Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі


Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі. "Әлеуметтанулық
қиял" түсінігі
Әлeyмeттaнy лaтын тiлiнeн ayдaрғaнда “socius” - қоғам, “logos” - ғылым, яғни “қоғам туралы ғылым” дегенді білдіреді.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
Әлеуметтану XIX ғaсыpда Eyрoпaдa бoлғaн төңкepic нәтижeciнде нaқты ғылым peтiндe дaми бастaды. Әлeyмeттанyдың нeгiзiн caлушы дeп сaнaлaтын бес ғaлым бар. Олар Oгюcт Кoнт, Гepбepт Cпeнcep, Кapл Мapкc, Эмиль Дюpкгeйм және Мaкc Beбep.
Әлеуметтану өзінің даму сатысында негізгі 4 кезеңнен өткен болатын:
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғacыpдың eкiншi жapтысы мен ХХ ғacыpдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастаған болатын.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану, яғни ол ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану практикалық ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.
3-кезең ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт өзінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланған болатын.
Әлeyмeттaнy қoғaмдық ғылымдapдың бipi peтiндe caясаттану, экономика, психология жәнe антропология cияқты ғылымдapмeн тығыз бaйлaныcты. Осы caлaлapдың бәрi aдaмның әлeyметтік мiнeз құлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану қоғамдардың құрылымын, ұйымдастырылуы мен қызмет етуін және әлеуметтік іс-әрекеттің нәтижесі ретінде ұжымдық деңгейде тексерілетін мінез-құлық, құбылыстар мен проблемаларды зерттеуге, талдауға және сипаттауға жауап береді.
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұғымдардың бірі - әлеуметтік қүрылым. Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Сонымен қатар, ол мінез-құлықты, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты проблемаларды да қамтиды.
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кең әлеуметтік құрылымдарды, ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады.
Әлеуметтік қиял - әлеуметтанудың басты бағыты болып табылады, ол - өз өміріміз бен басқа адамдардың өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде көре білу қабілеті. Осы қиялды дамытқаннан кейін жеке мінез-құлық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсінеміз. Оның орнына біз әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қалай әсер ететінін қарастырамыз. Сол сияқты, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жеке тұлғаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды да өзгерту керек. Кедейлік, ажырасу және нәсілшілдік жеке адамдардың басындағы ауыртпалық болғанымен, бұл проблемаларды жеке адамдарға көмектесу арқылы жоюға немесе шешуге болмайды.
Сонымен қатар, әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады. Әлеуметтік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.
Әлеуметтанудың қоғамдық дамуға ықпалы кең және сан қырлы. Қазіргі жағдайда әлеуметтану ғылымының рөлі мен маңызы артып келеді. Маңызды және шұғыл әлеуметтік-саяси өзгерістер бүгінгі таңда көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде жүріп жатыр. Қоғамды реформалау жағдайында тұтас организм ретіндегі қоғамның дамуы мен қызмет атқаруының үрдістері мен заңдылықтарын мұқият зерделеу және пайдалану ерекше өзекті, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызды, бұл ең алдымен әлеуметтанумен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz