Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар.

2. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға тап жаулары, ұлтшылдар, жат пікірдегілер, әлеуметтік қауіпті элементтер деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Қазан төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды.
1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға буржуазияшыл-ұлтшылдар деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне халық жаулары немесе халық жауларының сыбайластары және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда халық жауларының негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, екілік пен үштік атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері халық жаулары ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды халық жауы деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың мойындауы ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.
Әлеуметтік тапсырыс беру мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, тасқынды сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.

1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы - Кеңес үкіметінің өзінің қарсыластарын ғана емес, Коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл апаттан құтыла алмады. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, Қазармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмухамедов т.б. ұшырады. 1937-1938 жылдары жазалау шаралар өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешов, С. Арғыншиев, А. Асылбеков т.б.
Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т.б.
Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, М. Масанчи, С. Жақыпов т.б.
қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, М. Жұмабаев, С. Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлебаев т.б.
орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. Я. Рафальский, В. Н. Андроников т.б.
Бұлардың барлығы халық жауы ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішінде ең ірісі ЧСИР-халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол Алжир халық жаулары әйелдерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Индустрия жылдары
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Индустрияландырудың қарқыны
Пәндер