Мейрамхана жұмысын автоматтандыру (Delphi ортасында)


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2

1 Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері 4

1. 1 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект 4

1. 2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс 6

1. 3 Компоненттер палитрасы 12

1. 4 Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру 14

1. 5 Проектiнi сақтау және ашу 17

2 Жиындар 19

3. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері 27

3. 1. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру 30

3. 2. TQuery компонентімен жұмыс 33

4. «МЕЙРАМХАНА жұмысын автоматтаныдру» бағдарламасын СИПАТТАУ 36

4. 1. Бағдарламаның негізгі сипаты 36

4. 2. Тағамды іздеу 37

4. 3. Мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру 39

4. 4. Тапсырыс беру 41

4. 5. Тапсырыстар кестесі 42

ҚОРЫТЫНДЫ 43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 44

Қосымша 45

Кіріспе

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.

Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.

Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.

Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.

Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.

Сонымен курстық жұмысқа қысқаша тоқталып өтер болсақ:

Тақырыбы: «Мейрамхана жұмысын автоматтандыру». Бұл курстық жұмыстың мақсаты, мейрамханада жұмыс жасайтын администраторлардың жұмысы жеңілдету.

1 Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері

1. 1 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект

Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске қосу командасы:

Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 6 → Delphi 6

Нәтижеде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-сурет) .

1. 1-сурет. Delphi ортасы

1 - Delphi

Сурет 1. Delphi’дің негізгі терезесі

5-тiң негiзгi терезесi;

2 - Форма (Form1) ;

3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector) .

  • Ортада программа құруға арналған модуль терезесi да iске қосылады (Unit1. pas) . Форма терезесiнiң астында орналасқандықтан, ол экранда көрiнбейдi.
  • Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы (2-сурет) енгiзiлген.

Сурет 2. Delphi-дiң негiзгi терезесi

Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сүхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-сурет) . Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.

Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компоненттер орнатылады. Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасында орналасқан.

Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi қасиеттерi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т. б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер меншiктелiп қойылады.

Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Қасиеттер терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) . Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан түратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет) . Бiрiншi бағанда - қасиет атаулары жазылған, екiншi бағанға - олардың мәндерi енгiзiледi.

  • Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға болады. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға Form1. Font. Size := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.
  • Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол ±11 клавишi басылған кезде де көрiнедi.

Ескерту. Жаңа проект iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бумасын таңдау жеткiлiктi.

1. 2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс

Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Осы iс-әрекет (тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi барысында объект жағдайын өзгертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi шақырады.

  • Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
  • Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (3-сурет) . Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

Сурет 3. Форма оқиғалары

Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:

OnClick - тышқан түймесiн бiр рет басу;

OnDblClick - тышқан түймесiн екi рет басу;

OnKeyDown - клавиштi басу;

OnKeyUp - басылған клавиштi босату;

OnMouseDown - тышқан түймесiн басу;

OnMouseUp - тышқан түймесiн босату;

OnMouseMove - тышқан көрсеткiшiн жылжыту;

OnCreate - форманы екi рет шерту, т. б.

Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi (олар 1. 4-тақырыпта кең тұрде қарастырылған) . Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

  • форманы жабу (жабу тұймесiн шерту) ;
  • код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,

оны шерту. Терезе белсендiрулi тұрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (ұлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нұкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (4-сурет), т. б.

Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту ұшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу тұрi:

Procedure <атау> (Sender : TObject) ;

сипаттау бөлiмi

begin

процедура денесi

end;

  • мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды.

Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.

Сурет 4. Программалық код терезесi.

Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр не бiрнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады. Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол автоматты тұрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект) :

program Project1;

uses

Forms,

Unit1 in 'Unit1. pas' {Form1};

{$R *. RES}

begin

Application. Initialize;

Application. CreateForm(TForm1, Form1) ;

Application. Run;

end.

  • мұндағы,

Project1 - негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;

Uses (қолдану) - Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in ’Unit1. pas’) және онымен байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}) .

{$R*. RES} - нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегiмен дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгiлер (пиктограммалар) сақталған файлды және т. с. с. пайдалану керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - . res) ;

Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм - қосымшаның алғашқы жұктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-әрекеттi орындайтын процедура, функция және командалар әдiстер делiнедi) :

Application. Initialize - қосымша объектiсiн инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдiсi;

Application. CreateForm - проект құрамына енетiн форманы дайындап, экранда көрсету әдiсi (create - құру) ;

Application. Run - программаны iске қосуды қамтамасыз ету әдiсi.

  • Delphi-де әдiстiң командалық тұрде жазылуы:

<Объект>. <әдiс>

  • Мысалы, Application. Initialize - Application объектiсiнiң Initialize әдiсiн орындау.

Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу командасын қосып қою да мұмкiн, т. б.

Delphi-де программаның орындалуы автоматты тұрде негiзгi модульдi орындаудан басталады.

Модуль - тұрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған программа бөлiмi. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сөзiнен басталып, соңына әдеттегiдей нұктелi ұтiр (; ) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты тұрде құрылады:

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes,

Graphics, Controls, Forms, Dialogs;

type

TForm1 = class(TForm)

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *. DFM}

end.

Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен басталады да, оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses - Турбо Паскальда пайдаланатын бөлiм сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мұмкiн. Одан әрi, Delphi дайындаған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтерi) жарияланады, т. б. ) .

Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер енгiзiлуi мұмкiн (элемент - өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар) ; Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын кез келген программа не модульдiң көрiнетiн элементтерi, облыстары енгiзiледi. Олар класқа енетiн элементтердiң пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.

Implementation (iске асыру, орындау) бөлiмiндегi {$R*. DFM} - . dfm кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерiнiң мәндерi жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерiнiң де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесiнде көрiнедi) . Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде қажеттi процедураларды қолдан кiрiстiру керек. Олардың iшiндегi оқиғаны өңдеуiш процедуралардың тақырыптары модульдiң интерфейс бөлiмiнде автоматты тұрде жазылып қойылады.

Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi. Бөлiм модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер берiп), программаны дайындау ұшiн қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлiм басқаруды программа денесiне беруден бұрын орындалады. Бөлiм нұсқауларын begin және end кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм толтырылмаса, begin сөзi жазылмай, оған тек end. сөзi енгiзiледi. Ол - модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.

1. 3 Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау ұшiн компоненттiк тәсiл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кiтапханасы программалау ортасымен бiрге ұсынылатын, белгiлi бiр iс-әрекеттi орындайтын компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесiне енгiзiледi. Компоненттiк тәсiл программалау технологиясына нағыз төңкерiс жасады деуге болады, себебi, компоненттердi пайдалану программа жұмысын кұрделi тұрде жеңiлдеттi.

  • Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кiтапханасы (Visual Component Library, VCL) деп атайды. Онда тұрлi компоненттер жинақталып (Delphi 5-те олардың саны 200-ден артық), олар тұрлi атаулы 19 бетке орнатылып қойылған.

Жиi қолданылатын беттер мен компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:

1. 1-кесте

StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs:

Standard

Additional

Win32

System

DataAccess

DataControls

InterBase

Midas

Internet

QReport

Dialogs

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттерТаймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетiБерiлгендердi BDE арқылы басқару бетiБерiлгендердi басқару бетiInterBase программасымен тiкелей байланысБерiлгендер қорын басқару қосымшаларын құруИнетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құруЕсептер даярлау“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану:

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.

Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.

Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттер

Таймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетi

Берiлгендердi BDE арқылы басқару бетi

Берiлгендердi басқару бетi

InterBase программасымен тiкелей байланыс

Берiлгендер қорын басқару қосымшаларын құру

Инетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құру

Есептер даярлау

“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану

StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs: Standard бетiнiң кейбiр компоненттерi:
StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs:

Label

Edit

Memo

Button

Panel

MainMenu

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттерТаймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетiБерiлгендердi BDE арқылы басқару бетiБерiлгендердi басқару бетiInterBase программасымен тiкелей байланысБерiлгендер қорын басқару қосымшаларын құруИнетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құруЕсептер даярлау“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану:

Мәтiндi шығару

Бiр жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау

Көп жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау

Командалық тұйме құру

Компоненттердi топтастыру контейнерi

Мәзiр құру

StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs: Additional бетiнiң компоненттерi:
StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs:

BitBtn

Image

Shape

Chart

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттерТаймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетiБерiлгендердi BDE арқылы басқару бетiБерiлгендердi басқару бетiInterBase программасымен тiкелей байланысБерiлгендер қорын басқару қосымшаларын құруИнетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құруЕсептер даярлау“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану:

Бетiне биттiк бейне орнатуға болатын командалық тұйме

Графикалық кескiндердi шығару (бейнелеу)

Форма бетiне тұрлi геометриялық фигураларды шығару

Диаграммалар мен графиктер тұрғызу

StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs: Win32 бетiнiң компоненттерi:
StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs:

Animate

ProresBar

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттерТаймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетiБерiлгендердi BDE арқылы басқару бетiБерiлгендердi басқару бетiInterBase программасымен тiкелей байланысБерiлгендер қорын басқару қосымшаларын құруИнетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құруЕсептер даярлау“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану:

Дыбыссыз клиптердi орындау

Орындалуы бiршама уақыт алатын процестердi бейнелеу

StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs: System бетiнiң компоненттерi:
StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs:

Timer

PaintBox

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттерТаймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетiБерiлгендердi BDE арқылы басқару бетiБерiлгендердi басқару бетiInterBase программасымен тiкелей байланысБерiлгендер қорын басқару қосымшаларын құруИнетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құруЕсептер даярлау“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану:

Қосымшада уақыт интервалын беру

Форма бетiнде сурет салуға болатын облыс құру

StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs: Dialogs бетiнiң компоненттерi:
StandardAdditionalWin32SystemDataAccessDataControlsInterBaseMidasInternetQReportDialogs:

OpenPictureDialog

SavePictureDialog

Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет.Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттерТаймер, плеер т. с. с. жұйелiк компонеттер бетiБерiлгендердi BDE арқылы басқару бетiБерiлгендердi басқару бетiInterBase программасымен тiкелей байланысБерiлгендер қорын басқару қосымшаларын құруИнетрнет - Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құруЕсептер даярлау“Open file”, т. с. с. сұхбаттық терезелердi пайдалану:

Графикалық файлдарды ашу сұхбаттық терезесiн пайдалану

Графикалық файлдарды сақтау сұхбаттық терезесiн пайдалану

Аталған компоненттердi пайдалану мысалдары 1-тарауда келтiрiлген. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюына болады.

1. 4 Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру

  • Формада орнатылған Label, Edit компоненттерiнiң Caption, Text қасиеттерiне программа арқылы қол жеткiзу - Паскальдағы жазу өрiсiне қол жеткiзу сияқты. Алдымен объект атауы жазылып, одан соң нұкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi. Қасиетке мән меншiктеу тәсiлi әдеттегiдей. Мысалы:

Label1. Caption:=’Бiз студенттермiз’;

Edit1 өрiсiне енгiзiлген қарапайым мәтiндi (S) Label1 өрiсiне шығару да мұмкiн. Ол ұшiн процедура денесiн мынадай етiп алу жеткiлiктi (Edit1. Text - Edit1 объектiсiнiң Text қасиетiн программа арқылы орнату әдiсi) :

var s : string;

begin

s := Edit1. Text;

Label1. Caption := s;

end;

1-Мысал. Екi санның көбейтiндiсiн есептейтiн қосымша құру керек.

  • Delphi-дi iске қосып, жаңа проект құру. Компоненттер палитрасынан Edit1, Edit2, Label1, Label2, Label3, Panel1, Button1 компоненттерiн форма бетiне 5-суреттегiдей етiп орнату;

Сурет 5. Компонеттер орнатылған форма

  • Форманың және оның компонеттерiнiң қасиеттерiн орнату:
Компонент:

Компонент

Қасиет: Қасиет
Меншiктелетiн мән: Меншiктелетiн мән
Компонент:

Form1

Қасиет:

Font

Caption

Меншiктелетiн мән:

Times Kaz, 10

Сандарды кобейту

Компонент:

Edit1

Қасиет:

Text

Меншiктелетiн мән: (бос ету)
Компонент:

Edit2

Қасиет:

Text

Меншiктелетiн мән: (бос ету)
Компонент:

Label1

Қасиет:

Caption

Меншiктелетiн мән:

1-сан

Компонент:

Label2

Қасиет:

Caption

Меншiктелетiн мән:

2-сан

Компонент:

Label3

Қасиет:

Caption

Меншiктелетiн мән:

Нәтиже

Компонент:

Panel1

Қасиет:

Caption

Меншiктелетiн мән:

- (бос ету)

Компонент:

Button1

Қасиет:

Caption

Меншiктелетiн мән:

Есептеу

  • Формада Есептеу (Button1) тұймесiн екi рет шерту. Click оқиғасы процедурасының дайындамасы көрiнедi. Оның тақырыбы:
  • Procedure TForm1. Button1Click (Sender : TObject) ;
  • Процедура денесiн енгiзу:

Рrocedure TForm1. Button1Click(Sender: TObject) ;

Begin {негiзгi програма}

// Меншiктеу

Panel1. Caption:=Edit1. Text+'*'+Edit2. Text+'='+

FloatToStr(StrToFloat(Edit1. Text) *StrToFloat(Edit2. Text) ) ;

end;

Фигуралық жақшалар iшiне ({ }) жазылған мәтiн - тұсiнiктеме (Турбо Паскальдағы сияқты) ; Delphi-де бiр жолдық тұсiнiктеменi қос көлбеу сызықтан ( // ) соң жазуға да болады (процедураны қараңыз) .

  • Iске қосу командасын беру (±9) ;

Программа компиляцияланып шыққан соң, жұйе “Сандарды көбейту” тақырыбы жазылған форманы экранға шығарады;

  • 1-сан және 2-сан өрiстерiне мәндер енгiзу (-8 және 91) ;
  • “Есептеу” тұймесiн шерту. Panel1 өрiсiне нәтиже жазылып қойылады (6-сурет) .

Сурет 6. Нәтиже шығарылған форма

Delphi-де визуальды программалау тәсiлi екi процестен тұрады: форма не онда орнатылған компоненттер арқылы программаның визуальды орындалуын құрастыру және оларды пайдаланып, программалық код жазу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс
Мейрамхана қызметінің жүйесін автоматтандыру
Мейрамхана бизнесін автоматтандыру
Delphi тілі - Object Pascal тілі негізіндегі объектті бағдарлы тіл
Басқару жұмыстарын автоматтандыру
Delphi туралы мәлімет
Клиент - серверлік мәліметтер қоры
Nomad сақтандыру компаниясының программалық қосымшасын жобалау
Қонақ коды сандар
Қонақ үйінің жұмысын автоматттандыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz