Саңырауқұлақтарға(микозға) қарсы дәрілер. Вирустарға қарсы дәрілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №20
Тақырыбы: Саңырауқұлақтарға(микозға) қарсы дәрілер.Вирустарға қарсы дәрілер.
Вирусқа қарсы қолданылатын дәрілер
Вирусқа қарсы дәрілерге вирустық инфекцияларды емдеуге және алдын-алуға қолданылатын химиотерапиялық дәрілер жатады. Бұл топтың дәрілері: ацикловир, мидантан, ремантадин, оксолин, идоксуридин, интерферон және т.б.
Ацикловир Виролекс- Aciclovirum. Шығарылатын түрі: флакон 0,25; таблетка 0,2г; көз майы 3% 5г; 5% крем.
Ацикловир кәдімгі және белдеулік ұшық вирустарына әсер ететін вирусқа қарсы препарат. Препарат жаңа бөртпелердің пайда болуына кедергі жасайды, терінің асқынуын азайтады, зақымдалынған жердің жазылуын тездетеді, ауырғанды азайтады, иммунностимуляторлық әсер етеді.
Ұшық инфекциясының ауыр түрінде көктамырға қолданылады. Көз майын кератит ұшығында, кремді тері және кілегей қабықтың вирустық ауруларында қолданылады.
Жағымсыз әсері: ішуге қолданғанда - жүрек айнытады, құстырады, бас ауыртады, аллергиялық реакциялар, әлсіреу пайда болады; көктамырға қолданғанда - бүйректің, бауырдың қызметі бұзылады.
Мидантан Midantanum. Шығарылатын түрі: таблетка 0,1г
Синтетикалық вирусқа қарсы препарат. Вирустық тымаудың А түрін алдын алуға қолданылады. Мидантанның вирусқа қарсы әсерінен басқа паркинсон ауруына қарсы да қасиеті бар.
Жағымсыз әсері: диспептикалық өзгерістер, тері бөртпесі, ауыздың құрғауы, саусақтар дірілі және зәр шығуының жиілеуі.
Екі қабат және емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Ремантадин Remantadinum. Шығарылатын түрі: таблетка 0,05г.
Химиялық құрылысы және қасиеттері бойынша мидантанға ұқсас
Тымаудың алдын алуға және емдеуге қолданылады әсіресе тымаудың А түрін. Жағымсыз әсері: асқазанды ауыртады.
Бауыр, бүйрек ауруларында, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Оксолин Oxolinum. Шығарылатын түрі: май 0,25%, 0,5%, 1%, 2%, 3%; ұнтақ
Оксолин синтетикалық вирусқа қарсы препарат.
Қолданылуы: көздің, терінің және мұрынның кілегей қабықтарының вирустық ауруларында. Оксолинді тымаудың алдын алу үшін де қолданылады ол үшін оксолин майын мұрынның кілегей қабығына жағады.
Жағымсыз әсері: жергілікті жерге қолданғанда сол жерді ашытады.
Идоксуридин Idoxuridinum. Шығарылатын түрі: флакон 5; 10мл 0,1% көз тамшысы
Ұшық тобының вирустарына әсер ететін вирусқа қарсы препарат.
Уыттылығы жоғары болғандықтан, оны тек көз тамшысы ретінде ұшық тобының вирустары тудырған кератиттерде қолданылады.
Интерферон Interferonum. Шығарылатын түрі: ампула 2 мл.
Мұрынға және көзге тамызады немесе ингаляция жасайды. Адамның донорлық қанынан алынған лейкоцитарлық интерферон.
Тымаудың алдын алуға және көздің кейбір вирустық зақымдалуында қолданылады.
Саңырауқұлаққа қарсы қолданылатын дәрілер.
Патогендік саңырауқұлақтардан пайда болған ауруларды микоздар деп атайды. Микоздар бөлінеді: жүйелі микоздар, дерматомикоздар, кандидамикоз.
Жүйелі микоздар: ішкі мүшелерді әсіресе өкпені, орталық жүйке жүйесін зақымдайды, саңырауқұлақ сепсисі болуы мүмкін.
Дерматомикоздар: теріні, шашты, тырнақты зақымдайды.
Кандидамикоз: жоғарғы кілегей қабықты, теріні зақымдайды, жүйелі өкпені, асқазан-ішек жолдарын, орталық жүйке жүйесін зақымдайды
Саңырауқұлаққа қарсы дәрілерге антибиотиктер және синтетикалық дәрілер жатады.
Саңырауқұлаққа қарсы қолданылатын антибиотиктер
Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктерге амфотерицин В, нистатин, леворин, натамицин пимафуцин, гризеофульвин жатады.
Амфотерицин В Amphotericinum. Шығарылатын түрі: флакон 50 000 ЕД венаға - еріткішпен бірге, ингаляцияға-еріткішсіз; май 15г, 30г.
Қолданылуы: жүйелі микозда - ішкі мүшелердің, өкпенің, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуында және жоғарғы, жүйелі кандидамикозда.
Бұл ауруларда оны көктамырға қолданады, ішке ішуге тиімсіз, себебі асқорыту жолында нашар сіңеді.
Жағымсыз әсері: уландырғыш әсері өте жоғары, сондықтан қосымша әсерлері көп: бүйрек қызметін бұзады, гипокалиемия, жүрек аритмиясын туғызады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Жалпы фармакология
Әр түрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериалды заттар. сульфаниламидтік дәрілер
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Бактериялардан алынатын антибиотиктер
Тетрациклиндер тобының антибиотиктері
Туберкулез ауруының түрлері
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Пәндер