Эндокринді жүйе: бездер, гормондар және олардың физиологиялық қызметтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЭНДОКРИННЫЕ ЖЕЛЕЗЫ-GLANDULAE ENDOCRINAE

Гипофиз hipophysis

1. Алдыңғы (Аденогипофизден)

2. Орталық

3. Артқы (Нейрогипофизден тұрады)

Қалқанша безі glandula thyroidea

Қос қалқанша безі glandula parathyroidea

Айырша безі Thymus

Бүйрекүсті безі glandulae suprarenalis

Эпифиз corpus pineale

Қарын асты безі pancreas

Жыныс бездері

  1. Аталық testes
  2. Аналық ovaria

Гипофиздің арқы бөлігі Нейрогипофиз - 2 гормон бөледі Вазопрессин, Окситоцин

Вазопрессин - қан тамырларының қысымын реттейтін гормон.

Окситоцин - қанға түскеннен кейін ер адамдарда бұлшықеттердің жиырылуының күшін арттырады, ал әйелдерде бақыт гормонына айналады және құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді.

Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» - ішкі, «crіno» - бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. ​

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т. б. Ұйқы безі мен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді. ​

Ішкі секреция бездері: 1 -эпифиз; 2 - гипофиз; 3 - қалқаншамаңы безі; 4- қалқанша без; 5 - айырша без (тимус) ; 6 - ұйқы безі; 7 - бүйрекүсті безі; 8 - жыныс бездер

Гормондар (грекше «hormae» - қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы органикалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ​

Гипофиз(грекше «hypophysіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0, 5-0, 6 г жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. ​

Ергежейлілік (грекше «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы) . Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын - гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан - алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлығы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей қалады. Жыныс бездері толық жетіліп-дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

ЭПИФИЗ​


Эпифиз толық зерттелмеген безге жатады. Ол төрт​
төмпешіктің жоғары аралығындағы тереңдікте​
орналақан. Салмағы 100-180 мг. Көне ғасырларда​
эпифизді ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің​
тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның”жаны”​
орналасқан сауыт деп есептеген. Эпифиз бірнеше​
биологиялық белсенді заттар-мелатонин, серотонин, ​
адреналин, гистамин бөлетіні анықталды. +​
Эпифиз гормондарының физиологиялық​
әсері: Эпифиз организмде биологиялық “сағат” ролін​
атқарады, яғни биологиялық үрдістердің белсенділігі​
күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп отырады. Ол​
эпифиздегі мелатонин мен серотонин мөлшерінің күн​
жарығына өзгеруіне байланысты. Эпифиз’’биологиялық термометр”, яғни жылу реттелуге​
қатысады деген мәлімет бар.

Қалқанша без - мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3) . Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді. ​

Қалқанша маңы бездері - қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді. ​

АЙЫРША БЕЗ (ТИМУС) ​

Айырша без-көптеген бөлікшелерден тұратын қос​

без. Төстің ішкі бетінде орналасқан. Тимус денеде​

кальций алмасуын реттеуге қатысады. Сондай-ақ, ​

ол денеде стероидтар, нуклейн қышқылдары, С​

витамині алмасуын реттеуге, иммундық, қорғаныс, ​

бейімделу әсерленістеріне қатысады. Айырша​

безде Т-лимфоциттер пісіп жетіледі. Айырша без​

гормоны-тимозин: Лейкоциттердің фагоциттік​

қызметін жақсартады; гормон бөлініп шығуын​

үдетеді; иммундық қабілеті бар лимфоциттер​

түзілуіне септігін тигізеді.

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ ​

Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты​

және милы қабаттан тұрады. Оның қыртысты қабаты 40тан астам кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық​

қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді:+​

физиологиялық әсері: зат​

алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді; қабынуға, ​

аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, ​

иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. ​

физиологиялық әсері:​

су-тұз алмасуына қатысады. Ол альдостерон мен жүзеге асады. Олардың түрлі​

сұйықтықтардың осмостық қысымының әсерінен туатын​

тамырлардағы қан көлемі мен жасуша ішіндегі және​

жасушааралық сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу​

қабілеттері бар. физиологиялық әсері:​

Андростерон, эстрол, прогестерон жыныс​

гормондарына қарағанда әлсіздеу, бірақ адам​

қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде​

бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші​

ағза болып қалады. ​

Бүйрек үсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормонадреналин мен норадреналин түзіледі. ​

Катехоламиндер организмдегі барлық тіндер мен​

жасушаларға әсер етіп, оларда биохимиялық​

үрдістерді тудырады және көптеген физиологиялық​

құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды. ​

Әсіресе, экстремалды жағдайларда​

катехоламиндер:+​

Бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді​

Рецепторлардың​

сезімталдығын(көру, есту), вестибулярлық​

аппараттардың жүйесін күшейтеді. ​

Ұйқы безі​

Аралас безге жатады. Сыртқы сөлініс қызметіне​

асқорыту сөлін өндіру жатады, ішкі сөлініс қызметін​

Лангерганс аралшықтары атқарады. Онда инсулин​

мен глюкагон түзіледі. Инсулиннің физиологиялық​

әсері: бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, ​

бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады; қант​

деңгейін реттеу; көмірсулардың майға айналуына​

әсер етеді; гликонеогенезді тежейді. Инсулин​

гормоны жетіспегенде қант диабеті ауруы​

туындайды. ​

Глюкагон қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, ​

бауырда гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның​

гипергликемиялық адреналинге ұқсас, ал инсулинге​

қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық​

маңызы әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі​

әсерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның​

да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді. ​

Жыныс бездері​

Аралас бездерге жатады. Олардың сыртқы сөліністікқызметі-жыныс жасушаларын жасау және шығару. ​

Еркек организмде сперматозоидтар, ал әйел организмінде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. ​

Жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі-көбею немесе репродуктивтік қыметі. Сонымен қатар, ​

эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан бастап, ұрықтың пайда болып, ​

дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтінжыныс гормондарын шығарады. Еркек жыныс​

гормонын-тестостерон, аналық жыныс гормонынэстроген дейді Осы кезде белгілі ішкі сөлініс бездеріне жатпайтын​

тіндердің тіндік не арагормон деп аталатын көптеген гормон және гормон тәрізді заттарды бөлетіні айқын. ​

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндокринді жүйе және гормондар: құрылымы, қызметі және негізгі бездер
Жайылмалы эндокринді жүйе: ішкі секрециялық бездер, гормондар және бала организміне әсері
Ішкі секреция бездері: гормондар, олардың әсерлері және гипоталамус-гипофиздік жүйе
Жайылмалы эндокринді жүйе: құрылымы, дамуы және қызметі
Аңдар биологиясы: бұғылар, эндокринді жүйе және мысық тұқымдастары
Эндокринді жүйе: жалпы сипат, жіктелуі және гипоталамус-гипофиз-эпифиздің құрылысы мен қызметі
Эндокриндік жүйе мен гормондар: физиология, әсер ету тетіктері және зерттеу әдістері
Жайылмалы эндокриндік жүйе: ішкі секрециялық бездер, гормондық функциялар және жасқа байланысты ерекшеліктер
Эндокринді жүйенің морфофункционалды сипаттамасы: диффузды (APUD) жүйе және ұйқы безінің эндокриндік аппараты
Эндокринді жүйе: гипоталамус, гипофиз, эпифиз, қалқанша, қосқалқанша, бүйрек үсті және ұйқы бездерінің құрылымдық және функционалдық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz