Имам Сабунидің Сахих Бухариге жазған шархындағы жаратылыстың басталу бабына салыстырмалы анализ


Тақырып: Имам Сабунидің Сахих Бухариге жазған шархындағы жаратылыстың басталу бабына салыстырмалы анализ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Автордан
- АЛЛА ТАҒАЛА ЖАРАТЫЛЫСТЫ ҚАШАН БАСТДЫАлла Тағаланың азабына еш кім шыдай алмайтындығы жәйліКүн мен Ай есеппен қозғалатындығы туралыПеріштелердің зікір етуі және Жындардың естуі үшін жоғары көтерілуіАлла Елшісі Жәбірейіл (а. с) ға бізді зиярат етіп тұрмайсыңба деп айтуы жәйліАлла Елшісінің Жәбірейіл (а. с) ді көруіАлла Елшісі Муса (а. с) Иса (а. с) ді және Тозақ қорықшысын көруіЖәннаттықтардың түкірмейтіндігі, сіңбірмейтіндігі, әжетке отырмайтындығы жәйлы
2 ТОЗАҚТЫҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ЫСТЫҒЫ ӨТЕ ҚАТТЫ БОЛТЫНДЫҒЫ ЖӘЙЛІ
- Тозақтың оты қатты ыстық болатындығы туралы
- Шайтан Мұсылман адамды азғыруы жәйлі
- Жаман түс Шатаннан екендігі жәйлі
- Күпірліктің басы Шығыс жақта екендігі туралы
- Бәну Исраилден бір үмбеттің жоғалып кетүі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 АЛЛА ТАҒАЛА ЖАРАТЫЛЫСТЫ ҚАШАН БАСТАДЫ
3190 Имран ибн Хусайн (р. а. ) айтады: Алла елшісінің (саллаллаху алайхи уасаллам) алдына Бану Тамим тайпасынан бір жамағат келді. Алла елшісі оларға қарап: «Әй Бану Тамим жақсы хабарды қабыл алыңдар!» деп айтты. Олар Бізді жақсы хабар мен қуандырдыңыз, біз мал-мүлік бердіңіз, деп жауап қайтарды. Алла елшісінің түр әлпеті өзгерді сосын Оған Ямандықтар келіді. Алла елшісі оларға «Әй Ямандықтар жақсы хабарды қабыл алыңдар, өйткені Бану Тамимдіктер қабыл алмады» деді. Ямандықтар Уа Алла елшісі қабыл алдық деп атайды, сонда Пайғамбар Жаратылыстың басталу туралы, арштың жарытылғандығы туралы айта бастады, сол сәтте Имран ибн Хусейнге бір кісі келіп, әй Имран (р. а) сенің Түең босалып кетіп бара жатыр, деді. Имран (р. а) сол кезде соңына түстім, қарасам мені мен оның қашықтығы сахарадағы бір сағым ажыратып тұрғанын көрдім. Сол кезде Аллаға ант етейін шіркін ай сол Түені тастап кеткенім де ғой деп армандадым.
Бұл хадисті Бухариде басқа риуаятт пен келген хадис қуаттайды:
Имран ибн Хусайн (р. а. ) айтады: «Алла Елшісінің қасына келдім, түемді жақын жерге байлап қойдым. Бану Тамимнен бір топ адамдар келіп, Алла елшісі оларға айтты «Әй Бану Тамим сүйінші хабарды қабыл алыңдар, олар бізді сүйіншіледіңіз және мал-мүлік бердіңіз дәл солай екі мәрте жауап берді. Сосын Ямандықтар келді, Алла Елшісі оларға да сол сөзді айтты, Ямандықтар сүйнші хабарды қабыл алдық Уә Алланың Елшісі өйткені біз сол үшін келдік» -деп айтты. Сосын хадистің соңын толтырды «Алла тағала бар еді, одан басқа ешкім болмаған еді. Аршы Судың үстінде еді, әр бір нәрсені зікір ге жазған еді. » деп айтты.
Хадистің түсіндірмесі:
Алла елшісі (с. а. с) сахабалары мен жиналыста отынғанда, Нәждттан (Бану Тамим тайпасы) бір топ адамдар жәрдем сұрап мал-мүлік сұрады. Алла Елшісі Тамим тайпасына ийман келтіргендері үшін жаннатқа кіретіндіктерін айтты. Тамимдықтар оған Уә Алла Елшісі бізге малменен, ақшаменен жәрдем берүіңізді сұрап кедік деп жауап берді. Алла Елшісінде айтқан сөздерінен жаман сезім пайда болды, өйткені олар ақырет нығметтінің орнына дүниені таңдаған еді. Біраздан кейін басқа топ Ямандықтар (Абу Муса әл-Ашғаридың қауымы) келді. Алла Елшісі оларғада Тамимдіктерга айтқан сөзін қайталады. Сол кезде олар бұл сүйінші хабарды қабыл алдық деп айтады. Сол кезде Алла Елшісі ғаламның жаратылуын басталуы туралы айта бастады, Алла тағала дүниені жаратқаннан бастап, жаннат иелері жаннатқа, тозақ иелері тозаққа кіргенге дейін.
Мұнда Алла елшісі дүние игілігін артық көргеніне ренжіген немесе әдетте түрлі тайпа адамдары келгенде тарту-таралғылар беретін Пайғамбар (с. а. с) бұл жолы оларға сыйлай қоятындай қолында еш нәрсе болмағанына қапаланған. Яки осы екі себеп те оның көңіліне реніж тудырған [3, б. 605] .
Хадистен алынатын пайдалар:
Бірінші: Бұл хадисте Алла тағала азали, қадим екендігін түсінеміз, оның бастауы жоқ, соңы да жоқ және аспан мен жер, арш пен судан кейін жаратылғандығын, бұл тұралы сұрау жаиз екендігін түсінеміз [2, б. 151] . Бұл туралы Алла тағала құранда «Оның Аршы Судың үстінде еді» -деген [1, б. 222] .
Екінші: Уақыт пен Мекен жаратылғандығы, Алла тағала екеуін жоқтан бар еткендігін түсінеміз.
Үшінші: Алла тағала Арш пен Курсиді жаратқанына, бірақ оларға мұқтаж еместігіне сенүіміз уәжіп. Алла Тағала Арш пен Курсиді, ұлы екендігін, мүлкінің кең екндігін дәлеледеу үшін жаратты. Курси Аршқа қарағанда шөл даладағы жүзік сияқты, ал Күрси болса аспан мен жерді толық қамтыған бұл жайлы Алла тағала Құранда «Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсисі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған» - деген.
Төртінші: Ләух Мазфузға, Қаламға иман келтіру уәжіп екендігі. Қаламмен тірі жандардың тақдыры жазылған, әлемнің соңына дейін болатын нәрселер жазылған. Зікірден мақсат Ләух Махфуз.
Бесінші: Сахабалардың ілімге деген құштарлығы. Сахаба Имран (р. а. ) сөзінен біле аламыз.
Алтыншы: Кім Алла тағала Аршты оның үстіне орнығу немесе жайғасу үшін жаратты деген сенімде болса өте үлкен қатеге ұрынған болады. Бұл сөзге көптеген ғұламалар келіскен. Алла Тағала Аршқа немесе Күрсиге, жаратқан махлуқтарын ешбіріне мұқтаж емес. Алла Тағала оларды адамзатқа ұлылығын, құдіретті күш иесі екенін білдіретін аят белгілерінен.
- Алла Тағаланың азабына еш кім шыдай алматындығы жәйлы
3193 Әбу Һурайра (р. а) дан: Алла Елшісі айтады « Алла Тағала : Адам баласы Мені балағаттады Мені балағаттауы дұрыс емес еді. Ол Мені өтірікшіге шығарды, бұлай істеуіде дұрыс емес еді. Оның балағаттауы - Құдайдың баласы бар деп айтуы. Өтірікшіге шығарғаны - Ол Мені жоқтан бар еткендей, қайтадан бар ете алмайды деп айтуы». деді.
Хадистің түсіндірмесі:
Алла Тағаланы балағаттау оның баласы бар немесе әйелі бар деп айту секілді, Алланың затына деген нұқсандық, Алла бұлардың бәрінен пәк. Бұл жәйлі Алла тағала Құранда: «(бұл сөздердің ауырлығы соншалық), күллі аспан әлемі шатынап, жер жарылып, таулар күл-талқаны шығып, құлауға шақ қалды. Рахманның баласы бар (яғни, періштені немесе адамды өзіне бала қылып алды) деп айтқандары үшін (солай болуға шақ қалды) » -дейді [1, б. 311] . « Ол Мені жоқтан бар еткендей, қайтадан бар ете алмайды» -дегені өлімнен кейін қайта тірілуді жоққа шығаратындардың сөзі.
Хадистен алынатын пайдалар:
Бірінші: Бұл хадис құдсий, яғни Алланың сөзі. Алла Тағала өз Елшісіне аян арқылы уахи еткен.
Екінші: Алла Тағаланы балағаттау оның баласы бар деп айту. Бұл болса әр-нәрседен пәк болған Жаратушыға қарама - қайшы сөз. Бұл жәйлі Алла Тағала Құранда « Олар «Рахманның баласы бар деді», - деді. Шүбәсіз, сендер өте өрескел, тым сорақы (ауыр) сөз айттыңдар» -дейді [1, б. 311] . Яғни Олар сұмдық, жиіркенішті сөз айтты, бала ерлі - зайыптылық арқылы болатын нәрсе, Алла Тағала болса бұл баладан, ерлі-зайптылықтан пәк зат.
Үшінші: Қайта тірілуді мойындамау, Алла Тағаланы жалғаншыға шығару. Алла Тағала Құранда өлімнен кейін қайта тірілу туралы « Бір Алладан басқа құдай жоқ. Шүбәсіз, Ол күмәнсіз орнайтын қиямет күні барлығыңды бір жерге (ғасарат майданына) жинайды. Алладан асқан шыншыл бар ма?!» -дейді [1, б. 92] .
Төртінші: Алланың пендесіне деген мейірімі ұлы екендігі, Алла Тағала пенделеріне ризық, денсаулық береді. Олар соған қарамай Аллаға күпір келтіреді және Алланың жалғыз екендігін, құдіретін мойындамайды.
Алла Тағаланың мейірімі қаһарынан алдын туруы
3194 Әбу Һурайра (р. а) дан: Алла Елшісі: Алла Тағала махлуқтарды жаратып болған соң, Оз кітабына - Ол Заттың құзырында, Арштың үстінде былай деп жазылған: « Расында, рақымым ашуымнан басым» -деді.
Хадистің түсіндірмесі:
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағала барлық жандарды жартып болғаннан кейін, рақымы ашуынан басым екендігін хабарын беріп отыр. Бұл ұлы аршты жаратқан кезде, құзырында бекітіліп, жазылған үкім. Бұл үкім еш қандай жағдайда өзгермейді, расында Алланың рақымы өте кең. Яғни Алланың рақымы мұсылманға, кәпірге де, күнәһар адамғада, жаңа туылған нәрестеге де барша тірі жанға басым екендігі түсінеміз. Бұл жәйлі Алла Тағала Құранда «Ал рақымым болса, бар нәрсені (күллі жаратылысты) қамтиды» -дейді [1, б. 170] .
Уақыттың негізгі табиғи қалпына қайтуы туралы
3197 Әбу Бәкра (р. а) дан: Алла Елшісі: «Уақыт Алла Тағала аспан мен жерді жаратқан күндегідей өз кейпіне оралды. Бір жыл он екі ай. Олардың төртеуі харам айлары болып, үшеуі біріген соң бірі келеді, олар: зул-қағда, зулхижжа, мухаррам және жумадул ахир мен шағбан ортасындаға музардың ражабы», -деді.
Хадистің түсіндірмесі:
Бұл хадис үлкен Хадистің бір бөлігі, Алла Елшісі қоштасу қажылығында Алла Тағала аспан мен жерді жаратқан кездегі айлар өз кейпіне қайтқанын баяндаған. Жахилиет иелері қасиетті айларды кейінге шегіретін, соғысқа тиым салынған айдарды басқа айларға көшіру сияқты, бір айды халал етіп басқа айды харам ететін. Алла Тағала Құранда бұл туралы: « «Насий» (яғни, қасиетті айларды кейінге шегеру) әдеті - күпірлікте шектен шығу, одан басқа түк те емес. Күпірлік қылғандар солай істеу арқылы адасқан үстіне адамуда. Сөйтіп, олар Алланың (дау-дамайды, соғысуды харам еткен) қасиетті айларының санын толтырып, Алланың харам қылғанын өздеріне адал етіп алу үшін қасиетті айлардың бірін бір жылы жай айға жатқызса, келесі жылы қайтадан қасиетті айға жатқызады. Олардың мұндай сорақы қылықтары (шайтан тарапынан) «безендіріп» өздеріне сондай керемет істей көрсетілді. Алла (ондай күпірлікке қасарысқан) кәпір қауымды әсте тура жолға салмайды» -деген [1, б. 193] . Сол үшін Адамдар хаж мен ораза уақыттарында адасып, қтындыққа ұшырай бастады. Бадруддин ал-Әйни айтады: Алар өз орнына қайта оралды, хаж болса зул хижжа айына қайтты, жахилиеттегі айларды кейінге шегеру жойылды. Содан кейін Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы қоштасу қажылығы, зул хижжа айына тура келді [2, т. 15, б. 113] .
Хадистен алынатын пайдалар:
Бірінші: Бұл хадисте он екі ай бар екендігі, олар азаймайды және көбеймейтіндігін түсінеміз. Алла Тағала соғысу харам етілген айлар төртей олар: зул қағда, зул хижжа, мухаррам, және мудардың ражабі. Ражаб айын Мударға қосып айту себебі, Арабтардың ішінде музар тайпасы ражаб айын басқа айларға қарағанда қатты құрметтейтін [3, б. 606] .
Екінші: Жахилиет кезіндегі айларды кейінге шегерудің жойылуы, Алла Тағаланың шариғатына қайшы олар харам айларды халал етіп, халал айларды харам етіп ойнайтын.
- Күн мен Ай есеппен қозғалатындығы туралы
3199 Әбу Зарр (р. а) айтады: Алла Елшісі күн батқан кезде Әбу Заррға: «Күн қай жерге кеткенін білесің бе?» деді. Мен: « Алла және Елшісі жақсырақ біледі». дедім. Сонда Алла Елшісі: «Расында ол барып Арштың астында сәжде етіп сосын рұқсат сұрайды, оған рұқсат беріледі. Кейін ол сәжде етейін дегенде, одан қабыл етілмейді, рұқсат сұрай дегенде, оған рұқсат берілмейді. Оған « келген жеріңе қайт», деп айтылады, сонда күн батыстан шығады. Бұл туралы Алла Тағала Құранда: «Кун де оларға бір айғақ : ол өзінің жолымен, болмыстағы мінсіз жүйенің тұрақтылығын сақтай отырып, өзi үшiн белгiленген ақтық межеге қарай ағызып кетіп барады . Бұл - Азиз ( бәрінен үстем әрі ұлы ) және Алим ( бәрін лайыкты түрде білетін, шексiз iлiм иесі Алланың ) жазуы» - дейді [1, б. 442] .
Хадистің түсіндірмесі:
Күн Алла Тағаланың ұлы аят белгілерінен, Ол орнатқан тәртіпке сай әрекет етеді, шығып кетпейді. Алла Тағала пенделерінің игілігі үшін бойсұндырып қойды. Алла Тағала Құранда: «Түн мен күндіз, күн мен ай ( жалпы болмыстағы әрбір жаратылыс ) Оның ( бар екенін, құдіреті күшті жалғыз Құдай екенін көрсететін ) аяттары ( ап - айқын дәлелдері ) . Олай болса, күнге де, айға да сәжде етпеңдер . Егер бір Аллаға ғана табынуды қаласаңдар, солардың бәрін жоқтан жараткан Аллаға сәжде етіңдер!» - деген [1, б. 480] . Күн өз орбитасында әрекеттеніп, айналып жарқыраған нұр таратады. Бұл нұр таратуы қайтатын күнге дейін жалғасып, сол күн келгенде күннің нұры сөнеді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахаба Әбу Зарр (р. а) мен бірге отырған еді. Алла Елшісі күн батып жатқан кезде одан, Әй Әбу Зарр күн қайда кеткенін білесің бе? Деп сұрады. Ол арштың астында сәжде етуге, Алланың әмріне бойсұну үшін кетті. Күн батқан кезде Раббысынан шығыстан қайта шығуы үшін рұқсан сұрайды, оған қиямет уақыты келгенге дейін рұқсат беріледі. Қиямет күні жақындаған кезде дүниені жою үшін Күн шығуға рұқсат берілмейді. Ол қандай күн екендігін Алла Тағала Құранда: «Раббыңның қиямет-қайымға қатысты кейбір белгілері келген күні бұрын-соңды иман келтірмеген немесе тек сөз жүзінде иман келтіріп, ешбір қайырлы іс істемеген адамға (сондағы) иманы ешқандай да пайда бермейді» - дейді [1, б. 150] .
Күн қозғалатындығы хақ және бұны жоққа шығару қате. Кейбір адамдар сияқты «күн өз орбитасынна тізілген» деген пікірді дұрыс десек, буұл хадис өз ғибратын жоғалтады. Бұл туралы Құранда: «(Күн мен Ай сынды) өзге жұлдыздар да әрқайсысы өз жолымен көк кеңістігінде жүзіп барады» -делінген [6, б. 314] .
Күн мен Ай қиямет күні бір біріне жабысып (бірігіп) шар тәрізді болады, нұры кетіп, шығыстан шығуы үшін қатпайды. Бұл дұниенің, ғаламның соңы екендігінің бегісі. Бұған дәлел Бихариде кеген хадис, Әбу Һурайра (р. а) дан: Алла Елшісі: «Күн мен Ай қиямен күні бір-біріне жабысып шар тәрізді болады» - деген [4, б. 792] . Сосын Күн тозақтың отына тасталады.
Хадистен алынатын пайдалар:
Бірінші: Күн мен Ай Алла тағаланың үлкен аят белгілерінен. Бұған Ғуқба ибн Амр риуаят еткен хадис те: «Күн мен Ай біреудің өлгені немесе туылған үшін тұтылмайды, ол екеуі Алланың аят белгілерінен біреуі ғана» [4, б. 253] . Яғни Алланың әр нәрсеге құдыреті жететіндігінің белгісі.
Екінші: Күн мен Ай өз орбитасында ұзақ уақыт бойы айналуы және бұл қияметке дейін жалғасады. Бұл туралы Құранда: «Күнде оларға бір айғақ: ол өзінің жолымен, болмыстағы мінсіз жүенің тұрақтылығын сақтай отырып, өзі үшін белгіленген ақтық межеге қарай ағызып кетіп барады» - делінген [1, б. 442] .
Үшінші: Қиямет күні күн нұрының сөнүі, ай күннің көзіне (ядросына) кіріп екеуі соқтығысады және нұры кетеді. Бұл жәйлі Алла Тағала Құранда: «Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан, ай тұтылған, және күн мен ай бір-бірімен тоғыстырылған кезде» - дейді [1, б. 577] . Күн мен Айдың сөнүі, Алланы тастап күн мен айға ғибадат еткендерге, олардың ғибадаттары бекер болғандығын білдіру үшін.
Алла Тағала желдерді жақсы хабар етіп жіберуі
3206 Айша анамыз (Алла оған разы болсын) дан айтады: « Алла Елшісі (с. а. с) аспанда қара бұлыт көрген кезде, бір жақтан екінші жаққа жүретін еді, үйдің ішіне кіріп, сыртқа шығып, түр әлпеті өзгеріп кететін. Аспаннан жаңбыр жауғанын көрген кезде, Одан уайым кететін. Айша Алла Елшісіне неге уайымдағанын сұрады. Сонда Алла Елшісі (с. ас) «білмеймін, бәлкім ол бір қауымның « ақырында, олар (өздері тілеген) азаптың көкжиекті қаптаған бұлт кейпінде өздері жайлаған алқапқа қарай бет алып келе жатқанын көргенде» (аятында) - деген секілді», - деб айтты».
Хадистің түсіндірмесі:
Бұл хадисте Алла Елшісі аспанда қара бұлт келе жатқанын көріп одан жақсылық күтеді, өйткені қара бұлттың келуі жаңбыр жауатындығын білдіреді. Бұл туралы Қуранда: « (оның (нұрын жаудырар алдында) желді сүйіншілеуші ретінде жіберуі», делінген. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ғад қаумына азап жеткендей өз үмбетіне азап келуден қорқатын. Ғад қауымы бұлтты көрген кезде «Бұл-бізге жауын әкелетін бұлт», -деген. Алайда ғад қауымына азап жетті бұл туралы Алла Тағала Құранда: Ақырында, олар (өздері тілеген) азаптың көкжиекті қаптаған бұлт кейпінде өздері жайлаған алқапқа қарай бет алып келе жатқанын көргенде: «Бұл - бізге жауын әкелетін бұлт», - десті. Сонда Һуд : « Жо - жоқ, ол - өздерін тезірек келсе екен деп, асыға куткен алапат азап. Ол сондай сұрапыл дауыл - ішінде жан төзгісіз азап бар» - дейді [1, б. 505] . Алла Елшісі соны біліп тынып таппай уайымдап, түр әлпеті өзгеріп, қорқатын. Айша анамыз соны көріп Алла Елшісіне бұлт көрсеңіз неге өзгерім кетесіз деп сұрайды, Алла Елшісі мен бұл қандай бұлт екенін білмеймін, деп жауап береді.
Хадистен алынатын пайдалар:
Бірінші: Аспандағы бұлттарды әрекеттендіретін желдер бар, және сол желді жаңбыр жақсылықты білдір келуі, азап, бәле апат ретінде келетін желді жаңбыр болуыда мүмкін.
Екінші: Алла Елшісінің бұлтты көрген кезде жаңбір жауғанға дейін уайымдап, қорқуы. Яғни келіп жатқан азап, апат әкеоуінен қорықты.
Періштелердің қызметі туралы
3208 Абдуллаһ ибн Масғуд (р. а) тан. Ол: «Шыншыл да сенуге лайықты Алла елшісі (с. а. с) бізге: «Расында, әрбіреуіңнің жаратылысы анасының жатырында қырық күн бойы (тамшы түрінде) жетіледі, сосын дәл сонша (уақыт) уйыған қан түрінде болады, сосын дәл сонша уақыт бір тістем ет түрінде болады, сосын Аллаһ бір періштені жіберіп, оған төрт сөзді (жазу) әмір етіледі және оған: « Оның амалын, ризығын, өмірін және бақытты не бақытсыз (болатынын) жаз!» - - деп айтылады. Содан кейін (шаранаға) жан үріледі. Солай, сендерден бір кісі жаннатқа бір кез қалғанша (бұзық) амалды жасап келіп, сосын тағдыры озып, жәннаттықтардың амалын жасайды», - деп айтты», деген.
Хадистің түсіндірмесі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz