Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі

Жоспар

  1. 1-тарау. Теориялық аспектілерНегізгі ұғымдарБұқаралық ақпарат түрлері
  2. 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы рөліБАҚ-тың атқаратын қызметіҚоғамдық пікірді қалыптастырудағы ықпалы

Қортынды

Француз жазушысы Оноре де Бальзактың баспасөзді «төртінші билік» деп атауы қаншалықты рас? Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының адамға, оның пікіріне, шешіміне, мәселені қабылдауына әсерін бағалау өте қиын. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының адамға әсерін дұрыс бағаламау және әлеуметтік сананы манипуляциялау адам мен қоғамның, өнер мен ғылымның, адамгершілік пен руханияттың, жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің мәдени құндылықтарының төмендеуінің басты себептерінің бірі. Қоғамның ақпаратқа тәуелділігін нақты анықтауды үйрену керек.

Зерттеу жұмысында БАҚ ұғымын, түрлерін қарастыруға назар аударылады. БАҚ-тың ақпарат беруден басқа да атқаратын қызметтері туралы айтылады. Көптеген зерттеушілер бұқаралық ақпарат құралдары ұғымы мен оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы айтқанда "сананы манипуляциялау" терминін жиі қолданады. Қоғамда қандай да бір себептермен бұл құбылысқа теріс көзқарас қалыптасқан, бірақ аталмыш процесс қоғамға оң әсер етеді, ол тек нәтижелерге қол жеткізуге және прогреске бағытталған. Мұны да ескерген жөн.

Сондай - ақ, жұмыста БАҚ-тың қоғамдық санаға кірігу процесі, яғни қоғамдық пікірдің қалыптасуындағы ықпалы қаралады. Жұмыс барысында БАҚ-тың қоғамға әсер етуінің оң да, теріс те жақтары анықталады. БАҚ-та берілетін ақпарат тауар түрінде ұсынылғанымен, қоғамның оны қабылдау қабылдамауы өздеріне байланысты болғанымен, берілетін ақпаратты да бақылауда ұстаған жөн.

Қоғамдық пікір жоқ жерден қалыптасатын біреудің ықпалымен болмаса қажетті көзделген бағытта өрбитін нәрсе.

Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам - бұл жеке ғалам. Біздің ойларымызды басқаратын, санамызды реттеуге және қазіргі аудитория түріндегі олардың материалдық базасын одан әрі қамтамасыз етуге тырысатын ғалам деуге болады.

  1. 1-тарау. Теориялық аспектілерНегізгі ұғымдар

Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерген бұқаралық ақпарат құралдарының жеке адамның пікірне ықпалы жоқ деп айту мүмкін емес. Адам өзін қанша жерден комформист емеспін десе де, ол белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, сол қоғамның мүшесі болғандықтан, қабылдағысы келсе де келмесе де оған сыртқы факторлардың әсері барын жоққа шығара алмаймыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) әр түрлі ақпаратты арнайы техникалық құралдардың көмегімен көпшілікке ашық түрде тарату үшін құрылған мекемелер. Құрамдас элементтердің көптігімен сипатталатын, салыстырмалы түрде тәуелсіз жүйе. БАҚ-тың айрықша белгілері - жариялылық, яғни пайдаланушылардың шектелмеген тобы; арнайы техникалық аспаптардың, құрылғылардың болуы; белгілі бір хабарға, бағдарламаға, жаңалыққа немесе мақалаға қызығушылығына байланысты өзгеретін аудиторияның тұрақты емес көлемі.

Бұқаралық ақпарат құралдары адамнан адамға немесе адамдар массасына ақпарат беретін қарым-қатынас құралы ретінде емес, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғайтын институт ретінде қарастырылады. Мұндай екпін, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 заңымен кепілдендірілген. 1-тарау, 2-ші бап бойынша «сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. » Яғни, ақпарат алу мен сөз бостандығы сияқты әлеуметтік құндылықтарды қосымша қолдау қажеттілігімен байланысты.

Бұқаралық ақпарат құралдары деп бұқаралық ақпаратты мерзімді таратудың мерзімді баспасөз басылымы, радио, теле бағдарлама және өзге де нысандар түсініледі. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 заңының 1-тарау 2-1-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

1) объективтілік;

2) заңдылық;

3) анықтық;

4) адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады.

Ал 2 тарау 3-бабына сәйкес:

1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде таратылады.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнің ана тiлiн пайдалану құқығын қамтамасыз етедi.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның 2-бабында көрсетілген. Яғни, мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттеледі.

  1. Бұқаралық ақпарат түрлері

Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылы 23 шілдедегі №451 Заңына сәйкес анықтамадан бұқаралық ақпарат құралы оның заңды түсіндірмесінде Ақпаратты таратудың бір түрінен басқа ештеңе жоқ екендігі көрінеді. Мұндай нысандар қалағаныңызша көп болуы мүмкін, бірақ олардың ішіндегі ең маңыздылары мен танымалдарын жеке тізімге бөлуге болады.

Ең маңызды бұқаралық ақпарат құралдарына мыналар жатады:

  • мерзімді баспасөз басылымы;
  • радиобағдарлама;
  • телебағдарлама;
  • бейне және кинохроникалық бағдарламалар;
  • мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдары.

Мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және жылына кемінде бір рет жарыққа шығатын басылым. Мерзімді баспа басылымдарына мыналар жатады:

  • Газет - журнал - қысқа уақыт аралығында шығатын, қоғамдық-саяси, ғылыми, өндірістік және басқа да өзекті мәселелер бойынша ресми материалдар, жедел ақпарат пен мақалалар, сондай-ақ әдеби шығармалар мен жарнамалардан тұратын мерзімді басылым.
  • Альманах - белгілі бір негізде біріктірілген әдеби-көркем және танымал ғылыми шығармалардан тұратын жинақ;
  • Бюллетень - шығарушы ұйымның жүргізу шеңберіне кіретін мәселелер бойынша қысқаша ресми материалдары бар, жедел шығарылатын мерзімді немесе жалғастырылатын басылым.

Баспа басылымдарына өзге де басылымдар да жатқызылуы мүмкін.

  • Радиобағдарлама - тұрақты атауы бар және жылына кемінде бір рет радиоэфирге шығатын мерзімді аудиожазбалар мен хабарлар жиынтығы.
  • Телебағдарлама тұрақты атауы бар және жылына кемінде бір рет телеэфирге шығатын мерзімді аудиовизуалды хабарлар мен хабарлар жиынтығын білдіреді.
  • Бейне - және кинохроникалық бағдарламалар - тұрақты атауы бар және жылына кемінде бір рет жарыққа шығатын мерзімді дыбыс-бейне хабарлардың және материалдардың жиынтығы.
  • Мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдары - бұл бұқаралық ақпарат құралдарының оларды тіркеудің немесе осы құралдардың өнімдерін таратудың арнайы ережелері заңмен белгіленген бөлігі.
  1. 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы рөліБАҚ-тың атқаратын қызметі

Бұқаралық ақпарат құралдары жеке дара әлеуметтік институт болмағанымен, оның саясатта болсын, қоғамда болсын алатын орны зор. Ал дәстүрлі БАҚ-тың цифрландырылуы оның ықпал ету күшін нығайта түскені анық. Бұқаралық ақпарат құралдары бір ғана ақпарат беру арқылы қосымша атқаратын қызметтері өте көп. Сонымен, бұқаралық ақпарат құралдары бізге қалай әсер етеді және сол арқылы қоғамдық пікір қалыптастырады?

Білім беру, яғни, азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан беретін ақпараты, танымдық хабарлары. Әрине, ол толыққанды, жүйелі, оқу орындарында берілетін біліммен салыстыруға келмейді. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өзіне қажет білімді білуге талпынғанда бұқаралық ақпарат құралдарының тигізер көмегі зор.

Әлеуметтендіруші қызметніе келер болсақ, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғаммен күнделікті тығыз байланыста болуы оның тұлғаны әлеуметтендіретін институттар - отбасы, мәдениет, дін ошақтарымен деңгейлес екенін көрсетеді. БАҚ арқылы жүргізілетін үгіт-насихат арқылы адамдар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді бөлігіне айналып, өздерінің жалпы әлеуметтік, әлемдік аренадағы қоғамға, мемлекетке, саясатқа қатысы бар екенін сезінеді.

БАҚ-тың мақсат-мүдделерді тоғыстырушы қызметі - бұл бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің басты міндеті десек те болады. Себебі, кейбір жағдайларда тек баспасөз органдары, теледидар иен радио алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті деген мәселелерге назар аударады. Әлеуметтік, саяси қақтығыстар туралы болжам жасайды. Билік құрылымындағы, елдегі жағдайға, өзгерістерге анализ жасап, талдайды. Белгілі бір деңгейде билік пен халықтың арнайы шешім қабылдануына итермелейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Ақпараттық технологиялар және ақпараттық саясат
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz