КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ


Оразалина Кульмираш Жанболатовна
қазақ тілімен әдебиеті мұғалімі
Екібастұз қаласының №33 орта мектебі
«КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ»
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А. Байтұрсынов.
Аннотация: Баяндамада сапалы білім алуға бағытталатын бағалау критерийлерін
Қолданудың мәні ұсынылған.
В докладе представлен значение применения критериев оценки, используемых для получения качественного образования.
The report presents the importance of applying the evaluation criteria used to obtain quality
education.
Кілтті сөздер: критериалды бағалау, оқу жетістігі, бағалау критерийлері.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»- деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов
атамыз айтқандай, ел болудың бүтінгі таңдағы басты мақсаты - заман ағымынан қалмау
үшін, әлемдік білім беру стандарттарына сай оқыту үшін еліміздің білім бері жүйесіне
өзгеріс енгізу.
«Ұстаздың биігі: Ойлана қарасаң - биіктей береді, Үңіле қарасаң - тереңдей береді.
Қол созсаң - қарсы алдыңда. Айналсаң - артыңда тұрады» - деген Сократтың
Даналығының мағынасына тереңірек үңіліп, үлкен мән жатқанын ұғынуға болады. Адам
Ағзасындағы жүрекке қандай күш керек болса, мектептің оқу үрдісіне, ойы мен қиялы
Ұшқыр жас жеткіншектерге ғылым мен техника дамыған уақытты сапалы білім, саналы
Тәрбие беру үшін мұғалімнің іс-тәрбиесіне жаңалық енгізу қажет-ақ. Олай болса, ұстаз қаумына жүктелетін міндет - бала бойына терең білім нәрін сіңіріп, жаңалықтармен
жетіліп, жан-жақты ізденіс үстінде болу.
«Еркін елдің ертеңі кемел білім мен кенен ғылымда», деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, кемел білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ қажет. Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине, білім сапасын арттыру қажет. Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критерийі.
Критериалды бағалау - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен
Мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп
әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т. б) барлығына алдын ала таныс, ұжым
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы окушының оқу жетістіктерін
үдеріс.
Оқуды тиімді бағалау - білім беру мен окытудағы ең негізгі кезеңі. Өйткені, ол
оқыту барысында оқышыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге
жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпакты жаңа тәсілдермен оқыта отырып,
бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауапшылықты
қажет етеді.
Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:
балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
- Көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралу мүмкіндігімен ерекшеленеді және
мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;
- оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі
білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;
- ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін
көрсетуге болады;
- білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;
- оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп,
жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
- ата-ана-мектеп-о0ушы арасында5ы байланысты нығайта түседі.
Тәжірибелік маңыздылығы:
-жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
-оқушы жұмысы алдын-белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
-бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға
баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды
жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
-оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады[2] .
Күнделікті сабақта білім алушылар топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр
Жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға
талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың
деңгейі артады. Бағалау парақшасына дейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.
Негізінде, баға қою - оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағанықоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
- Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
- Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
- Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
- Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
- Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
- Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
- Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т. б)
- Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
- Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Мұғалімнің бағалаудағы рөлі;
- Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
- Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
- Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
- Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады. Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [3]
Критериалды бағалау
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2 Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік
береді [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz