Оқытудың ақпараттық - коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары


Жоспар
Кіріспе
1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.
Мектептегі білім беруді ақпараттандыру - бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат - пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .
Педагогтардың ақпараттық -коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:
- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру; )
- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) кешенді пайдалану.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
АКТ қолданудың бір шарты - сабақтарды педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы өткізу үшін онымен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулықтардың болуы. Үйретушінің уақыты жеткілікті және жұмысты орындауға деген тілегі болған жағдайда, ол үйретуші бағдарламаның мазмұнымен тереңірек танысып, мұндай нұсқаулықтарды өзі де құра алады:- нұсқаулық қысқа және қарапайым болуы тиіс- нұсқаулықтың инварианттық және вариативтік бөлімдері болуы тиіс.
Инварианттық бөлім кез келген тапсырманы орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтуы тиіс. Мысалы, талдамалы ұғымды енгізу үшін үйренуші берілген бағдарламалық құралға арналған математикалық ұғымдарды жазудың ерекшеліктерін білуі керек. Вариативтік бөлігі үйренушілерге нақты оқу жұмысы шеңберінде қажет болатын мәліметтерді ғана қамтуы тиіс[ 3] .
Коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде оқытушы алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web -сайттар ашу;
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар) .
Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Қорытынды
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Педагогтардың АКТ пайдалану қызметі дайындығынан мыналарды байқауға болады:
педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау.
Жедел дамып отырған ғылыми -техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz