Мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу


Мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу
Қазіргі таңда кәсібін бастап оны әрімен қарай домалатып отырған жастар мен аға буындарымыз аз емес. Сондай-ақ кәсіпкерлік мамандықты өз елімізде де мектеп табалдырығынан бастап оқытуда. Қазақстан Республикасында «Жалпы кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты пәнді мектеп оқушыларына оқыту 2014-ші жылы қолға алынды. Содан бері бағдарламасы мен оқулығы әзірленіп 2017-ші жылдың күзінде алғаш рет әр өңірдің бір мектебіне пилоттық жоба ретінде 10 мен 11-ші сынып оқушыларының оқу бағдарламасына енгізген болатын. Бұл жобаны ең алғаш болып «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы (ҚР ҰКП) «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу идеясын ойлап тауып, Білім және ғылым министірлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бірігіп іске асырды. Яғни үш жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесін сараптай келе, 2018 жылғы көрсеткіш бойынша айтар болсақ, елімізде 35 мектептің оқу бағдарламасына енгізілді. Оқу бағдарламасының 40 пайызы теориядан, 15 пайызы әртүрлі нақты мысалдары бар кейстерден, 45 пайызы практикалық материалдардан тұрады. Оқулықтағы жаттығулар әлемде жақсы қолданыс тапқан геймификация ( ойын арқылы еліктіру ) үрдісі мен нетворкинг жүйесі арқылы негізделген. Соның ішінде геймификация ( ойын арқылы еліктіру ) үрдісі бойынша оқушы қаржылық сауаттылықты игеру арқылы өзін-өзі таныстырып, ішкі қабілеттерін дамытады. Ал нетворкинг жүйесі бойынша бала топта жұмыс істеу негіздерін де жетілдіре алады.
Нетворкинг жүйесін ашып айтар болсам ол дегеніміз- ағылышын тілінен аударғанда ( networking -тор тоқу, net - желі working - жұмыс не болмаса пайдалы байланыстар) деген мағынаны береді. Достар мен таныстар шеңберінің көмегімен бір жерде жұмыс істеуді немесе байланыста болуды қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік және кәсіби қызмет. Белгілі бір аймақ күрделі өмірлік мәселелерді мүмкіндігінше тез және тиімді шешеді. Сонымен қатар, нетворкингтің мәні адамдармен сенімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынастар мен өзара көмек құру болып табылады.
Қазіргі уақытта өзім, осы сала бойынша «Павлодар мемлекеттік Педагогикалық Университетінде білім алудамын. Әрине осы мамандықты таңдар кезімде, болашақта «Мен осы мамандық бойынша жұмыс істей аламын ба, жұмыс табылады ма?» деген сауалдар мені толғандырды. Бірақ та мен бұл мамандық бойынша білім алып жатқаныма өкінбеймін. Себебі бұл елімізде жаңадан тәй-тәй басып кележатқан жас мамандық болғандықтан, бұл сала бойынша мамандар тапшы. Сондықтанда мен осы сала бойынша өзімнің білімімді шыңдап, келешекте білікті маман ретінде болашақ жастарымызға өз біліміммен бөлісу және бөлісіп қана қойммай мықты мамандар тәрбиелеп шығарып осылайша өз еліме бір үлесімді тигізу қазіргі ең басты мақсаттарымның бірі болып табылады.
Ендігі кезекте «Мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу» деген ге өз ойымды айтар болсам, әрине бұл жоба Қазақстанның келешегі мен болашақ жастары үшін де өте қажетті мамандық. Қазіргі кезде ғаламтор желісі дамыған заманда, кәсіпкер болу үшін мәдениеттілігі жоғары сауатты мамандар дайындап, әрімен қарай шыңдай түскеніміз абзал. Олай деп айтуымның бір себебі, жастарымыз өздері интернет арқылы соның ішінде өзіміз күнделікті қолданып жүрген WhatsApp, Instagram желісі арқылы өз кәсіптерін бастап, оны ары қарай дөгелетіп отырғандар бар. Міне сондықтан да келешекте жастардың бизнеске деген көз-қарастарын біле отыра, бизнесті қалай ашу керек, жоспары мен дамыту жолдарындағы талап пен міндеттерінің қыры мен сырын түсініп мән беру үшін, осы мамандықты мектеп қабырғасынан бастау алғызып, еңбекқорлыққа баулытып үйретсе, міне сонда Қазақстан елінің де, қазақ жастарының да келешегі кемел болар еді. Елімізді кемелдендіріп, өркендеп өсу үшін бізге білікті экономист мамандарды дайындап шығару керек, ол дегеніміз болашақта экономист мамандығын жетік өзнің бес саусағындай білген адамнан, келешекте ол білікті кәсіпкер болуы мүмкін . Былайша айтқанда экономист пен кәсіперліктің арасы тығыз байланыста. Негізгі экономикалық білімі бар мамандарсыз мамандық ашу мүмкін емес деген пікір жалпыға ортақ болды, өйткені тек кәсіби маман ғана кәсіби маман тәрбиелей алады, көптеген университеттерде негізгі экономикалық білімі бар оқытушылардың кәсіби кафедраларында бірнеше адам бар. Бірақ егер студенттің жанында кәсіби маман болмаса (яғни өз жұмысын іс жүзінде, теориялық тұрғыдан және зерттеуші ретінде білетін адам кәсіби сәйкестендірудің нақты үлгісін жоғалтады және студент экономист (кәсіпкер) қандай болу керектігі туралы өзінің түсініксіз идеяларына бағынып, оны өз бетінше іздеуге мәжбүр болады. Сол себептіде заңсыз кәсіпкерлікті жүргізетін жалған кәсіпкерлер пайда болады. Міне жоғарыда айтылғандай бұл жағдай мектеп жасындағы оқушыларға да тікелей қатысты. Сондықтан университетте болсын, мектеп қабырғасында болсын кәсіпкерлікті әр түрлі мамандар үйретуі керек, бірақ міндетті түрде экономикалық білімі бар, өйткені экономистке тек экономист проксимальды дамудың кәсіби аймағын жасайды және жасай алады. Егерде біз осы салада мамандар тапшы болып, басқа мамандардана мүлдем кәсіпкерлікке еш қатысы жоқ мамандарды мұғалім ретінде оқушыларға білім бергізер болсақ, әрине олардың болашақ кәсіби көзқарасын нашарлатады, зерттелген материалдар мен тапсырмаларды тиімсіз игереді. Осы орайда «Кәсіпкерлік мұғалімі қандай болуы керек?» деген этикалық мәселе туындайды. Олар бір уақытта мұғалімдер, экономистер және кәсіпкерлік саласындағы мамандар екенін түсінеді және өздерінің кәсіби және ғылыми ұстанымдарын терең түсінуге тырысатын болады.
Экономикалық тәрбие - жастар арасындағы кәсіпкерлік іс бастауының негізі болып саналады. Оқушылардың экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек. Жас жеткіншектердің еңбекті, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейтесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.
Экономикалық білім беру оқушыларды экономика саласы бойынша біліммен қаруландырады және білімді сенімге, мінез-құлық нормасына айналдыратын эканомикалық тәрбиеге негіз болады, күнделікті өмірде оқушылардың білімін, сенімін іс жүзінде қолдана білуге жетелейді. Экономикалық тәрбие-мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі.
Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері-оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту, балалардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру құралы ретінде еңбекке ұмтылу, мамандық таңдауға саналы қатынасы, экономикалық талдау іскерлігі мен дағдысын игерту, мінез құлықтың белгілі сапасына тәрбиелеу, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін игерту.
Негізінде «кәсіпкерлік» деген қазақ үшін таңсық емес, себебі біздің ата-бабаларымыз қазіргі заманның тілімен айтқанда оларда сол заманның дүркіреген бизнесмендері болған. Олар сонау кезден бастап, ауыл шаруашылығына қатты мән беріп колхоз-совхоздардың дамып өркендеуіне себепші болған. Әрине біз сол кездегідей көненің көзімен қарамай, болашақтың жаңашылықтың көзімен қарауымыз керек. Бәрімізге мәлім қазақ елі дамыған елу елдің қатарына кіру үшін, көптеген иновациялық іс-шаралар мен жобалар іске асуда. Солардың қатарында әліде болса еліміздің шалғай жатқан кей ауылды аймақтарында керекті мамандар жетіспейді. Солардың бірі наубайхана, шаштараз, дәріхана бір сөзбен айтқанда жоғарыда айтылғандардың бәрі кей ауылда жоқтың қасы. Осы жерде айта кететін жайт ол «дипломмен ауылға» бағдарламасы . Бұл бағдарлама 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оның себебі сол ауылды аймақтарды білікті мамандармен қамтамасыз ету шарасында ұйымдастырылған жобалардың бірі. Ең өкініштісі жастар жағы ауылды жерге барып тұруға құлықсыз. Мәселен ол жақта қалалы жердегідей жағдай қолжетімсіз. Жастардың ауылға барып тұру үшін және олардың қызығушылығын тудыру үшін ең бірінші ауылдың жағдайын жасауымыз қажет, сонымен қатар жастарға үлгі ретінде алдыңғы буын меценат ағаларымыз мотивация түрінде қолдау жасап және кәсіпкерлікке жету жолына бағыт-бағдар берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Тағы бір өзекті мәселе ол жұмысқа тұру жағы. Қазіргі таңда қандай маман иесі болма, жұмысқа тұру үшін ең алды мен жас маманнан жұмыс өтілімін (стаж) сұрайды. Әрине жұмыс өтілім сұрағанда дұрыс шығар, бірақ та жаса маманнан қандай жұмыс өтілім, егер ол жаңадан жоғары оқу орынын бітірген түлек болса?. Міне біздің жастардың өздері алған мандықта жұмыс істей алмауының бірден-бір кедергісі жұмыс өтілімсіз жұмысқа қабылданбауы. Біз осындай қатып қалған стереотипті мыйымыздан алып, жастарды жұмысқа қабылдап, оларға мүмкіндік берген дұрыс. Сол кезде бізде жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші азаяр еді. Көптеген білікті мамандар пайда болатын еді деп ойлаймын. Жастарды жұмысқа қабылдағанна кейін де, олардың бойында тұншығып жатқан идеяларын ашу үшін тек қағазбен көміп немесе компьютердің алдына креслоға таңып қоймай жан-жақты даму үшін оларды проктикалық тұрғыда не болмаса басқалайда білімдерін шыңдай түсу керк. Міне елімізде қазіргі таңда шешімін табу үлкен қиындықтар туғызып отырған жастардың жұмыссыздық деңгейін азайту, нарықтық экономикалық жүйеде әрбір жастың өз білімін, қабілетін, дағдысын орынды дұрыс пайдалана отырып, мектеп оқушыларының бос уақытында айналысып отырған шағын кәсіпкерлік жұмыс нәтижесі жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік іске қызығушылығын танытуы мәселесіне көп мән беруде. Жастардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін, көзі қарақты белсенді жастардың пікірімен санасу керек. Сонда ғана, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген жастардың қоғамдағы ролі артады. Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі. Барлық салада жас кәсіпкерлер қызметін дамытуға мән беріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың белгілі бір үлесін мақсатты түрде олардың қызметін дамытуға және қолдауға бағыттау қажет. Себебі жастар бизнеспен айналысу кезінде қаржылық, ақпараттық, білім, инфрақұрылым және осы секілді басқа да көптеген проблемаға кезігіп отыр. Жалпы жастар кәсіпкерлігінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны әлі де жетілдіріп, әкімшілік тосқауылды азайтып, бизнеске салық жүктемесін төмендетіп, қаржылық және қаржылық емес шаралар түрінде бизнесті кешенді қолдауды жүзеге асыру қажет. Ең басты мәселе - олардың құқықтық мәртебесінің анықталмауы болып отыр.
Жаңадан іс бастайтын тәжірибесіз жас кәсіпкер қаржылық ғана емес, ең әуелі ақпараттық, кәсіп жүргізу туралы білім, бизнес- жоба жасау, өнімі мен қызметін өткізу және бизнес бастауда басқа да көптеген қиындықтан өзі жол тауып шығуға мәжбүр. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың белгілі бір үлесі мақсатты түрде жас кәсіпкердің қызметін дамытуға және қолдауға бағытталса дейміз. Жас кәсіпкердің қызметін мемлекеттік сатып алу арқылы қолдау.
Жалпы айтпағым, тәжірибесі жоқ жас кәсіпкерге өзгелермен қатар заңның қатал талабы тең қойылады. Жұмысын енді бастап, тұрақты дамыта алмай жатып қатал талап қоюдан ұтылмасақ, ұтпайтынымыз анық. Назар аударатын мәселе - өңірлердегі, ауылдық жердегі жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау өзекті болып отыр. Алдағы кезеңде кәсіпкерлік қызметте жұмыс істеушілердің үлес салмағын экономикалық белсенді халықтың 60-70%-ына дейін жеткізу үшін осы салаға жастарды көбірек тартуымыз керек. Жалпы жастар басқаратын компаниялар үлкен тәуекелділікке тап болғанымен, жетістікке жетуге мүмкіндігі мол, елге қызмет ету уақыты көп екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Алдағы уақытта Қазақстанға бизнесті дамытуға қабілетті, білікті жастар көптеп керек болады. Жастардың бизнеске қызығып, кәсібін ашып, жұмысын бастауы үшін бастапқы капиталға қол жеткізуін қамтамасыз ету керек. Ақпараттық қызмет көрсету, кәсіпкерлік дағдылары мен бизнес жүргізуді оқыту; өңірлік және салалық ерекшелікке қарай басым және перспективалық бағыттарды айқындау; өндірілген тауарлары мен қызметтерін өткізуге ықпал жасау және мүдделерін қорғау бағыттарында қолдау көрсету қажет. Қазіргі білім беру жүйесі жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандырмайды, алған білімдері бизнесте көмектеспейді, азаматтың тұлғалық өсуін қамтамасыз етпейді, заманауи талаптарға жауап бермейді. Білім ордасын бітірген жас еңбек нарығында ешкімге керексіз болып, алған мамандығында бір күн жұмыс істемей, қайта мамандану жолын іздеп жатады. Бұл әрине бір адамның шаруасы секілді, бірақ жиынтығында қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұған бәріміз жауаптымыз және бейжай қарауға болмайды. Жастардың өмір жолында аяқтан тік тұрып кетуі үшін жан-жақты қолдау көрсетілмесе, ертеңгі күні елімізде күрделі әлеуметтік мәселе туындайтыны анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz