Шымкент мұражайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Туған өлкем
Шымкент қаласының көрікті жерлерін
Қаладағы қызықтар
Шымкент Қаласының тарихи орындары
Шымкент мұражайлары
Мақсат міндеті:

Туған өлкем туралы және Шымкент қаласының көрікті жерлерін айту

Кіріспе

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары демекші, менің кіндік қаным тамған жер - Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Шымкент - шығыс мәдениетінің бар кереметін жиып, сақтаған қазыналы қобдиша іспеттес. Шаһар тіл үйірер тағамдарымен және Ұлы Жібек жолының жұрнағындай болған шығыс базарларымен ерекше тартымды

Шырайлы шығыстың ерекшеліктеріне құмар жандарды Шымкент қаласы құшағын жайып қарсы алады. Оңтүстіктің жүрегі, таңғажайып көне қала. Ол - жазық даланың тап ортасында, ыстық күн шуағының астында орналасқан. Қала аты - Шымкент бақ қаласы, яғни жасыл қала дегенді білдіреді, сондықтан мұнда келгенде нағыз шұратқа тап болғаныңызды аңғарасыз.
Мұнда жануарлар мен құстарды табиғи ортасында көруге болатын саялы бақтар бар. Міндетті түрде Дендробақты өз жоспарыңызға қосыңыз, бұл - тек туристердің ғана емес, жергілікті тұрғындардың да жиі серуендейтін орны.
Оазис тұжырымдамасына сай, Шымкентте бассейндері мен су аттракциондары бар аквапарктер мол. Ыстық күні қала ішінде серуендеген соң, сергіткіш салқын суға шомылып, су аттракциондарында көңіл күйді көтеруге не жетсін! Мұндай белсенді демалыстан кейін міндетті түрде дәмді тамақтан ауыз тию керек: кез келген мейрамханаға кіре берсеңіз болады, себебі Шымкентте бағалар өте тиімді, ал тіл үйірер тағамдары - алуан түрлі. Алтын түстес нағыз палаудың, арнайы рецепттер бойынша әзірленген хош иісті лағманның, кәуаптар мен самса және көптеген басқа тағамдардың дәмін татуға кеңес береміз.
Базарларды да аралап шыққаныңыз жөн болар. Түрлері мен дәмдері сан алуан қарбыз, қауын, алма, түрлі жаңғақтар мен тәттілер... Барлығынан да ауыз тиіп көруге болады: саудагерлер барын салып, ең жақсысын ұсынуға тырысары сөзсіз!
Қаланы біраз аралап шыққаннан кейін, тарихи атмосфераны жақсырақ сезіну үшін міндетті түрде мәдени, тарихи орындарға барған жөн:
* Орталық мешіт
* Шымкент өлкетану мұражайы
* Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай;
* Кең Баба этнографиялық саябағы.
* Сайрам көне қалашығы - ұлы философ, ғұлама ақын Қожа Ахмет Яссауидің туған жері, орта ғасырлардағы ірі әкімшілік және сауда орталықтарының бірі.
Сонымен қатар, қаладан тыс көне киелі жерлерге сапарға шығуға болады:
* Арыстан Баб кесенесі;
* Түркістан қаласы
* Отырар және Отырар оазисі;
* Ақмешіт үңгірі
* Домалақ-Ана кесенесі;

Шымкент мұражайлары
Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылған. 1977 жылы музей арнайы салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Облыстық мұражайдың 3 бөлiмшесi: Түркiстан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражай; Сайрам ауданында Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы; Түлкiбас ауданында Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы және 1 секторы: Ескi Иқан ауылындағы Мiртемiр әдеби-мемориалдық мұражайы бар.
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес жасалған 2004-2006 жылдарға арналған ортамерзiмдiк Мәдени мұра Бағдарламасының негiзгi бағыты мен мақсаттарын iске асыру барысында Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейi өлкемiздiң мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музейлiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи - өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері
Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Молдағұлова, Әлия Нұрмұхамедқызы
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы
Инаятолла хақындағы тарихи деректер
Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті
Тарихи -өлкетану жұ мыстарының формалары және әдістері
Мұражайдың шығу тарихы
Пәндер