Шебер оқытушы шеңбері: мектепке дейінгі арнайы пән оқытушыларын инклюзивті білім мен метадағдыларға дайындау әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Шебер оқытушы шеңбері» жобасы

Өзектілігі

Мемлекет балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, балалардың өмір сүруіне, білім алуына және дамуына қолайлы жағдай жасауды баса назарда ұстайды. Соның аясында ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту және оның қоғам мүшесі ретінде алатын орнын қалыптастыруға ықпал ететін колледж оқытушыларынан кәсіби лауазымдық талаптармен қатар құндылықтарға негізделген метадағдыларды талап етеді. Бұл талап ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізуге болашақ мамандарды дайындайтын оқытушылардың оқыту, оқу, бағалау тәжірибесін жетілдіру қажеттілігіне әкелді. Сондықтан мектепке дейінгі арнайы пән оқытушысының осы бағыт нақтыланған талаптарды қанағаттандыруға бағытталған «Шебер оқытушы шеңбері» әдістемелік жобасы дайындалды.

Жобаның мақсаты : ерекше білімді қажет ететін балаларды өмірге бейімдеу, тәрбиелеу, олардың дамуына мүмкіндіктер беруге басымдық бере отырып, оқытушылар мен білімгерлердің зерттеушілік, аналитикалық талдау жасау дағдыларын дамытуға ықпал ету; оқытуда сыни ойлау мен креативтілікті жетілдіретін жұмыстарды жандандыру арқылы мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерімен әріптестік қарым-қатынас орнату.

Күтілетін нәтиже :

мектепке дейінгі арнайы пән оқытушысының және білімгерлердің зерттеушілік, аналитикалық талдау жасау дағдыларын қалыптасады, дамиды; мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерімен әріптестік қарым-қатынас орнауы білімгерлердің ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмысының сапасының артуына ықпал етеді.

Негізгі мазмұн

Ұсынылып отырған «Шебер оқытушы шеңбері» жобасы аясында оқытушының шеберлік шеңбері тәжірибе алаңында көбірек болуды қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Жасалған ойтұжырымға дәстүрлі және жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқытушы қызметінің кәсіби әрекеттерінің мазмұнына жасалған салыстырмалы кесте негіз болды. (Қосымша 1) Кестеден оқытушы қызметінің аясын кеңейту қажеттілігін көруге болады.

Жалпы оқытушы өз шеберлігін дамытуда функционалдық қызметтер аясында жұмыс істейді. Шебер оқытушы шеңбері нені қамтиды?(Қосымша 2)

Жобада көрсетілген бағыттардың жұмыс мазмұны (Қосымша 3)

  • дуалды оқу шеңберінде білімгерлердің теориялық, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру

Тәжірибедегі мәселелер - Тәжірибедегі мәселе мәселені шешу жолдары - дуалды оқу шеңберіндегі сабақтар.

Тәжірибедегі мәселелер - арнайы пән оқытушысы оқыту тәжірибесін зерделеу барысында білімгерлердің оқу дағдыларында кездескен олқылықтарды болдырмау және алдын-алу барысында нақтыланады. Анықталған проблема бойынша оқу бағдарламасына сай дайындалатын әдістемелік кешен қосымша ақпараттармен толықтырылады. Мысалы, «Педагогика курсынан практикум» оқулығы, 2018ж, «Эверо» баспасы.

  • Әріптестік қарым-қатынас: тәжірибе алмасу

«Мектепке дейінгі педагогика» пәндік-циклдық комисиясының жылдық жоспарында жоспарланған тақырыптар бойынша ай сайын оқытушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, есеп беріп отырады. «Инклюзивті мектепке дейінгі білім беруде болашақ тәрбиешілердің кәсіптік әрекетке даярлықтарын қалыптастыру жолдары», «Монтессоридің дидактикалық материалдарын пайдалану ерекшеліктері» тақырыптарында семинар, конференция, коучингтер ұйымдастырылды.

  • тәрбиеші тәжірибесін зерделеу нәтижелерін білімгердің зерттеу жұмысымен үйлестіру

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің дуальды оқыту бойынша бекітілген әлеуметтік серіктестігі Тараз қаласы №15 бөбекжай-бақшасында арнайы Монтессори орталығында өтетін тәжірибелік сабақтар аясында білімгерлермен «Мектеп жасына дейінгі ерекше білімді қажет ететін балаларды дамытуда Монтессори технологиясының тиімділігі» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асуда. Жоба шеңберінде білімгерлер тәрбиешілер Тәжірибесін бақылау арқылы өздерінің тәжірибесіне іс-әрекеттегі зерттеу жүргізеді. Олардың нәтижелері курстық жұмыстың мазмұнына негіз болады.

  • Әлеуметтік және жеке әріптестік қарым-қатынас қалыптастыру (әлеуметтік желілер)

Оқу мен оқытуда сыни ойлау, креативтілікті жетілдіретін жұмыстарды негізіндегі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерімен әріптестік қарым-қатынас орнату арқылы ерекше білімді қажет ететін балаларды дамытуға қатысты білім алушылардың педагогикалық тәжірибесі қалыптасады. Осы күтілетін нәтиженің қол жетімділігі мектепке дейінгі мекемелердегі тәжірибелік жұмыстармен қатар әлеуметтік желілер (https://youtube. com/channel/, @bala-bakyty2022) арқылы да қамтамасыз етіледі.

Қосымша1

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім: Қазақстанның принциптері, арнаулы әлеуметтік қызметтер мен мектепке дейінгі арнайы оқу бағдарламалары
Пән мұғалімдерінің инклюзивті білім беруге технологиялық дайындығы
Инклюзивті білім беру жағдайындағы тірек-қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету әдістемесі
Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету әдістемесі
Мектепке дейінгі кезеңдегі инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және дамыту бағыттары
Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дайындау: инклюзивті білім беру, мультимедиалық оқыту кешендері және сөйлеу тілін дамыту
Қазақстандағы арнайы және инклюзивті білім берудің заңнамалық негіздері
Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету
Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz