Ашаршылыққа ұшыраған өңірлер
1921-1922 жж және 1931-1933 жж ашаршылық
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды.
Себептері:
Қазақтардың ашаршылыққа ұшырауының басты себебі Майданға көмек үшін Кеңес үкіметінің бүкіл елге төтенше Әскери Коммунизм саясатын енгізу еді.
1918 жылдың 13 мамырынан большевиктер өкіметінің Азық-түлік тәрілеу саясаты күш алады. Диханшылығы мәз емес, күні төрт түлікке қарап отырған қазақтың малы талауға түседі. Ауылшаруашылық өнімінің 80%-н Қызыл армияны тамақтандыру үшін Кеңестік билік орталыққа тасып әкетіп, халық азық-түліксіз қалды. Бұл шараны Түркістан майданының қолбасшысы М. Фрунзе аяусыз қатігездікпен жүзеге асырды.
Одан бөлек 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына келтірген зияны.
Жұқпалы аурулар тарала бастады.
Осылардың бәрін біле тұра мемлекет көмектесуден бас тартты. "Қырғыздар (қазақтар) экономикалық жағынан әлсіз болғандықтан, марксистік принцип бойынша бәрібір құрып бітеді. Сондықтан да қаржыны, барлық мүмкіншілікті аштықпен күреске шығындаудың орнына, революция үшін майдандарды қолдауға жұмсаған маңызды". (Түркістандағы большевиктер фракциясының жетекшісі И.Тоболиннің 1919 жылғы Түркістан ЦИК-ң мәжілісінде айтқан сөзі. Т.Рысқұловтың"Революция және Түркістанның жергілікті халқы" кітабынан).
Ашаршылыққа ұшыраған өңірлер:
Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары.
Ашаршылыққа ұшыраған халық саны бойынша деректер:
1920-1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша, 1921 жылғы қиын жағдайда Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекенде нәубет кесірінен халық түгелдей дерлік зардап шеккен, яғни не аштан өлген, не босып кеткен.
1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша,
Орынбор губерниясында - 437 776,
Қостанай губерниясында - 252 816,
Ақтөбе губерниясында - 359 326,
Орал губерниясында - 277 835,
Бөкей губерниясында - 100 мың,
Адай уезінде - 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады.
ҚзОАК-нің Төрағасы С.Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында сол жылдың көктемінде алынған жартылай дерек бойынша Қазақстанда 2 832 000 адам аштық зардабын тартқаны жайлы айтылады.
1917-1923 жылдары аралығындағы қазақ жеріндегі халық саны:
1917 жыл - 6 218 300 адам;
1920 жыл - 4 679 795 адам;
1923 жыл - 3 786 910 адам.
Ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша 1,7 миллион адам қаза тапқан.
Жалпы 1919-1923 жыл аралығы шамамен 1,7-2,3 миллион адам қаза тапты, ал 2-2,5 миллион адам босып кетті.
Аш-жалаңаш балалар
1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш бала саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 032-ге жетті.
Астық пен мал шаруашылығы:
Қостанай губерния комитеті мен бақылау комиссиясының мәліметі бойынша, сол өлкеде ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ке, ірі 50%-ке, ұсақ мал 65%-ке азайды. Егіс алқабы 62%-ке қысқарды.
1920 жылы Правда газетінің №133 санында шыққан Түркістан атты мақаласында орталықтың Түркістан істері жөніндегі арнаулы комисиясының мүшесі Г.Сафаров Түркістанда социалистік декреттер қабылданғанымен олар сөз жүзінде қалған. Ал, іс жүзінде жер-жерде малды, астықты халықтан зорлықпен тартып алған. Бұл тұтас бір залықты қайғыға ұшыратты. Соның кесірінен 1 миллиондай қазақ аштан өлді.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық
1932-1933 жылдардағы ашаршылық Кеңес Үкіметінің қазақ ұлтын жойып жіберу мақсатында ұйымдастырған ашаршылығы. Одақ басшысы Сталин бастаған орталық билік Голощёкинді Қазақстанға басшылыққа жіберіп "кіші қазан" төңкерісін ұйымдастырды. Салықшылар халықтың қолындағы бар мал мен астықты тартып алды.
Себебі:
Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа;
Шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою;
Көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын тіршілік көзінен айырып, жаппай және күшпен отырықшыландыру науқаны;
19 жастағы Татьяна Невадовская Қазақстанға жер аударылған профессор әкесімен еріп келсе керек. Оқымысты әкенің ақылды қызы отызыншы жылдары қазақ халқын жалмаған аштық көріністерін тізіп, күнделік жүргізген.
1933 жылдың ерте көктемі болатын. Мен мамандардың бірімен шүйіркелесіп келе жаттым, қолымда фотоаппаратым бар еді. Жолда әбден әлі құрып, қалжыраған бір қазақ отыр екен. Аштан бұратылып алқаптағы жұмыстан әрең келе жатқан беті болса керек, жыламсырай ыңырсып, су мен жейтін бірдеңе сұрады. Мен қолымдағы фотоаппаратты қасымдағы кісіге ұстата салып, жүгіріп суға кеттім. Қазақ суды қомағайлана жұтты. Мен жанымдағы жолдасым бізді суретке түсіргенін аңғармаппын. Мен мына аш адамға енді бір тілім нан мен қант әкеліп берейін деп тағы да үйге жүгіре жөнелдім. Сөйтіп қайтып келсем, ол ана дүниеге аттанып кетіпті.
Татьяна НЕВАДОВСКАЯ
Арада 50 жыл өткенде Татьяна Невадовская Алматыдағы Қазақстан орталық мемлекеттік архивіне барып, өзінде бар жеке архивін, өлеңдер жинағын, сызған суреттері мен өзі Үрейлі, аштық жайлаған 1932-1933 жылдар деп атаған күнделігін табыстайды. Аш қазақпен бірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz