Репродуктивтік әдіс


Жоспар
Кіріспе
1. Блум таксономиясы бойынша оқытудағы әдіс тәсілдер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру. Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
1. Оқушылардың шығармашылық дамытудағы жаңа технологиялардың тиімді жолдары.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;
3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;
4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны - айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:
- адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау) ;
6) Бағалау.
Қорытынды
Таным мен ойлау деңгейі - төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Таным мен ойлау деңгейі - орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция - оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т. б. ) ;
Интерпретация - оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау - оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz