Дельфи ортасында браузер құру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
кіріспе3
1. Internet деген не және ол не үшін қажет5
2. Провайдер таңдау кезінде қойылатын талаптар6
3. Internet желісіне қалай қосылуға болады6
4. Е-mail, WWW, FTP мүмкіндіктеріне қысқаша шолу8
5. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу негіздері8
6. Google, Yandex, Rambler ақпараттық-іздеу порталдары10
7. Чаттар, форумдар, ICQ10
8. Е-үкімет12
9. Internet қызметтер13
10. Internet-банкинг14
11. Е-төлемдер (Internet дүкендері) 15
12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу16
13. IР-телефония (Skype бағдарламасы) 17
14. Қашықтан оқыту18
15. интернетке арналған веб-браузер19
ҚОРЫТЫНДЫ22
Әдебиеттер тізімі23
қосымша24
кіріспе
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
1. Internet деген не және ол не үшін қажет
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . Internet - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады.
Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www. атауы. үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы - http://www. akorda. kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы - http://www. government. kz. ) . Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (. kz - Қазақстан, . ru - Ресей, . ua - Украина, . uk - Ұлыбритания, . fr - Франция және т. б. ) немесе қызмет саласын (. com - коммерциялық ұйымдар, . org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, . edu - білім беру қор көздеріне арналған, т. с. с. ) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.
2. Провайдер таңдау кезінде қойылатын талаптар
Провайдер - бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады. Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал: · Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы - уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу - бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі - кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.
3. Internet желісіне қалай қосылуға болады
Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем қажет. Модем - бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады. Internet желісіне қосылуды баптау үшін (Windows 2003 нұсқасы үшін) Бастау батырмасын басып, Баптау - Басқару үстелі - Желілік қосылымдар - Жаңа қосылым жасау шебері әмірлерін таңдап, пайда болған терезеде Келесі батырмасын басу керек. Internet-ке қосылуды таңдап, Келесі батырмасын басыңыз. Қосылымды қолмен орнатуды таңдап, Келесі батырмасын басыңыз. Кәдімгі модем арқылы дегенді таңдап, Келесі батырмасын басыңыз Бос жолға Интернет провайдерінің атауын енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз Жолға провайдердің телефон нөмірін енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз
Пайдаланушының аты жолында Пайдаланушының атын, Құпия сөз жолында провайдерден алынған құпия сөзді енгізу қажет. Құпия сөзді құптау жолағында сол құпия сөзді қайта енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз Жұмысты аяқтау үшін Дайын батырмасын басыңыз Internet желісіне тікелей қосылу үшін Internet-ке қосылуды баптағаннан кейін пайда болатын лақапты шерту қажет Пайда болған терезеде Пайдаланушының аты және Құпия сөз өрістерін толтырып, Нөмір теру өрісінде өз провайдеріңіздің телефон нөмірін енгізіңіз. Шақырту батырмасын басып, қосылысты күтеміз Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.
Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады. Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды. Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек.
4. Е-mail, WWW, FTP мүмкіндіктеріне қысқаша шолу
Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т. б. WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web - «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web - бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы. Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін - мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте . htm болады.
Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т. б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді. Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.
5. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу негіздері
Internet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш - браузер деп аталатын арнайы бағдарлама қажет. Браузер - бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Internet Explorer қазақ тілді нұсқасы Web-беттерді әзірлеушілер жасайтын ақпаратты дыбыстық және бейне сүйемелдеу сияқты түрлі мүмкіндіктерді қолдайды. Microsoft Internet Explorer-мен жұмысты бастау үшін жұмыс үстелінен шолғыш белгішесін тауып, оны нұқыңыз. Өзіндік бе ашылады. Пайдаланушы өзіне ұнаған веб-бетін өзіндік бет ретінде орната алады.
Жоғарғы жақта ашылатын мәзірі бар үстел орналасқан (1) . Одан сәл төменіректе навигациялық және басқа да батырмалары бар құралдар үстелі (2) . Одан кейін - Өту батырмасы бар мекенжай жолағы (веб-бетінің URL-ін енгізуге арналған орын) және сілтемелер үстелі орналасқан (3) .
Интернетте қызықты сайттар жиі кездеседі. Олардың мекенжайын Таңдаулы үстелінің көмегімен есте сақтап қалуға болады. Бұл үшін сәйкесінше Таңдаулы батырмасын шерту арқылы үстелді іске қосамыз да, соңғы сайтты таңдаулылар тізіміне Үстеу батырмасын шерту арқылы қосамыз Журнал - сіздің Internet-те жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Internet Explorer Сіздің Internet-те жасаған әрбір қадамыңызды өз бетімен тіркеп отырады. Сіз кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар Журнал қалтасында сақталып тұрады. Ол қалтаны шақырудың ең оңай тәсілі - шолғыштың жоғарғы үстеліндегі Журнал батырмасын басу.
Internet Explorer бағдарламасының Өзіндік батырмасы Сіздің өзіндік бетіңізге өтуге мүмкіндік береді. Ашылған бетті Internet Explorer-де сақтау үшін Файл мәзірінің Басқаша сақтау әмірін орындап, ашылған сұхбат терезесінде сақтау үшін қалтаны көрсетіп, қажет болса, файлға атау беріңіз де, Сақтау батырмасын басыңыз. Беттегі ұнаған суретті сақтау үшін, сол суретті тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту арқылы бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірден Суретті басқаша сақтау тармағын шерту керек. Содан кейін сақтайтын қалтаны көрсету керек.
6. Google, Yandex, Rambler ақпараттық-іздеу порталдары
Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді. Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т. б. таба аласыз.
Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары: Google (www. google. com және www. google. kz), Yandex (www. yandex. ru), Rambler (www. rambler. ru) . Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, Жаңалықтар таспасы, Тақырыптар бойынша сайттар каталогы, Іздеу қызметі болады.
Әдетте ақпараттық-іздеу порталдарының бәрі ұқсас сұлба бойына жұмыс істейді. Енгізу өрісіне кілттік сөздерді жазып, Іздеу батырмасын басамыз. Осыдан кейін сайттар тізімі іріктеліп, бейне бетке шығарылады Енгізу өрісінің астыңғы жағында беттерді іздеу нәтижесі көрінеді. Ол бейне бетке бөлшектеп шығарылады. Одан ары қарай өту үшін Келесі батырмасын басамыз.
7. Чаттар, форумдар, ICQ
Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet желісіндегі Чат - бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет. Чаттарға мәзірінде «Чаттар» деген сілтемесі бар кез келген веб-бетінен кіруге болады. Тілдескісі келетін әрбір адам арнаға ену үшін алдын ала қатынас шегін айқындап алуы, яғни, өз ник-есімін (ағылш. nickname), өзін өзгелер қалай атағанын қалайтынын көрсетуі қажет. Есім латын не орыс әліпбиі әріптерінен құралуы тиіс. Сондай-ақ, Сіздің хабарламаларыңыз қай түспен ерекшеленетінін, жаңарту уақытын (чат терезесінің жаңартылып отыру жиілігін) және шығарылатын хабарлама жолдарының санын таңдауға да болады.
Арнаға қосылғаннан кейін пайдаланушы осы пікірталасқа қатысушылардың барлығының аттарын көреді. Чатқа жөнелтілетін мәтін барлық өзге қатысушылардың негізгі терезесінде бірден пайда болады. Бұнда әркім кез келген тақырыпты, топты таңдауға, сөйлеуге, тыңдауға, топтағылардың барлығына қаратып бірдеме айтуға, өз тобын ұйымдастыруға немесе біреумен тек екеуара сөйлесуге ерікті. Форум - бұл сайтта қатынас жасау құралы. Форумдағы хабарламалар пошта хабарламаларына ұқсайды, олардың әрқайсысының авторы, тақырыбы және мазмұны бар. Бірақ, форумға хабарлама жөнелту үшін қосымша бағдарлама қажет емес, тек сайттағы өзіне сәйкес нысанды толтырса жеткілікті
Форумның міндетті қасиеті - ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread - «жіп») біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай жауаптардың реті, жауапқа жауаптың реті тағы с. с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады. Чаттарға қарағанда форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес. ICQ қызметі - бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You - Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-телефония, файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны тексеру сияқты тағы басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады. ICQ мүмкіндіктерінің тізімін жеке көшіріліп, тура бағдарламаның өзінен орнатылатын қосымша модульдер есебінен енңейтуге болады. Өзіңізде ICQ нұсқаларының бірін орнатып алып (олардың кейбіреулері орыс тіліне аударылған), желінің басқа клиенттерімен сөйлесіп, хабарлама алмаса аласыздар. Бағдарламаңызды тіркеген кезде ICQ серверінде өз жеке байланыс орталығыңызды (Personal Communication Center) ала аласыз. Ол жерде сіз туралы басқа тұтынушылар қол жеткізе алатындай етіп өзіңіз берген ақпарат орналасады. Байланыс орталығындағы пейджер арқылы ICQ жоқ адамдар Сізбен байланыса алады. Сонымен қатар пайдаланушылар Сізге арнап ICQ-ға 450 таңбадан аспайтын хат жіберуіне де болады. ICQ бағдарламасын Internet желісінен көшіріп ала аласыз. Содан кейін көшірілген файлды іске қосып, орнату бойынша нұсқаулықтарға ере отырып, бұрыннан бар ICQ нөмірі мен құпия сөзді енгізіңіз немесе жаңасын тіркеңіз, қатынас парағына өз достарыңызды қосыңыз - қатынас ашық!
8. Е-үкімет
Электрондық үкімет (е-үкімет) - халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл - қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы - www. e. gov. kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.
Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www. e. gov. kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.
Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие болу үшін веб-порталда тіркелу қажет. Жеке бет азаматтарға электрондық пошта, күнтізбелік жоспарлау, жөнелтімдер, қатынас құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
9. Internet қызметтер
Internet көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Ондай қызмет түріне: қонақ үйде бөлмелерді алдын ала алу, ұшақ және пойыз, сонымен қатар түрлі спорт жарыстары билетіне тапсырыс беру, туристік сапарға тапсырыс беру, мәтіндерді аудару, түрлі тауарларды сатып алу және с. с. Қандай да бір қызмет түрін пайдалану үшін қажетті сайтқа кіру керек (қонақ үй сайтына, туристік агенттік сайтына, Internet дүкеніне және т. б. ) . Мысалы, ұшақ билетіне Сіз авиакомпания арқылы тапсырыс бере аласыз. Осындай кез келген сайттың мекенжайын Internet жарнамасынан немесе түрлі іздеу жүйелерінен табуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz