Мүсін жанрының даму ерекшеліктері
Мазмұны
1
Кіріспе
1
Мүсін жанрының даму ерекшеліктері
1
2
Негізгі бөлім
4
1
Мүсін өнерінің Қазақстанда даму тарихы
4
2
Қазақ мүсін өнеріне өзіндік үлес қосқан мүсінші Мергенов Еркін Тілекұлы
6
2.1
Мүсінші Нұрлан Аманұлы Далбай
18
3
Қортынды
24
4
Әдебиеттер тізімі
25
5
Қосымша
26
Кіріспе
Мүсін жанрының даму ерекшеліктері.
Ұлттық мәдениеттің өркендеу үдерісінде өзіндік орны бар, халықтың рухын арттыратын шығармашылық саланың бірі - бейнелеу өнері болып табылады. Оның түрлі жанрлары бар: графика, керамика, мүсін, қолөнер, тоқыма, сәулет, зергерлік, т.б. өзара біріге отырып, синтездік өнерді құрайды. Соның ішінде біз тоқталатын жанр- мүсін.
Мүсіндеме, мүсін және скульптура- бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары негізінен үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Ал осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атаймыз.
Мүсіндеме түрлері. Мүсіндеме негізінен адамды, кейде жан-жануарды немесе басқа пішіні бар заттарды бейнелейді.
Мүсіндеме негізгі жанрларға бөлінеді: портрет, тарихи мүсіндер, тұрмыстық мүсіндер, символикалық мүсіндер, аллегориялық фигуралар және анималистикалық жанр.
Техникасына байланысты түрлері. Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді:
Жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету);
Рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру);
Барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып тұрады);
Горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады);
Контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады);
Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданамыз (мысалы, Қазақстан жазушылар одағы үйіндегі "Кітап бейнесі" атты монументтік мүсін).
Мүсіндеме мазмұнына қарай: монументтік- декоративті, қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді.
Шағын пішінді. Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады.
Өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку, т.б. болып келеді.
Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланысты.
Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты:
Монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді.
Монументтік-декоративті Мүсіндеме . Архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан.
Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.
Мүсіндемеде пайдаланатын материалдар. Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді.
Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, соған татлған материалдың бәрін жабыстыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады.
Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грекияда хрисоэлефантинналық бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалды.
Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас Мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т,б,) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланады.
Керамикадан да Мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар (терракота, фарфордың бисквит деген түрі) жалатылады. Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегіше: пластилиннен не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі. Үлкен Мүсіндемелерді жасарда ең алдымен айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан Мүсіндеме қаңқасы жасалады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы болашақ образ сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген бедерлі гипс қалып алынады. Осы қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз Мүсіндеме тасқа көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп, тас соған қарай қашалады. Мүсіндемені металдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс.
Негізгі бөлім.
1. Мүсін өнерінің Қазақстанда даму тарихы
Тарихы. Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8-2 ғасырларда дамыған "Аң стилі" ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады.
Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б.Төлеков, Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазҰУ қалашығы, 2004, тағы басқа).
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары: Абай Құнанбаев (1960) ескерткіші, Ш .Уәлиханов (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, Ж.Жабаев ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтың Барыс мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын бірі,біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан Абай ескерткіші.
2. Қазақ мүсін өнеріне өзіндік үлес қосқан мүсінші Еркін Мергенов
Қазақстан мүсін өнерінің атасы, тұңғыш кәсіби мүсінші Х. Наурызбаевтан кейін топ жарған отандық мүсіншілердің бір тобы 1960-шы жылдардың түлектері екені мәлім. Олардың қатарында Т. Досмағамбетов, Е. Сергебаев, М. Раппопорт, Е. Мергенов, В. Рахманов және т.б шеберлердің есімдері аталады. Бүгінгі уақытта Қазақстан Республикасының Халық суретшісі деген атаққа ие болған екі мүсіншінің бірі жоғарыда аталған Х. Наурызбаев болса, екіншісі қондырғылы мүсін өнерінің шебері Еркін Мергенов. Көрерменді бей-жай қалдырмайтын туындыларымен ерекшеленетін мүсінші өз саласында әріптестерін әлде-қайда озып кеткендігін мойындау керек. Шығармаларында Шығыс пен Батыстың дәстүрін біріктіре отырып, ұлттық сананы терең сезініп, туған халқының тарихын ұмытпағанымен қоса, болашағын да болжап беруге дайын екенін аңғартады.
Еркін Мергенов авангардтық бағытқа әуестігін институтта оқып жүрген кезінен-ақ байқатады. Жаңа ізденіс үстінде туындалған мүсіндік композициялар қатарында Шеңбер(1968), Қызыл майдан (Рот-Фронт) (1970), Таңсәрі(1970), Автопортрет(1971), Махамбет(1973) жатады. Қызыл майдан композициясында күрделі қозғалысқа ие болған екі бозбаланың мүсіндері сомдалған. Бірі- шалқайған күйі жауырыны жер сипайтындай дәрежеге жетіп, бар салмағымен құлап бара жатқандай әсер қалдырады. Екіншісі оң қолын биікке сермеп, жоғары қарай ұмтылған сәтте бейнеленген. Тәні жығылса да рухы жығылмаған бозбалалар соңғы дем қалғанша күресетіндерін байқатады. Екі кейіпкер де ішкі жан дүниесі драматизмге толы, сыртқы әлемнен жапа шеккен образдар. Орда бұзар отыз жасында мүсінші жастықтың жалындаған отын, қайтпас қайсарлығын, алмастың жүзіндей өткір қайратты мінезін және бостандыққа ұмтылған романтикалық әсерін әбден сезінген болатын. Сондықтан болар, мүсінші бостандыққа ұмтылған екі жастың ерлігі арқылы қоғамның кері тұстарын, жеке адамның еркіндік жолындағы күресін көрсетеді. Анатомиялық ұстанымдардан арылған екі бозбаланың дене тұрқы созыңқы келгендігін мүсіншінің тақырыпты ашудағы өзіндік мәнерімен түсіндіріледі. Фигуралар кішігірім тұғырға табан тірей отырып, бір-бірімен композициялық байланыста орналасқан. Кеңістікті еркін пайдаланған мүсінші фигуралардың композициялық шешімін бақылай отырып, олардың қимыл-қозғалыстарына еркіндік береді.
Еркіндікке ұмтылған әрбір тірі пенденің жанкешті әрекеттері тулаған өмір белестерінде өз іздерін қалдырып, өзгенің назарын өзіне аударатыны анық. Жүректің түбінде жатқан тылсым күшке ерік беретін суретші үшін бостандықты аңсаған, қоршаған ортаның қарсылығына қарамастан көздеген мақсатына жеткен адамның тағдырымен қоса рухани жан-дүниесі әрқашанда қызық. Осындай қызығушылықтан туған Махамбет туындысы адамның бойындағы сарқылмас күштің ұлылығын дәріптейді. Бір қолынан айырылған жас батыр екінші қолымен қалқанды жоғары көтеріп тұр. Екі аяғын тік ұстаған бойда еркін тұрған жылқының үстінде күрделі қимыл-қозғалысқа енген кейіпкердің бет-бейнесі бізге беймәлім. Бұл абстрактілі туынды болғанмен көрерменге өзінің романтикалық бейнесін бірден байқатады. Автопортретте автор уақыт пен кеңістіктің ортасында өзін шарасыз жан ретінде елестетеді. Табиғат пен қоғамның тіршілік арпалысында төрт мүшесі түгел емес жанның қауқарын өз бойынан да байқайтындай. Қатпарлы өмір белестерінде жақсыны асырып, жаманды қашырып, төзімділік пен ерен еңбектің арқасында адамгершілікті сақтап қалу әр пенденің маңдайына жазылмаған болса керек.
Портрет жанрында орындалған шығармалары толығымен 70-ші жылдардың белестеріне жатады. Жамал(1975), Ш. Омашевтің портреті(1975), Әке портреті(1976), В. И. Ленин портреті(1977), Әл-Фараби(1977), Ана портреті(1977) портреттері жай ғана белгілі тұлға сомдалған туындылар емес, олар шыныменде суретшінің шеберлігін айқындайтын шығармалар. Мергенов портреттерінің бір ерекшелігі- ондағы бос кеңістіктің ерекше тәсілмен қолданылуында. Жамал туындысы қазақ әйелінің сымбаттылығын, келбеттілігін дәріптейді. Сонымен қатар, Қ. Телжановтың Жамалындай бұл туындыда да қазақ қызына тән образ байқалады. Сабырлы да салмақты әке әркімге өзінің асқар тауы, қорғанышы, кемеңгер ақылшысы болып көрінеді. Осындай әке бейнесі мүсіншінің Әке портретінде көрініс табады. Көзін жұмған бойда терең ойға шомған әке портреті мимика мен бет-жүзінің күрделі қатпарлары арқылы ішкі жан тербелісінің сәтін ұстап тұрғандай әсер қалдырады. Әскери киімде сомдалған портрет әке өмірінің қиын-қыстау кезеңде тап келгендігінен хабар береді.
Алма-Апа композициясы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Алматылық суретшілердің құрметіне арналған шығарма екенін бірден байқауға болады. Өйткені, этюдник үстіне қойылған алмалар мен алма бұтағының автомат формасына ұқсатылып сомдалуы осыны айғақтайды. Тарихта орын алған оқиғаларға өзіндік көзқарасын білдірген мүсінші Жаңғырық сериясында теріс саясатың нәтижесін басы жоқ абстрактілі образдармен көрсетеді. Диктатура мен тоталитаризмнің адамзат өркениетіне тигізген қасіретін жете түсіне отырып, жәбірленуші жандарға шынайы жанашырлығын білдіреді. Дөңгелек үстінде орналасқан фигуралар уақыт шеңберін бойлай кеңістікке жайғасқан. Бұл серияларда өткен күн бүгінгі күннің кеңістігінде тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Ал Екеу атты туындысы мүлде бөлек талдауды қажет ететін шығарма. Қарапайым геометриялық фигуралардан құралған туынды мүсіннен гөрі архитектураға жақын. Еркек пен әйелдің бейнелері ортақ композиция құрып, формальді түрде символикаға сай келеді. Қытай философиясындағы янь -- еркек, инь -- әйел деген түсінікті мүсінші осы туындысы арқылы түсіндіреді.
Жоғарыда аталған туындылардың барлығы дерлік өз формасымен кеңістік ортасын бағындырған шығармалар. Яғни, кеңістік пен мүсінді бір композициялық ансабльде ойнатып, ортақ пластикалық шешімге алып келеді.
Келесі кезекте Мергенов шығармашылығының жемісті кезеңінде туындаған ХХғасыр(1985), Альтернатива(1986), Ертек(1987), Кездесу(1986) шығармалары мүсінші мен көрермен арасын барынша жақындата түседі. Абстрактілі формадан мүсін өнерінің түсінікті формасына ауысқан шебер ендігі кезекте көрермен назарын өзіне осылайша аудартады. Бұл шығармалардың мазмұны өзекті де өткір проблеманы көтеруімен айшықталады. ХХ ғасырдың нәтижесін саралай келе, мүсінші аталмыш туындылары арқылы өзінің азаматтық позициясын білдіріп қана қоймай, заман бейнесін көрермеге ашып береді. Заманауи мәдениеттің келіп тоғысуын ХХғасыр және Кездесу атты шығармаларында байқатады.
Мүсіншінің Альтернатива деген жұмысында әйел адамның сорақы келген торсы бейнеленген. Жамбасы жуан, аяқтары жіңішке сомдалған әйелдің фигурасы сұлулықтың нышанына сай келмесе де, нақты канондарды ұстанған, зор күшке ие болған фигура. Салмақты денені жіңішке буындарымен сенімді ұстап тұрған торс болашаққа деген жақсы көзқарас пен оптимизмді оятады.
Еркін Мергенов өзінің шығармаларында туған ұлтының сана сезімін бүгінгі мен ертеңгі күннің оқиғаларымен байланыстырып, одан туған ортақ мәселені көрермен алдына жайып салады. ХХғасыр(1985), Кездесу(1986), ХХІ ғасыр сериясы(1998-2001) атты жұмыстарында осы тақырыпқа кеңінен тоқталады. Аталмыш туындылар көрермен назарын өзіне бірден аударып, өзінің жеке әлеміне баурап әкетеді. Тақырыптық позицияда терең толғандырып, көрерменді өзектілігімен ойландырады. Мүсіншінің осы бір 4-5 туындыларында өткен ғасыр мен жаңа ғасырдағы адам бейнесінің қалай өзгергендігі сезіледі. ХХ ғасыр туындысы өткен ғасырдың жетістігінен сыр шертеді. 1985 жылы өмірге келген бұл шығарманың балама аты Апофеоз ІІ деп аталады. Мұнда биіктігі 145 см. құрайтын композицияда: орындықта отырған ғарыштық скафандр киген ер адамның мүсіні сомдалған. Көзге үйреншікті болған орындыққа керіле кеткен адам бір сәт демалып отыр. Екі қолын екі жаққа созып, аяқтарын айқастыра отырған кейіпкер динамикалық қозғалысқа енген. Бұл қозғалысты әрбір тірі адам бейсана тұрғысында жүзеге асыратыны белгілі. Аяқ-қолын түріп тастап, терең тыныстаған адам бейне-бір космостық тапсырманы орындап, демін басып отырғандай әсер қалдырады. Туындының композициялық формасы алдынан қарағанда жоғары ұмтылған үшбұрышты жебені елестетеді. Жердегі пенденің биікке ұмтылуы табиғи инстинкт болса керек, жерге оң аяғының ұшын ғана тіреп тұрған космонавт ұшуға ұмтылған арманшыл кейіпкер тәріздес. Оның аяқ киімі мен қолына киетін арнайы қолғаптары бейнеленбеген, қолдары мен аяқтары жалаң түрде сомдалған. Дегенмен, осы мезетте кейіпкердің ешнәрсеге көңіл бөлгісі келмейтіні аңғарылады. Себебі ол космоста емес, жер бетіндегі қарапайым тұрмыстық атмосферада. Ғарыштық скафандрдың шынайы өмірде өзгеше қалыпқа ие екені белгілі. Яғни, туындыда бейнеленген скафандр секілді жұмсақ, адамның еркін қимылына бағына бермейтін күрделі қатты материалдан тұрады. Мүсінші өзінің шығармасында ақ металды (алюминий) ұтымды іске асыру арқылы скафандрдың табиғи фактурасын жеңілдетіп, көрермен санасына пластика тілімен оңай жеткізеді.
Пластикалық шешімін табуда кеңістікті композициямен тығыз байланыстырған мүсінші шынайлылыққа қол жеткізеді. Орындық пен адам арасындағы кеңістік пен арнайы бас киімнің кеңістігі өзара байланыс тауып, мүсінді қоршаған әлеммен жақындастыра түседі. Туындының романтикаға толы көркемдік шешімі мүсіншінің тапқырлығымен астасып жатады. Космос- адамзат бағындырған айтулы ғылыми жетістік болып саналады. Дегенмен, космоста кез-келген тірі пенде ғұмыр кешіп жүре алмайды. Тек арнайы дайындықтан өткен космонавтар ғана мұндай жанкешті сәттерді бастан өткере алады. ХХ ғасырдың соңында өмір сүрген әрбір жасөспірімнің арманы космонавт болу еді. Юрий Гагариннің атқарған ерлігі шыныменде асқақ арман болып қала берді. Мүсінші де сол арманшыл бозбаланың бірі болғанында күмән жоқ. Орындалмаған арманын туындысында орындаған мүсінші космонавттың келбетін өзіне ұқсату себебі түсінікті еді.
Қазақ жерінде адамзат ғарышты бірінші болып бағындырды. Сондықтан болар, автор кейіпкерді қазақи образда сомдайды. Көшпенділер даласына салынған космодром (Байқоныр)- бұл ғылымның өткен ғасырда жеткен жетістігі. Уақыт және Заман айнасында табылған ұлттық болмыс мүсішінің туындысында ашық көрініс табады.
КСРО уақытындағы орындық- тұрмыста күнде қолданылатын, кезкелген адамның игілігіне жарайтын зат. Мұнда орындық секілді әркімнің қасында болмайтын немесе әркім кие бермейтін ғарыштық скафандр туындының мазмұнын шиеленістіре түседі. Бұл екі атрибут та Кеңестік кезеңнен хабар береді. Дегенмен, олардың бір туындыда тоғысуы бекер емес. Екеуі де ХХ ғасырдың жемісі. Екі атрибут та шығарманың тақырыптық нақышын аша түседі. Күнделікті көзге үйреншікті болған жиһазға жайғасқан адам бір кезде қарапайым адамға жат болған ғарышта кезіп жүреді. Мүмкін емес жайттардың әлемде орын алуы мүсіншіні батыл қадамдарға итеріп, қиалына ерік береді. Шығармадан космостың адамзатқа қаншалықты жақындағанын және космонавттың ғарыштан келген жатпланеталық емес, жерде ғұмыр кешкен қарапайым адам екенін түсінуге болады. Мүсінші туындыда уақыт өлшемімен өткен өмір мен ертеңгі болашақты бір түйінде байланыстырады. Туындыдан Адам мен Уақыт арасындағы қатынастың белгілі бір метафорасын байқауға болады.
Мүсіншінің келесі туындысы Кездесу(1986) деп аталады. Бұл композицияда шайтанарба мен келбеті жоқ, ұлттық киім киген қазақтың қария әйелінің толық фигурасы сомдалған. Қария шайтанарбаны алдына алып, бір жайтты күтіп тұрғандай сәтте суреттелген. Портрет сомдаудағы тәжірибесіне сүйене отырып, мүсінші туындыдағы кейіпкердің де жан-дүниесін бос кеңістік арқылы ашып көрсетуді көздейді. Қарияның бет-бейнесін қуыс етіп қалдырған мүсінші кейіпкердің рухани тербелісіне көп көңіл бөледі. Қарияның портреті көрерменге беймәлім, бізге оның бетжүзіндегі көңіл-күйді байқау мүмкіншілігі бұйырмаған. Кеңістікке толы қария жүзі белгісіз сырды жасырып тұрғандай, көрерменді қараңғылыққа шақырады. Қария образынан тұлғалық қасиеттерді байқамаймыз, өйткені ол бәріне ортақ персонаж ретінде қабылданады. Қолдарының алақаны мен саусақтарын сомдаудан бас тартқан шебер көздеген мақсатын орындайды. Батыстан келген жаңа мәдениет алдында шарасыз қалған ұлттық болмыстың күйі ретінде қолданған болса керек. Бұл туындының да тақырыптық мәселесі адам мен уақыт ара-қатынасына әкеліп тірейді. Жаңа заман лебіне төтеп бере алмай, қауқарсыз қалған көне құндылықтарының жоғалып кету қаупі бұл туындыда да көрініс табады. Ескі мен жаңаның бір толқында кездесіп, эстафета алмасу процесін сырттай бақылау мүмкіншілігіне ие боласың. Суретші осындай қоғамдық көріністі, мәдениеттің алмасу процесін көрермен назарына ұсынады. Шайтанарба- жаңаның, кемпір образы- ескіні белгісі іспеттес.
Туындыда шайтанарбаны қолымен сүйеп тұрған қарияның бір мезет тоқтап тұрған сәті бейнеленген. Шайтанарбаның артына артқан құманның ішіне мүмкін су немесе өзге де ішімдікті құйып, жолға шыққан болуы керек. Ұлттық киімге оранған әйел кемеліне жетсе де, бір орында отыруды қаламайтынын байқатады. Көрерменге қарияның ұзын келген ұлттық киіммен шайтанарбаға мінудің өзі қиялдан туған елес секілді сезіледі. Дегенмен, жаңа мен ескінің өмір арнасында түйісіп, бірін-бірі алмастыруы қоғамда орын алған фактор ретінде қабылданады. Бұл туынды да ХХ ғасыр туындысы секілді уақыт арнасындағы адамның бет-бейнесін ашып көрсетеді. Ою-өрнекке толы жұмсақ жамылғы киім мен кимешек көшпенді мәдениетінен хабар береді. Ал, екі дөңгелекті шайтанарба осы заманның атрибуты екені белгілі. Екі мәдеиетті бір толқында кездестіру арқылы суретші арадағы уақытты суреттеп береді. Феодалдық ортағасыр өмірінен бірден социализмге секірген көшпенді халықтың дүниетанымы айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын, орыс халқының алып келген батыстық мәдениеті қазақтың кең даласына аяқ басқаннан бастап, ел тарихы жаңа кезеңді бастан өткергендігін баяндап береді.
Мүсінші туындының мазмұнын шиеленістіріп, шығармаға контрасттық сюжетті сәйкестендіреді. Мұны біз шайтанарбаның артына қойылған екі ыдыс- құман мен айранның бөтелкесінен де байқаймыз. Шайтанарбамен қоса, бұрыннан таныс айран құйылған бөтелке заман бейнесін айқындайтын заттар. Өз уақытын туындыларында шебер бейнелеп бере алған Мергенов бұл жолы да өзінің шеберлігін паш етеді.
Жоғарыда аталған туындылар өткен ғасырдың айнасы іспеттес. Екі шығармада да адамның ХХ ғасырдағы келбеті айқындалады Е. Мергеновтің болашаққа деген философиялық көзқарасымен жаңа ғасыр адамының образы мүсіншінің ХХІ ғасыр сериясынан көрініс табады. Шығармашылығының кейінгі кезеңінде туған аталмыш еңбектері тақырып жағынан өте әсерлі туындылар. Шығармашылығын жаңа қырынан танытқан мүсінші тақырыптық тұрғыда уақыт пен адам арасындағы қатынасты сақтап қалғанмен, сюжеттік жағынан өзгеше формаға ие болады. Бүгінгі уақытқа баға беріп, болашақтың сырын ашып көрсетуде мүсінші драматизмге толы туындылар сериясын өмірге әкеледі. Сол серияның бірінші бөлігі Курос. ХХ-30 деп аталады. Бұл туындыда басына қазақи тақия мен наушник киген арықша келген ер адамның толық фигуралы мүсіні сомдалған. Биіктігі 175 см. құрайтын мүсін толығымен алюминий металынан құйылған. Оң қолына сынық қуыршақ ұстаған ер адам сол аяғына салмақ түсіріп, оң аяғын енді алдыға басатындай қозғалыста тұр. Мүсін өнерінде адам қозғалысын шешудегі бұл тәсіл контрапост деп аталады. Көне грек мүсіншісі Поликлет те осы тәсілді өз туындыларында жеткізе білгендігі тарихтан белгілі. Еркін Мергенов Куроста дәл осы тәсілге иек артады.
Курос -- б. з.д 6 ғасыр көне грек архайкалық кезеңіндегі ер адам мүсінінің атауы болып саналады. Ежелгі грек куросында тік тұрған бойда сол аяғымен алдыға қадам басып келе жатқан атлеттің қимыл-қозғалысы сомдалған. Олардың жүзін күлкі нұрландырып тұрады. Әлемге жарқын жүзбен қадам басып келе жатқан куростардың бұл күлкісі архаикалық күлкі деген атауға ие болған. Е. Мергенов өз туындысын Курос деп атауы осы көне мәдениеттің ықпалынан болса керек. Әлемді танудағы көне Эллада мәдениетіне ассоцация жасаған мүсінші куростың осы заманғы интепретациясын тудырады.
Туындыны бір қарағанда Терминатор атты голливудтық қиял-ғажайып фильміндегі механикалық робот кейіпкерді еске түсіреді. Аталған кино туындыдағы болашақтан келген робот секілді Мергенов кейіпкері де болашақтың хабаршысы, келешектің сұмдық көрінісін жеткізушісі ретінде бейнеленеді. Ұлт бесігін тербеткен терминаторлар түбінде түпкі тамырымызды жойып, мәңгүртке айналдыру қаупінің орын алуы мүсінде өзіндік көркем тәсілмен беріледі. Мүсінші Курос және 2030 деген атауларды бір туындыда тоғыстыру арқылы көп жайттарды ескертеді. Біріншіден, тарихтан белгілі көне мәдениеттің бүгінгі келбетін, яғни өнер туындыларының қазіргі заманғы интерпретациясын көрсетсе, екіншіден Қазақстан 2030 бағдарламасының баламасы ретінде алдағы жарты ғасырдың өзгеріс-алапатынан хабар береді.
Архаикалық күлкі мұнда тіптен байқалмайды. Ол құлағына наушник салған бойда екі көзін жұмып, өзге белгісіз әлемге еніп, өзін қоршаған ортадан байланысын мәңгі үзгендей. Құрдымға кетіп бара жатқан ересек еркектің қолында қуыршақ бар. Қуыршақ -- бүлдіршін балалардың қызығып ойнайтын ойыншығы екені мәлім. Туындыда қуыршақ төмен қараған бойда адамның оң қолында сынық күйінде (бір қолы мен бір аяғы жоқ) сомдалған. Бұл қуыршақ мүсінші ойын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz