Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі: орта кәсіптік мектептерде практикалық дайындық пен кәсіби дағдыларды қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Абай Мырзахсметов атындағы Көкшетау университеті

Баяндама

Орындаған: ПиП 41 тобының

студенті Серикова Гаухар

Тексерген: Иманғали Ф. Қ

Көкшетау, 2021 жыл

Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі.

Орта кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз инженер-педогогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер делгейін қалыптастыру.

Білім мазмұны- бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез-келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарына бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі - олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді.

Арнайы технологияболса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды:

  • тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді;
  • қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді;
  • жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді;
  • еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.

Жалпы техникалық дайындық -жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалык сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді.

Өндірістік окыту барысында ғылыми теорияны практикалык тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі.

Практикалык біліктілік - еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.

Кәсіби дағды - кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы калыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.

Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:

  • қимыл дағдысы;
  • ойлау дағдысы;
  • сезім дағдысы.

Қимыл дағдыларында жұмыспылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады.
Нәтижесінде оқытудың мазмұнның және ұйымдастыру нысанын және технологиясын анықтайтын жүйені құрушы факторлар білім берудің мақсаттары болып табылады. Білім беру мақсаттарының проблемалары педагогикада ғана емес, сонымен қоса философия, саясат, экономика үшін әрқашан маңызды болып табылады. Мақсат дегеніміз-бұкіл педагогикалық процесстің шоғырланушы білігі. Ол педагогикалық әрекеттердің тиімділігін өзгерту үшін мазмұнға, әдістерге, нысандарға әсер ететін шешуші критерий болып табылатын, бағыт беруші әсер етеді.

Қазіргі заманғы кәсіби білім берудің жалпы мақсаттарына келесі жағдайларды жатқызуға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарының теориясы мен әдістемесі
Кәсіптік бағдар беру әдістемесі және кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі
Қазақстандағы кәсіптік, кәсіби және қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мен дамуы
Кәсіптік білім беру жүйесінде дарындылықты қалыптастыру жолдары: теориялық және практикалық аспектілер
Кәсіптік педагогика және кәсіптік білім беру үдерісінің сипаттамасы
Орта-кәсіптік білім беру жүйесінде интербелсенді оқыту әдістерінің теориялық және практикалық ерекшеліктері
Оқушыларға кәсіптік білім беру және кәсіптік бағдарлау: теориялық негіздер мен мектептегі ұйымдастыру
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында математиканы кәсіптік-бағдарлы оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Кәсіптік-техникалық педагогиканың теориясы мен әдістемесі
Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқыту әдістемесі мен әдіс-тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz