РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ - ЗЕРТТЕУШІ-ҒАЛЫМ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ - ЗЕРТТЕУШІ-ҒАЛЫМ
Ғылыми жетекші: А.П.Мыңбаева
ОҚМПУ phd доктор, аға оқытушы
Д.Ж.Арынбаева
ОҚМПУ 1701-10 тобының 1-курс магистранты

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

Әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1988), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1989), ғылымға еңбегі сіңген қайраткер (1998), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (1995) Рымғали Нұрғали Семей облысы, Абралы ауданы, Қайнар ауылында 1940 жылдың 1 маусымында дүниеге келген. Баршатас орта мектебін медальмен бітірген.
Қазақ ұлттық университетінде әуелі филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып (2 курс), артынан журналистика бөліміне ауысып, соны аяқтаған (1963).
1962-1965 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінің Тың өлкесі бойынша меншікті тілшісі, 1966-1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында сын бөлімінің меңгерушісі, 1968-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор, филология факультетінің деканы, 1986-1997 жылдары Қазақ энциклопедиясының Бас редакторы болды. 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Рымғали Нұрғали қаламынан туындаған сын, зерттеу, көркем жазба еңбектерін жинақтай зерделегенде мынаны аңғарамыз.
1968 жылы жарық көрген "Трагедия табиғаты" зерттеуінде М.Әуезовтың трагедияларын кеңінен саралап қарастырды. Жалпы, М.Әуезов шығармашылығын зерттегенде Р.Нұрғали қаламгердің публицистикасы, драматургиясы, прозасын алаш ұранды әдебиетпен байланыстыра зерттеді. "Көксерек", "Хан Кене", "Қилы заман" секілді туындыларды қайыра қарап, жаңаша пайымдады.
Рымғалидың "Талант табиғаты" шығармасы (1969) Жұмат Шаниннің өмірі мен шығармашылық жолын ашып көрсетуге арналды. Ал, қазақ драматургиясындағы поэтика мәселелерін талдауға арналған туындысы "Күретамыр" (1973) деп аталды. Әдебиет пен эстетика негіздеріне талдау жасап, әдебиеттану ғылымын жаңа қорытынды, тың тұжырымдармен байыта түскен "Өнер алды - қызыл тіл" (1974), "Өнердің эстетикалық нысанасы" (1979) кітаптары қазақы ғылымның қорына қосылған ілкі дүниелер болды.
1967 жылы "Мұхтар Әуезовтың трагедиялары" тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады.
1973 жылы Р.Нұрғали "Қазақ драматургиясының поэтикасы" тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Әйтсе де, сол кездегі Мәскеудегі аттестациялық комиссия 5 жыл бойына созбаққа салып, ақырында "ұлтшылдығы, саяси сәйкеспеушілігіне" байланысты деген желеумен диссертацияны бекітпей қояды. Сол кезде Рымғали отыз үш жаста болған екен...
Қажырын қайта жиып, араға 10 жыл салып диссертацияны екінші қайтара қорғауға бекінеді. 1983 жылы "Проблемы жанров казахской советской драматургии" тақырыбында филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін орыс тілінде диссертация қорғады. Сол жылы ғылым докторы дипломын алды. 1984 жылы Мәскеудегі Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен профессор атағы берілді.
Рымғали көлемді, іргелі еңбектерді жазды. Әдебиеттанудың аса маңызды ғылыми-эстетикалық мәселелерін нақты методологиялық тәсілдер арқылы қарастырып, шешімін тауып отырды. Ол әдебиет тарихын, теориясын, жанрларын жетік меңгерген, зерттеу жұмысында емін-еркін көсіле қалам сілтейтін хас шебер екенін "Қазақ революциялық поэзиясы", "Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму", "Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі" атты үштомдық трилогиясы айқын көрсетіп берді. Осы еңбектері үшін Р.Нұрғали 1988 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Р.Нұрғали ең алдымен әдеби мәтінге, шығармалардың туу тарихына, түрлі нұсқаларына, жанрлық формаларға, сюжеттік-композициялық ұқсастықтарға, типологиялық қайталауларға, әдеби дамудың ерекшеліктеріне жіті мән беріп, әлеуметтік-қоғамдық идеяларды қарастырып, тың ғылыми тұжырымдар мен байламдар жасайды. Мұның бәрі, әсіресе, "Әуезов және Алаш" монографиясында айқын көрініс тапқан.
Бұған қоса, Р.Нұрғали қазақ әдебиетінің басқа ел әдебиеттерімен байланысы, сарын, идея мен образ үндестігі туралы пайымдары мен тұжырымдары қазақ ғылыми қорын байыта түскені сөзсіз.
Р.Нұрғали зерттеулерінің ең басты ерекшелігі - композициялық жинақтылығында, ой тереңдегінде, стильдік даралығы мен методологиялық, теориялық тиянақтылығында.
Зерттеуші табиғаты аңғарымпаздығымен, қылт еткенді қалт жібермейтін бақылағыштығымен, қиядағыны қалыс қалдырмай шала білетін қағілездігімен, ой-сананың сүңгідей өткірлігімен және мәселені сан қырынан сараптай білетін жан-жақтылығымен, ең бастысы - ерінбей-талмай әрекет етіп ізденуге бейім жанкешті еңбекқорлығымен ерекшеленсе керек.
Мұндай қасиет-қабілеттер Рымғали Нұрғали бойында тұнып тұрды деуге болатындай. Жазып-жариялап қалдырған еңбектерін ақтарғанда, замандас-тұстас, әріптес-шәкірттерінің сөздеріне ден қойғанда, бұған көзіміз анық жете түседі.
Академик, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор, жазушы, сыншы, әдебиеттанушы, энциклопедияшы Рымғали Нұрғалидің мұндай тұлғалық тұтастығы мен сан қырлылығының бір сыры ұлағат үйреткен ұстаздарының ұлықтығына да байланысты еді. Бойдағы табиғи дарынды дамытатын, ұштайтын, кәделі іске жарамды ететін жақсы ұстаздың үлгісі емес пе?! Жоғары оқу орны қабырғасында қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Әуезовтен тәлім алғаны бір төбе, қазақ тіл білімінің тамырын таратқан ғалымдар Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Темірғали Нұртазин, Есмағамбет Ысмайыловтардан дәріс алуы да Рымғалидың зерттеушілік талантын шыңдай түсті. Ал, өз баласындай бауырына тартып, барын бөліскен, ғылымға баулыған Бейсенбай Кенжебаевпен жақын қарым-қатынасы ізденіс жолына түскен жас Рымғалидың қанатын қатайтып, буынын бекіте түскені анық. Алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарын жаздырып, оларға өз атын қостырып тең автор болып жариялатқан Бейсекеңнің бастамашылдығы, көл-көсір кеңшілігі Рымғалидың сан-салалы, жан-жақты әрі тыңғылықты ғалымдық тұлғасының қалыптасуына зор ықпал етті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармаларды оқыту (Рымғали Нұрғали зерттеулері негізінде)ды оқыту
Драма мен театр байланысы
Жазушының драмалық шығармалары
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым
Қазақ драматургиясы
Әдебиеттану мәселелері
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Алаш философиясы әлем қазақтары мәдениеті контексінде
Пәндер