ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢАША ОЙЛАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢАША ОЙЛАУ

Бабакумарова Акниет Сериковна

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ababakumarova@mail. ru

«Бүгінгі күнде заман ағымынан қалмау үшін адамға өмір бойы оқу қажет екенін мойындаймыз. Ал ең қиыны адамды оқуға, білім алуға үйрету». Питер Друкер

Қазіргі жаңа заманда күнделікті жаңа техникалар шығып, күнделікті өзгерістер болып жатқанын көреміз. Біз күнде қолданатын телефон, компьютер, адам миының дұрыс қалыпты жұмыс істеуін тежейді. Адамның миы осы техникаларға сүйеніп көп ойланудан қалады. Сондықтан адамның миын, логикасын жаттықтыру қажет. Адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше дер едім. Негізінен логикалық есептер шығаруда өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең ауқымды есептерді шешуде зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңаша ойлауға бейімделді. Пәндік икемділігі қалыптасады.

Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер оқушыларды бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптастыруды көздейді. Бұл мақсатқа жету жолында әрбір мұғалім өз оқушыларының бойынан ерекше бір қабілетті, оның ішінде математикалық мәдени деңгейін қалыптастыру арқылы деп ойлаймын. Әр адамның бойында туғаннан басап пайда болатын интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушынің табиғи қасеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларын дамуына негізін салу болып саналады.

Математика - ғылымдар атасы. Өйткені математикасыз ешбір пәнді игеру мүмкін емес. Математиканы әрбір азамат жақсы білуге тиіс. Бұл - өмір талабы. Математика адамның күш-жігерін шыңдап, табандылыққа тәрбиелейді. Математиканы жақсы игерген адам болашақта барлық істе жеңіс биігінен көріне алады.

Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, тағы басқа жағдаяттарды шеше алады. Математика бір салалы ғылым, ол бір түрлі білімдік жүйе әрі берік логикалы ой қорыту арқылы қалыптасқан. Математика - ойды жетілдіретін ғылым. Адамға ой салу арқылы толғандырады, адамның ойын жетілдіреді. Басқа да ғылымдар адамның ойын жетілдіреді, алайда теңдік, тереңдік, жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңдестіруге келмейді. Математика ойды дамытатын ғылым болғандықтан, басқа жаратылыстық ғылымдардың негізі болып қалмастан, оларды зерттеуде, дамытуда өшпес үлес қосады.

Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану прооцесінде пысықтала түсетін нақтылы материал. Алған білімді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептерді шығару процесінде белгілі бір әдістемесі бойынша мектеп оқушыларының ақыл-ойының дамуның өте игі әсерін тигізеді, өйткені ол анализ және синтез, нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін операцияны талап етеді.

Америкалық педагог - математик Д. Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, өзіндік болмысты, тақырыпты керек ететін есептерді шығару».

Логикалық есептерді ойлап шығарудың әдіс-тәсілдері оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық ойлауға үйретеді. Әсіресе, логикалық есептерді шығару - баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал.

Логика термині гректің «logos» - «сана», «ой», «ұғым» деген мағынаны білдіреді. Логика философияның нормативті саласы, ойлаудағы сәйкестік критерийіне, ой тұжырымдау ұстанымдарына қатысты. Логика соңғы нәтижемен емес тек пайымдау процесімен ғана айналысады.

Логикалық ойлау тек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады және адам ойлауы дамуының жоғарғы сатысы болып табылады. Бұл сатыға жету - ұзақ және күрделі процесс, толыққанды логикалық ойлауды дамыту ақыл-ой қызметінің белсенділігін талап етіп қоймайды, сонымен қатар заттар мен құбылыстардың жалпы және жекелеген белгілері туралы негізгі білімі болуын қажет етеді.

Жаңа техналогиялар басым болып тұрған заманда, адамның миының қызметі төмендеп жатыр. Болашақта адам үшін техника ойланып, адамның қоғамдағы функциясын техника орындай ма деген қауіп өте жоғары. Американдық брайнетика ғылымның негізін қалаушы Майк Байстер өзінің . «Быстрый Ум (Тез ойлау) » атты кітабында адамға білім алу, оқудың жаңа тәсілін үйретеді. Біз белгілі бір қағидаларға қатып қалмай, кез-келген есептің, тапсырманың тек мектепте үйреткен тәсілін қолданбай, басқа да шешу жолдарын қарастыруды белгіленген шеңберден шығып, ойлау қабілетімізді шыңдау жолдарын көрсеткен. Осы кітапта Байстер адамның миы 10 млрд энсоклапедия сиятын ақпаратты сыйдыра алатынын айтқан. Демек, біздің санамыз әлді де көптеген ғылыми жаңалықтарды ашуға, ғаламның құпия сырларын танып білуге мүмкіндігі жетеді. Осы ойлардан әр кім өзіне қажетті нәтиже алады деген ойдамын.

Сонымен қатар оқушыларға креативті ойлауға жол көрсетуіміз керек деп санаймын. Ол дегеніміз кез келген істің оңай жолы боладығой, сол жолды ойлап табу, соған терең ойлану қажет екенін түсіндіру.

Осыған орай мен 3-інші сынып оқушысын «Зерде» ғылыми жобасына дайындадым. Математика пәнінен көбейу амалына берілген есептерді баған түрінде шығару жолынан басқа да қадамдар бойынша шешудің тиімді жолдары бар екенін көрсетіп түсіндірдім. Бұл ойым сыныптың үздік оқушысына ұнады, қызығушылық танытты.

Төменде берілген көбейту амалына берілген есептерді сабақ барысында баған түрінде есептеп шағара алады. Алайда одан да басқаша есептеудің тәсілдері бар екенін біле бермейді. Бұрынан үйретіліп жүрген әдістерді жоққа шығарғым келмейді, бірақ қазіргі кезде оқушылар жан-жақты болса деген ниет. Сонымен екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейтідің өзіндік қадамдары бойынша шығарылу жолдарын ұсынбақпын.

Алтыншы ондықтағы 51-ден 59-ға дейінгі бірдей сандарды көбейту: Мысалы: 57х57

1 -қадам: 25 санынан бастаймыз. Содан кейін, 57 санының бірлік саныын (7 саны) 25-ке қосамыз, (25+7=32) .

2 - қадам: 57 санының бірлік санын (7 саны) көбейтеміз. (7х7=49)

Жауап: 57х57=3249.

Ескеру егер 2 - қадамда 10 -нан аз сан шықса, ол санның сол жағына 0 санын қоямыз. Мысалы: 53х53

1 - қадам: 25+3=28

2 - қадам: 3х3=9(бұл сан 10 -нан аз болған соң 9-дың алдына 0 санын қоямыз) . Жауап: 53х53=2809.

5-ке аяқталатын бірдей сандарды көбейту : Мысалы: 65х65

1 - қадам: 65 санының ондық санын 6-ны бір санға үлкен санға (7) көбейту керек, 6х7=42.

2 - қадам: 42 санынан кейін 25 санын қоямыз.

Жауап: 65х65=4225.

5-ке аяқталатын екі таңбалы айырмашылығы 10 сан болатын сандары көбейту: Мысалы: 75х85.

1 - қадам: 75 санының ондық саны 7 бір санға үлкен сан 8-ге 1 қосамыз, шыққан санды 7 көбейтеміз (8+1=9; 7х9=63) .

2 - қадам: Шыққан санның оң жағына 75 санын қоямыз.

Жауап: 75х85=6375.

5-ке аяқталатын екі таңбалы айырмашылығы 20 сан болатын сандары көбейту: Мысалы: 65х85

1 - қадам: Көрсетілген санның кіші ондық санын 6 санын үлкен ондық санның 8-бен 1 санның қосындысына көбейтеміз, (8+1=9; 6х9=54), енді шыққан санға 54-ке 1-ді қосамыз, (54+1=55) .

2 - қадам: Шыққан санның оң жағына 25 санын қоямыз.

Жауап: 65х85=5525.

91-ден 99 -ға дейінгі сандарды көбейту:

Мысалы: 93х96

Есепті шығару үшін ең алдымен 93 пен 96 санының қаншасы 100-ге жетпейді анықтау керке. 93 (7), 96 (4) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
Ақпараттық оқыту технологияларының оқыту үрдісін дамытуға тиімділігі
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математика сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz