Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының тәжірибесіне жобалық басқару технологиясын енгізуді жетілдіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының тәжірибесіне жобалық басқару технологиясын енгізуді жетілдіру

Аннотация. Қазақстанда жобаларды басқару технологиясы белсенді таратылып келе жатқын салалардың бірі және оның маңыздылығы біртіндеп мемлекеттік деңгейге шығарылып келеді. Бүгінде қоғам арасында экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі дамыту үшін жобалық басқарудың маңыздылығы қалыптаса бастады, кәсіпорындар жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын қолдануының жиілеуі осыған ділел болып табылады. Сондай-ақ, жобалық басқару технологиясын дамытудың шетелдік тәжірибелері және Қазақстандағы жағдайы талданған. Сонымен қатар елдегі жобалық менеджмент технологиясының даму болашағы зерделенген.
Түйін сөздер: Жоба, басқару, жобалық басқару, стандарт, басқару, ұлттық стандарт,кәсіпорында жобалық басқару.

Кіріспе

Қазақстандағы жобаларды басқарудың ағымдағы жағдайы дамудың бастапқы деңгейінде тұр. Бүгінде бірқатар ірі ұлттық компанияларда жобаларды басқарудың көптеген мамандары бар және олар жақсы нәтижелер көрсетуде. Дегенмен, елімізде жобаны басқаруды мақсатты түрде насихаттау жүзеге асырылып жатқан жоқ және жобаларды басқаруда ұлттық стандарт енді ғана қалыптаса бастады. Сондай-ақ, жобаны талдау үшін ақпараттың және деректердің жетіспеушілігі инновациялық экономикаға өтуге кедергі келтіретін жоба менеджерлерін дамуының жай-күйін бағалау және оның реттелуін қиындатады, сонымен қатар инновацияларды енгізу және дамыту жобаларды басқару шеңберінде жүзеге асырылады және әрбір инновация - бұл жаңа жоба.
Зерттеудің мақсаты - ҚР кәсіпорындарындағы жобаларды басқару технологиясының мәселелері мен болашағын анықтау және әлемдік стандарттарға негізделген жобаларды басқару технологиясын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Зерттеу әдістері

Зерттеу жұмысын орындау барысында жоба және жобалық басқарудың теориялық анықтала отырып теориялық қорыту, логикалық жүйелілік әдістері қолданылды. Жобалық басқаруды сипаттайтын көрсеткіштерді талдау барысында статистикалық, эксперттік бағалау, талдау және т.б. әдістері жүргізілді. Жүйелік көзқарас арқылы зерттеу жұмысының негізгі мазмұны қорытылды.

Талқылау және зерттеу нәтижелері

Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды. Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысындаелімізде түрлі инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ал осы инновациялық жобалардың бәрі де тәжірибе жүзінде жобаларды басқару аясында жүзеге асырылады.
ISO 21500 сәйкес, жоба-бұл мақсатқа жету үшін қабылданған бастапқы және соңғы күндері бар үйлестірілген және басқарылатын тапсырмалардан тұратын бірегей үдерістер жиынтығы. Жобаның мақсатына жету алдын ала анықталған талаптарға сәйкес келетін нәтижелерді талап етеді, оның ішінде алдын ала анықталған уақыт, ақша және ресурстар сияқты шектеулер [1].
Қазіргі экономикалық сөздік бізге мынадай анықтама ұсынады: жоба -- ойдың мәнін және оны тәжірибеде іске асыру мүмкіндігін ашатын сипаттама, негіздеме, есептеулер, сызбалар түрінде көрініс тапқан ой, идея, сурет [2]. Біздің ойымызша келесі анықтаманы қолданған жөн. Жоба-бұл уақыт және ресурстық шектеулер жағдайында бірегей (өнім немесе қызмет) нәтижесін жасауға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені. Жоба -бірегей өнім, қызмет немесе нәтиже жасауға уақытша әрекет [3].
Жобаларды басқару-бұл жоба талаптарына сәйкес жобалық қызмет үшін білімді, дағдыларды, құралдар мен әдістерді қолдану[6]. Жобаны басқару жоба үшін белгіленген жобаны басқару процестерін тиісті қолдану және ықпалдастыру жолымен жүзеге асырылады. Жобаларды басқару ұйымдарға жобаларды тиімді және нәтижелі орындауға мүмкіндік береді. Төмендегі 1-суретте жобалық басқару міндеттерін көруге болады.
Сыртқы факторларды басқару
Ішкі факторларды басқару
Сыртқы ортаға бейімделу
Жақын ортадағы субъектілердің өзара байланыс басқару
Қатысушылардың өзара байланысын үйлестіру
Қолжетімді ресурстарды рационалды бөлу
Сыртқы факторларды басқару
Ішкі факторларды басқару
Сыртқы ортаға бейімделу
Жақын ортадағы субъектілердің өзара байланыс басқару
Қатысушылардың өзара байланысын үйлестіру
Қолжетімді ресурстарды рационалды бөлу

Сурет 1- Жобалық басқару міндеттері
Ескерту- [9] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған

Жобалық басқару келесілерге мүмкіндік береді:
oo кәсіпорын үшін барынша пайда әкелетін бастамаларды іске қосу есебінен жоспарланған көрсеткіштердің іске асырылуын қамтамасыз ету;
oo жоба қабылданған қажеттіліктерді қанағаттандыратын талап етілетін сапа нәтижелерін алу;
oo нәтижелерді алу мерзімдерін сақтау, оның ішінде жобаға байланысты ұйымның жұмыстарымен синхрондау;
oo қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару.
Кәсіпорынның немесе ұйымның жұмыс істеуі мен жүйелі дамуы ғылыми, техникалық және басқару ойының алдыңғы қатарлы жетістіктеріне сәйкес ағымдағы уақытқа құрылуы тиіс. Бұл кезеңде қандай да бір өнім өндіру немесе қызмет көрсету жай ғана емес, үнемі инновацияларды енгізу, жаңа тауарлар немесе қызмет түрлерін әзірлеу қажет [9].
Көптеген кәсіпорындардың тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорында жобалық басқаруды енгізу оң нәтижелер береді жұмыстарды орындаудың барлық процестерін құрылымдауға, жауапкершіліктің көмескілігін болдырмауға, қызметкерлердің жұмыстарды орындау барысын толық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобалық басқарудың дамуымен байланысты мәселелерді талдау үшін институционалды жоба ретінде негізгі төрт аспекті бөліп қарастырған жөн: қаржылық, клиенттік, ішкі бизнес-үрдістер, персоналды дамыту және үздіксіз оқыту.
Қазақстандағы жобалық басқаруды енгізудің қаржылық аспектінің негізгі мәселесі, бұл:
− жобалық басқару стандарттарына негізделген мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың жүйелік мониторингінің болмауы;
− жобалық басқаруды дамытудың жүйелі бюджеттік қаржыландыру үрдісінің болмауы;
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тек жобаларды бақылаудың интеграциялық әдістемесін ANSI EVMS 749 аналогиялық стандартын қолдану арқылы мемелекет тарпынан жобалардың жүзеге асуының ашықтығын, шығындарды қысқартуға және жобаны құраушы коррупцияны жоюға мүмкіндік береді.
Елімізде жобалық басқару саласын дамыту нәтижелерін бағалау негізде ҚР жобалық басқаруды дамуының келесі көрсеткіштерін көрсетті:
1. Жобаларды басқару бойынша ұлттық стандарттар.
Стандарт (ағылш. standard-норма, үлгі) сөздің кең мағынасында-үлгі, эталон,модель, олармен басқа ұқсас объектілерді салыстыру үшін бастапқы болып қабылданатын. Бүгінгі күні бүкіл әдем бойынша әртүрлі стандарттар түрлері бар. Оны келесі 2-суреттен көруге болады.

Сурет 2-Әлемдік стандарттар түрлері
Ескерту- [4] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған

Қазақстан Республикасының жобаларды басқару бойынша ұлттық стандарттары. 2014 жылдың қарашада Қазақстан Республикасында ҚР СТ ISO 21500-2014 жобалық менеджмент саласындағы ұлттық стандарт-жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық қабылданды. Бұл қадам біздің леміз үшін өте маңызды өйткені осы сәтке дейін Қазақстан Республикасында жобалық басқаруды нормативтік реттеу болмаған, зерттеу және инновациялық жобаларға таратылған UNE жүйесінің стандарттарын қоспағанда.ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарты ұқсас халықаралық стандарт негізінде әзірленген және оған ұқсас.

Кесте 1. ҚР ұлттық стандарттары

СТ РК 21500-2014
Жобаларды басқару басшылығы
СТ РК 2831-2016
Жобалық басқару. Жобаларды басқару талаптары
СТ РК ISO 21504-2016
Портфельды басқару туралы басшылық
СТ РК 21503-2018
Бағдарламаларды басқару бойынша басшылық
СТ РК 21505-218
Жоба, бағдарлама және портфельді басқару - жалпы басқару бойынша басшылық
СТ РК ISO 21511-2019
Жобалар мен бағдарламаларды басқаруға арналған жұмыстарды бөлу құрылымы

Ескерту-[8] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған

2. Жобаларды басқару бойынша заңдық-құқықтық заңнамалар.
Жобаларды басқару тек стандарттарды құрцдан ғана емес сонымен қатар сауатты заңдық-құқықтық заңнамалардың құрылуы негізінде жүзеге асады. Қазақстанда әзірге нақты жобаларды басқару туралы заңнама жоқ. Сол себебті болашақта нақты жобаларды басқару саланыснда заңнамалық-құқықтық арнайы заңдар қажет.
3. Кең ауқымды жобалық басқаруды кәсіпорындар мен ұйымдарға енгізу.
2000 жылдардың басында жобаларды басқару кәсіпорындарда жаңа басқару технологиясы ретінде енген болтын. Қазіргі кезде Қазақстанда жобаларды басқару технологиясы керек пе? Деген сұраққа кәсіпорындар қызметкерлерден сауалнама жүргізіу нәтижесінде жобаларды басқару технологиясын енгізу және жүргізу қажет деп 78 % респонденттер жауап берді. Олардың ішінде жартылай қолданады деген респонденттер саны 11,20% , ал жауап беруге қиналғандар 1,2 % көрсетті 3-суреттен көруге болады .

Сурет 3 - Қазіргі кездеҚазақстанда жобаларды басқару технологиясы керек пе?
Ескерту- [8] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған

4. ЖОО-да Жобаларды басқару мамандарын дайындау.
Техника мен технология дамып, барлық саладағы әлемнің озық үлгілерін өзімізге өлшеп көрген сайын, біздің елде де әртүрлі мамандықтар, сан түрлі салалар ашылып жатады. Соның бірі әрі бірегейі жобалық басқару. 2008 жылдан бастап елімізде академиялық білім бойынша Жобаларды басқару мамандығының магистрату және доторонтура бойынша оқытыла бастады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару секторында және басқада қызмет салаларында жобаларды басқару курстары жүргізіле бастады.
5. Елімізде жобалық басқаруды ғылми зерттеу.
Жобалық басқаруды елімізде ғылыми түрде зерттеу үшін болашақта елімізде жобаларды басқару бойынша арнайы зерттеу орталықтарын ашқан жөн.
6. Мемлекеттік мамандықтар классификация қатарына жоба менеджерлері, бағдарлама менеджері, портфельдер менеджері сияқты мамандықтарды енгізу.
Жобалық бағдарланған шетелдік мемлекеттерде жоғарыда аталған мамандықтар бар. Қазақстанға жобаларды басқару саласында жоғары білімі мен тәжірибесі бар арнайы мамандар қажет. Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағының президентінің мәлімдеуінше Қазақстан дамуының индустриалды-инновациялық стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін 1500-нан 2000-ға жуық жобалық менеджерлер керек. Жаңа жоғары дәрежелі мамандарға деген сұраныс өте жоғары, әсіресе бүкіл республика масштабында. Қытайда олардың саны 500 мыңнан артық және егер жобаны сертификаты бар менеджер басқармайтын болса, оған мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейтін болады, бұл - міндетті талап.
7. Жоба басқарушыларын кәсіби сертификациясынан өткізу.
Бүгінде елімізде кәсіби сертификат алу үлкен сұранысқа ие болып келеді. Соңғы 2019 жылдың 9 қаңтарының деректері бойынша елімізде жобаларды басқару сертикаттарға ие адамдар саны:

Кесте 2. ҚР сертификат алған адамдар саны

Сертификат атау
Адамдар саны
PMP-жобаларды басқару кәсәби маманы
174
CAMP - сертификацияланған жобаларды басқару маманы
7
PgMPпрограммаларды басқару кәсіби маманы
1
PMI-PBA бизнес анализдегі кәсіби маман
3
PfMPsm жоба кестесін басқарудың кәсіби маманы
0
PMI-RMP кәсіби жобаларды тәуекелдерін басқару маманы
0
PMI-ACP пратикалықAgile
2

Ескерту- [8] дереккөзі негізінде автормен құрастырылған

8. Жоба менеджерлерінің, жоба менеджерлерінің көмекшісі сияқты лауазымдар үшін кішігірім курстар өткізу.
Қазіргі кезде елімізде жайлап болсада консалтинті компаниялар ашылуда және жобаларды басқару құзіреттіліген, жобалық басқару курстарын Жобаларды басқару Одағы белсенді түрде жүргізуде.
9. ҚР жобаларды басқару бойынша консалтингтік және аутсорсингтік компаниялар санын көбейту.
Осы бағалалық көрсеткіштер нәтижесінде елімізде жобалық басқардың негізгі мәселерінее талдау жасалынды және соның нәтижесінде елімізде жобалық басқару енді дами бастағанын көрсетеді. Сонымен қатар елімізде жобалық басқару дамуы үшін жоғарыда аталған заңнамалық-құқықтық база қажет.
Шетелде кең таралған жобалық басқару әдістері Қазақстанда жиі қолданыла бастады. Бұл ретте әрбір ел осы әдістерді енгізу кезінде өздерінің ерекше әлеуметтік кедергілеріне тап болатынын атап өткен жөн. Бұл бірінші кезекте мәдени, тарихи айырмашылықтарға негізделген. Қазақстан бұл жағдайда ерекшеленбеді. Бұл кезеңде Қазақстандық компанияларда басқарушылар тап болатын көптеген мәселелер бар, яғни бұл мәселерді түсінуде және еңсеруде әлеуметтік ғылым маңызды рөл атқарады. Жобаларды басқарудың социологиялық құрамдас бөлігі ретінде енгізілуі қажетті ресурстардың жеткілікті санына байланысты үдерістер мен алгоритмдерді егжей ‒ тегжейлі зерделеуді, ал социологиялық деп қызметкерлердің пікірін, олардың тұлғааралық қарым-қатынастарын және т.б. зерделеуді түсіну қажет.
Бүгінде жобалау, яғни жобаларды жүзеге асыруға байланысты қызметтің үлесі мен мәнінің артуы туралы айтуға мүмкіндік беретін бірқатар жаһандық үрдістер бар. Олардың ішінде маңыздысы болып келесілерді жатқызуға болады:
oo өнімдер мен қызметтердің өмірлік циклін қысқарту, әсіресе әзірлеу және іске қосу мерзімдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
АБК - зертхана ЖШС құрылыс материалдары зертханасының аккредиттеу саласы
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Пәндер