Дара басшылық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Дара басшылық.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басшылық - бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру. Жергілікті және орталық басшылықтың мақсаты жұмсалған капиталдың қайтарымы немесе одан да мәнді ең жоғары қарқынымен өсуі болуы мүмкін. Бастапқы мақсат қандай болса да, басқару процесі ұйымның рынок жағдайындағы келеңсіз өзгерістердің барлығына төтеп беріп, өмір сүре алатындығының кепілі іспеттес.
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады. Шаруашылық практикасы көрсеткеніндей, басқару жүйесін жетілдіру, оның жалпы теориялық мәселелерін дамыту рынок экономикасында бірден-бір тиімді жол болып табылады.
Басқаруды жетілдірудің проблемасы рынок экономикасына көшу барысында қолымыздағы бар экономикалық мүмкінішліктерді пайдалана отырып, жаңа өндіріс қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Аталғандардың барлығы басқаруды қайта құруға қатысты жұмысты жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) - бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы юидік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді.
Басшы не болмаса менеджер - іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады.
Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады. Басшылық пен көшбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Басқару қызметі -- бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлім, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған қызметінің бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.
Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды.

1. Дара басшылық.
Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса, басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.
Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Билік -- бұл басқалардың жүріс тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Ұйымның әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қыметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Көпшілік басшылар сонымен қоса, өз ұйымынан тысқары жерлердегі адамдар мен ұйымдарға, сондағы өнім жеткізушілерге, тапсырушыларға бәсекелестерге, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару процестері
Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы
Менеджердің базалық сапасы
Салық және салық салу пәнінен тәжірбие
Адвокаттар алқасының органдары
Әлеуметтік басқарудың пәні мен объектісі
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Кеден ісі аясындағы құқық бұзушылықтар
Атқарушы билік органдарының түсінігі
Жапондық модель
Пәндер