Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы


Жоспар
Кіріспе
- Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бірсыпыры зерттеушілер тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Бұл мәселе жайында акед. И. И. Мещанинов “Сөйлем мүшелері мен сөз таптары” деген салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды. “Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздерде сөйлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы арқылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш ретінде қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде сөйлемнің осылай мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады”.
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи дамуы барысында оның сөздік құрамы мен гграмматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Сөздердің лексикалық табиғатында да, грамматикалық табиғатында да алуан түрлі өзгерістер болады, олар қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне қарай сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөз таптары жасалады да, олардың әрқайсысы өзіндік жалпы кагорияльды мағынаға ие болады, морфологиялық жағынан тұлғаланады, сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруғаикем деледі.
Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарынадұрыс толптастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдердің тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарына топтастырылу мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
Тіл білімінде ертеден бастап, сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы бар. Атауыш сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа -белгінің және іс-әрекеттің атаулары жатады. Олардың әрқайсысында толық мағына бар және сөйлемде өздігінен мүше ретінде қызмет атқара алады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу, етістік және шартты түрде сан есімдер мен есімдіктер жатқызылып жүр. Көмекші сөздерде атауыш сөздердегідей дербестік жоқ. Лексикалық мағынаның әлсіреп күңгірттенуі және ондай мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын және оларды атауыш сөздерден ажырататын белгілер болып саналады. Көмекші сөздердің қатарына әр түрлі тілдердегі артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді.
1. Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, акад. И. И Мещанинов өзінің "Сөйлем мүшелері мен сөз таптары" (М., 1945) деген кітабында былай деп жазды: "Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сөз таптары сөйлем мүшелері болу арқылы бөлініп шықты", - дейді (203б. ) .
Бұл пікір онша дәл емес. Мүмкін кейбір сөз таптары (мысалы, үстеу) солай жасалынса, жасалған шығар. Бірақ барлық сөз табы сөйлем мүшелерінен бөлініп шықты деу әр уақыт дұрыс бола бермейді. Мәселен, зат есім, сын есім, етістік дегендер өз алдына жеке-жеке жасалуы немесе бірінен-бірі бөлініп шығуы әбден мүмкін.
Ескерте кететін нәрсе: бұл құбылыс бірден бола салған жоқ. Ол тарихи даму барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Аталған ойды тіл білімінің әйгілі білгірлері А. А. Потебня мен В. М. Жирмунскийлер де айтқан болатын.
Мәселен А. А. Потебня: "Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің (анықтауыш) мүше ретінде қолданылуы деп жазды, өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде ( ІІІ бөлім, 86-6. ) .
Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк сөздерінің әрі зат есім (жас келсе іске, ертең көкке шығалық) , әрі сын есім (жас бала көк шөп) болуы сол көне кұбылыстың ізі екендігін көрсетеді. Тілімізде әрі зат есім, әрі сын есім болатын сөздер (ыстық, жарық, салқын, суық) ғана емес, әрі зат есім, етістік болатын сөздер де бар. Мысалы: көш (көш келе жатыр, бүрсігүні жайлауға көш) той, тоң, ық, т. б. Кейде тіпті бір сөздің өзі үш түрлі сөз табына жатуы мүмкін. Мысалы: ауыру - зат есім (ескі ауру), ауыру - сын есім (ауру жүрек) ауыру - етістік (ішінің ауыруы жанына қатты батты) . Бұлар - лексикалық омонимдер. Бұлардың зат есім сыңары - зат есімдерше, сын есім сыңары - сын есімдерше, етістік сыңары -етістіктерше түрленеді, олардың әр қайсысына тән категориялармен сипатталады.
Сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөздің лексикалық мағынасының өзгеруімен тығыз байланысты. Лексикалық мағынада өзгеріс болмай тұрып, бір сөз табының басқа бір сөз табына ауысуы мүмкін емес. Мәселен, жоғарыда айтылғандай, ауыру деген тұйық етістік семантикалық жақтан дами келіп, бұл күнде сын есім мағынасында да (ауру адам), зат есімі мағынасында да (ауруды емдеу) қолданыла береді. Қазір зат есімдер болып қалыптасып кеткен егеу, көсеу, бояу, жабу деген сөздер де тұйық етістіктердің заттануынан жасалғандар. Бұл сөздер, сонымен бірге, етістік қалпын да сақтап қалған. Сондай-ақ, батыр, ер, қарт деген сын есімдер субстантивтеніп, зат есім түріңде де қолданыла береді.
Сөйтіп, сөз таптары бір-біріне ауысып жатады. Ол ауысу сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының өзгеруі нәтижесінде іске асады. Бір сөз табының екінші бір сөз табына ауысуына карай ғылымда олардың атаулары да әр түрлі болып келеді. Мысалы, басқа бір сөз табы зат есімге ауысса, оны субстантивтену (больной, ученый, трое), сын есімге ауысса - адьективтену (қашаған, сүзеген), есімдікке ауысса - прономиналдану (біреу келіп кетті), үстеуге ауысса - адвербиалдану (күнде, кешке, босқа, лажсыздан, қайта, жата-жастана), шылауға ауысса - конъюнктену (күн ашық, әрі ыстық), етістікке ауысса - вербалдану (Махамбет - ақын, Махамбет - батыр) деп атайды.
Шылаулар да бір кездері жеке-дара қолданылатын дербес мағыналы атауыш сөздер, олардың кейбіреулері мағыналары солғындап, дербестігінен айырылып, көмекші сөздерге айналуы нәтижесінде бірте-бірте қалыптасты, сөйтіп, жеке категория болды. Мысалы: шейін (шекін), сияқты (сиықты), бойы (бойы), жөнінде (жөнінде), шамалы (шамалы) деген септеулік шылаулар есімдермен тектес, ал дейін (дейін), қарай (қарай) тәрізді септеулік шылаулар етістіктермен тектес.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи даму барысында біртіндеп жасалатындығын үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан да көрінеді. Мысалы: қазақ тілінде босқа, зорға, бірге (барыс сеп. ) ; кейде, қапыда, бірде (жатыс сеп. ) жүресінен, кенеттен, (шығыс сеп. ) ; жайымен, ретімен (көмектес сеп. ) ; орыс тілінде: вечером, порой, издавна, вплотную т. б. Бұлар - үстеулер. Олардың түбірлері - зат есімдер (қапы, жайы, реті), сын есімдер (бос, зор), сан есімдер (бір), есімдіктер (кей) . Бұл есім сөздерге септік жалғаулары жалғаньш, пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында үстеулерге айналған. Көрсетілген үстеулердің құрамындағы жалғаулары сол сөздердің айрылмайтын бөлшегіне айналып, көнеленіп кеткен. Оларды сөздердің түбірінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Олар түбірге сіңісіп кеткен. Сөйтіп, сөз лексикаланып, пысықтауыштық қызмет атқарып, басқа сөз табына айналған.
Яғни есімдерден үстеу сөздер жасалыну үшін үш түрлі шарт керек екен. Олар:
1) есім сөздерге септік жалғауларының біреуі жалғанып, оның әбден орнығып калыптасуы және көнеленуі;
олардың мағына жағынан әуелгі төркіндерінен алшақтауы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz