Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі дене тәрбиесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі дене тәрбиесі жүйесін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады. Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты. Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек.
Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі дене тәрбиесі
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
- физкультура сабақтары;
- физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
- балалардың дене тәрбиесі жөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл - қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл - ой дамуының бұзылуы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері
«Балбөбек» төл бағдарламасы
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Пәндер