттейтін мәселелерін жіктейтін болсақ, оларды мынандай үш топқа біріктіруге болады. Біріншісіне, саясаттың әлеуметтік және идеялық-теориялық негіздерін, саяси құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіретін белгілері мен сипаттарын, қоғамның белгілі бір нақтылы тарихи кезеңдеріне сәйкес келетін саяси парадигмаларды жатқызуға болады. Екіншісіне, саяси жүйе және саяси мәдениет, саяси сана, әртүрлі саяси жүйелердің ортақ, белгілері мен ерекшеліктері, олардың ұтымды жақтары мен кемшіліктері, саяси режимдер, олардың өзгеріп және ауысып отыру жағдайлары т. б. жатады, үшіншісіне, саяси институттар, саяси процестер, саяси әрекеттер мен адамның саяси мінез-құлықтарын, саяси көсемдік пен саяси элита мәселелерін топтастыруға болады.

Бірінші топтағы мәселелерге байланысты саясаттану саяси идеялардың әртүрлі ағымдарын зерттейді. Мәселен, консерватизм, либерализм, радикализм, экстремизм, конформизм, авантюризм, анархизм, лоббизм, бонапартизм, этатизм, демократизм, социализм, плюрализм, гуманизм, реализм, позитивизм т. б. ағымдар.

Саясаттанудың негізгі қатегорияларының бірі - билік. Осыған байланысты саяси биліктің дәстүрлі теорияларын зерттейді. Оларға: монархия, аристократия, автократия, авторитаризм, деспотизм, охло-кратия, плутократия, тирания, тоталитаризм, этатизм, элитаризм, бюрократия, олигархия (финанс билігі), теократия, технократия т. б. жатады.

Саясаттану саяси ілімдердің утопиялық, діни, ғылыми түрлерін зерттейді. Сонымен бірге саяси білімнің ғылыми емес төмендегідей түрлерін де қарастырады. Мысалы: саяси жалған хабар, саяси көнерген ұғымдар, саяси өсек, саяси эмоциялар, сыбыстар т. б.

Екінші топтағы мәселелерге байланысты саясаттану қоғамның саяси жүйесінің қажеттілігі мен оны құру мәселерін, оның әрекет ету заңдылықтары мен принциптерін қарастыра отырып, саяси жүйенің элементтерінің қоғамдағы орны мен рөліне, қызметіне талдау жасайды. Мемлекеттің, саяси партиялардың, қоғадмдық ұйымдардың, әртүрлі еңбек ұжымдары мен нарықтық құрылымдардың қызметінесаяси баға берін, олардың рөлін көрсетеді. Олардың өзара қатынастарын қарастырады. Мемлекеттің саяси бағдарламаларына талдау жасау, оны болжау және оны іске асыру механизмдерін зерттейді. Мемлекеттік саясаттың жүруін бақылап отыратын өкімет органдарының жұмыстарын қарастырады.

Саяси режимдерге қатысты мәселелерді қарастырады. Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүргізудің заңды тәртібі мен әдістер жүйесі болғандықтан, сондай-ақ, әдетте билікті жүргізу тәжірибесі конституциялық негіздерге сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты саясаттану ғылыми саяси режимдердің демократиялық және анти-демократиялық түрлерін де зерттейді. Мәселен, парламенттік және президенттік режим, авторитарлық, тоталитарлық режимдер, олардың ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтап отырады. Олардың бірінен екінші түріне ауысып отыруы мен араласып келіп отыру заңдылықтарына талдау жасалынады.

Саяси мәдениетке байланысты, саясаттану саяси мәдениет ұғымын, саяси мәдениеттің қалыптасу процесін, оның ішкі құрылымын, саяси мәдениеттің мазмұндық сипаттарын, ұлттық сипаттың ерек-шеліктерін қарастырады. Сонымен бірге саясаттың, саяси нанымдардың рухани негіздерін, саяси актілердің моральдық және аморальдық жақтарына талдау жасайды.

Саясаттану саяси санаға қатысты, оның құрылымын, деңгейлерін, қалыптасу көздерін қарастыра отырып, сонымен бірге саяси сананың әлеуметтік негіздерін зерттейді. Саяси сананың қоғамдық санамен, мәдениетпен, адамның саяси мінез-құлқымен байланыстыра келіп, саяси сана қоғам саяси болмысының субъективтік бейнесі болатындығын дәлелдейді.

Саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің үшінші тобына келетін болсақ, оның негізгілерінің бірі-саяси процесс. Бұған байланысты саясаттану қоғамның негізгі салаларына қарай бөлінетін саясаттың бағыттарын қалыптастыру және оларды іске асыру жағын қарастырады. Саяси шешімдерді, заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесінің қызметтері зерттеледі. Халықтың және оның топтарының саясатқа араласу белсенділігі, қоғамдағы әртүрлі саяси қозғалыстар, саяси тұрақтылық пен оның өзгеру мәселелері, ақпарат құралдарының орны мен рөлі айқындалады. Сонымен бірге бұқаралық стихиялық қозғалыстарды, саяси процестердегі қысым жасау мәселелерін, ымыраға келу, саяси протест, саяси популизм, лоббизм, сайлау жүйесін де зерттейді.

Саясаттануда ең бір маңызды орын алатын, күрделі мәселенің бірі саясаттағы жеке адамның, дара тұлғаның орны мен рөлі. Мұның өзі саясаттың барлық субъектілерінің, сайып келгенде жеке адамның саясатқа араласуы және оның белсенділігі мен енжарлық мәселесін көрсетеді. Саясаттану адамның саяси ойы мен ісінің кейбір жалпы адамгершілік қасиеттеріне көңіл бөледі. Мәселен, шыншылдық, хабардарлық, жауапкершілік, патриотизм, білімдарлық, батыл ой, әділдік, әлеуметтік белсенділік т. б. қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

Саясаттану саяси элита, саяси басшы (лидер) мәселелерін де қарастырады. Саяси элитаның қалыптасуының антропологиялық жақтарын қарастыра отырып, оның типологиясын көрсетеді. Саяси элитаның қоғам саяси жүйесіндегі орнын, қызметін анықтайды. Саяси элиталардың ауысу заңдылықтарын қарастырады. Саяси элита мен билеуші таптың, қоғамның арасындағы өзара байланыстың ерекшелігін ашып көрсетеді. Қазіргі дүниедегі элитарлық және партиципаторлық концепциялардың мән-мағынасына талдаулар жасайды.

Саяси басшылардың рөлі анықталып, түрлеріне сипаттама беріледі. Олардың арасындағы өзара байланыстарын көрсете отырып, саяси басшылардың қоғамды нақтылы жағдайлармен байланыстылықтары қарастырылады. Сондай-ақ, саясаттану саяси басшылардың басшылық жүргізу стильдерімен тәсілдерн де зерттейді.

Саясаттанудың зерттейтін мәселесінің тағы бірі - ол халықаралық саяси қатынастар жүйесі. Қазіргі дүниежүзілік аренада болып отырған әртүрлі әлеуметтік-саяси іргелі өзгерістерге саяси баға бере отырып, мемлекетаралық қатынастарға теориялық тұрғыдан тұжырым-дар жасау міндетін атқарады. Сонымен бірге, саясаттану халықаралық қатынастарда бұрынғы таптық мүддеден көрі жалпы азаматтық мүддені бірінші кезекке қоюдың маңыздылығын, қажеттілігін көрсетеді. Жалпы адамзаттың құңдылықтарға негізделетін жаңа ой жүйесін қалып-тастырып отырады. Халықаралық саясатты дүниенің біртұтастығы принципі тұрғысынан жүргізудің заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Саясат және оның мәні . Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз - қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.

Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.

Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:

  • Қоғамның жалпы мақсатын анықтау
  • Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
  • Қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу
  • Шешімдер қабылдау

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі - белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізінде жүргізілді. Ал 18-ғасырдың аяғында - буржуазиялық идеологияға негізделген саяси режим пайда болды.

Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдение, ғылыми - техникалық, әскери, экологиялық, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т. б. саясаттар.

Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады.

Саясаттың ең басты мақсаты - ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір-біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.

Саясаттың объектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі-қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі - саяси қатынас мәселесі.

Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынас таптар арасындағы өзара қатынасы ретінде билік арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік және тәуелділік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезеңде объективтік қажеттілік. Мұнысыз қоғамдық қызметтің жүруі мүмкін емес. Әдетте үстемдік жүргізетін тап - ол, қолында иелігі бар, қожалығы, билігі бар тап, ал ондайы жоқ тап тәуелді тап. Сондықтан бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық негізі болып есептеледі. Бірақ, саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық, ұлттық мүдделерді де қамтиды. Ал саяси мақсатты көп жағдайда өкімет мақсаты деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың өзі саяси мақсатқа жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде саяси мүдделер, саяси мақсаттар пайда болып, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады десек қателеспейміз. Мәселен, алғашқы қауымдық, құрылыста-ақ әлеуметтік өмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік-ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат, мұраттардың өзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда өкімет туралы мәселе жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны - ол саяси билікті жеңіп алу қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар, кәсіптік одақтар болып келеді. Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құндылыққа негізделеді. Қазіргі жағдайдағы саяси қатынас пен қозғалыстарға негіз болатын үш басты құндылықтың түрлерін айтуға болады: ұлттық теңсіздік, қауіпсіздік пен тәуелсіздік; экономикалық молшылық және даму; еркіндік және конституциялық праволар. Алайда, саясат қоғамдық өмірдің бір ғана жағы болғандықтан оған қоғамдағы басқа экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық жағдайлар да ықпалын тигізеді. Осыған байланысты саясатқа әсер ететін жағдайларды өзінің ықпалы дәредесіне қарай бірнеше деңгейге бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі жағдай - ол дүниежүзілік және жалпы адамзаттық, жағдай. Екіншісі - елдегі экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық ахуал. Үшіншісі - нақтылы тарихи кезеңдегі қоғамның алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен сипаты. Төртіншісі - қоғамдағы нақтылы саяси өмірдің ахуалы. Қоғамның саяси өмірі басқаларға қарағанда дербестеу болады және онда саясаттың субъектілері, стратегиялық, тактикалық мақсаттары күрт өзгеріп отырады.

Саясат экономикалық заңдарды саналы түрде қолдану түрі болғандықтан саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Оны мынадан көруге болады.

1. Саясат экономиканың даму бағытына тура ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, қоғам прогресті түрде дамуы мүмкін. Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын оны іске асыру жолдарын анық көрсетеді және оны іске асыру үшін халықты ұйымдастырады. Экономикалық мәселелерге нақтылы дұрыс саяси мақсаттар, міндеттер қойылмайынша бірде бір тап өз билігін қолына ала да, ұстап та тұра алмайды. Яғни, саясат экономикалық мәселелерді шешу құралы болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Билік туралы
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
Саяси билік туралы ақпарат
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
Қазақстандағы саяси биліктің легитимдігі
Саяси билік түсінігі және оның ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz