Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезінің Сарытүбек елді мекенінде, Байтұрсынның шаңырағында шыр етіп ұл бала дүниеге келіпті. Бұл нәрестеге атасы ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын «Ахмет» деп қойған екен. Осылайша қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, аудармашы, педагог және қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы дүние есігін ашқан екен. Ахмет табиғатынан зерек әрі талапты болады. Ол 1882 - 1884 жылдар аралығында көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды. Кейін жақын жердегі ауыл мектебінде білім алады. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы екі сыныптық мектепке оқуға береді. Ол мекетепті 1891жылы аяқтаған соң, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 жылдан 1909 жылдар аралығында Қостанай, Ақтөбе, Қарақаралы жерлерінде оқытушы болып, кейін Қарқаралыдағы училищеде меңгеруші қызметін атқарады. Ахметтің саяси жолға түсуі 1905 жылдан бастау алады.

Ахметтің Әкесі Байтұрсын өте намысшыл, сергек, еті тірі адам болады. Сол себеппен Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілін соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға бала Ахметтің санасына терең із қалдырады. Ол мәселенің түп негізін толық түсінбесе де, өмірдегі әділетсіздік пен зорлық - зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көреді. Ол мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын іздеп, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Өз бетімен көп ізденіп, кітаптар оқиды. Өлең - жырлар жазып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, әдебиетпен айналыса отырып, оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің терең білімімен, парасаттылығымен елге таныла а бастайды. Бостандықты аңсағандарға арнап үндеу өлеңдер жазады. 1910 жылы 19 ақпанда Ресейдің ішкі істер министрінің ерекше кеңесі қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдайды. Қазақстанда тұру құқығынан айырылған Ахмет 1910 жылы Орынбор қаласына келеді. 1913 - 1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде Ә. Бөкейхан және М. Дулатұлымен біріге қызмет істей жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халықтың өмірін және аса күрделі мәселелерді көтереді. Елді оқу - білімге, өнерге, алға ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Алматыдағы жоғары оқу орындарының профессоры, Қазақстан академиялық орталығының төрағасы қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартады. 1934 жылы елге оралған Ахметті 1937 жылы 8 тамызда қайта тұтқынға алады. Ахмет қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы желтоқсан айында жазықсыз атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп жазықсыз қуғынға ұшырап, атылған А. Байтұрсыновтың аты да, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды.
Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан - ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы - оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші - реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды.

Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым - теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі - "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс - тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі - тірнек өнері, екіншісі - көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. "Өнердің ең алды - сөз өнері саналады. "Өнер алды - қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән - күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынов
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ОМІРБАЯНЫ
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым - Ахмет байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Байтұрсынұлы Ахмет
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz