Қазақтардың мәдени дәстүрлерінің исламдық негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақтардың мәдени дәстүрлерінің исламдық негіздері

Орындаған:Лесбаев А

Қабылдаған: Бесбаев М

Дәстүр (латынша, trаdіtiо-жалғастыру) - тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б.

Экстремизм мен терроризм түрлерінің соңғы ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде оларға қарсы тұрудың тиімді әдістерінің бірі - қазақтардың салт-дәстүрін жандандырып, дәстүрлі исламды дәріптеу болып табылады. Олай болса, теріс идеялардың таралмау жолдарының бір әдісі ол - сан ғысырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі исламның деңгейін көтеру болып саналады.

Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар - материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтар - дәстүрді құрайды. Салт-дәстүр - тіл мен мәдениет бастауларының анасы деген. XVIII ғасырдағы неміс ағартушысы И.Г. Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам қалыптасқанға дейінгі уақыттағы мәдениетті тасымалдаушы маңызын бағалап отыр. Сол сияқты, халықтық наным-сенімдер халықтың шынайы діни өмірінің көрінісі болып табылады. Егер ұлттардың тарихы мәдениет қатпарларынан тұратын болса, дін қашан да сол мәдениеттің негізгі элементі болған делінген.

Қазақтың ұлттық: имандылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлық рәсімдері ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады. Кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасын беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады. Үлкен Кеңестік энциклопедияда: Әдет-ғұрып - ислам діні тараған елдер арасындағы халықтық дәстүрлі құқығы,- делінген.

Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі - ислам. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алды. Десек те, байырғыдан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бәрі бірдей ислам шариғатымен ұштасты деуге артық айтқандық болар. Олардың ішінде тәңірлік сенім-нанымнан жетіп осы уақытқа дейін өз қасиетін жоғалтпағандары да баршылық. Оларды исламмен үндестіру әлі күнге қиын мәселенің бірі болып келеді. Неге десеңіз, бұлар байырғы діни көзқарастардан туындаған әдет-ғұрыптар, ислам шеңберіне сыймайтыны тағы бар. Бірақ бұл шағын мақалада ислам шариғаты мен қазақ салт-дәстүрлерінің қарама-қайшылықтарын емес, олардағы үндестікті сабақтастыруға әбден болады. Ата-бабамыздан мұра болып жеткен бұл дәстүрлер мен ғұрыптардың көбі ислами қайнардан алынғанын айтып кету де артық болмас.

Сондай-ақ, тәңірлік ғұрыптардың кейбірі ислам құндылықтарымен ұштасатынын, Құран аяттарымен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерімен үндесе алатынын дәлелдеуге болады.

Исламға дейінгі уақыттағы араб бәдәуилері салт-дәстүрі мен көшпелі қазақ елінің салт-дәстүрлері арасында ұқсастық бары анық. Олай болатыны, қазақтар секілді ата жолын, ата салтын қуу, рушылдық, ырымшылдық т.б. салттары арабтарда да өте күшті еді. Оларда да қазақтар секілді өз ата-бабаларын мақтап, дәріптеп оларға өлеңдер шығарып, оның аяғы тартыс, жанжалға айналып, қырқысып жататын-ды.

Қазақстанға ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Десек те, сол уақыттағы ата-бабаларымыздың салт дәстүрлерінің кейбіреулері әлі күнге дейін сақталаған. Мысалы: қазақ қоғамының тұрмыс - тіршілігінде құдалықтың ежелгі дәстүрлері бесік құда, қалың төлеу, әмеңгерлік сияқты әдет ғұрыптар сақталып келді. Отбасы мен туыстық қатынастар саласындағы исламдық және оған дейінгі дәстүрлер дінге нанушылардың күнделікті тұрмысының бір бөлігін құрайтын еді. Әр жерде жерлеу, еске алу және үйлену, сүндетке отырғызу дәстүрлері өткізіліп жатты; қазақ жерінде оның ішінде оңтүстік аймақта ислам діні кеңінен етек жайғандықтан, осы аймақтарда Құрбан айт пен Ораза айт айрықша атап өтілді. Мұсылмандыққа дейінгі көптеген салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: тасаттық, бесік құда, қарсы құда, сүйек жаңғырту, қалыңдықты алып қашу, қалың төлеу сияқты әдет-ғұрыптар кең тарап, бұларды кейбір қазақтар мұсылмандық дәстүрлер деп ұқты. Бұл салт-дәстүрлердің ислам шариғатымен жанасатын қырларын мынадай бір мысалмен тілге тиек етсек. Мысалы: тасаттық - бұл қазақтарда құрғақшылыққа байланысты құрбан шалынатын тасаттық деп аталатын дәстүр ата-бабамыздың тұрмыс тіршілігінде маңызды орын алды. Ал, жаңбыр шақыру ырым дәстүрі түрік халықтарының жаңбырлы тас туралы ерте дәуірдегі джеде, таш, яда, еде, суу таш, жай тас аталып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Мұсылман философиясы
Қазақ еліне ислам дінінің келуі
ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Пәндер