ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
РЕСУРСТАРЫ

Дуйсенбекова Макпал Паримбековна,
ҚР, Алматы қаласы
"№178 мамандандырылған лицей" КММ
информатика пәні мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі

Аннотация . Информатика пәнін оқытудағы цифрлық ресурстарды қолдану өте тиімді.
Цифрлық білім беру ресурстары сабақтың мақсаттарына қарай әр түрлі кезеңдерде қолданылады. Атап айтатын болсақ, жаңа материалды түсіндіру кезінде, өзіндік жұмысты бекіту кезінде, қорытынды қайталау кезінде пайдалануға болады.
Сабақ барысында цифрлық ресурстарды тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Оқушылармен жұмыс жасау барысында фронтальды жұмыстар,топтық зерттеу тапсырмалары, топтық шығармашылық тапсырмалар, тапсырмаларды орындау тәсілімен интербелсенді оқыту әдістерді тиімді пайлану қарастырылады.
"Аяқталмаған сөйлем", "Бес саусақ", "ВЕЕР", "Бір қадам алға", "IDEAL", "Ойлан,Жұптас, Пікірлес", "SMS-хабарлама", "INSERT", "Кинометафора", "Ұшақ" әдіс - тәсілдер арқылы сабақты оқытуда практикалық негізделген тапсырмалар болып табылады.
Информатика сабағында анимациялдар, иллюстрациялар, мультимедиялық презентациялар, интерактивті модельдер, графиктер және диаграммалар, виртуалды зертханалар дыбыстық объектілер осы аталған цифрлық ресустарды қолдану жолдарын оқушылар үйренеді.
Информатика сабағында The hat, Edraw Max, ZipGrade, Plickers, QR код, Wordwoll, Mentimeter, Интеллект карта, Шеңбер ойыны атты бағдарламаларды қолданады.
Біріншіден информатика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттері дамыйды, екіншіден осы аталған әдістерді қолдану кезінде оқушылардың айтылым, тыңдалым дағыдылары қалыптастады. The hat, Edraw Max, ZipGrade, Plickers, QR код, Wordwoll,Mentimeter, Интеллект карта, Шеңбер ойыны атты бағдарламаларды практика жүзінде қолданады.
Түйінді сөздер: анимациялдар, иллюстрациялар, мультимедиялық презентациялар, графиктер және диаграммалар, виртуалды зертханалар дыбыстық объектілер .
Қазіргі таңда әлемде мемлекеттің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы обьективті ақпарат адам капиталының интеллектуалдық өлшемі арқылы анықталады. Бәселекестіктің жоғарғы қабілетіне жету үшін заманауи, әрі тиімді білім беру жүйесін қолдау керек.
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту,саналы деңгейге көтеру - бүгінгі күнгі күрделі мәселе.
Білімді жеке түлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни , жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктейді, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
Цифрландыру - Қазақстанның озық ел атану жолындағы басты құралы. Қазақстан 2018-2022 жылдары "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы 4 бағыты бойынша іске асырылуда:
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
Мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктіліктерін жетілдіру;
Оқушыларды білім,білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету.
Жалпы цифрлық білім беру ресурстары дегеніміз не?
Білім берудің компьютерлік ресурстары - білім беруді оңтайландыруға, оқыту үдерісінде қолдануға арналған электрондық оқу құралдары мен бағдарламалық кешендер.
Aқпapaттaндыpу - aқпapaттық-кoммуникaциялық тexнoлoгиялapды пaйдaлaнуды қaмтaмacыз eтетін кeшeндi шapaлap.
Білім беpуді aқпapaттaндыpу - бұл білім берудің компьютерлік ресурстары мeн интepaктивтiк жaбдықтapды бiлiм бepу caлacынa пaйдaлaнудың әдicнaмaлық жәнe тәжipибeлiк құндылықтapының зaңдылықтapын зepттeйді.
"Цифрлық білім ресурсы" түсінігімен "цифрлық ресурс", "ақпараттық ресурс" және "білім беру ресурсы" түсініктерімен ұштасады.
С.Д. Каракозовтың пікірінше, ақпараттық білім беру - бұл базалық санаты ақпараттық - білім беру жүйесі, ал құру қағидасында интербелсенді және гуманистикалық негіз бар бұқаралық коммуникация және комьютерлік желілер қорындағы бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін жасауға арналған үдеріс.
Цифрлық білім ресурстары - оқыту мақсатында қолданылатын компьютер көмегімен іске асатын өнім.
А.В.Молокованың зерттеулерінде цифрлық білім беру ресурстары кешенді түрде жүзеге асыратындығын айтып өтті.
Цифрлық білім беру ресурстары - білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады.
Цифрлық білім ресурстарын мұғалім сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде пайдалана алуы қажет.
Цифрлық білім беру ресурстары - оқушыларға әр тақырып бойынша жаңа материалдарды мультимедиялық көріністермен түсіндіріп, интербелсенді тапсырмалар мен бақылау тапсырмаларын орындау арқылы алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Ағылшын ғалымдары Р.Вильямс пен К.Маклиннің еңбектерінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру қажеттілігі туралы айтылған. [13, б. 17].
Цифрлық білім беру ресустары ақпараттық қоғамдағы оқушылардың интеллектуалдық мүмкіншіліктеріне күш салу, сонымен қатар оқу жүйесінің барлық деңгейлерінің сапасын көтеру.
Цифрлық білім беру ресурстарының басқа да маңызды ерекшілігі, ол - интерактивтігі, яғни сұхбат, кері байланыс орнату мүмкіндігі.
"Мұғалім - цифрлық білім ресурсы - оқушы" триадасындағы кері байланыс мұғалімге де, оқушыға да түсуі мүмкін. Оқушыға цифрлық білім қорынан түскен мәлімет, оқушының оқудағы іс-әрекетіне қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Білім беру жүйесінде цифрлық ресурстарды қолдануды "Информатика пәнін оқытудағы тиімді ресурстар" тақырыбында ұсынбақпын.
Мақсатым: білімнің жаңа үлгісін жасап, оқу үдерісінде сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу, информатика пәнінен цифрлық білім ресурстарын пайдалану әдістемесін жасау.
Міндетім:
Информатика пәнінің мазмұнына сәйкес цифрлық білім ресурстарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылау;
Информатикадан жинақталған цифрлық білім ресурстарын сабақтың
мақсатына сай пайдалану әдістемесін жасау және оның тиімділігін
көрсету;
Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктерін айқындау;
Информатикадан цифрлық білім ресустарының жіктемесін жасау.
Аталған мақсат пен міндеттерді орындау барысында мұғалімнің цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануын анықтап алдым.
Екі оқушы - бір компьютер:
Фронтальды жұмыстар;
Топтық зерттеу тапсырмалары;
Топтық шығармашылық тапсырмалар;
Тапсырмаларды орындау тәсілімен интербелсенді оқыту.
Бір оқушы - бір компьютер:
Виртуалдық зертханалық практикум;
Жеке зерттеу тапсырмалары;
Тапсырмаларды орындау тәсілімен интербелсенді оқыту;
Компьютерлік тестілеу.

1-сурет . Цифрлық білім беру ресурстарын топтамасы

Информатика пәнін оқытуда білім берудің цифрлық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесінің тиімділігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Білім беруді цифрландыру
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
IT БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметіне киберпсихология білімінің әсері
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Қалыптастырушы бағалау әдістемесін әзірлеу
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Пәндер