Мектеп оқушыларын халықаралық салыстырмалық зерттеулерге (PISA, TIMSS, ICILS) дайындаудың тиімді жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп оқушыларын халықаралық салыстырмалық зерттеулерге (PISA, TIMSS, ICILS) дайындаудың тиімді жолдары.

Математика пәні мұғалімі .

№ мектеп

Түркістан облысы,

gmail. com

Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ. Осы тұста, оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу нәтижелерін негізге ала отырып қарастырайық.

Еліміздің халықаралық зерттеулерге қатысуы не береді?

  • Білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалауға;
  • Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне;
  • Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын бақылаудың қазақстандық жүйесін құруға;
  • Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу кезінде сонымен қатар бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беру болып табылады.

Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесінің танымал сарапшылардың баға беруі бойынша обьективті елдерден тәуелсіз бағалау жүргізетін TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері елімізде өткізілуде.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment - РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т. б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Қазақстандық мектеп оқушылары Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, PISA-2012 қорытындылары бойынша ЭЫДҰ елдеріндегі құрдастарынан әлі де болса математикадан 1, 5, жаратылыстанудан 2 және оқудан 2, 5 жылға артта қалып отыр. Мұның өзі оқушылардың функционалдық сауаттылығының әлі де болса төмен екендігін көрсетеді.

Еліміздің оқушыларының білімі мен білігін РІSА зерттеулері сияқты халықаралық деңгейде таразылауға дайындау барша білім беру ұйымдарының маңызды міндеті. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға дайындық және оған көшу мәселесі пысықталатыны да атап көрсетілген

Алаш арыстарының бірі Ж. Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функционалдық сауаттылықтың төртінші механизмі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе - туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады» .

1. Берілген арифметикалық прогрессия және оның формуласы арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Білім сапасын бағалаудың бағдарламаларындағы үш өлшемді құрылымның ерекшелігі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуда Pisa тапсырмаларын қолдану арқылы биология сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және жаратылыстану сауаттылығын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz