Педагогикалық психологияның категориялары мен зерттеу әдістері: әдістемелік мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс тақырыбы: Педагогикалық психология категориялары мен зерттеу әдістері

2. Оқу нәтижелері

Категориялары меңгереді

зерттеу әдістерін қолданады

әдістері бойынша туындайтын мәселелерді шешеді

3. Дәріс жоспары

  1. Педагогикалық психологияның категориялары
  2. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері

4. Дәріс тезистері

1. Категория (грек Kategoria- пікір айту; белгі) - белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін ғылыми ұғым. Ғылым әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі. Педагогикалық терминология - білім, тәрбие, оқыту теориясы мен практикасында қолданылатын кәсіптік сөздер жүйесі. Педагогикалық терминология белгілі ұғымды анықтауда мұғалімдерге жеңілдік туғызып, уақыт пен ой әрекетін үнемдеуге септігін тигізеді. Тәлім аппараты түсініктерін қалыптастыру педагогикалық құбылыстар мен мәнін ұғынуға себепші болады.

Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті.

Педагогикалық психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар)

Философиялық:

  • Жалпы және жеке;
  • Мән және құбылыс;
  • Қарама - қайшылық;
  • Байланыс;
  • Себеп және салдар;
  • Форма;
  • Мазмұн.

Жалпы ғылыми:

  • Жүйе;
  • Құрылым;
  • Функция (қызмет) ;
  • Элемент;
  • Мақсат;
  • Іс-әрекет;
  • Жеке тұлға.
  • Жеке ғылыми:Педагогикалық психологиямен тікелей байланыстағы ғылыми ұғымдар:

Білім беру;

  • Білім беру мазмұны;
  • Оқыту;
  • Тәрбиелеу;
  • Әлеуметтендіру;
  • Жеке даралық;
  • Бейімделу(адаптация) ;
  • Әлеуметтік тәжірибе.

2. Әдіс (грек metodos - зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) - таным жолы; ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл. Педагогикалық зерттеу әдістері - оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық психология зерттейтін мәселелер туралы мәліметтер 3 негізгі мәлімет көздері арқылы алынады: олар - L-, Q - және Т - деректер. Мәлімет алудың бірінші көзі L - деректер - бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы алынған деректер, мұнда сараптамалық бағалау да кіреді. Мәлімет алудың екінші көзі Q - деректер - сауалнамалар мен өзін - өзі бағалаудың басқа әдістері негізінде алынады. Аталған мәлімет көзіне ММР - Минесоттық көпсалалы тұлғалық тізбе, Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық тұлғалық сауалнамасы, т. б. жатады.

Мәліметтің үшінші көзі - Т - деректер - бұл объективті тестердің мәліметтерді, олардың ішіндегі негізгі 12 топ Р. Б. Кэттел мен В. Ф. Варбуртондар бойынша педагогикалық психологияда тестілеу әдісін қарастырғанда келтіріледі.

Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері бойынша туындайтын мәселелер:

Психологиялық - педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізгі мәселесі;

  • Педагогикалық психологияда жалпы ғылыми және жалпы психологиялық зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау мәселесі;
  • Педагогикалық психологияға ғана тән зерттеу әдістерін құру мәселесі;
  • Педагогикалық психологияда экспрерименттік әдісті қолдану ерекшелігі мәселесі;
  • Жеке тұлғаның дамуын психологиялық - педагогикалық зерттеу мақсатында диагномстикалық (анықтау) әдістемелерін құру мәселесі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психологияның категориялары мен зерттеу әдістері
Педагогикалық психология: теориялық негіздері, категориялары мен зерттеу әдістері
Психологияның зерттеу әдістері мен салалары: әдістемелік шолу
Педагогикалық психологияның қалыптасуы, қазіргі ахуалы және зерттеу пәні мен әдістері
Психологияның зерттеу әдістері: теориялық-әдістемелік негіздері және тәрбие процесіндегі қолданылуы
Саяси психологияның зерттеу объектілері мен әдістемелік негіздері
Қазіргі психологияның пәні, міндеттері, принциптері мен зерттеу әдістері
Психологияның құрылымы, принциптері, салалары және зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеу әдістері мен әдістемелік негіздері
Әлеуметтанудың объектісі, пәні, категориялары мен зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz