Әскери қызметшінің міндеттері


Жоспар
Кіріспе
1. Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасын қорғау - оның әр азаматының қасиетті борышы және міндеті. Қазақстан Республикасы азаматтары әскери қызметті заңда көрсетілген тәртіп бойынша атқарады.
Әскери қызмет атқару - қоғам және мемлекет тарапынан берілген аса зор жауапкершілік, ол жауынгерден биік моральдық-этикалық өнегелілікті талап етеді.
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті ерікті түрде шақыру бойынша немесе келісімшартқа отыру арқылы атқарады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери бөлімдерге заңда көрсетілген тәртіппен алынады. Қазақстан Республикасыньщ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Қарулы Күштерде жауынгерлерге әскери атақ беріледі.
Әскери қызметші мәртебесіне қоса әр жауынгер Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіне тиесілі барлық қүқықтарды жөне әскери қызметкерлерге тиесілі жеңілдіктерді пайдалана алады.
Әскери қызметші қызмет барысында (әскери міндетін өтеу кезінде мемлекеттік кызметкер болып саналады және мемлекеттің қорғауыңда болады. Мемлекет өз кезегінде өскери қызметші өз міндетін адал атқару, яғни өз Отаны - Қазақстан Республикасын корғау үшін бар күш-жігері мен көсіптік шеберлігін аямайды деп сенім білдіреді.
Әскери қызметшінің міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орьндау кезінде байыпты бастама жасауға;
командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік туын сақтауға;
әскери кәсіптік білікті үдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
өзіне сеніп тапсырылған кару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы өзірлікте ұстауға, өскери мүлікті жөне баска да материалдык кұралдарды сактауға;
жауынгерлік жолдастықты бағалауға, жолдастарын кауіптен күтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де кемектесуге, әркайсысының ар-намысы мен абыройын кұрметтеуге, өзіне жөне басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
әскери өдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, әскери киім нысанын кию ережесін сақтауға, ұқыпты киюге;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметшілердің құқықтарына, міндетері мен жапкершілік мазмұны мен көлемі олардың әскері қызмет міндеттерін (қызметшілік міндеттерін) атқару үстінде немесе одан тыс екеніне байланысты.
Әскеріи қызметшілердің әскери қызмет міндеттері (қызметік міндеттері) атқару деп мыналар ұрыс қыймылдарына қатысуы осы Жарғында, нұсқаулықтар мен тәлімделерде белгленген лауазмдық міндеттерін орындау; жауынгерлік кезекшілк (жауынгерлік қызмет) атқару; оқу - жаттығулар және кеме жорықтарына қатысуы, әскері бөлімнің аймағында.
Күн тәртібмен белгленген қызмет уақыты ішінде немесе бұл қызметің іс жоспарда немесе емденуде болады; қызмет өткеру, емдеу орнына жүрүі немесе кері оралуы; әскери жиындар өткеруі; тұтқында (тұтынған өз еркімен берілу жағдайларына басқа), кепіл немесе ырықсыз шеттелші жағдайда болуы; хабарсыз болыу-әскери қызметшіні заңда белгіленген тәртіпен хабарсыз жоғалған деп тағыны немесе қайтыс болды деп жариялағанға дейин; жеке басын, өмірін, денсаулығын, ар - намысы мен қадір - қасіеттін қорғану.
Органдарына заңдылық пен құқық тәртіпен қамтасыз етуде көмек көрсету; сотын әскери қызметшліктің қоғам мен мемлекеттің мүддесінде жасады деп таныған өзге де іс - әрекеттері.
Өзін ерікті түрде ішкілікпен, есерткімен немесе уытшылдық мастану күйіне түсірген; қылмыстық зандарда көзделген қоғамдық қауіпті іс - әрекеттерді жасаған; өзіне қол салған немесе өзіне қол салуға әрекет жасаған әскери қызметшілер, егер аталған іс - әрекеттер сырқаттық күйінен немесе өзіне қол саларлық күйге жеткізуден туындамаған болса; әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқарыда демалыста, сейілде немесе демалыста болған кезінде, әскери бөлімнен орналасқан жерінен тасқарыда немесе әскери бөлімнен тыс жерде белгіленген қызмет орнынан өз бетімен сыртта болған кезінде, тұтқында, кепіл немесе ырықсыз шеттетілуі жағдайында болған реттерін, сот қоғам мен мемлекеттікң мүдделерінде жасалған деп таныған өзге де іс-әрекеттерін қоспағанда, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарушылар болып танылмайды.
Әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару үстінде әскери қызметшілер мемлекеттік қызметтің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
1. Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланында, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде, әскери-тергеу органдары мен әскери полициясында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында (бұдан әрi - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттiк әскери қызмет атқаратын адамдар әскери қызметшiлер болып табылады. Оларға офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi адамдар, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары, мерзiмдi қызметтегi старшиналар, сержанттар, солдаттар мен матростар жатады. Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларға сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың қызметтiк iсiне араласуға басқа ешкiмнiң құқығы жоқ.
Әскери қызметшiлер әскери қызметтi iс жүзiнде орындаудың барлық жағдайында: ұрыс қимылдарына қатысу, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау, әскери кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте) жүргенде, жаттығуларда, жиындарда, қызмет бабындағы iссапарларда жүру кезiнде, қызметiн атқаратын жерге бара жатқанда және кейiн қайтқан кезде, әскери бөлiмде, кемеде, объектiде, мекемеде, кәсiпорында, әскери (арнаулы) оқу орнында (бұдан әрi - әскери бөлiм) болған кезде, регламентпен белгiленген қызмет уақытының iшiнде немесе егер бұл қызмет қажеттiлiгiнен туындаса, басқа жерде және басқа уақытта, ал мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi әскери қызметтен өтудiң бүкiл уaқытында әскери қызмет мiндеттерiн атқарушы болады. Әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген, олардың жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң жеке басы мен құқықтық жағдайын куәландыратын құжаттар берiледi.
Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер үшiн ол әскери жарғылардың талаптарына сәйкес белгiленедi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) аптасына кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi. Тiзбесiн құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығы белгiлейтiн жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет), жаттығулар мен басқа шаралар қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз өткiзiледi.
Әскери қызметшiлер апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс iстемейтiн күндерi әскери қызмет мiндетiн атқаруға қатыстырылған жағдайда оларға командир (бастық) аптаның басқа күндерiнде демалыс бередi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады.
Әскери қызметшiлердiң мәртебесi әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде заңмен белгiленген iшiнара тыйым салу мен шектеулерi бар жалпы құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың қызмет ерекшелiктерiне байланысты құқығын, мiндетi мен жауапкершiлiгiн қамтиды. Әскери қызметшiлердiң мәртебесi олардың құқықтары мен мiндеттерiн орындауда, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде де, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн де оларды әлеуметтiк қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн көздейдi.
Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңмен белгiленген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен бостандықтарына iшiнара тыйым салу және шектеу, олардың ерекше мiндетi мен жауапкершiлiгi қосымша құқықтар мен жеңiлдiктер арқылы өтiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz